Порталды технологияны пайдаланудың психологиялық-педагогикалық аспектілері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Еркебаева, С. К. Порталды технологияны пайдаланудың психологиялық-педагогикалық аспектілері / С. К. Еркебаева, А. С. Тажибаева, Г. М. Усайнова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 20-22. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14814/ (дата обращения: 18.11.2024).

Білім беруде порталды технологияны пайдалану білімді ары қарай игерудегі оның тиімділігіне, білім беру қызметінің желіні пайдаланушылар жұмысының психологиялық ерекшеліктерін ескеруді негізге алуында. Бұл жағдайда пайдаланушының порталды - ақпараттық кеңістігімен тиімді өзара байланысын ұйымдастыруда педагогикалық және дидактикалық ұстанымдары мен әдістерін пайдалану қажеттігі туындайды. Егер тиісті психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдайтын болсақ, білімді игеру үдерісін не білдіретіні туралы бірегей пікір жоқ. Қазіргі уақытта оқыту теориясының арасынан ең көп тарағанын бөліп бөліп көрсетуге болады. Бұл теориялар нақты білім алушыға да, білім беру порталының ақпараттық ресурстарын абстрактілі пайдаланушыға да бірдей пайдалануға болады.

Оқытудың бихевиористік теориясын қарастырғанда бихевиоризмде адам санасының ішкі процестері қарастырылмайды. Кез келген жағдайға реакциялардың жиынтығы ретінде түсіндірілетін іс-әрекет зерттеледі. Бихевиоризмнің негізін қалаушылардың бірі Ә.Л.Торндайк адамды үйрету танымдық процестерге емес, таза механикалық ұстанымтерге негізделуі тиіс деп тұжырымдаған. Сондықтан ол жануарларға да бірдей әділетті, қарапайым ережелердің көмегімен оқытуды сипаттап көрсеткен. Бұл ережелердің ішінен екі заңды бөліп көрсетуге болады, олар оқыту теориясын ары қарай дамытудың негізі болып табылады. Олардың біріншісі, жаттықтыру заңы, жағдайға белгілі реакция көбірек қайталанған сайын, олардың арасындағы байланыс арта түседі, ал жаттығуды тоқтату бұл байланыстың төмендеуіне әкеп соқтырады. Екінші заң, тиімділік заңы деп аталады, егер жағдай мен реакция арасындағы байланыс индивидтің қанағаттанушылық жағдайымен бірге жүрсе, бұл байланыстың беріктігі, өсуі немесе керісінше төмендеуі мүмкін. Әрекет нәтижесі қанағаттанбаушылық жағдайына әкеп соқтыратын болса, байланыстың беріктігі төмендейді [1].

Осы заңдарға сүйене отырып, Торндайктің ізін қуушы Скиннерді 50-жылдардың басында, желілік бағдарламалау деген атау алған, оқытудың технологиялық әдістемесін әзірледі. Өзінің әдістемесінің негізіне Скиннер мынадай әмбебап формуланы алған:

С -Р- П мұнда С-ситуация, Р-реакция, П-қосымша.

Скиннердің оқу материалын, әрқайсысы бір жағдайды қамтитын шағын бөліктерге бөлуді ұсынады. Жағдайлар, оларға реакция әрдайым дұрыс болатындай қарапайым болуы тиіс. Скиннердің пікірі бойынша, оқу-материалдарының дұрыс орындалуының өзі, дұрыс қосымша көмек болып табылады және білім алушының қанағаттану жағдайына келтіреді [2].

 

Кесте 1.  Программалық оқыту теориясының білімін игеру схемасы

 

Ақпарат ұсыну

Сұрақ немесе ситуация

Әрекет, реакция

Бақылау әрекеті

Түзету

Қосымша күш

 

Скиннердің программалық оқу құралдарының мәтіндерінде жағдайлар (ситуациялар) қамтылған 2-3 жолдан тұратын фразаға бір қате қалып қойған сөздерді беттің өрісіне жазады. Білім алушылар мұндай оқу құралын оқи отыра, алдымен өрісті жазады, қалып қойған сөздерді қоя отырып, мәтінді оқиды және жауаптарды аша отырып, өзін тексереді. Оқу құралдарының мәтіндері, оларды оқу үдерісінде оқу материалдарының барлық маңызды элементтердің көп рет қайталанатындай етіп жазылуы тиіс.

АҚШ-тың кәсіптік-техникалық училищесінде программалық құралдарды пайдалану тиімді болды. Оқытудың уақытты біршама қысқарған, оқытылатын қызметкерлердің біліктілігі артқан. Желілік программалау әдістемесінің кемшіліктері де анықталған:

- Программа мәтіндерінің бір сараңдылығы мен механикалығы;

- Оқу материалдарын қабылдауда жүйеліліктің, тұтастықтың болмауы;

- Қарапайым тапсырмаларды орындаудың дұрыстығы, оқу құралын оқудың алғашқы кезеңдерінде ғана тиімді қосымша күш болып саналады, ары қарай қарапайым жағдайлардың орындалуын қанағаттану сезімін туындатпайды;

- Бейімділіктің болмауы.

Программалық оқытудың жетістіктерінің ішінде: [1]

- Оқытудың индивидуалдығын;

- Білім алушылардың қызметінің жеке және ұжымдық формаларының үйлесуі;

- Білім алушылардың өзіндік дербестігі мен белсенділігін;

- Білім алушы мен оқытушының арасындағы жемісті кері байланыстың болуын атауға болады.

Бұл концепцияны белгілі ғалымдар И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың еңбектеріндe [1] толық көрініс тапқан, адам басындағы ми қыртысының шартты-рефлекстік қызметінің негізгі заңдылықтарына негізделеді. Олардың адам миының қыртысындағы жүйкелік қызметінің физиологиясы туралы теориясына сай, әртүрлі ашу шақырғыштар мен реакциялар жүйелерінің арасында жаңа шартты – рефлекстік байланыстар болады. Осы теорияға сәйкес, оқыту үдерісін тітіркендіргіш әдейі педагогикалық ықпал ету мен реакциялардың білім алушылардың танымдық әрекеті жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, білімді игеру, дағдыларды және жеке қабілеттерді қалыптастыру адам санасында күрделілік деңгейі бойынша әртүрлі ассоциациялар жүйесінің қалыптасу процесі болып табылады.

80 жылдардың аяғында А.В.Барабанщиковтың басшылығымен бір топ психологпен педагогтар мәселелі қызметті оқыту концепциясы әзірленеді. Бұл концепцияның артықшылықтарына біріншіден, ассоциативтік-рефлекторлық теориясының басым жақтарын, ой әрекеттерін кезеңді қалыптастыру теориясы мен мәселелі оқытудың сақтау және ұйымдастыру, екіншіден оқытушының да білім алушының да қызметіндегі өзара байланысты талаптарды анықтау болып табылады.

Мәселелік қызметті концепцияның мазмұндық жоспары, оқу процесі білім алушылар мен оқытушылардың біріккен қызметі ретінде ұйымдастырылатын екі ұстанымды қамтиды.

Біріншісі - оқыту үдерісіндегі білім алушы тұлғасының активтік қызметтік даму процесі.

Оның негізгі талаптары болып: 

-Жоғары кәсіби білікті, жоғары ғылыми эрудициялы, шығармашылықты ойлау стилі бар мамандарды қалыптастыруға оқыту және тәрбие берудің барлық жүйесін нақты бағдарлау;

-Әлеуметтік қатынастардың қазіргі замаңғы ерекшеліктерін, қоғамдық әлеуметтік дамудағы қайшылықтарды, динамизмді оқыту-тәрбие беру үдерісінде көрсету;

-Оқыту және тәрбие берудің бүкіл жүйесінің білім алушылардың олардың кәсіби қызметімен тығыз байланысын қамтамасыз ету;

- Білім алушылардың еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдылары үнемі өзін-өзі жетілдірудегі қажеттілікпен тиімді зерттеулік стилімен негізді жабдықтау жатады.

Екінші ұстаным - мәселелік ұстанымы. Оның негізгі талаптары:

- Құбылысты, оның нақты дамуын, басқа құбылыстармен өзара байланысын зерттеу;

- Жеке шығармашылық еңбектің эмоцианалдық және эстетикалық тартымдылығына байланысты танымдық қиындықтар жоғары деңгейінде оқыту. Бұндай сападағы оқу үдерісін моделдеу құралы ретінде мәселелік міндеттер, мәселелік оқиғалар және оларды шешуді қарастырады;

- Оқу пәндерінің диалогтық формасын дамыту;

- Мәселелерді шешудің дәстүрлі және дәстүрлі емес жолдарын іздестіру, білім алушылар мен пән оқытушыларының тарапынан негізгі ғылыми болжау жасауы;

Алгоритмдеу концепциясын пайдаланудың негізгі саласы міндеттерді шешу алгоритмін зерттеу.[1] Бұл теория бойынша оқу қызметінің технологиялық схемасы бес кезеңнен тұрады.

 

Кесте2. Теория бойынша оқу қызметінің технологиялық схемасы

 

Алгоритмді пайдалану саласын түсіну

Жалпы алгоритммен танысу

Сыртқы тіректі алгоритм бойынша қызмет

Эпизод сыртқы тіректі алгоритм бойынша қызмет

Сыртқы тірексіз алгоритм бойынша қызмет

 

Қазіргі кезде ультрапедагогикалық концепция әзірленген суггестопедия және киберникосуггестопедия сендіру құралдарымен оқыту, гипнопедия ұйқыда оқыту, фармакопедия фармацевтік құралдармен оқыту. Оларды шет тілдерін оқытуда пайдалану оңтайлы нәтижелер көрсеткен, бірақ оқытудың бұл концепциясы кеңінен таралмаған. Бұл олардың талаптарына сәйкес оқыту үдерісін ұйымдасытруға қабілетті педагогикалық кадрларды даярлаудың қиындығымен түсіндіріледі. Қарастырылған педагогикалық концепциялардың өзіндік ерекшеліктері болады. Олардың әрқайсысы білім алушылардың оқу-танымдық қызметін құрайды. Сондықтан оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға көбінесе сабақ берушінің білім алушылардың оқу-танымдық қызметін басқара білуі ықпал етеді. Оның негізгі мақсаты болып оқыту үдерісіне шығармашылықты танымдық-қызметтік бағыттылық беру болып табылады. Ол мақсатқа қол жеткізуге бірқатар ұстанымдарды жүзеге асыруға ықпал етеді:

- Меңгеру бойынша әрекеттер арқылы және білімді пайдалану, оқыту мақсаты мен әдістемесін тәуелді етуді, формальды-логикалық әрекеттерден ойлау әрекеттерінің мазмұндық компоненттерінің  жетекші орнын ескере отырып, білім алушылардың ойлау қабілетін арттыру қажеттілігін талап етеді;

- Формальды-логикалық тәсілдерді меңгеруге басыңқы бағытталған міндеттер мен мақсаттарды шешудің бұрынғы әдістемесінен бас тартып, дамушы мазмұнды, шығармашылық ойлау жағына көшу;

- Оқытуда қарапайым танымдық тәсілді мақсатты дамыту және пайдалану оқытылатын жағдайдың образдық динамикалық моделін құру, оқу сабақтарына кез келген практикалық мақсаттарда танымдық бағыттылық беруді қарастырады.

Танымдық процестің ұғынылған және ұғынылмаған компоненттерінің бірлігін ескеру ұстанымы:

- жоғары реттегі базалық дағдыларды қалыптастыру арқылы әрекеттерді дамыту;

- Зерттелетін нысаналардағы маңызды қатынастар мен қасиеттерді талдау негізінде оқу ақпаратын жүйелендіру;

- Оқу үдерісінің мақсаттарына көрнекті құралдарды пайдалану әдістемесін әзірлеуді қарастырады.

Зерттелетін нысаны туралы білімді тереңдетудің шығармашылық іздестіру диалектикалық стилінің ұстанымы.

- Заттың мәнін ашуда қажетті сатылардан өтуі, нысанын зерттеу кезеңінде белгілі кезектілігін сақтау;

- Білімді қалыптастыру процестерін біріктіру, оларды пайдалану және тексеруді қарастырады.

Келтірілген ережелер өзара байланысты және нәтижелі оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік талаптары мен нұсқаулықтар жүйесін құрайды. Бұл жүйе оқу-танымдық қызмет функциясын нәтижелі жүзеге асыруға қажетті ғылыми-әдістемелік негізін білдіреді. Мысалы, порталды ақпаратпен толықтыруды жобалауда оқу үдерісінде порталдық технологияны пайдаланудың глобалды сабақтың басында жоспарлаған жөн.

Оқыту порталының тиімді жұмыс істеуі үшін, пайдаланушы мотивациялық сфераға тиісті ықпалды қажет ететін, танымдық қызметті барынша игеруі қажет екенін оқытуды талдау көрсетіп отыр.

 

Әдебиет:

 

1.      Манцивода А.В. Учебные объекты, образовательные порталы и современные информационные технологии. Методиче­ские рекомендации. - Челябинск: Изд-во ЧГПУ, 1996.

2.      Успанова З Психодиагностика саласының даму тарихы. Оқу құралы.- Қызылорда, «Тұмар», 2008. - 160 бет.

3.      Герасимов В.В., Гридина Е.Г., Кривошеев А.О., Курмышев Н.В., Попов С.В. Учебный курс «Технологии построения интернет-порталов» // Интернет-порталы: содержание и технологии. - Сборник научных статей. - Выпуск 4. – 2007.

4.      Григорьев С.Г., Гриншкун В.В., Краснова Г.А. Основные положения и методики использования системы порталов в учебном процессе // Интернет-порталы: содержание и технологии. - Сборник научных статей. - Выпуск 4. - 2004.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Дарындылық ұғымының психо-педагогикалық негіздері

Кәсіби мұғалім даярлауда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Қорлар есебінің теориялық мағынасының алғы шарттары

Оқу процесінің қатысушыларына арналған ата-аналардың психологиялық мәдениеті

Инновациялық технологияларды педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі

Мұғалімнің педагогикалық ойлауын дамытуда пайдаланылатын әдістер

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Шығармашылық қабілет ұғымының педагогикалық түсініктері

Похожие статьи

Дарындылық ұғымының психо-педагогикалық негіздері

Кәсіби мұғалім даярлауда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Қорлар есебінің теориялық мағынасының алғы шарттары

Оқу процесінің қатысушыларына арналған ата-аналардың психологиялық мәдениеті

Инновациялық технологияларды педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі

Мұғалімнің педагогикалық ойлауын дамытуда пайдаланылатын әдістер

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Шығармашылық қабілет ұғымының педагогикалық түсініктері

Задать вопрос