Қазіргі заманғы сымсыз байланыс тораптарының технологиясы мен құрылымы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Дуйсенова, А. А. Қазіргі заманғы сымсыз байланыс тораптарының технологиясы мен құрылымы / А. А. Дуйсенова, Ж. А. Муханова, Г. К. Пирова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 19-20. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14813/ (дата обращения: 17.12.2024).

Қазіргі күні бүкіл әлемде сымсыз технологиялардың дамуымен қамтамасыз етілген тенденция назарда болып отыр. Бүгінде халықтың қашықтан жұмыс істеуге деген ынтасы жоғары болып тұр.

Бүкіл елге танымал және Ресейде әйгілі саналатын сымсыз байланыс технологиялары бүгінгі күні жергілікті желілер мен Интернетке мобильдік кіруді оперативті түрде орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай жолмен кіру еркін орын ауыстыруды ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі байланыс сымдарын алға тарту мақсатқа сай  емес. Ерекше айта кетейік, біздің еліміздің территориясының кеңдігі мен коммуникацияның жеткілікті дамымауы салдарынан сымсыз шешімдер стационарлық орындауларда да айтарлықтай әсерін  тигізеді.  Себебі, желілерді  кері бұру, бұру және жаңарту бұл жағдайда кабельдермен, таратушы тақталармен және концентраторлармен жұмыс жасағанда шаршатпай жылдам орындалады.

Осыдан 1 жыл бұрын Ресей нарығында ең кішкене қарапайым PCI WI-FI адаптерлер 100 доллардай тұрса қазіргі таңда теңгемен шаққанда 15000 теңгенің көлеміндей ғана. Қазақстан IT нарығында әзірге бұл девайстар сұраныста жоқ, бірақ жоспар бойынша Астана қаласында 2008 жылдан бастап WI-FI көпірлерін, hot-spot-тарын адам көп жиылатын жерлерге (кафе, орталық алаң, оқу орындары) салуға шешім қабылданды. Алматы қаласына келер болсақ Wi Fi шешімдері сәл жақсырақ дамыған. 2007 жылдан бері GoldenWiFi фирмасы халыққа өз қызметін ұсынуда.  Оператор да айтарлықтай үлкен территорияға қызмет көрсете алатын тек бір ғана қабылдағыш – таратқышты басқаруға тиісті Wi-Fi сымсыз технологиясы (802.11 стандарттарының бірі) қазіргі уақытты айтарлықтай келешегі бар технология болып саналады. Сымсыз Wi-Fi желілерінің барлық жерде таралуы, хот-споттар инфрақұрылымының дамуы (яғни, хот-спот – адамдардың интернетке сымсыз тегін кіру зоналары), қосымша Wi-Fi –шешімдері бар мобильді технологиялардың (ноутбуктар, PDA құрылғылары, ұялы телефондар) пайда болуы соңғы деген пайдаланушылардың (корпоративті клиенттерді айтпағанда) өзі осы технологияға аса назар аудара бастауына әкелді.

Кіру нүктесі әдетте қабылдағыш – бергіштен тұрады, сонымен қатар, мысалы, сымды желілік интерфейс контроллерінен (Ethernet-тің не басқаның) және көпір функцияларын іске асыратын базалық (қорлық) программалық қамтамасыздандыру жиынынан тұрады. Әдетте, NAT (Network Adress Translation) желілік адрестерді, DHCP адрестерінің динамикалық белгіленуін тасымалдау функциялары, сонымен қатар бір ғана статикалық  IP-адрес көмегімен бірнеше клиентті қолдау арқылы маршруттандыру функциялары орындалады. Бұл функциялар бірнеше сымсыз клиенттерді өзара біріктіруге және оларды қандай да бір желіге ашық жалғауға мүмкіндік берді. Корпоративті кластың кіру нүктесі іс-әрекеттің неғұрлым жоғары деңгейін ұсынады. Сонымен қатар ол пакеттермен адрестерді сүзгілеуді, кіру тізімін басқаруды, желі коммутаторларының үйлесімі мен  функциясын және де алыстан кіруге сервер – шлюздер үйлесімін орындайды.

Wi-Fi типтік кіру нүктесі 300 м-ге ( ғимарат ішінде 50 м шамасында) дейінгі қашықтықта ашық кеңістікте  сымсыз клиенттермен арзан және тиімді байланысты қолдауға қабілетті. Яғни, бұл ноутбуктер мен қалталы компьютерлері бар абоненттерге ғимаратта жергілікті серверлермен және Интернетке кіру каналдарымен байланысты үзіп алмай орын алмастыруға мүмкіндік береді. Бір ғана кіру нүктесіне көптеген клиенттер (75-ке дейін және көбірек) қосыла алады. Сымсыз  желімен қамтылған аймақты кеңейту үшін сыртқы белсенді антенналарды қолдануға болады және де бір-бірінен бірнеше километр қашықтықта орналасқан ғимараттар арасындағы байланыстарды қолдауға болады. Қажетті кіру нүктелерінің саны тікелей радиосигналдың берілу ұзақтығына байланысты.

Мұндай шешімдер алдымен мобильді және стационарлы сымсыз жергілікті желілерді күшейту құралы ретінде, сонымен қатар Интернетке оперативті түрде кіру құралы ретінде де қарастырылады. Дегенмен соңғы пайдаланушы, әдетте, желілік технологиялардан хабары аз болады. Сондықтан оған сымсыз шешімді сатып алу кезінде таңдау жасау қиынға соғады. Әсіресе қазіргі ұсынылатын өнімдердің көптүрлілігін ескерсек. Оған сымсыз шешімді сатып алу кезінде таңдау жасау қиынға соғады.

Интернетке сымсыз қосылу үшін, арзан байланыс операторларының қамту аймағында  Wi-Fi - сыз да ие болуға болады. Яғни, GPRS аббревиатурасымен анықталатын ұялы желілерде мәліметтерді пакеттік түрде жіберу туралы айтып отырмыз. Интернетке GPRS бойынша қосылу үшін, алдымен, байланыс операторында бұл қызметті  қосу қажет, екіншіден, сізде осы технологияға жабдықталған  ұялы телефоныңыз болуы қажет, үшіншіден – қалай болғанда да бұл телефонды компьютермен байланыстыру қажет. Мұны барлық ноутбуктарда болатын инфрақызыл порт арқылы, USB портының желісі арқылы немесе жергілікті желінің сымсыз протоколы Bluetooth арқылы жасауға болады. Соңғы тәсілдің тиімділігі – телефонды ноутбуктың қасына апарып, белгілі-бір бағытта қоймайсыз – ол сіздің қалтаңызда немесе жақын маңда жатса болғаны.

Дегенмен, абоненттердің байланыс желілеріне Wi-Fi  құрылғысы көмегімен қосылумен стандартты кабельдік қосылумен салыстырғанда неғұрлым үнемді және тез болады.

Негізгі құрылғылар бағасының тез арада төмендеуі арқасында Wi-Fi – желілер қазіргі кезде аэропорттар, вокзалдар, көрме орталықтары, кафе, мейрамханалар және т.б. сияқты қоғамдық орындарда Интернетке сымсыз кіру қызметін атқаруда және келешегі жоғары шешім болып табылады. Сонымен қатар үй секторында, корпоративті секторда  Wi-Fi базасындағы жергілікті желілерге деген қызығушылық, Wi-Fi  байланыс құралдарымен ноутбуктер және  ҚДК-мен жабдықталған мобильді құрылғылар санының жылдам өсуімен жоғарылауда. Сонымен қатар олармен  пайдаланушылар мұндай жағдайда желіде еркін тасымалдап  ыңғайлы жұмыс істей алады.

Wi–Fi немесе WLAN (Wireless LAN) желілері деп те аталатын сымсыз желілерді дәстүрлі сымды желілермен салыстырғандағы елеулі артықшылығы оны қолданудың қарапайымдылығында. Ең алдымен, сымсыз желі кабельдер көмегін қажет етпейді. Сонымен қатар сымсыз желілер өзінің қазіргі заманғы даму кезеңінде кемшіліктеріде аз емес – бұл қазіргі өлшемдер бойынша байланыс жылдамдығының төмендегі. Бұл жылдамдық, сонымен қатар, қабылдағыш пен таратқыш арасында шектеу мен қашықтықтың нашар масштабталудың бар болуына және де егер сымсыз желілерді ғимараттарда қолданғандағы оның әсер етуінің шектеулі радиусына тәуелді. Сымсыз желілердің әсер ету радиусын үлкейту тәсілдерінің бірі ретінде сымсыз енудің бірнеше нүктелері негізінде таралған желіні құруды айтуға болады.

 

Әдебиет:

 

1.    Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. – СПб: Питер, 2000.

2.    Киреичев В.М., Самойленко С.И., Щербо В.К. Стандарты по локальной вычислительной    сети. - М, Радио и связь, 2010.

3.    Дженнингс Ф. Практическая передача данных: модемы, сети и протоколы. - М., Мир, 2011.

4.    Челлис Дж., Перкинс Ч., Стриб М. Основы построения сетей. - М., Лори, 1998.

Основные термины (генерируются автоматически): GPRS, WI-FI, DHCP, LAN, NAT, PCI, PDA, USB, WLAN, мена.


Задать вопрос