Электрондық оқыту кешендерінің құрылымдық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бакалбаева, Г. А. Электрондық оқыту кешендерінің құрылымдық ерекшеліктері / Г. А. Бакалбаева, А. Б. Кенесары, А. А. Аймаханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 17-18. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14808/ (дата обращения: 16.12.2024).

Электрондық оқыту кешені –  тек кешендік емес, сондай – ақ, бүтін дидактикалық, әдістемелік және интерактивті программалық жүйе. Ол, ақпарат берудің алуан түрлі формаларын қолданып, күрделі оқу материалдарын түсіндіруге мүмкіндік береді, мультимедианың соңғы құралдары арқылы имитациялық ғылыми зерттеу әдістерін сипаттайды. Осылайша, материалды түсінікті, нақты және анық беру арқылы білім алудың қолайлылығы артады. Обьектілер мен құбылыстарды үнемі бақылауға негізделген оқыту процестері жақсы нәтиже береді. Оқытудың жалпы заңдылықтарына қатысты дидактикалық аспектілер, пәндер топтарын немесе нақты пәндерді оқытумен анықталатын әдістемелік аспектілер электрондық оқыту кешенінің программалық дамуы бойынша бір-бірімен өзара байланысты. Электрондық оқыту кешеннің жалпы қабылданған анықтамасы жоқ, бірақ стандарттарға қарамастан, электрондық оқыту кешені – бұл оқу курсын немесе оның бөлімін жеке не оқытушы көмегімен игеруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік кешен.

Электрондық оқыту кешені – бұл оқу процесінің дидактикалық циклінің толықтылығы мен үзілістігін қамтамасыз ететін, білім беретін кешенді программалық жүйе. Ол білім деңгейін бақылайтын теориялық материалды ұсынады. Ақпараттық іздеу жұмысын, математикалық және компьютерлік визуалдылықпен, имитациялық жуықтау және интерактивті кері байланыс шартымен орындалатын сервистік функция. Электрондық оқыту кешені теориялық материалдардың берілуін, алғаш рет берілген білімнің қолдануын, меңгеру деңгейін бақылау сияқты негізгі функциялардың барлығының орындалуын қамтамасыз етуі кажет. Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен барлық саладағы оқыту процестерінің дидактикалық циклін дамыту, білім алушының білім алудағы уақытын үнемдейді, сондақ – ақ, электрондық оқыту кешенімен бір рет жұмыс істеу барысында – ақ дидактикалық циклдің бүтіндігін автоматты түрде қамтамасыз етеді. Оқыту процесі жаңа, жоғары деңгейде жүреді, себебі электрондық оқыту кешені білім алушы мен оқытушы арасындағы диалогтың қайталану мүмкіндігін береді, бұл жағдайда оқытушы – компьютер болып табылады [1].

Электрондық кітаптардың бірнеше түрлері бар: қағаздық басылымдардың толық және бөлшектік көшірмелері. Көбіне мұндай заттар заңсыз түрде таралады. Интернеттен электронды түрде сканерден өткізілген оқулықтарды, журналдар және басқа да әдебиеттерді табуға болады.

Тегін электрондық оқыту кешені және журналдарды көбінесе авторлар вирустық трафиктер құру үшін шығарады.

Вирустық трафиктердің қысқаша түсінігі: қолданушылар автордың жарнамасына және сайтына сілтеме беріп электрондық кітаптарды көшіріп алады. Егер қолданушыға кітап ұнаса, онда олар форумдарда, блоктарда, өздерінің сайттарында кітаптарға сілтеме береді, сонымен қатар кітаптардың таралуына септігін тигізеді. Осылайша, сайтқа бір топ қолданушылар кіріп, кітаптағы жарнамаларға бейне береді. Вирустық трафиктерді құру үшін қолданатын кітаптарды мақаланың төменгі жағындағы сілтеме бойынша көшіріп алуға болады. Олар көлемі бойынша үлкен емес. Электрондық оқыту кешенін және құралдарды сатушылар шетел авторлары кітаптарының аудармаларын немесе мақалаларын жинақтап сатады [1].

Ақылы электрондық кітаптар. Авторлар оларды сату мақсатында жасайды. Бұл түрлі құралдар және басқарулар пайда табумен байланысты. Көлемі жағынан қағаз өнімдеріне жетпейді, бірақ оған қарағанда ақпараттырақ болуы мүмкін.

Көшіруден қорғау типі бойынша: Қорғалмаған ашық форматтағы кітаптар, өңдеуге және өзгертуге лайықты: DOC, HTML. Қорғалмаған арнайы форматтағы кітаптар: шифрланбаған PDF, DJVU. Бұл түрде көбіне қағаз өнімдерінің электрондық көшірмелері қолданылады. Мәтінді алмастыру буферіне көшіруден және өңдеуден қорғалған кітаптардың форматы: EXE, PDF. Көбіне олар вирустар трафигін құрайтын кітаптарда болады, әйтседе ақылы электрондық кітаптарда да сирек кездеспейді.

Компьютерге жеке белсендіру кодымен немесе Интернетте белсендіру арқылы жалғанған кітаптар: EXE. Олар коммерциялық электрондық кітаптарда қолданылады.

Электрондық кітаптардың артықшылықтары: Басылым кітаптары көбіне үлкен көлемді болып келеді. Бұл көркем кітаптар үшін жақсы, техникалық және практикалық құралдарға тиімсіз.

Оқулық құрылымына  дыбыс фрагменттерін және бейне фрагменттерін енгізу мұндай оқулықтарды істеп шығаруды қиындатады, бірақ оған динамика және түсінуге қиын кездерді нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Алайда компьютерлік технологиялардың мұндай мүмкіндіктері электрондық оқыту кешені дұрыс құрылса, онда оның артықшылықтарын жоймайды [3].

Электрондық оқыту кешені  түрлі түр мен формалардағы дидактикалық материалдардан басқа, ол білімді бақылаудың тестілеу жүйесінен, түрлі критерилер бойынша іздеу жүйелерінен, әрбір пайдаланушының білім алу уақытын тіркеу жүйесінен құралуы керек.

Ереже бойынша, электрондық оқыту кешені мәтін және иллюстрация түрінде дәстүрлі оқулықты қайталамауы керек. Мысалы, ол зерттеу сабақтары тез ауысатын пәндерге байланысты (мысалы, микропроцессорлар бір – екі жылда көнереді). Бұл жағдайда оқытушыға, жай басылымдарға ұқсас болса да, оқулықтың электрондық нұсқасын өзектендіру және қолдау ыңғайлы болып табылады. Күрделі объектілердің суреттері немесе қиын сызбалар жағдайында қалқымалы көмекпен (баллондық) иллюстрацияны қолдану тиімді. Мысалы, егер жай кітапта төменде немесе басқа бетте болатын сандық сілтеме болса, ол электрондық оқыту кешенінде түсіндірме жазу курсор көрсетіп тұрған элементтің қасынан көрініп тұрады [2].

Жүргізілген талдау электрондық оқулықтың келесі ерекшеленген қасиеттерін белгілеуге мүмкіндік береді:

ü Таңдалған пән бойынша немесе курс бойынша ақпарат жақсы құрылымдалып, жаңа түсініктемелер санының шектелуі мен курстың аяқталған фрагменттерін көрсетуі тиіс.

ü Мәтінмен қоса әрбір фрагмент, ақпаратты аудио немесе бейнеқатар түрінде көрсетуі тиіс. Электрондық оқыту кешенінің бұл бөлімін «тірі лекция» фрагменті түрінде анықтайды. «Тірі лекциялар» үшін интерфейстің міндетті элементі болып, лекцияны кез-келген жерден қайталауға мүмкіндік беретін айналдыру сызғышы болуы тиіс.

ü Мәтіндік ақпарат «тірі лекцияның» кейбір бөлігін көшіре алады. Электрондық оқыту кешені мәтін бөліктерінің баспаға шығуын қастамасыз етуі керек.

ü Күрделі модельді немесе құрылғыларды көрсететін иллюстрацияларда лездік қалқып шығатын көмек болуы қажет, ол иллюстрациялық бөлек элементтері бойынша курсордың қозғалысымен пайда болуы немесе жоқ болып кетуі керек.

ü Электрондық оқыту кешенінде көптерезелік интерфейсті қолдану ұсынылады, ондағы әрбір терезеде байланысқан ақпараттар көрсетіледі.

ü Мәтіндік бөлігі көптеген қиылма сілтемелермен қатар жүруі ықтимал, ол ақпаратты іздеу уақытын үнемдейді және күшті іздеу орталығы немесе индексі болып табылады.

ü Қосымша бейнеақпарат немесе анимацияланған клиптер түсінуге қиын болатын мәтіндік шығармалармен қатар жүруі қажет. Кейбір құбылыстарды, оны көрмеген, естімеген адамдарға сипаттап беру қиын (Мысалы, сарқырама, от, жарылыс т.б.), оларды тек көрсетуге болады. Одан басқа бейне клиптердің тағы бір артықшылығы, оларды жылдам, баяу және таңдалған түсіру бойынша уақыт масштабын өзгертуге мүмкіндік береді.

ü Аудиоақпарат орны ерекше болып табылады, мысалы, музыкалық аспаптардың естілуін зерттеуде құстардың әндері бойынша ажырату т.б.. Көмек көрсетуде, электрондық оқыту кешені бойынша бағыттаушылардың дұрыстығын көрсету үшін дыбыстық сигналдарды қолдану да пайдалы.

ü Электрондық оқыту кешенінің барлығы осы оқулықтан шықпай таңдалған ақпаратты көшіру мүмкіндігін беру, оны блакнотта өңдеу және баспаға шығару мүмкіндіктерінен тұруы керек. Мультимедиа-технологияны қолдану анықталған жағдайда оқытудың тиімділігін арттырады. Білім алушының өзіндік дайындалуы кезінде жай интерфейс мультимедианы ерекше қылады, бұдан қашықтан оқу жүйесінде мұндай оқыту курстары және маманды қайта даярлау кең өріс алады. Мысалы, егер оқыту мақсаты болып практикалық тапсырмаларды игеру табылса, онда білім беруде ақпараттық-технологиялар және интерактивті мультимедиа- бағдарламаларды ендіру жоғары дәрежелі табыстарға жеткізеді [2].

Электродық оқу құралдарының облысындағы зерттеудің мақсаты -   электрондық оқыту курстарын құру және олардың өзара байланысқан конгломераторлары болып табылады. Жалпы электрондық оқу құралы – бұл компьютерлік технологияны пайдалануға негізделген тұтас дидактикалық жүйе, мақсаты – оқу процесінде студенттерді дара және үйлесімді оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету.

Әдебиет:

 

1.    Соболева Н.Н. и.др. Электронный учебник нового поколения // Информатика и образования. - №6.

2.    Соловьев А.В. Дидактика и технология электронного обучения в системе Кадис / Сборник статей «Индустрия образования». – Выпуск 6. - М., МГиУ, 2002.

3.    Кирмайер М. Мультимедиа / Пер. с нем. СПб.: BHV. – Санкт-Петербург, 1994.

Основные термины (генерируются автоматически): EXE, PDF, немес, BHV, DJVU, DOC, HTML, мена.


Задать вопрос