Қызылорда облысындағы Ызалыкөл көлінің маусымдық гидрохимиялық режимі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Дата публикации: 03.12.2014

Статья просмотрена: 63 раза

Библиографическое описание:

Мухамедова, Н. С. Қызылорда облысындағы Ызалыкөл көлінің маусымдық гидрохимиялық режимі / Н. С. Мухамедова, Л. А. Жусупова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 9-10. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14086/ (дата обращения: 19.12.2024).

Қазіргі таңда су нысандарының ластануы өзекті проблема болып табылады, өйткені барлығына мәлім ақиқат «Су – өмірдің көзі». Сусыз адам үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды, бірақ судың қаншылықты маңызды екенін біле тұрып, су нысандарын өте қатаң, ұқыпсыз пайдалануда, түсірілістер мен қалдықтарды тастау арқылы судың табиғи режимін қайтарылмастай етіп бұзуда [1]. 

Табиғи байлықтардың ішінде судың алатын орыны ерекше. Тіршілікке су қажет. Олай болса су баға жетпес байлық. Су тірі әлемде барлық зат алмасу процесіне қатысатын болғандықтан органикалық өмірдің негізі екені сөзсіз. Тұщы су тек қана адамдар мен жануарлардың ішуі үшін емес, егінді суаруға, өнеркәсіп пен барлық технологиялық процестер жұмыс істеу үшін де қажет. Демек, кез келген ландшафта сусыз өмір сүру мүмкін емес [2]. 

Гидрохимия (гр. hydor – су) – сулы ортаның құрамы мен химиялық процестерін зерттейтін ғылыми пән немесе табиғи сулардың химиялық жағдайы туралы ғылым. Гидрохимияның негізгі міндеті — судың химиялық құрамы мен осындай құрамның қалыптасуына әкелетін құбылыстар арасындағы байланысты зерттеу болып табылады.

Гидрохимия – қоршаған ортада биологиялық, химиялық, физикалық процестердің әсерінен жүретін табиғи сулардың химиялық өзгерістерін, оның құрамын, мөлшерін зерттейтін ғылым.

Табиғи су гидросферада (мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, су қоймасы, т.б.), литосферада (жер асты сулары), атмосферада (ауадағы су буы) болатындықтан, Гидрохимия оларды зерттейтін ғылымдар – гидрология, гидрогеология, метеорология, мұхиттану, топырақтану, гидробиология, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Судағы еріген заттардың құрамын, сапасын анықтағанда Гидрохимияда аналит. химияның теориясы мен практикасы, тәсілдері, физикалық және физико-химиялық әдістері, құралдары кеңінен қолданылады. Қазіргі Гидрохимия ғылымы табиғи суларды жан-жақты зерттейді: судың еріткіштік қабілетіне орай оның жер қыртысындағы күрделі минералдар кешенімен, атмосферадағы қатты заттармен әрекеттесуін зерттеп, олардың ерігіштігін, судағы формасын, тұрақтылығын, сорбциялық, алмастырғыштық, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін, т.б. анықтайды; гидросферадағы зат айналымы мен элементтердің миграциясын зерттейді; табиғи су түрлерінің химиялық құрамы мен гидрохимиялық режимін, олардың физико-географиялық жағдайларға сай өзгерулері мен тәуелділігін анықтайды [3]. 

Көл суының гидрохимиясы. Бұрын соңды Ызалыкөл көлінде гидрохимиялық зерттеулер жүргізілмеген, сол себепті алғаш рет судың химиялық құрамы туралы мәлімет 2014 жылы алынған.

Зерттеу мәліметтері бойынша Ызалыкөл көлінің орташа тереңдігі 1,5 м-ге дейін барған.

Ызалыкөл көлінің 2014 жылғы көктем (мамыр), жаз (шілде) және күз (қыркүйек) жыл мезгілдерінен алынған сынмалардың талдау нәтижесі келесі кестеде көрсетілген (1 – кесте).

                                                                                                          

Кесте 1. Ызалыкөл көлі суының сапа көрсеткіші

 

Ингредиенттер атауы

ПДК

Жыл мезгілі

Көктем, (мг/л)

Жаз, (мг/л)

Күз, (мг/л)

1

2

3

4

5

6

1

Өлшенетін заттар

-

42,0

20,0

44,0

2

рН

6,8-8,5

7,45

7,25

7,25

3

Қатылығы

7,0

9,2

10,0

9,4

4

Перманганат қышқылы

10,0

4,15

4,05

1,6

5

ОБҚ5

3,0

2,0

3,0

5,3

6

Аммоний азоты

0,5

0,3

0,3

0,546

7

Нитрит азоты

0,08

0,080

0,033

0,653

8

Нитрат азоты

40,0

2,52

1,08

0,546

9

Хлоридтер

350

177,25

256,10

88,625

10

Құрғақ қалдық

-

1188,0

2420,0

876,0

11

Сульфаттар

100,0

220,564

395,25

539,88

12

Гидрокарбонаттар

-

160,0

0,95

-

13

Кальций

180,0

144,0

102,0

52,10

14

Магний

40,0

28,0

21,0

82,62

15

Темір

0,1

0,09

0,001

0,01

16

Хром

0,02

0,02

0,002

0,001

17

Медь

0,001

0,83

0,005

0,001

 

Кестеде 2014 жылдағы су сапасының құрамы көрсетілген. Мысалы: көлдің су қаттылығының шектеулі мөлшері 7,0 мг/л болса, жыл мезгілдерінде 9,2 – 10,0 мг/л аралығында. Барлық жыл мезгілдерінде көл суының қаттылығы, сульфаттар және медь жоғары болды. Ал күз мезгілінде алынған сынамада (оттегінің биохимиялық қажеттілігі) ОБҚ5 - 2,3, нитрит азоты -0,573, магний - 42,62 мг/л – ге артық болды. Яғни, көктем және жаз мезгіліне қарағанда, күз мезгілінде элементтердің көрсеткіші шектеулі мөлшерден жоғары болды.

 

Әдебиет:

 

1.       Михайлов В.Н., Добровольский А.Д., Добролюбов С.А. Гидрология. Учебник для вузов. - 2-е изд. исп. - М.: Высшая школа, 2007. - 463 с.

2.       Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінің экологиясы. – А.: Типография Парламента Республики Казахстан, 1996.-С. 49.

3.        Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос