Ақуыз биосинтезі - макромолекула биогенезі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Утесинов, Ж. У. Ақуыз биосинтезі - макромолекула биогенезі / Ж. У. Утесинов, Н. С. Ауезова, Ф. С. Есеналиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 1.2 (60.2). — С. 18-19. — URL: https://moluch.ru/archive/60/8916/ (дата обращения: 16.04.2024).

Тіршілік құбылыстарының негіздері бағыт-бағдарын оқытатын ілім молекулалық биологиясына жатқызылады. Бұл ғылым ДНҚ макромолекуласын кеңістіктегі модель жасалудан басталады. Қазақстанда академик М.Айтхожиннің басшылығымен рибосома құрылымы зерттеліп әртүрлі РНҚ қызметтерін нақтылау арқылы реттелу механизмі биогенездің жүру талаптары, нақтыланып бұдан рибосомалар құрастырылады. Осыған орай азот алмасудағы маңызды ферменттер жұмысы өсімдік, жануарлар және бактериялар жасушаларында цитоплазмалық, полисомды байланыстар ашылып көптеген микроқұрылымдық тұрғыдан биосинтездердің жүруін геном құрастыру, экспрессия, ақуыз полимерлерінің құпиясын нақтылап олардың мүмкіншілігін аса қажетті зертханалық арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуі басқа да практикалық шешуі қиын ілім саласын дамытуға көп үлес қосты.

Ақуыздар- жасушаның ең маңызды макромолекуласы. Аминқышқылы белгілі бір геннің ақпараты арқылы тізбектелуі ағзаның түгелдей жасушасында жүреді.Және олар тек сол жасуша қызметіне сәйкес альбумин, глобулин, гистон, гликопротеидтерде синтезделеді.Пішіндері глобулалы және фибрилді делінеді. Ақуыз биосинтезі кезінде реакциялары белсенді, нақты және алынған ақпараттан ешбір айнымайды. Ақуыз құрамы биосинтездік үдерістен соң арнаулы тәсілмен (химиялық) жіктегенде құрамында: 50,6-54,5 көміртек, 21,5-23,5% оттек, 6,5-7,3% сутек, 15-,17,6 азот, 0,3-2,5% күкірт, кейбір түрлерінде фосфор кездеседі. Аминқышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуынан ақуыз (нәруыз,белок) молекуласы түзілдеі.

Әр ақуызда аминқышқылдары тек сол ғана түріне сәйкес ретімен орналасады.Оның молекулалық құрылымын: бірінші, екінші, үшінші және төртінші реттіктер дейді. (1-2 суреттерде ақуыздың пішіндік түрлері көрсетілген).Жалпы түрде оны төмендегіше сипатта болады R-CHNH2-COOH. Биосинтезделуге аминқышқылдарының құрамы ашық тізбек те, тұйықты түрде де сақиналар мен функциялық топтар кездеседі. Аминқышқылдары өзара, мыңдаған, миллиондаған қалдықтары өзара пептидтік байланыс арқылы жалғасады. (-СО-NH-;2)

Ақуыздар ерігіштігіне байланысты судағысында-альбуминдер, спиртте еритіндер-проломиндер,сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндерді-глутаминдер-делінеді. (2,3.) Сонымен қатар ақуыздар әбір органдарда химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы бірдей болмайды. (1- кесте). Оны сиыр ұшасы ет ұлпаларынан көруге болады.

Кесте 1. Сиыр ұшасы мүшелерінің құндылығы

Мүше аты

Мүше

шығымы

Мөлшері%

100г шаққанда энергетика құндылығы ККал г/Дж

Бұлшықет

Ақуыз

Май

Арқа еті

9,0

71,0

19,8

8,6

157/657

Жамбас сан еті

35,5

84,0

20,2

6,4

138/577

Ауыз омыртқа еті

2,0

61,0

16,3

7,1

139/582

Әр мүше бұлшық еттерде көрсетілген мөлшерлер көп ауытқымасада, әртүрлі сандық өлшемде болады.(сиыр ұшасы мүшелері бір ғана бастан алынған). Сонымен ағза жасушаларында , ұлпаларында-ақуыз биосинтезі белгілі заңдылықпен жүреді де, сандық және сапалық тұрғыдан әртүрлі екеніне көз жеткіземіз. Молекулалық тұрғыдан бұл құбылыс анық және нақты түсіндіріледі. Себебі ақуыздар биосинтезі тізбегіне 20 астам аминқышқылдары тізбектелуімен қатар кейбір иондық элементтер де ақуыз құрамына қосылатыны белгілі.

Әдебиет:

1.      Сейітов З. Биологиялық химия. - Алматы, 1992.

2.      Өтесінов Ж.О. Молекулалық биология. - Қызылорда, 2006.

3.      Интернет сайттары: WIKIBILIM. LEATBIOLOGU. narod.ru/himik.htm.

Основные термины (генерируются автоматически): LEATBIOLOGU, WIKIBILIM.


Похожие статьи

Задать вопрос