Африкалық тарыны мал азығы ретінде дайындауда жүргізілетін агротехникалық жұмыстар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (60) январь 2014 г.

Дата публикации: 08.01.2014

Статья просмотрена: 182 раза

Библиографическое описание:

Нургалиев, Н. Ш. Африкалық тарыны мал азығы ретінде дайындауда жүргізілетін агротехникалық жұмыстар / Н. Ш. Нургалиев, Ш. Ж. Нуржанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 1.2 (60.2). — С. 24-26. — URL: https://moluch.ru/archive/60/8914/ (дата обращения: 17.12.2024).

Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығының ірі де күрделі саласы. Оның бүгінгі күннің талаптарына сай дамуы және өркендеуі осы саладағы жинақталған ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге байланысты. Республикада егістікте мал азықтарын өсіру көптен бері жүргізіліп келеді. Бірақта оның қазіргі жағдайы сын көтермейді. Мал азықтық дақылдар өсірілетін егістік жерлерден әр гектарынан алынатын азықтық өлшем, астық дақылы себілген егістіктен алынатын өнімнен төмен болып отыр. Оның басты себебі, мал азығы дақылдарының өсіру технологиясының сақталмауында және кейбір дақылдардың өсіру технологиясының әр аймаққа бейімделіп зерттелмеуінде. Өсу ортасының өсімдіктер өсуіне әсер етуімен бірге өсімдіктер де сыртқы ортаға айтарлықтай әсер ететіні анықталған. Сонымен қатар өсімдіктер желдің жылдамдығына, ауадағы көмірқышқыл газын азайтуға әсер етеді, жер бедеріне байланысты топырақ бетінде ылғалдың булануын, жарықтың түсуін реттейді. Өсімдіктер топырақтан қоректік заттарды пайдаланып оның құрамын өзгертеді, топырақты органикалық заттармен байытады. Өсімдік тамырлары топырақ қабаттарына жайылып оның құрылымын, су және ауа сіңімділігін жақсартады [1. 10-12 б.].

Астық тұқымдастарына жататын біржылдық азық-түліктік және малазықтық дақылдардың бір түрі - африкалық тары. Оның ауыл шаруашылығы мен өндірістегі пайдасына келетін болсақ, бұл дақылдардың сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің өнімі, құнарлығы артады. Сабанының сапасы қыс күнінің өзінде көктемдегі көк майсадан кем түспегені дәлелденген. Африкалық тары сабанында дәрумендер мол болғандықтан малдар сүйсініп жейді. Олардың дәнінен азықтық жарма және ұн өндіріледі, сабағынан қағаз шығарады, дән қалдықтары жем, жасыл массасы малға көк азық, сүрлем, шөп ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, африкалық тарыны жеген тауықтар көп жұмыртқалайды. Жұмыртқаның қабығы қатты болады, ұзақ сақталады. Булап шошқа мен қазға жемге береді. Олардың сабаны, топаны, кебегі де малға құнарлы азық болып табылады.

Африкалық тарыны егу жұмыстарының алдында жүргізілетін топырақты дайындаужәне жерді жырту жұмыстарының маңызы зор болып табылады. Топырақты өңдеудің негізгі мақсаты жақсартылатын жердің шымын бұзып, ұсақтап, ондағы органикалық заттарды тезірек шіріту арқылы қоректік зат қорын көбейтіп және себілетін шөп түрлерінің өсіп, дамуына қолайлы жағдайлар жасау. Жақсартуға дайындаған жерді арнайы соқамен белгілі бір тереңдікке дейін жыртады. Содан кейін жыртылған жердің қыртысын тілгілейді, болмаса бұл жерлерді ерте парлау бойынша жүргізуге болады. Негізінде Қазақстанның далалық аймағының оңтүстігінде сортаңдау қара топырақтарында және қоңыр топырақты жерлерінде жерді сүріге жырту 22-30 см қабатында, құмды, құмдақ және басқа да қарашірік қабаты жұқа торырақтарда 15-20 см тереңдікте жүргізіледі, ал шөлейт және шөл аймақтарда жер жыртудың қолайлы тереңдігі 20-22 см, қара шірігі аз құмды және құмдақ топырақтарда жер жырту тереңдігі азаюы мүмкін [2. 64-69 б.].

Кебір және сортаңды кешенді топырақтарды, беткейлерді, өзен алқаптары мен көлтабандардың топырақтарын өңдеген кезде жел және су эрозияларын болдырмайтын жағдайларды ескеру керек. Қатты шымдалған жерлерді жырту алдында алдымен дискілі тырмалармен өңдеген тиімді. Далалық және шөлейт аймақтардың бірқатар аудандарында жыртылғаннан кейін шымдарды ұсақтау мен тегістеу үшін бірден дискілі сыдыра жыртқыштарды қолданады. Өңдеудің іздер саны шымның қуаттылығына байланысты. Сүрі жерлерде жаз бойынша арамшөптерді тырмалау немесе қопсыту (сазды топырақта) арқылы жояды. Құмдақ және құмды топырақтарда сүрі жерлерді қопсытқыш-қыршуышпен (КПП-2,2 т.б.) өңдейді. Жырту мерзімі кезінде көбінесе далалық құрғақ алқаптарды күзде шолақ түренді соқамен жыртады, көктемде жер қыртысын дискілі тырмамен қопсытады, содан кейін 2-3 рет тырмалайды (БИГ-3, БСС т.б.). Уақытша су тұрып қалған алқаптарды, ойпаттарды, сазды жерлерді күзде бұташықты-саздақты соқамен (ПКБ-75) жыртады, күзде немесе көктемде дискілі тырмамен (БДТ-3,0) немесе қопсытқышпен (ФБ-0,9, ФБ-2,0) өңдейді. Шөлейт және шөл аймақтарда жақсартуға тиісті жерлерді ерте көктемде не болмаса күзде жыртады [3. 25 б.].

Африкалық тарының тұқымын себер алдында топырақ дайындау жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Жер жыртқаннан кейін қыртысы мұқият ұсақталып өңделеді (БДТ-7, ЛДГ-15, ЛДГ-10 т.б.), беті тегістеледі (РВК-3,6, ВПН-5,6 т.б.). Содан кейін топырақты тұқым себер алдында және себілгеннен кейін тығыздайды (ЗКК-6А). Одан әрі тыңайтқыштар беру жұмыстары жүзеге асырылады. Тыңайтқыштар жалпы қабылданған әдістер бойынша, топырақтан шөп өнімімен шығарылатын қоректік заттар мөлшері арқылы есептеледі. Фосфор және калий тыңайтқыштары бойынша олардың бірінші және келесі жылдары қабылданатын барлық әсерлі заттарының мөлшері есептеледі. Азот тыңайтқышы бойынша жыл сайын көктемде берілетін қоректік зат мөлшері арқылы анықталады.

Минерал және органикалық тыңайтқыштар, әктер топырақтың биологиялық белсенділігін айтарлықтай көтереді, физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады, нәтижесінде жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді.

Ендігі жұмыс африкалық тарының тұқымын себу. Төмендегі кестеде африкалық тарының сорт түрлерін мөлдектерге бөлу арқылы егудің нұсқалары көрсетілген (№1-кесте).

1 кесте. Африкалық тарының сорт түрлерін мөлдектерге бөлу арқылы егу

Мөлдек (делянка) №

І қайталау

Мөлдек

(делянка)  №

ІІ қайталау

Мөлдек

(делянка)  №

ІІІ қайталау

1

WRai POP

34

HHVBC Tall

35

Хашаки  1

2

IP 13150

33

JBV 3

36

ICMS 7704

3

GB 8735

32

IP 19586

37

MC 94C2

4

Dauro Genepod

31

Sudan POP III

38

EMSHBC

5

Sudan POP III

30

Dauro Genepod

39

ICMV 155

6

IP 19586

29

GB 8735

40

Rai 171

7

JBV 3

28

IP 13150

41

JBV 2

8

HHVBC Tall

27

WRai POP

42

IP 22269

9

Sudan POP I

26

Хашаки 1

43

Sudan POP I

10

IP 22269

25

ICMS 7704

44

HHVBC Tall

11

JBV 2

24

MC 94C2

45

JBV 3

12

Rai 171

23

EMSHBC

46

IP 19586

13

ICMV 155

22

ICMV 155

47

Sudan POP III

14

EMSHBC

21

Rai 171

48

Dauro Genepod

15

MC 94C2

20

JBV 2

49

GB 8735

16

ICMS 7704

19

IP 22269

50

IP 13150

17

Хашаки 1

18

Sudan POP I

51

WRai POP

Ұсынылап отырған нұсқа бойынша әр мөлдекті маркермен 8 бөлікке бөліп, оның әрқайсысына 1,8гр тұқымнан егіледі. Егу жұмыстары жүргізілетін жердің жалпы ауданы шамамен 650м2 болған жағдайда, бір мөлдектің ауданын 12м2; ұзындығын – 5м.; енін – 2,5м. етіп бөлу ұсынылады. Африкалық тарының 100 кг дәнінде орта есеппен 107 а.ө. және 10 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде 48-55 а.ө. және 4,5-6,5 кг қорытылатын протеин, 100 кг көк шөбінде 19-21 а.ө. және 2,0-2,1 кг қорытылатын протеин, 100 кг сүрлемінде осыған сәйкес 16-20 а.ө., және 1,6-2,0 кг протеин бар. Африкалық тарының мал азықтық бағыттағы сорттарының тағамдық сорттарына қарағанда өнімі 1,5-2,0 есеге жуық жоғары болады. Тарының агротехникалық маңызы да жоғары. Оны көпжылдық шөптерге жамылғы ретінде себуге тиімді.

Осы үлгіде 2013ж. Қызылорда облысының Қарауылтөбе тірек пунктінде жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша африкалық тарының өнгіштігі, түптенуі, биіктігі, т.б. мәліметтерін №2 кестеден көруге болады.

2 кесте. Африкалық тарының сортүлгілерінің далалық өнгіштігі мен өсімдіктің сақталуы

Сортүлгі 

Өнгіштігі, %

Өміршеңдігі, %

Өсімдіктің тығыздығы дана/га 

Жинау алдындағы өсімдікітің биіктігі, см.

Түптенуі, дана.

1

WRai POP

65,7

94,7

169700

294,3

7

2

IP 13150

64,2

95,2

168500

262,5

7

3

GB 8735

59,8

92,8

154800

268,7

10

4

Dauro Genepod

58,3

90,6

147100

247,0

5

5

Sudan POP III

57,5

93,5

146800

302,4

7

6

IP 19586

66,3

95,8

173400

295,2

7

7

JBV 3

63,8

94,1

166300

294,7

7

8

HHVBC Tall

64,1

93,9

165900

287,6

11

9

Sudan POP I

63,8

92,5

164500

320,1

5

10

IP 22269

59,6

91,3

151200

245,3

5

11

JBV 2

61,5

91,7

154700

266,7

7

12

Rai 171

62,3

94,3

158300

238,3

6

13

ICMV 155

55,7

95,1

145800

239,5

10

14

EMSHBC

58,8

92,8

149600

120,8

7

15

MC 94C2

53,6

93,6

138900

205,4

5

16

ICMS 7704

54,8

91,9

138800

215,7

5

17

Хашаки 1

52,5

92,7

160300

235,6

6

Қазіргі уақытта біржылдық шөптердің ішінен мал азықтық дақыл ретінде африкалық тарыны егі шаруашылықтарда кеңінен тарай бастады. Өйткені африкалық тары басқа дақылдарға қарағанда құрғақшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді. Мұның Қазақстанның қуаңшылықты аудандары үшін маңызы зор.

Әдебиет:

1.    Әубәкіров Қ., Атақұлов Т.А., Ахмет А.З., Нұрғалиев Қ.С. Мал азығын өндіру. –Алматы: Білім, 2011. – 453 б.

2.    Игловиков В.Г., Конюшков Н.С., Мовсисянц А.П., Новоселов Ю.К., Смурыгин М.А. Справочник по кормопроизводству. - М.: Колос, 1973. - 488 с.

3.    Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. (с основами статистической обработки результатов исследования) – М.: Агропромиздат, 1985.

Основные термины (генерируются автоматически): POP, JBV, EMSHBC, HHVBC, ICMS, ICMV, III, мена.


Похожие статьи

Жобалаудың бұлтты ортасында графикалық интерфейсті құруға арналған құрал-сайманның өзектілігі және оларға қойылатын талаптар

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Түркістан облысығы аурухананы жобалау кезіндегі инженерлік геодезиялық жұмыстар

Инвестициялардың құрылымын және оның әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін болжамдау

Физиология сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың тиімді жолдары

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының алғашқы нәтижелері

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Похожие статьи

Жобалаудың бұлтты ортасында графикалық интерфейсті құруға арналған құрал-сайманның өзектілігі және оларға қойылатын талаптар

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Түркістан облысығы аурухананы жобалау кезіндегі инженерлік геодезиялық жұмыстар

Инвестициялардың құрылымын және оның әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін болжамдау

Физиология сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың тиімді жолдары

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының алғашқы нәтижелері

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Задать вопрос