Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тасымова, Д. А. Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану / Д. А. Тасымова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2024. — № 16.1 (515.1). — С. 23-24. — URL: https://moluch.ru/archive/515/113147/ (дата обращения: 04.05.2024).



Мақалада ойын технологиясының түрлері мен дамыту және түзету құралы ретіндегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады.

Кілтті сөздер: зияты зақымдалған балалар, ойын, технология.

В статье рассматриваются виды, возможности и преимущества игровой технологии как средства развития и коррекции.

Ключевые слова: дети с интеллектуальными нарушениями, игра, технология.

«Баланың өмірінде ойын қандай орын алатынын мұқият қарастырсақ... Ойын — бала үшін ең маңызды мәселе. Ойын балалардың әлемін және шығармашылық қабілеттерін ашады. Оларсыз ақыл-ойдың толық дамуы мүмкін емес. Ойын — бұл үлкен жарық терезе секілді. Ол арқылы баланың рухани әлеміне идеялар ағымы құйылады. Ойын — бұл қызығушылықтың жарқылын тудыратын ұшқын» (В. А. Сухомлинский) [1].

Ғалымдардың пайымдауынша балалардың әлеуметтік дамуы, оның қоршаған ортаны тануы мен өмірлік жағдайлардан алған дағдыларының арқасында деп айтады. Жасы ұлғайған сайын бала өзі үшін пәндік, табиғи және әлеуметтік әлемді тануы түседі. Қоршаған кеңейе орта туралы баланың идеялары кеңейген сайын оның интеллектуалды және моральдық дамуы артады, логикалық ойлаудың қарапайым формалары қалыптасады, өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау дамиды.

Ойын технологиясы педагогикалық технологиялардың ажырамас бөлігі болып табылады. Себебі кіші жастағы балалардың оқу процесінде ойын әдістері міндетті түрде қолданылады. Жалпы ойын бірнеше функцияны қатар орындайды:

— баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуші;

— балалармен және ересектермен қарым-қатынас дағдыларын игеруші;

— бала ойын барысында түрлі қиындықтарды жеңуді үйренеді;

— жеке қасиеттеріндегі кері қасиеттерді түзету қызметінде атқарады [2].

Ойын технологиясы ішінара бірнеше жіктелімге қарастырылады:

Пәндік ойындар — бала заттарды қолдана отырып ойнайтын ойынның түрі. Мысалы: балалардың доппен «футбол» ойынын ойнауы.

Сюжеттік ойындар — оқушылардың сюжеттік сурет бойынша рөлдерді сомдауы, яғни сюжетке сәйкес әрекет орындауы.

Рөлдік ойындарда — белгілі бір адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, функциялары мен міндеттерін орындау тактикасы пысықталады, яғни ойыншылар қандай да бір рөлді ойнап, сюжетті бейнелейді. Мысалы: балалардың мақта қыз ертегісін сомдауы.

Іскерлік ойындар — жаңа кәсіпті игерудің, шығармашылық қабілеттерін дамытудың, жалпы білім беру дағдыларын қалыптастырудың кешенді міндеттерін шешу үшін қолданылады. Мысалы: Математика пәнінде «Дүкенші» ойынын ұйымдастыру.

Имитациялық ойын дегеніміз — адамдардың қалыптан тыс (экстремалды) жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (моделін) құру. Аталған ойын оқушылардың танымдық қарым-қатынасқа қызығушылығын тудыруға көмектеседі, оқушылардың интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды және басқа салаларын дамытады.

Зият зақымдалуының орташа деңгейіндегі балаларда дайындықсыз ойын әрекеттері болмайды. Балада ойынға деген мотивация берілмесе, оған деген қажеттілік анықталмайды. Бала ойынға қосылса да, ол ойыншықтарға да, өзіне де қызығушылық танытпайды. Бала пассивті, немқұрайлы әрекет етеді, орындалатын әрекеттерден ләззат алмайды, тек ересек адамның талаптарына бағынады [3].

Зият зақымдалуының орташа деңгейіндегі балалар бір ойыншықтан екінші бір ұқсас ойыншықтарға немесе ұқсас әрекеттерге ауыстыра алмайды. Зият зақымдалуының орташа деңгейіндегі балаларға тән нәрсе — олар бұрыннан игерген әрекеттерді жасай отырып, таныс ойыншықтармен ойнағанды жөн көреді. Балаларға барлық ойыншықтарды бірге беруге болмайды, себебі бала әр ойыншыққа алаңдап зейіні тұрақталмайды.

Әдебиет:

  1. Сухомлинский В. А. Сердце отдаю детям. — Киев: Радяньска школа, 1969.
  2. Баряева Л. Б., Яковлева Н. Н. Программы обучения учащихся с умеренной и тяжёлой умственной отсталостью. — Санкт-Петербург, 2001.
  3. Федосеева О. А. Особенности игровой деятельности детей с интеллектуальной недостаточностью // Молодой ученый. — 2012. — № 11. — С. 489–491.
Основные термины (генерируются автоматически): бал.


Похожие статьи

Задать вопрос