Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мусаева, Г. М. Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары / Г. М. Мусаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2024. — № 16.1 (515.1). — С. 14-15. — URL: https://moluch.ru/archive/515/113138/ (дата обращения: 06.05.2024).



Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Кілтті сөздер: зияты зақымдалған балалар, педагогикалық технология, ойын.

В статье рассматриваются технологии обучения и показана их эффективность в обучении детей с интеллектуальными нарушениями.

Ключевые слова: дети с интеллектуальными нарушениями, педагогическая технология, игра.

Қазіргі кезде ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру — білім берудің өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Қоғамда ерекше балаларды оқыту мәселесі біріншіден аталған балалардың санының көбеюіне, ал екінші жағынан — қоғамға бейімдеудің өзекті болуына байланысты болып табылады. Ерекше білімді қажет ететін балалар мектептен бастап сапалы білім алып және кәсіптік біліммен жалғастырып, оларды жұмысқа орналастыру.

Ерекше білімді қажет ететін балалар ішіндегі зияты зақымдалған балалар тобының психикалық және физикалық кемшіліктерін түзетуге және балаларды дамытуға бағытталған және өмірлік дағдыларын игеруге ықпалын тигізетін заманауи педагогикалық технологиялары бар.

Бүгінгі таңда әрбір педагог оқу процесін жетілдірудің ең тиімді жолдарын, ерекше оқушылардың оқуға деген ынтасын, оқу сапасын арттыру жолдарын іздейді.

Педагогикалық технология бұл педагогикалық мақсатқа жету жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті (М. Кларин) [1].

Түзету мектептерінде қолданылатын технологиялар:

Дәстүрлі оқыту технологиялары. Түзету жұмыстарында педагог пен оқушылардың эмоционалды өзара әрекеттесуіне негізделген дәстүрлі оқыту технологияларын қолдану болып табылды. Дәстүрлі технологиялар оқушылардың қиялын байытуға мүмкіндік береді. Сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда түсіндірме және иллюстрациялық технологиялар қолданылады. Аталған технологияны қолданудың нәтижесінде уақытты үнемделіп, мұғалімдердің білімді оқушыға түсіндіру жұмыстарына жеңілдік болады.

Көп деңгейлі оқыту технологиясы. Аталған технологияның ерекшелігі, оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға бағытталған. Көп деңгейлі оқыту технологиясында оқушының ортаға бейімделуі, өзіне деген сенімділігі, өз таңдауына деген жауапкершілік сезімдерін тудыруға мүмкіндік береді.

Ойын технологиялары. Бұл технология педагогикалық технологияларың ажырамас бір бөлігі. Ойын технологиясы баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуші, қарым-қатынас дағдыларын кеңейтуші және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге ең қолайлы технология болып табылады.

Зият зақымдалуының орташа деңгейіндегі балаларда дайындықсыз ойын әрекеттері болмайды. Балада ойынға деген мотивация берілмесе, оған деген қажеттілік анықталмайды.. Зият зақымдалуының орташа деңгейіндегі балалар бір ойыншықтан екінші бір ұқсас ойыншықтарға немесе ұқсас әрекеттерге ауыстыра алмайды. Ауыстыру функциясы оларда қалыптаспаған [2].

Арт-терапия технологиясы. Арт-терапияда шығармашылық үрдіс басты терапиялық механизм болып табылады, ол айрықша символикалық түрде шиеленіскен жарақаттаушы жағдаяттардан шығуға, оның шешімін табуға мүмкіндік береді.

Ерекше балалармен түзету жұмыстарында арт-терапияны қолдану арқылы, тұлға дамуындағы келесі бұзушылықтарды көруге болады:

  1. Психоэмоционалды саланың дамуындағы ауытқулар.
  2. Коммуникативті-рефлексивті процестердің бұзылуы.
  3. Дамудағы психосоматикалық ауытқулар [3].

Егер баладағы проблема эмоционалды даму саласында болса, арт-терапевтік сабақтарда жеке сабақтар тиімдірек болады; ал балада әлеуметтік бейімделу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда, жұмыс топтық сабақ ретінде жүргізіледі.

Әдебиет:

  1. Кларин М. В. Инновационные модели обучения: Исследование мирового опыта. Монография. — М.: Луч, 2016. — 640 с.
  2. Выготский Л. С. Игра и её роль в психологическом развитии ребёнка // Вопросы психологии. — 1990. — № 6.
  3. Раимова Л. А. Арттерапевтические технологии в работе с детьми с умственной отсталостью (методические рекомендации для специалистов психоневрологических интернатов, центров реабилитации для детей и подростков). — Казань, 2009.


Ключевые слова

ойын, зияты зақымдалған балалар, педагогикалық технология
Задать вопрос