Ертегі терапиясы ерекше балаларға арналған түзету әдісі ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдрасилова, А. М. Ертегі терапиясы ерекше балаларға арналған түзету әдісі ретінде / А. М. Абдрасилова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2024. — № 16.1 (515.1). — С. 1-2. — URL: https://moluch.ru/archive/515/113125/ (дата обращения: 06.05.2024).



Мақалада білім беру процесінде ерекше балаларға ертегі терапиясының түзетушілік әсері туралы айтылған.

Кілтті сөздер: ерекше балалар, ертегі терапиясы, түзету әдісі.

В статье анализируется коррекционное влияние сказкотерапии на особых детей в образовательном процессе.

Ключевые слова: особые дети, сказкотерапия, метод коррекции.

Мектепке дейінгі жас баланың физикалық және психикалық денсаулығының негізін құрудағы шешуші кезең болып табылады. Ерекше балалармен дамытушылық жұмыстың сапасына қойылатын жаңа талаптар инклюзия идеологиясына толық сәйкес келеді. Әлеуметтік белсенді тұлғаны дамытуға басымдық беріледі, сонымен бірге білім беру процесін дараландыруды және оның әлеуметтік бағытын болжайды. Ерекше баланың қалыптасуын тиімді басқару үшін, заманауи білім беру технологияларын қолдану қажет. Осындай технологиялардың бірі деп ертегі терапиясын айтсақ болады.

Ертегі — тәрбие мен білім берудің ең көне әдісі. Біздің ата-бабаларымыз да бала тәрбиесімен айналысып, оған іс-әрекеттің мәні айқын болған ертегілерді айтып келген. Ертегілер балалардың қиялын дамытып, ата-бабалар мәдениеті мен алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесімен таныстырды, мінез-құлық ережелері туралы біліммен байытты [1].

Ертегі терапиясы — бұл баланың психологиясына жақсы бейімделген әдіс. Ертегі — бұл кішкентай адамның ішкі әлемімен жұмыс істеудің, яғни психологиялық әсер етудің таңғажайып құралы және дамудың қуатты құралы екені белгілі. Ертегілер арқылы бала кедергілерді жеңуді, қиын жағдайлардан шығудың жолын табуды, жақсылықтың, махаббат пен әділеттіліктің күшіне сенуді үйренеді. Ертегі терапиясының негізгі мақсаты:

— эмоционалды шиеленісті жеңілдету;

— топта ойынға сенімділік атмосферасын құру;

— балалар арасындағы тұлғааралық байланыстарды орнату;

— балаларда адекватты өзін-өзі бағалауды, олардың жағымсыз жақтарын қабылдауын, өзіне және басқа адамдарға ұнауға деген ұмтылысты қалыптастыру;

— ертегілерді құрастыру процесінде ойлау мен қиялды дамыту;

— баланың өзіне, өз күшіне деген сенімділік сезімін дамыту;

— құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту [2].

Ертегі баланың өзін-өзі жетілдіруіне, ойлау процестерін белсендіруге көмектеседі. Балаларда ертегіні тану және көрініс қоюда, кейіпкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты анықтауда сөйлеу белсенділігі артады. Балаларда ертегі қойылымдарын ойнауда сөйлеудің экспрессивтілігі жақсарады, сөздік қоры кеңейеді.

Ертегі терапиясы — бұл сөйлеу бұзылыстарын түзетуге, баланың жеке дамуына және оның денсаулығын сақтауға бағытталған кешенді жүйе және ертегі аясында оқу, түзету, тәрбиелік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Ертегілер келесідей түрлерге жіктеледі:

  1. Көркем ертегілерге халықтың ғасырлар бойғы даналығымен жасалған ертегілер мен авторлық әңгімелер жатады.
  2. Дидактикалық ертегілер мектеп оқушыларына арналып жасалады. Мұғалімдер оқушыларға белгілі бір тақырыпқа байланысты материал береді. Оқушылар абстрактілі бейнелерді анимациялайды, балалар білімнің маңыздылығын көмек арқылы оқу материалын тез және оңай игере алады.
  3. Психокоррекциялық ертегілер баланың мінез-құлқына оң әсер ету үшін жасалады. Психокоррекциялық ертегілерді қолдану жасына (11–13 жас аралығында қолданылады) және жағдаятқа байланысты. Психокоррекциялық ертегіні балаға оқытып, ертегідегі образға енуге мүмкіндік береді.
  4. Психотерапиялық ертегілер — болып жатқан оқиғалардың терең мағынасын ашатын ертегілер. Психотерапиялық ертегілерде оқушыға жиі сұрақ қойылады. Оқушының жеке өсу процесін ынталандырады [3].
  5. Медитациялық ертегілер — психоэмоционалды шиеленісті жеңілдету, баланың жан дүниесінде қарым-қатынастың ең жақсы модельдерін құру, жеке ресурсты дамыту үшін жасалады.

Ертегі терапиясының негізгі көрсеткіші — ерекше балалардың топпен қарым-қатынас құру және өзара әрекеттесуінен көрінеді.

Әдебиет:

  1. Васькова О. В., Полтыкина А. А. Сказкотерапия как средство развития речи детей дошкольного возраста. — СПб.: Детство-пресс, 2012.
  2. Зинкевич-Евстигнеева Т. Д. Путь к волшебству. Теория и практика сказкотерапии. — СПб., 1998.
  3. Зинкевич-Евстигнеева Т. Д. Практикум по сказкотерапии. — СПб., 2000.


Ключевые слова

ерекше балалар, ертегі терапиясы, түзету әдісі
Задать вопрос