Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Базарбаева, А. Е. Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы / А. Е. Базарбаева, Д. Т. Мухамедиярова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 5-6. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101254/ (дата обращения: 05.05.2024).



Мақалада көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Кілтті сөздер : көпбалалы отбасылар, әлеумет, қоғам.

В статье рассматривается социальное положение многодетных семей.

Ключевые слова: многодетные семьи, социум, общество.

Қазіргі таңда елімізде кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баланы асырап отырған 440 мыңға жуық отбасы бар. Көпбалалы отбасылар кімдер? «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 1-бабы бойынша көпбалалы отбасылардың тізіміне кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар (оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар) отбасылар кіреді [1].

Көпбалалы аналар наразылығы Астана қаласында 2019 жылы 4 ақпанға қараған түні әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасы түнгі ауысымда болған, 5 баланың өрттен ажал құшуынан басталған болатын. Әрине біз бала санының көп болуына ешқандай қарсылығымыз жоқ, бұл ислам дінінде де Пайғамбарымыз «Үйленіңдер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбеттерге мақтанамын» деп айтып кеткен және көк туымыз аспанда желбіреген, азат елімізде, кең жерімізде халқымыздың көптігі елімізге жақсы емес пе?! Бірақ көпбалалы аналардың мемлекеттен жәрдемақы мен үйді талап етуі дұрыс па? Осы мәселені екі жақты қарастырып көрсек.

Біріншіден, осы мәселеге қатысты Қазақстандағы тағы бір әлеуметтік мәселе — қымбатшылық. Бүгінгі күнде анасы жұмыс істемеген, жаңа туған сәбиге ай сайын 19 мың теңге жәрдемақы беріледі. Қазіргі күнде бір жөргек пұлдың бағасы 150 теңгеден басталса, бала күніне 4–5 жөргек пұл қолданады делік. Осыдан кейін баланың басқа да заттарын қанша теңге екенің айтпасақ та түсінікті деп ойлаймын. Бала өскен сайын, оның ана сүтінен бөлек, ішетін тағамдары (сүттер, ботқалар, печеньелер және тағы басқа тағамдары) 4000–5000 теңге тұрады және бұл 1 апта көлеміне де жетпейді. Ал, 5 балаға берілетін жәрдемақы 69 мың теңге көлемінде. Егер де ол мектеп қабырғасындағы оқушы болса, бұл 1 балаға да аз.

Екіншіден, көпбалалы аналардың жәрдемақыны көбейту мен үй беріңдер деген мәселесі дұрыс емес деп қарастыруға болады. Неге дұрыс емес? Әрбір ерлі-зайыпты отбасындағы бала санын өзі шеше алады, яғни баланы өмірге әкелмес бұрын, әлеуметтік жағдайына сай немесе әлеуметтік жағдайын дұрыстай отырып, баланы дүниеге әкелуі қажет. Әрбір отбасында жеке меншік үй немесе асыраушының жұмысы тұрақты, айлығы отбасысын асырап, толық қамтамасыз ете алатын болса, онда ол жақсы көрсеткіш. Бірақ, ер адамның жұмысы тұрақсыз немесе жоқ болса, бір жалдамалы үйде ұзақ уақыт тұрақтамаса, онда мемлекетте көпбалалы аналардың көтерілуі сияқты мәселелер туындап, мемлекетте тыныштықтың болмауына алып келеді. Біздің айтқымыз келетіні, отбасыны мемлекет асыруға міндетті емес, ең бірінші кезекте асыраушы отбасысын асырай алуы қажет.

Астанада басталған көпбалалы аналардың көтерілуі кезінде, біз ешқандай әкені көрмедік. Бұл отбасындағы ер адам рөлінің жоқтығының кері әсерінен, ер адам отбасын асыра алмай отырғанының салдарынан, көпбалалы ана бала-шағасы үшін мемлекеттен барып, көп жәрдемақыны талап етеді немесе әкенің айлығы көпбаланы асырауға жетпегендіктен, мемлекеттен көмек сұрайды. Бұл жерде мемлекеттегі тағы бір мәселе жалақының аздығын және жұмыссыздықтың көрінісін байқауға болады. Бірақ, үйде жатып, жұмыс істемей, «Туған баламды, сен мемлекет асыра» деп айту, балықты сұрағанмен тең. Мемлекет халыққа балық емес, балықты аулайтын қармақты беруі қажет. Сонда ғана әділдік, мемлекет пен халықтың арасында түсіністік пен достық орнайды [2].

Қорытындылай келе, біздің айтқымыз келетіні әрбір балаға жарық дүниені сыйламас бұрын, ол істің үлкен жауапкершілік екенін түсініп, баланың тағдырына балта шаппай, бірінші кезекте баланың жағдайын ата-ана, содан кейін ғана мемлекет ойлауы қажеттігін айтқымыз келеді.

Әдебиет:

  1. Көпбалалы отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі және шарттары қандай? // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://informburo.kz/kaz/elaynasy/kopbalaly-otbasylarga-qandai-aleumettik-qoldau-korsetiledi-zane-sarttary-qandai (қаралған күні: 09.03.2023).
  2. Бес қыздың қазасына екі жыл. Елді мұңайтқан қайғылы оқиғаны еске алсақ // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://kerey.kz/?p=13274 (қаралған күні: 09.03.2023).


Ключевые слова

қоғам, көпбалалы отбасылар, әлеумет
Задать вопрос