Құран, хадис және тәпсірлердегі эсхатология ұғымының ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №2 (397) январь 2022 г.

Дата публикации: 16.01.2022

Статья просмотрена: 69 раз

Библиографическое описание:

Шереханкызы, Ляззат. Құран, хадис және тәпсірлердегі эсхатология ұғымының ерекшеліктері / Ляззат Шереханкызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 2 (397). — С. 393-396. — URL: https://moluch.ru/archive/397/87926/ (дата обращения: 16.12.2024).

Зерттеу исламның эсхатологиялық ілімдерінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар оның маңызды элементтері болып табылатын өлім, қайта тірілу, ақырет, қиямет күні ұғымдарын қарастырады. Жұмыста исламдағы эсхатологиялық негізгі ұғымдардың Құран, хадис және тәпсірлердегі сипатталуы көрсетіліп талданған. Эсхатологиялық мотивтер тек діни ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жанрдағы шығармаларда көрінеді. Яғни тұтас, дамыған эсхатологиялық тұжырымдама, ол барлық шығармалар мен жанрлардың образдарға, мотивтерге, сюжеттерге және т. б. негізделген болып табылады.

Кілтті сөздер: эсхатология, Құран, хадис, тәпсір, ақырет.

Исследование направлено на выявление особенностей эсхатологического учения ислама. Оно также рассматривает концепции смерти, воскресения, загробного мира и конца света, которые являются ее важными элементами. В работе анализируется описание основных эсхатологических концепций ислама в Коране, хадисах и тавсирах. Эсхатологические мотивы отражены не только в религиозных, но и в различных жанровых произведениях. То есть целостная, развитая эсхатологическая концепция основывается на образы, мотивы, сюжеты и другие произведения всех жанров.

Ключевые слова: эсхатология, Коран, хадис, тавсир, конец света.

The research is aimed at identifying the features of the eschatological teachings of Islam. It also investigates the concepts of death, resurrection, the afterlife, and the end of the world, which are important elements of it. The work analyzes the description of the main eschatological concepts of Islam in the Quran, hadiths and tavsirs. Eschatological motives are reflected not only in religion, but also in various genre works. It means that whole, developed eschatological concept is based on images, motives, plots and other works of all genres.

Keywords: eschatology, Quran, hadith, tavsir, the end of the world.

Зерттеудің проблемалары шоғырланған «эсхатология» терминіне тоқталатын болсақ, бұл термин грек тілінен шыққан болып (грек. eschatos — соңғы және logos — ілім, сөз) — дүниенің, адам өмірінің баянсыздығы туралы, ақырзаман мен о дүние туралы діни ілім деген мағына береді [1].

Құранда жеке эсхатология (немесе жалғыз адамның өлімінен кейінгі тағдыры туралы ілім) және жалпы эсхатология (немесе ақырзаман туралы ілім) ұғымдары айқын көрсетілген. Адамның өлімінен кейінгі тағдыры туралы ілімнің мәні шоғырланған ұғымдар Құранда көп көңіл бөлінген өлім мен қайта тірілу ұғымдары болып табылады. Өлім тақырыбы Құран уағызы үшін өте маңызды. Өлім туралы еске салу — бұл адамның өмірінің шексіз емес екенін есте сақтауға арналған Құранда үнемі қайталанатын лейтмотивтердің бірі. Бұл лейтмотив көбінесе адамға жаңа дүниеде де көп нәрсе беретін жаңа сенімді қабылдауға шақырумен жүреді. Белгілі бір мағынада, өлім және одан кейінгі қайта тірілу исламның, сондай-ақ басқа екі туыс монотеистік діндердің этикалық ілімінің негізін қалайды.

Жалпы алғанда, Құранда m-w-t түбірінен алынған әр түрлі туындылар 165 рет қолданылған. «Өлім», «өлі», «өлу/өлтіру ұғымдарын білдіретін сөздердің үш тобы шамамен бірдей жиілікке кездеседі. Өлімнің хақ екендігі және оның адам еркінен тыс құбылыс екендігі туралы идея Құранның алғашқы аяттарында айтылған болатын. Тағдырдың еріксіздігі туралы ой, адам өмірінің аяқталуын анықтайтын соқыр тағдыр [2] түсінгі және өлімнен сақтанудың мүмкін еместігі арабтардың исламға дейінгі наным-сенімдерінде бұрыннан болған. Алайда, Құран аяттарындағы ұғым исламға дейінгі түсініктерден айтарлықтай өзгеше екендігін айта кеткеніміз жөн, себебі біріншісі өлім сәтімен Құдайдың қалауының арасындағы байланысты анық көрсетеді. Өмір мен өлім бір-біріне қарсы ұғымдар болып табылады, алайда Құран мәтінінде өлімнің антонимі ретінде қайта тірілу де беріледі. Құранда жұмақ-тозақ, жер-аспан сияқты антитез [3] жұптары ажыратылып көрсетілген, бірақ олардың арасында үш сөз бір-біріне қарама-қарсы мағынада болатын құрылымдар да орын алады. Мысалыға, адамға өмір беріп, содан кейін оны өлтіретін Құдай оны тірілте де алады: Ол сондай Алла, сендерді тірілтті, сосын өлтіреді, сонан кейін және тірілтеді (Хаж, 22: 66). Бір қызығы, дәл сол үзінділерде Алланың құдіретін көрсететін қайта тірілту ұғымы қиямет күніне сілтеме жасамай-ақ баса көрсетілген. Көптеген аяттарда Құдайдың өмірді, өлімді және қайта тірілуді бақылауы тақырыбы одан әрі дамиды. Оларда қайта тірілу идеясы тірілудің көптеген синонимдерінің бірі болып табылатын «қайтару», «шығару» мағынасын беретін akharaja етістігімен сипаттады: Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнге айналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Және кімді қаласаң сансыз несібе бересің (Әли-Имран, 3: 27). Бұндай аяттар «Құдай тіріні өліден, өліні тіріден шығарады» деген сөзді қайталайды. Құдайға құдіретінің арқасында барлық нәрсе дамиды немесе бір-бірінен алынады — аспаннан су, жерден өсімдіктер, түннен күндіз, өліден тірі және керісінше.

Мұхаммедтің(с.а.с) пайғамбарлық миссиясының соңғы кезеңдеріне тұспа-тұс келетін уағыздарында кездесетін бұл ой өлімнен кейін қайта тірілу мүмкіндігін көрсетуге бағытталған. Топыраққа себілген және одан өсіп шығатын тұқым күндердің соңында қайта тірілудің метафорасы ретінде қызмет етеді. Мұнда біз Құрандағы өте маңызды бейненің бірі — өлі жерді немесе елді қайта қалпына келтіру туралы тоқталамыз: «Біз өліп топырақ болған кезде (қайта тірілеміз бе)? Бұл қайту ақылдан ұзақ», «Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік. Қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын өсірдік. Құлдарға қорек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. (Қайта тіріліп,) Шығу да сол тәрізді» (Қаф, 50: 3, 9–11). Құранда «өлі елден» басқа, «өлі жер» туралы да айтылған, мысалы, 36: 33–36 сүрелерінде өлі жердің қайта тірілуі Құдайдың құдіретінің сипаты ретінде қызмет етеді, оның тірі заттарды өлілерден жасау қабілеті туралы айтылады. Сонымен қатар Құдайдың өлілерді қайта тірілту қабілеті күнәһарлардың болашақ тағдырлары туралы сұрақтарына көптеген Құран жауаптарында кездеседі, оның мағынасы: «Біз өлгеннен кейін қайта тірілеміз бе?». Бұл сұрақ Мекке кезеңіндегі алғашқы мәтіндерде кездеседі.

Эсхатологияның негізгі ұғымдарын талдай отырып, келесі кезекте назарымыз қайта тірілу (qiyama) және қиямет күні (yawm ad-din) сөздеріне түседі. Құранда qiyama сөзі 70 рет қолданылған. Тәпсірлерде айтылғандай, бұл аяттардағы шақырушы деген сөз — кернейдің күзетшісі, Исрафил періштені білдіреді [4]. Басқа да маңызды ұғымдардың бірі болып табылатын есеп, сұрақ-жауап, амал дәптерінің берілуі, жұмақ пен тозаққа кіргізу сияқты жайыттар орын алады. Осылардың ішінен шапағат түсінігіне нақтырақ тоқталғанымыз жөн болар. Шапағат ету арқылы адамға тозақ азабынан құтылуға, аулақ болуға мүмкіндік беріледі. Құран тәпсірлеріне сүйенсек, бұл функция Мұхаммедке (с.а.с), пайғамбарларға, періштелерге және кейбір әділ адамдарға берілген [5]. Құран аятында «ақиқатты біліп, куә болғандар»дың шапағатына жол береді. Алайда Құранда Мұхаммедтің (с.а.с), пайғамбарлардың, періштелердің немесе әділ адамдардың шапағаты болуына да, сондай-ақ оны жоққа шығаруына да тікелей нұсқау жоқ.

Эсхатологиялық мәселелер Құран ілімдерінің маңызды элементі болғандықтан, мұсылман доктринасында ең алғашқы кезеңнен бастап болды. Бірте-бірте ол мұсылмандық танымның жеке саласы ретінде ерекшелене бастады және 13-ші ғасырға дейін мұсылман ғалымдары үнемі дәйекті түрде қолданған белгілі бір терминдер пайда болды деп айтуға болады. Іс жүзінде, ос терминдердің барлығын қамтитын, адамды және оқиғалар әлемін күткен екі перспектива қалыптасты. Сонымен қатар, белгілі бір уақытта осы екі көзқарас бір бағытқа бірігеді. Біріншісі біз жеке эсхатология немесе қайтыс болғаннан кейінгі өмір деп атайтынымызға сәйкес келеді, екіншісі — жалпы эсхатология болып табылады.

Бұл еңбек, шын мәнінде, тек мұсылман эсхатологиясын жүйелі түрде зерттеудің негізін қалай алады. Көптеген тұстары осы жұмыс шеңберінен тыс қалған мұсылман әдебиетін зерттеуде де ежелгі мәдениеттер мен әдебиеттерді зерттеуде де, әлі де көп зерттеу жасалынуы керек. Алайда, эсхатологияның ең ежелгі дәуірден бастап барлық түрлерін бір типологиялық модель шеңберінде зерттеуге және сонымен бірге эволюциялық процестің дәйекті фазаларын қарастыруға болатындығы қазірдің өзінде айқын болып отыр.

Біз бұл жұмыс исламды зерттеушілердің қызығушылығын тудырып, исламдағы осы өте қызықты және маңызды діни ой саласы бойынша әрі қарай зерттеулерге түрткі болады деп сенеміз.

Әдебиет:

  1. Нысанбаев Ә. (1998) «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. ISBN 5–89800–123–9, X том.
  2. Ушаков Д. (1939) Толковый словарь русского языка Ушакова. Москва: Государственный институт «Советская энциклопедия». -1424.
  3. Квятковский А. (1966) Поэтический словарь. Москва: «Советская энциклопедия» -376.
  4. Арзуманян А. (2001) Ибн ал-Джаузи: Вертоград поучающих и сад внемлющих. Москва: «Вестник» МГУ (Востоковедение), № 1.
  5. Османов М. (1995) Коран в переводе. Брянск: «Ладомир», Восточная литература -529.
Основные термины (генерируются автоматически): москва, ISBN, конец света, мена, немес, эсхатология.

Ключевые слова

эсхатология, хадис, Құран, тәпсір, ақырет

Похожие статьи

Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелер

Мақалада мәдени таңбаланған сөздердің қатарына кіретін идиомалардың ерекшеліктері көрсетілген. Ағылшын тіліндегі идиомаларды қазақ тіліне аудару барысында туындайтын мәселелер қарастырылады және отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары кеңінен т...

Мектеп таңдау курстардың рөлі және «Дифференциалдық теңдеулер көмегімен математикалық модельдеу» курсты құрастыру туралы

Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Бұл қажеттіліктерді жалпы мектептерде толық күйде қанағаттандыра алмайды. Алайда қызы...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Ұлттық-аймақтық компонент шетел тілін оқытуда әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде

Мақала шет тілін оқыту үдерісіне ұлттық-өңірлік компонентті интеграциялау арқылы білім алушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне арналған. Автор көркем әдебиеттің аудармалары, мәдениет туралы шетелдік мақалалар,...

Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы

Ғылыми мақалада инновациялық, мультимедиалық, цифрлық журналистикаға толық сараптамалық талдаулар жүргізіліп, зерттеудің бүгінгі күннің өзекті де маңызды тықырыпқа құрылғандығы айқындалады. Негізгі нәтижелері. Мақалада заманауи коммуникация құралдар...

Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мақалада қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқыту және жоғары техникалық оку орындарында орыс тілінде білім алатын студенттердің риторикасын дамыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Өзара қатынастар құралы ретінде мемлекеттік тілді және оның...

Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті

Қазіргі заманда бір күнімізді әлеуметтік желілерінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметік желілерді пайдалану адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы үшін сөйлесудің ең қолайлы, тиімді, оңай және тез жолы болып табылады. Әлеуметтік желілер XXI ғасыр...

Мектеп геометриясындағы салу есептерін рационал коэффициентті көпмүшелер теориясы тұрғысынан зерттеу

Салу есептері бұл тек қана сызғыш және циркуль көмегімен геометриялық объекттерді тұрғызу. Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табы...

Тәжірибе негізінде алынған нәтижелерді талдау арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру

Ғылымның бірі физика — күнделікті өмірде жиі кездесетін пән. Жаратылыстану ғылымы білім алушылардың құзыреттіліктері мен әлеуетін, әсіресе сыни тұрғыдан ойлау дағдылары сияқты жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту үшін оқушыларға алғашқы тәжірибе...

Задать вопрос