Астана Халықаралық Қаржы Орталығының Қазақстан экономикасына әсері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Демизак, Б. Б. Астана Халықаралық Қаржы Орталығының Қазақстан экономикасына әсері / Б. Б. Демизак, Г. Ж. Азеретбергенова, А. Б. Сатенхан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 53 (395). — С. 264-268. — URL: https://moluch.ru/archive/395/87519/ (дата обращения: 16.12.2024).



Мақалада Астана халықаралық қаржы орталығының Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін анықтауға бағытталған. Мақалада халықаралық қаржы орталығы ұғымы ащықталып, әлемдік деңгейдегі қаржы орталықтарының өзі орналасқан елдерге тигізер оң және теріс әсерлері қарастырылды. Астана Халықаралық қаржы орталығын құрудың мақсаты мен міндеттері, даму стратегияларымен, инвестиция тартудағы тартымды ерекшеліктері анықталды. Солардың негізінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне талдау жасалып, орталықтың Қазақстан экономикасына тигізер оң және теріс әсерлері, елге пайда әкелетін мүмкіндіктері мен болашақта сақтануы қажет ықтимал қауіптері SWOT талдауы арқылы зерттелді. Нәтижесінде АХҚО-ның Қазақстанның қаржы нарығының дамуына үлкен үлес қосатыны белгілі болды және болашақта дамытуы керек бағыттары талқыланды.

Кілт сөздер: АХҚО, Астана Халықаралық қаржы орталығы, Қазақстан экономикасы, SWOT талдау, Инвестиция.

Статья направлена на определение влияния Международного финансового центра «Астана» на экономику Казахстана. В статье уточняется понятие международного финансового центра и обсуждается положительное и отрицательное влияние финансовых центров мирового уровня на страны, в которых они расположены. Определены цели и задачи Международного финансового центра «Астана», стратегии развития, привлекательные особенности для привлечения инвестиций. На их основе был проведен анализ деятельности Международного финансового центра «Астана», с помощью SWOT-анализа изучены положительное и отрицательное влияние центра на экономику Казахстана, возможности для страны и потенциальные угрозы в будущем. В результате стало ясно, что МФЦА внесет значительный вклад в развитие финансового рынка Казахстана, и обсудили направления дальнейшего развития.

Ключевые слова : МФЦА, Международный финансовый центр «Астана», экономика Казахстана, SWOT-анализ, инвестиция.

Халықаралық қаржы орталықтары әртүрлі елдердің капиталын тарту арқылы дүниежүзінің ақшасын басқаратын аймақтар. Олар қаржылық активтердің түрлерінің қан айналымы жүйесіндегі жүрегі іспеттес. Сонымен қатар, ХҚО жаңа қаржы құралдарын шығарады, түрлендіреді. [1]

Қазіргі жаһандану заманындағы халықаралық сауда мен капитал ағындарының еркін және жылдам қозғалысы индустрияландыру мен даму үшін маңызды факторларының бірі болып табылады. Және бұл әлем елдері арасындағы шетелдік инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюіне әкелді. Шетелдік инвестициялар ең тартымды және ыңғайлы орталықтарда (ел, қала) шоғырланған. Бұл орталықтар өздері орналасқан елге келетін шетелдік инвестициялар ағыны, салық кірісі, ақпарат пен технология трансферті, адами ресурстарды дамыту, елдің іскерлік ортасы, инвестициялық ахуал және халықаралық имидж сияқты көптеген мәселелерге ықпал етеді. [2]

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың желтоқсан айында «100 нақты қадам» реформасының аясында, «Астана халықаралық қаржы орталығын» (АХҚО) құру туралы конституциялық заңға қол қойды. Қазақстан Нұрсұлтан қаласын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) «қаржылық жүрегі» және Еуропалық Одақ (ЕО) мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қаржы нарықтарын байланыстыратын «көпір» етуге бағытталған. 2018 жылдың шілде айында, 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатындағы «Қазақстан — 2050» стратегиясын қолдау үшін «ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесінің заманауи инфрақұрылымында, Астана халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуы болып өтті. [2]

АХҚО-ның негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

– Инвесторларға тиімді қаржылық қызметтер көрсету арқылы тартымды орта қалыптастыру, сол арқылы ел экономикасына шетелден инвестициялар тартуға көмектесу;

– Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту, және оның жаһандық капитал нарықтарымен толықтырылуын қамтамасыз ету;

– Қазақстандағы банктік қызметтертер, сақтандыру нарығы, исламдық қаржыландыру, инновациялық жобалар, электрондық сауда мен қаржылық технологиялар секілді салаларды дамыту;

– Заманауи халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қаржылық қызметтерді сапалы түрде көрсетуді дамыту;

– Халықаралық қаржы орталығы ретінде әлемге танылуы және нарықтағы рөлін арттыру болып табылады. [3]

Әдебиеттерге шолу

Халықаралық қаржы орталықтары терминінің экономикалық зерттеулердегі мағынасын ашықтасақ Ч.Киндлбергер қаржы секторы мен ХҚО ның дамуы туралы әдебиеттерінде қаржы орталықтарының белгілі бір кеңістіктікте орналасуына аз көңіл бөлінетінін, тіпті олардың қалаларда орналасуыда айтарлықтай маңызды еместігін айтады.Ол Халықаралық қаржы орталығын түрде банктер мен мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің шоғырлану жері ретінде анықтаған. Экономикалық тарихшы Дж.Кассистің пікірінше, “ХҚО — жаһандық қаржы институттары, нарықтар, ұйымдар және кәсіби қауымдастықтардың жинағын біріктіруші маңызды элемент». Осыған байланысты қаржы орталықтары «қаржылық капиталды немесе валютаны бір уақытта жинақтау, аудару, төлеу және айырбастау операцияларын жүзеге асыруға болатын орындар» деген. ХҚО анықтаудың бұл тәсілдері оның қаржылық делдалдық функциясына ерекше мән беріп тұрады. Х.Ред атап өткендей, қаржы орталықтарының пайда болуы қаржылық капиталды жинақтардан инвестицияға айналдыру қажеттілігімен байланысты. Х.Рид қаржы орталықтары жинақ пен инвестиция арасындағы тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ инвесторлар мен қарыз алушылар арасында делдал ретінде әрекет ету қабілетінің арқасында өмір сүретінін атап өтеді. Жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек Халықаралық қаржы орталықтарының орналасу орнына назар аудармай, халықаралық қаржы тұрғысынан көбірек дәрежеде жаһандық қаржы институттарын шоғырландыру алаңы ретінде қарастырылады деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді. [4]

Халықаралық қаржы орталығы болудың артықшылықтарын біліп, дүниежүзілік қаржы орталығына айналуды мақсат етіп отырған қалалар да, осындай қаржы орталықтарын құруды мақсат еткен елдер де аз емес. Дегенмен ХҚО ның артықшылықтарыда, кемшіліктеріде қатар жүреді. [5]

ХҚО-ның өзі орналасқан елдерге төмендегідей оң әсерлерін тигізуі мүмкін:

– ХҚО орналасқан қала және ел, әртүрлі табыс көздерінің артуымен, қаржылық транзакция қарқындылығы, интенсивті қор ағыны және капитал ағыны арқылы экономикалық өсуді арттырады.

– Жұмыс күшіне деген қажеттіліктің өсуін қанағаттандыру үшін экономиканың барлық секторында жұмыспен қамтуды кеңейтеді.

– Халықаралық қор ағыны күшейген сайын алынған қызметтердің құны мен шығындар төмендейді.

– ХҚО инвестиция тартуға және қаржылық операциялардың үлкен көлеміне ие. Сондықтан делдал ретінде әрекет ететін бұл орталықтар, аздаған негізгі капиталмен ақ тез құрылып, көтеріле алады.

– Қаржы секторындағы өсуді қамтамасыз етеді. Шетелдік компаниялар отандық компаниялармен бір нарықта бәсекелеседі, нәтижесінде жұмыс сапасы жақсарады.

– Қызметтер мен өнімдерді ұсынатын басқа секторлармен салыстырғанда қаржы секторы қоршаған ортаға зиянсыз. Сонымен қатар, имиджді жасау және қолдау, мертебесін өсіру және тартымды көріну, экологиялық тәртіп пен тазалыққа жанама түрде ықпал етеді. [6]

Халықаралық қаржы орталықтары өздері орналасқан елдерге артықшылықтар берумен қатар, түрлі келеңсіздіктер мен кемшіліктерде алып келуі мүмкін.

– Мысалы кез-келген саяси немесе экономикалық тұрақсыздық кезінде, басқа мемлекеттердің инвестицияларын қайтарып алуы, соның себебінен халықаралық қор ағынының лезде азаюы, сол елдің экономикалық жағдайына жоғарғы сезімталдық көрсете отырып, әсер етеді.

– Халықаралық қаржы орталығында жұмыс істейтін компаниялардың бір тобында орын алуы мүмкін қаржылық тұрақсыздық, Домино эффектісі арқылы, сол орталықтағы басқада қызмет өкілдерінің, банктердің, делдалдық институттардың, тіпті бүкіл қаржы орталығының құлдырауына, ақыр соңында ел экономикасын қатты шайқайтын дағдарыстың бастамасы болуына себеп болуы мүмкін.

– Мемлекетке түсетін қаржы ағынының ұлғаюын, елдің қаржы жүйесі байқалмайтын ақшаны жылыстату құралы ретінде пайдалануы мүмкін. Бұл әртүрлі себептермен немесе бәсекеге қабілетті болу үшін жасалуы мүмкін. Ол бастапқыда сезілмей жүзеге асса да, жалпы нәтижелерінде белгілі болады, соның салдарынан қаржылық институттардың орталықтан шығып кетуіне және қаржы орталығының мәртебесінен айырылуына әкелуі мүмкін. Осы секілді кез келген өлшемдегі сәтсіздіктер мен келеңсіз жағдайлар, тіпті бәсекелестіктің артуыда да үлкен тәуекелдерді тудырып, бірақ сәтте құлдырауға апарады. Ал жоғалған беделді қайтару және келтірілген зияндардың орнын толтыру өте қиын және өте ұзақ процесстерті қажет етеді. Сондықтан Халықаралық қаржы орталықтары үшін сенім мен беделге ие болу өте маңызды. [5]

– Қаржы орталықтарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді арттыруы арқылы терроризмді қаржыландыру қызметтерің негізіне айналу мүмкін. Лаңкестер мен қылмыстық ұйымдар қайырымдылық қорларының немесе коммерциялық мекемелердің атын жамылып, өз әрекеттері үшін ресурс табу мақсатында осындай қаржы орталықтарын пайдалануы кең таралған әдіс. Сондықтан сақтық шаралары дұрыс ұйымдастырылып, тексерістер сапалы жүргізілмесе, бұл қаржы орталығы мен мемлекет үшін де үлкен қауіп тудырады. [6]

Негізгі бөлім

Астана халықаралық қаржы орталығы төменде көрсетілген алты бағытта жұмыс істейді. Бұл бағыттар қаржы орталығы үшін стратегиялық даму аспектілері болып табылады.

– Капитал нарығы: AХҚО маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі — өтімді және теңгерімді капитал нарығын дамыту. Осылайша, бұл шетелдік инвестицияларды көбірек тарту арқылы ел экономикасының өсуіне қолдау көрсету.

– Байлықты басқару: жергілікті қаржы нарығының дамуы және активтерді басқару саласындағы тәжірибе елдің капитал нарығының дамуының негізін қалайды. Активтерді басқаруға қажетті қаражаттың едәуір мөлшері,қолайлы салық ортасы, экономикалық және саяси тұрақтылық сияқты факторлар Нұрсұлтан қаласының артықшылықтары ретінде қарастырылады.

– Исламдық қаржыландыру: Қазақстан елдегі исламдық қаржы институттарының қызметі мен дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы АХҚО-ын аймақтық исламдық қаржыландыру орталығына айналдыруға бағытталған. Қазақстан үкіметі исламдық қаржыландыруға көп қаражат салады және қолдауға дайын.

– Қаржылық технологиялар: Бұл жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа қаржылық шешімдер ұсынатын ең қарқынды дамып келе жатқан сектор. Осы саладағы инвестицияларға қолжетімділікті жеңілдету, жаңа бизнес жобаларға арналған құқықтық базаны жасау, клиенттер мен инвесторларды қорғаудың қажетті шараларын қамтамасыз ету осы стратегиалық бағыттың міндеттері болып табылады. Сол арқылы тәуекелдерді басқару, бәсекелестікті дамыту және шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді.

– Жеке банк қызметі: AUFM сонымен қатар активтерді басқару нарығының дамуына байланысты жеке банк секторының дамуын қолдайды. Орталық Азияда және Еуропалық Экономикалық Одақта тұратын, үлкен жинақтары мен қаражаттары бар байлар, жергілікті қаржы нарығындағы инвестициялық мүмкіндіктердің шектеулі болуына байланысты сыртқы нарықтар мен банктердің қызметтерін пайдаланады.

– Жасыл қаржы: жаһандық қаржы секторының жаңа және серпінді тенденциясы «жасыл қаржы» болып табылады. Жасыл қаржыландыру тұрақты дамуды және «жасыл экономикаға» көшуді қолдайды. Жасыл қаржы өнімдері мен қызметтері экологиялық факторларды ескереді, экологиялық таза инвестицияларды қолдайды және төмен көміртекті технологияларды, жобаларды, өндірістер мен бизнестің дамуына үлес қосады. [7]

Осы тұста айта кетер бір мәселе бар. Ол Нұрсұлтанда 2018 жылдың 5 шілдесінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуында журналистердің АХҚО-да криптовалютаның қолданылуына қатысты сұрақтарына берген жауабында Қайрат Келімбетов орталық қазірдің өзінде криптовалюта биржаларының қызметін реттейтін заңнаманы әзірлеп жатқанын атап өтті. Қаржы орталығының мамандары болашақта АХҚО платформасында виртуалды цифрлық валюталар мен ICO-лардың не екенін сипаттайтын жаңа заңнама негізінде жинақтары 500 мың немесе 1 миллион доллардан аспайтын білікті инвесторларға арналған пилоттық режимді құруға болатынын атап өткен болатын. Блокчейннің орталықтандырылмаған және қауіпсіз сипатын ескере отырып, бұл технологияны әлемнің барлық аймақтарында және қызмет салаларында кеңінен қолдануға болады. Көптеген биржалар қазірдің өзінде оның артықшылықтарын пайдалану мүмкіндіктерін іздеуде. Бұл процеске қатысуға ниет білдірген биржалардың саны жыл санап өсіп келеді. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін қандай да бір нақты нәтижелерге қол жеткізулер жағы әлі белгісіз. [8] Сондықтан осы жаңа саланы АХҚО ның қатысуымен елімізде дамыту жағы мықтап қолға алынуы керек.

Қазақстан Республикасының үкіметі, АХҚО ның қатысушыларының қызметін жеңілдету үшін елге кең көлемді инвестиция тарту мақсатында бірегей шарттарды белгіледі. Олар ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген ерекше құқықтық режим белгіленді, соның арқасында халықаралық стандарттарға сәйкес тәуелсіз қаржылық реттеу қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 50 жыл мерзімге салықтық преференциялар, жеңілдетілген визалық режим, АХҚО аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілі қолданылады. 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін АХҚО қатысушылары корпоративтік табыс салығынан, АХҚО аумағында алынған табысқа жеке табыс салығын төлеуден босатылды, қосымша құн салығын қайтару да қарастырылған. АХҚО органдары мен қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекше режимін белгілеу жоспарлануда. АХҚО-ның іске асырылған моделі халықаралық қаржы орталығының тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық және іскерлік режимді жасайды. Әділдік, ашықтық, инвесторлардың құқықтарын қорғау және сенімділік қамтамасыз етіледі, т.б. негізгі қағидаттар сақталады. Осылардың негізінде Орталық Азия аумағындағы және Батыс Еуропаның экономикалық дамыған елдеріне мойындалған халықаралық қаржы орталығы дәрежесіне сәйкес, кеңістік құру әрекеті жасалуда. [9]

Әдіс пен нәтиже

Төмендегі кестеде АХҚО ның Қазақстан экономикасына тигізер әсері SWOT талдауы арқылы зерттелді.

1-кесте

Жоғарыдағы мәліметтер қолданыла отырып, автор тарапынан құрастырылды

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

– Ашықтық және өсу әлеуеті

– АХҚО жұмыс шарттары

– Халықаралық стандарттарға сай ағылшын сот жүйесі

– Географиялық орны мен елдегі саяси тұрақтылық

– Технологиялық инфрақұрылымның озық үлгісі

– Жеңілдетілген салық жүйесі

– Өндіріс секторымен салыстырғанда тез және аз капиталды салыммен құрылуы

– Шетелдік мамандар мен сарапшыларға тәуелділік

– Көлік инфрақұрылымының жеткіліксіздігі

– Білікті мамандарды даярлайтын оқу орындарының аздығы

– Тәуекелдің жоғарылығы

– Сенім мен беделді қалыптастырудың ұзақ жолы

– Елдегі қаржылық институттардың толыққанды дамымауы

Мүмкіндіктері

Ықтимал қауіптері

– Блокчейн және криптовалюталарды қолдануды дамыту

– Заманауи қаржы құралдарын пайдаланудың заңдық және нормативтік базаларын құру

– Елдегі пайызсыз қаржыландыру жүйесін дамыту

– Жұмыспен қамтылудың жоғарылауы

– Шетелдік инвестициялардың артуы

– Елдегі бизнес ортаның өсуі

– Өз қызметін географиялық көлемде кеңейту

– Бәсекелестердің шығуы

– Сыбайлас жемқорлықтың күшеюі

– Қаражаттардың жылыстауы

– Кез-келген дағдарыстың қатты әсер етуі

– Халықаралық беделінен оңай айырылу қаупі

– Террорлық мақсаттарды қаржыландыру тетіктеріне айналу қаупі

Қорытынды

Астана Халықаралық қаржы орталығының құрылу кезеңдерінде түрлі сыни бағалаулар мен болжамдарына айтылса да, АХҚО-ның Қазақстанның қаржы нарығының дамуына үлкен үлес қосатыны белгілі болды. Әсіресе елдегі бизнес ортаның өсуі, шетелдік инвестициялардың артуы, жұмыспен қамтылудың жоғарылауы, Қазақстанның имиджі мен экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Қазақстанның инвесторлары үшін айтарлықтай бәсекелестік артықшылықтары, атап айтсақ, аймақтағы тұрақтылық, қолайлы бизнес-климат, жоғарғы құқықтық инвестициялық заңнама, шетелдік инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялары секілді қолдау шараларының болуы, Қазақстанға АХҚО көмегімен жаһандық инвестициялық ағындарға енуіне мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Қазақстанның алдында бүкіл әлем елдерінің сеніміне ие болып, мәртебесі мен беделін нақтылай түсуі үшін үлкен жұмыстар мен міндеттер тұр. Қазақстанның қаржы секторын реттеуді одан әрі ырықтандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту, білікті мамандарды даярлайтын оқу орындарын көбейту секілді тағыда басқа жоспарлар жүзеге асырылса, АХҚО бірегей мәртебесі мен мүмкіндіктері бар толыққанды қаржылық аумаққа айналып, Қазақстанның жалпы экономикасының дамуына үлес қосары сөзсіз.

Әдебиет:

  1. Малкина М. Ю. Анализ позиционирования мировых финансовых центров в международной финансовой системе //Финансы и кредит. — 2012. — №. 4 (484).
  2. Astana Uluslararası Finans Merkezi ve ülke ekonomisine muhtemel etkileri Chami, Nurgazy 2018 https://hdl.handle.net/11421/9615
  3. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ
  4. Долгова А. Ю. Международный финансовый центр и глобальный город: взаимосвязь понятий //Вестник МГИМО Университета. — 2017. — №. 1 (52).
  5. Uluslararası finans merkezleri ve istanbul’un finans merkezi olma potansiyelinin incelenmesi. Rıdvan ÖNCEL. https://tez.yok.gov.tr 2019
  6. İstanbul'un uluslararası finans merkezi olmasına yönelik çalışmalar üzerine bir analiz / An analysis on the attempts of making Istanbul an international financial center ARZU ÇAĞLAR https://tez.yok.gov.tr 2018
  7. «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы жылдық есеп 2019
  8. Маргацкая Г. С., Маргацкий Р. В. Технологии блокчейн на фондовом рынке //Вестник университета «Туран». — 2019. — №. 1. — С. 87–92
  9. Гончаренко М. А., Хомякова Л. И. Международный финансовый центр «Астана» как инструмент «мягкой силы» Казахстана и ЕАЭС //Экономика. Налоги. Право. — 2020. — Т. 13. — №. 6.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Международный финансовый центр, SWOT, экономика Казахстана, ARZU, AUFM, Азия, астана, инвестиция, капитал.


Ключевые слова

инвестиция, АХҚО, Астана Халықаралық қаржы орталығы, Қазақстан экономикасы, SWOT талдау

Похожие статьи

Cпин-докторингтің журналистикада жаңа құбылыс ретінде пайда болуы

Бүгінгі жаңалықтар белгілі бір тақырыпқа қоғамның назарын аудартып, жаңалықтарды басқару ұйым туралы ақпарат ағынын басқару саласына бақылауды енгізуге мүмкіндік беретін құралға айналды. Жаңалықтар менеджменті оқиғаларды таңдау және оқиғаларға сол не...

Ақмола облысындағы көп қарлы және аз қарлы қыс мезгілінің метеорологиялық аспектілерін зерттеу

Мақалада Ақмола облысында 1986 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңдегі қыс мезгіліндегі көп қарлы және аз қарлы қысты анықтайтын климаттық параметрлер, яғни ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері қарастырылды. Сонымен қатар қыс мезгіліндегі экс...

Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың бәсекелестік стратегияларының ерекшеліктері

Кәсіпорынның бәсекелестік стратегиялары — Еліміз Қазақстан — 2030 ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасына сәйкес мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның және барлық Қазақстандық...

Ақпаратты қорғау және графтардың көмегімен шабуылдарды талдау

Қазіргі желілік ортадағы маңызды ресурстарды қорғау үшін бірнеше осалдықтарды біріктіретін ықтимал көп сатылы шабуылдардың ықтималдығын санаған жөн. Енді бұл осалдықтар арасындағы себеп-салдарлық қатынастар моделінің, атап айтқанда шабуылдар графигін...

Қазақстанның батысында төменгі ауа температурасы қалыптасуының макроциркуляциялық жағдайлары

Мақалада Батыс Қазақстан аймағы бойынша 1969–2018 жылдар аралығында қыс мезгіліндегі экстремалды жылы және экстремалды салқын жылдардың қалыптасуы кезінде макроциркуляциялық процестердің әсерін анықтау мақсатында орташа ауа температурасы аномалиялары...

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және дамыту әдістері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік — шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. кез келген елдің экономикасы бірқалып...

Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру, ақпаратты ұсыну қабілеттерін дамыту

Қазіргі технологиялар дамыған заманында күнделікті адам өмірінде сан түрлі ақпараттар көлемі шексіз келіп түсуде. Адамның осы ақпараттарды сүзгіден өткізіп арасынан өзіне қажеттісін таңдай алуы арнайы дағдыларды қажет етеді. Осы ретте адамның белгілі...

«Smart үй» жобасының құраушы бөлігі ретінде қалалық шағын жылыжайлардың тамшылап суғару үдерісін микроконтроллерлер базасында автоматтандыру

Зерттелу нысаны ретінде «Тамшылап суғару» тапсырмасы қарастырылып, тамшылап суғару үдерісін автоматтандырылған басқару жүйесі кіріктірілген, шағын жылыжайды құрастырсу әдістері мен жолдары көрсетіледі. Қалалық жағдайдағы жеке үйлерде тамшылап суғару ...

Желідегі кибербуллингті анықтау әдістері мен алгоритмдерін зерттеу

Әлеуметтік желілерді дамыту қосымшалар әзірлеушілердің алдына адамдар арасындағы онлайн-өзара іс-қимылдарды талдау бойынша жаңа міндеттер қояды. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді, бірақ киберқауіп сияқты қауіпті жағдайла...

Театрландырылған қойылымдардағы көркем-мәнерлеу құралдарын пайдалану

Мақала театрландырылған қойылымдардың көрермендерге идеялық-эстетикалық ықпалын жетілдіру проблемасына арналған. Көркем-мәдени құралдарын қолдану әдістері сахналық және сөздік әрекеттерден бастап өнер жанрларына тоқталып, режиссерлық өнерге: образдық...

Похожие статьи

Cпин-докторингтің журналистикада жаңа құбылыс ретінде пайда болуы

Бүгінгі жаңалықтар белгілі бір тақырыпқа қоғамның назарын аудартып, жаңалықтарды басқару ұйым туралы ақпарат ағынын басқару саласына бақылауды енгізуге мүмкіндік беретін құралға айналды. Жаңалықтар менеджменті оқиғаларды таңдау және оқиғаларға сол не...

Ақмола облысындағы көп қарлы және аз қарлы қыс мезгілінің метеорологиялық аспектілерін зерттеу

Мақалада Ақмола облысында 1986 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңдегі қыс мезгіліндегі көп қарлы және аз қарлы қысты анықтайтын климаттық параметрлер, яғни ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері қарастырылды. Сонымен қатар қыс мезгіліндегі экс...

Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың бәсекелестік стратегияларының ерекшеліктері

Кәсіпорынның бәсекелестік стратегиялары — Еліміз Қазақстан — 2030 ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасына сәйкес мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның және барлық Қазақстандық...

Ақпаратты қорғау және графтардың көмегімен шабуылдарды талдау

Қазіргі желілік ортадағы маңызды ресурстарды қорғау үшін бірнеше осалдықтарды біріктіретін ықтимал көп сатылы шабуылдардың ықтималдығын санаған жөн. Енді бұл осалдықтар арасындағы себеп-салдарлық қатынастар моделінің, атап айтқанда шабуылдар графигін...

Қазақстанның батысында төменгі ауа температурасы қалыптасуының макроциркуляциялық жағдайлары

Мақалада Батыс Қазақстан аймағы бойынша 1969–2018 жылдар аралығында қыс мезгіліндегі экстремалды жылы және экстремалды салқын жылдардың қалыптасуы кезінде макроциркуляциялық процестердің әсерін анықтау мақсатында орташа ауа температурасы аномалиялары...

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және дамыту әдістері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік — шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. кез келген елдің экономикасы бірқалып...

Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру, ақпаратты ұсыну қабілеттерін дамыту

Қазіргі технологиялар дамыған заманында күнделікті адам өмірінде сан түрлі ақпараттар көлемі шексіз келіп түсуде. Адамның осы ақпараттарды сүзгіден өткізіп арасынан өзіне қажеттісін таңдай алуы арнайы дағдыларды қажет етеді. Осы ретте адамның белгілі...

«Smart үй» жобасының құраушы бөлігі ретінде қалалық шағын жылыжайлардың тамшылап суғару үдерісін микроконтроллерлер базасында автоматтандыру

Зерттелу нысаны ретінде «Тамшылап суғару» тапсырмасы қарастырылып, тамшылап суғару үдерісін автоматтандырылған басқару жүйесі кіріктірілген, шағын жылыжайды құрастырсу әдістері мен жолдары көрсетіледі. Қалалық жағдайдағы жеке үйлерде тамшылап суғару ...

Желідегі кибербуллингті анықтау әдістері мен алгоритмдерін зерттеу

Әлеуметтік желілерді дамыту қосымшалар әзірлеушілердің алдына адамдар арасындағы онлайн-өзара іс-қимылдарды талдау бойынша жаңа міндеттер қояды. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді, бірақ киберқауіп сияқты қауіпті жағдайла...

Театрландырылған қойылымдардағы көркем-мәнерлеу құралдарын пайдалану

Мақала театрландырылған қойылымдардың көрермендерге идеялық-эстетикалық ықпалын жетілдіру проблемасына арналған. Көркем-мәдени құралдарын қолдану әдістері сахналық және сөздік әрекеттерден бастап өнер жанрларына тоқталып, режиссерлық өнерге: образдық...

Задать вопрос