Орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №53 (395) декабрь 2021 г.

Дата публикации: 28.12.2021

Статья просмотрена: 46 раз

Библиографическое описание:

Нуркасым, Г. М. Орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқыту / Г. М. Нуркасым. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 53 (395). — С. 268-271. — URL: https://moluch.ru/archive/395/87438/ (дата обращения: 25.04.2024).



Берілген мақалада орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқытудың мәселелері қарастырылады.

Кілт сөздер: Жамбыл шығармашылығы, айтыс, дастан.

В данной статье рассматриваются проблемы обучения творчества Жамбыла в средней школе.

Ключевые слова: творчество Жамбыла, айтыс, эпос.

Ғасырлық ғұмырын өлеңмен өрнектеп «ХХ ғасырдың Гомеры» атанған, қазақ қана емес әлем әдебиетіндегі таңғажайып құбылыс — Жамбыл Жабаев. Жыр сүлейлерінің ордасы, жер жәннаты Жетісуда дүниеге келген Жамбыл бала күнінен-ақ ақындықты өмірлік мұраты етіп, он жасынан бастап «Батаңды маған бер, әке» деп өлең жолына түседі. Жамбылдың жүзге жыл жетпеген ғұмыры толық дерлік қасиетті сөз өнерінің туын көкке көтерумен өтті. Бұл туралы классик жазушы Сəбит Мұқанов: «Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол əлеуметтік жəне жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі» [1] дейді. Екі ғасырдың куәгері болып, тулаған тарихи оқиғалардың ішінде өзі жүрген ақынның шығармашылығы халық өмірімен біте қайнасты. Жамбылды қазақтан, қазақты Жамбылдан бөліп қарауға келмейтін біртұтас ғаламат дүние туды, сондықтан да біз Жамбылды шынайы халық ақыны дейміз. «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды», «Толғау» өлеңдері азаттық аңсаған шерлі көкіректің отаршылдыққа қарсы шыққан үні іспетті. Заманының шарайнасы бола білген ақын мұрасын зерттеп, жырларын көкірекке түю арқылы бүгінгі ұрпақ та туған халқының тарихын түсіне алады. «Отанды сүй», «Балама хат» сынды жыр жолдары — туған жердің қадірін ұғындырып, қасиетін түйсіндіретін тамаша туындылар. Жыр алыбының осындай туындылары өскелең жастың бойында отаншылдық сезімін қалыптастырады. Сондықтан Жамбыл мұрасының мектеп қабырғасында кең насихатталуы ұрпақ тәрбиесі үшін тегеурінді қызмет деп білемін.

Жамбыл — тау суындай сарқыраған алапат ақындық қуаттың, жүз жасағанда жадынан ұзын-сонар дастандар өшпеген мықты жадының, айтыс өнерінде алдына жан салмаған тапқырлық пен шешендіктің, заманында күштіден ықпаған батылдықтың иесі. Жамбылтану ілімінің негізін қалаған заңғар жазушы, әдебиет әлемінің жарық жұлдызы Мұхтар Әуезов «Ардақты Жәке!» деген мақала жариялап, ұлы ақынға «Сіздің жырыңыз — заманымыздың асыл ескерткіші» [2] деп баға береді. Дарабоз ақынның дауылпаз жырлары әсіресе айтыс үстінде өртті күнгі желдей өршіп, қарсыласын шебер тіл, жүйелі сөзімен жеңіп отырады. Сыр сүлейі Сүйінбайды пір тұтқан жыр алыбы заманында атынан ат үркетін Құлмамбет, Досмағанбет, Бөлтірік, Шашубаймен, өнерімен ел еркесі атанған Бұрым, Сара, Айкүміспен айтысып, мерейі үстем болып отырады. Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы ақын абыройын асқақтатып, атағын асырған дода болады. Себебі, Құлмамбет ол кезде азуы алты қарыс ақындарды жеңген, Жетісудың бетқаратпас жүйрігі болатын. Өз руын мақтап, бай-бағланды дәріптеген Құлмамбетті Жамбыл елдік сана деңгейінде ойлай алатын биік өресімен, халыққа шын жақынды ашық айта алатын шыншылдығымен жеңеді.

«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт!» [3]

деген Жамбыл өлеңі айтыста кімнің басым түскенін анықтап, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қояды. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның да басты құндылығы — елдің бірлігі мен татулығы. Жақсы мен жаманның парқын айырып, рушылдыққа алданбай, тұтас халықтың тілегін ту көтере білген Жамбыл бабаның өсиеті — бүгінгі шәкірттердің де бойтұмарына айнала білуі тиіс қасиет.

Айтыс — қазақ халқының мақтануына тұрарлық ерекшелігі, сөз өнерінің шыңы. Төкпе ақындардың жыр додасы болған «Жамбыл мен Бөлтірік» айтысында халқымыздың руһани болмысы мен дəстүрлі құндылықтары көрініс табады. Айтыс өлеңдері ауызша және жазбаша үлгіде қатарласа дамып бүгінге жетті. Қазірде де айтыс тыңдаса арқасы қозып, аруағы аспайтын қазақ жоқ шығар. Бұл — біздің халқымыздың тұла бойымен тұтасып, қанына сіңген қасиет. Айтыста қазақы руһ, тарихи сана жатыр. Сондықтан да Жамбылдың айтыстарын оқып өскен ұрпақ ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп жетіледі.

Алапат шабыттан туған арқалы жырда, аламан айтыс үстінде асыл сөздің інжу-маржаны түйдек-түйдегімен түседі, қазақтың қасиетті қара өлеңі қырмызыдай құлпырады. Түрлі теңеу, метафора, эпитеттер қарша борап, әдебиеттің алтын сандығына жақұт болып салынады. Кестелі сөз бен көркем ой көңіл қуантатын сондай айтыстың бірі де бірегейі — Жамбыл мен Шашубай айтысы. «Желге ұқсап ұйытқып соққан дауылдай» Шашубай мен «құйындап көкке шапқан пырақ» Жамбыл арасындағы айтысты бүгінде оқып отырған оқушы соны сурет, көркем тілге қызығып, ана тілінің осынша сұлулығына таңдай қағады. Қоғамда қолданыстағы қазақ тілінің жұтаңданып, әлі күнге лайықты деңгейде орын алмай жүргенін ескерсек Жамбылдың мол мұрасын игеру, теңдессіз суреткер ақынның бай тілінен бал алып пайдалану қазақ үшін қай кезде де маңызды. Жыр дүлдүлі Жамбылдың барлық айтысында кестелі сөз, кербез суретпен айшықталып қазақ тілінің туырылған тұмса байлығы жарқырай көрінеді. Ұлы Мұхаңша айтсақ: «Жамбыл — қазақ халқының лирикалық, философия және шешендік сөздеріне өлшеусіз үлес қосқан ұлы ақын» [2].

Халқының арда ұлы туған елінің көл-көсір әдеби мұрасын барынша бойына сіңіріп өсті. Жамбыл — тек суырыпсалма ақын ғана емес, таңды-таңға қосып жырлар жыршы, тыңдаған жанды еліктірер күйші, тұла бойы өнердің алтын сандығына айналған сегіз қырлы, бір сырлы тума талант иесі. Жастайынан Сүйінбайдай ұстаздан тәлім алып, айналасын айтулы ақындар қоршап өскен Жамбыл халық аузында келе жатқан көне жыр-дастандарды жаттай берген. Жамбылдың жарқыраған талантын әдеби ортада ғылыми негізде алғаш талдап бастаған Мұхтар Омарханұлы «Жамбыл миллион жол өлеңді мүдірмей айтатын айрықша талант иесі» [2] деп ұлы ақынның соны қырын айшықтайды. Жамбыл жырлаған көне дастандардың бірі — Көрұғлы жыры. Жамбыл жыршылық дәстүрдің заманалар арасындағы алтын көпірі іспетті болады. Өкінішке орай, ертеден келе жатқан жыр жолдары бізге толық жетпеді. Қазақ даласында көне жырдың отыз үш нұсқасы таралған. Жамбыл жырлаған «Көрұғлы» дастанында ақынның өзіндік қыры айқын танылған. Жыраулық дәстүрді жаңғыртып, жаңа заманға бабалар толғауын толық жеткізген дара ақын жырлаған Көрұғлы нұсқасы жырдың ең көркем нұсқасы болып саналады. Бұл жырды Жамбыл Құлмамбеттен үйренгенін айтады, ақынның осы сөзі де оның адамдық қасиетін айқындайды.

Халық ақыны қашан да ел қамын жеген ерлерді қара басының қамын күйттеген «Қарынбайлардан» жоғары қойды. Жаугершілік заманда ел қорғаған батырлардың даңқын асырып, көпке үлгі қылған Жамбылдың дастандары жетерлік. Қанды тарих бетіндегі қазақ-қалмақ соғысының арқалы батыры Өтеген батыр жайында Жамбыл шабыттана жырлаған. Халық ақыны қашан да ел қамын жеген ерлерді қара басының қамын күйттеген «Қарынбайлардан» жоғары қойды. Жаугершілік заманда ел қорғаған батырлардың даңқын асырып, көпке үлгі қылған Жамбылдың дастандары жетерлік. Қанды тарих бетіндегі қазақ-қалмақ соғысының арқалы батыры Өтеген батыр жайында Жамбыл шабыттана жырлаған. «Өтеген батыр» дастанын Жамбыл ұстазы Сүйінбайдан үйренгенін айтқан. Бірақ ақын жаттап алған дастанды құр қайталаған емес, ол өз жанынан алуан түрлі сөз асылымен, терең ой толғамдарымен жырды байытқан. «Өтеген батыр» дастаны — поэтикалық тұрғыдан, көркемдік байлығы мен оқиға желісі жөнінен қарағанда өзге эпостық шығармалардан ерекше шығарма. Бас кейіпкер, халық батыры Өтегеннің «қос мүйізбен» дүниеге келуінің өзі — қазақтың дәстүрлі эпостарында кездесе бермейтін тосын жағдай. Әрине, дүние жүзі эпостарында «батырдың ғажайып тууы» мотиві бойынша мұндай жайттар орын алады. «Қос мүйізді Өтегенді» күллі әлемде мифпен астасып танылған Ескендір патшаның қос мүйізімен ғана салыстыра аламыз. Ескі мен жаңаның қиюын келтірген ақын ежелгі мифологиялық сарындарды XVIII ғасырдағы тарихи оқиғалармен сыналай кіріктіреді. Ақын бұл дастанда көне заманның шытырман хикаяларын жаңа реализм əдісімен əдіптейді. Дастанның шұрайлы тілі, қызықты әрі өзгеше оқиғалары шәкірттердің қызығушылығын тудырады, оқушылардың бойында ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.

Жыр алыбы елін сүйген жүрегімен қазақ батырларының ерлігін жырлап, ел ішінде бірлікті насихаттаудан танған емес. Бұл ел мұңын жырлар нағыз ақындардың өнегесі, Жамбылдың өнердегі пірі Сүйінбай салған сара жолы болатын.

«Бата берген Сүйінбай,

Жырдың тіккен туындай,

Айтқанда маған ақылды,

Жырла! — деген батырды» [3]

деген жырау ұстазынан үйренген «Сұраншы батыр» дастанын асқан шабытпен жырлап, оны өз жанынан түрлендіріп, дамытады. Абыз жыраудың «Сұраншы батыр» дастанында Сұраншымен қатар Саурық, Сыпатай батырлардың ерлігі де баяндалады. Ел қорғаған ерлердің ерлігін ұлы ақын жан толқыта жырлап, кестелі сөзбен кейінгі ұрпақтың намысын қайрап, руһын қамшылайтын мәңгілік ескерткіш тұрғызады. Жамбыл дастандарын мектеп бағдарламасында оқыту арқылы біз жас ұрпақты халқының толқымалы тарихымен таныстырып, ерлігін ұлықтап, көкіректерде бабаларын мақтаныш етер сезім алауын жағамыз. Жас жеткіншектің үлгі тұтар «рөлдік моделі» «америка капитаны» мен «өрмекші адам» немесе кәрістің, орыстың батырлары емес, төл тарихымыздағы аруақты батырларымыз болуы керек. Сол үшін де абыз жыраудың дастандарын дәріптеу — ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсер етер тағылымды дүние. Жыр жолдарын жаттау оқушының дүниетанымымен қатар миының, жадының дамуына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ тіл байлығын арттырып, көркем сөйлеуіне көмекші болады.

Жамбыл Жабаев халқымыздың рухани дүниесіне қуатты да өміршең жырлары арқылы мәңгі өшпес үлес қосты. Жыр алыбының шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, поэзия алыбының мол мұрасын оқушыларға етене таныстыру мақсатында «Жыр алыбы — Жамбыл» авторлық бағдарламасы ұсынылып отыр. Мектеп бағдарламасымен қатар аталған жобаны жүзеге асырсақ, ұлы ақынның руһани мұрасына лайықты ізденіс жұмыстары жүргізіледі деп күтемін. Оқушылардың поэзия әлеміне деген қызығушылықтары оянып,ғасыр жырлаған жүректің терең иірімдерін түсінуге мүмкіндіктері артады. Шәкірттермен тиімді жұмыс істеу үшін қызығушылықты арттырып, сабақтарды түрлендіруге арналған түрлі әдіс-тәсілдер қолдана аламыз. Бағдарламада көрсетілген солардың кейбіреуін атап көрсетсек, олар: «РАФТ» әдісі (эссе жазу үшін қолдануға тиімді), «Бортты журнал» әдісі, «Фишбоун» әдісі, «Шебер жазушылық» әдісі, «Қайталау сұрақтары» әдісі, «Қосымша сұрақтар» әдісі, «Дөңгелек үстел» әдісі, «Үш қадамды сұхбат» әдісі, «Әдеби эстафета» әдісі, «Көшпенділер» әдісі, «Екіжақты күнделік»әдісі, SWOT талдау т. б.

«Жыр алыбы — Жамбыл» авторлық бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10–11 сыныптарына арналып құрастырылды. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп жазылды. Бағдарлама жоспары түсіну және жауап беру, анализ жасау және интерпретациялау, бағалау және салыстыру дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жамбыл — шешен тілмен тар шеңберден шыға білген, адамзаттық құндылықтарды ардақтап өткен ақын. Жаһандану заманында өзгенің қаңсығын таңсық қылмай, халқымыздың бай мұрасынан мейлінше қанып іше аламыз. Жыр атасы — кәусәр сөз бен тағылымға толы ақындықтың ақ бастауы. Ақынның өлеңдерімен қатар дастандарын, айтыстарын кеңінен талдау арқылы біз ұлттық құндылықтарымызбен қайта қауыша аламыз. Жас ұрпақ бүгінде рэп пен рифманы жақсы көріп тыңдайды, ал Жамбыл жырларында отты ұйқас, оқыс теңеу шебер үйлеседі. Жамбылды дәстүрлі жыраулық үлгіні жаңа заманға аманаттаған ақын деп танысақ, оның асқақ поэзиясының өміршеңдігіне көз жеткіземіз.

Ақын өлеңдерінің тақырыптарын, жанрлық ерекшеліктерін, идеялық мазмұнын, көркемдік, поэтикалық қуатын, ондағы əдеби-теориялық ұғымдарды жете түсіндіру барысында оқушылардың көркем əдебиеттің мəн-маңызын, тəрбиелік мəнін терең түсінуіне, жете ұғынуына жол ашылады. Ақынның туған елге, өскен өңірге, атамекеніне арналған өлеңдерін оқыту арқылы жас ұрпақ санасына Мəңгілік Ел идеясына адалдықты, оның елін, жерін сүюге деген отаншылдық сезімді қалыптастыруға болады. Туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті көркем шығарма арқылы ояту, тəрбиелеу мəселесі бүгінгі заман оқушысының дүниетанымына аса қажет. Көркем туындының тəрбиелік мəніне, парасаттылыққа, ізгілікке ұмтылдыру сипатына, рухани-адамгершілікке жетелейтін күшіне күмəн келтірмесек, онда табиғат-Ана тақырыбы да өміршең, оқырман ұстанымын қалыптастыруға, оқушы зердесіне сəуле шашуға септігі зор мəселе ретінде өзекті болып қала бермек. Жамбыл мұрасын тереңірек зерттеуге үндейтін авторлық бағдарлама арқылы шәкірттер арасында адамгершілік құндылықтарды, мәдениетті, бейбітшілікті, татулықты, білімді дәріптейміз.

Ұлы ақын аңсап өткен азаттық идеясы бүгінгі біздің бақытты тіршілігімізге айналды. Абыз жырау ел болашағына алаңдап, лайым ел қорғаны ерлердің шашбауын көтеріп, ерлігін көпке өнеге етті. Сұраншы, Саурық жаумен бес қаруын асынып соғыс алаңында алысса, ел болашағына кесір тиер қылықпен Жамбыл қылыштан өткір қызыл тілімен сөз майданында сайысты. Ғасыр жырлаған ғұмырында ұлы ақын қазақтың жақсылығын асырды, елін кері тартар мінезді қандауырымен жараны сылып тастар оташыдай аямай сынап, шындықтың шырылын шырқырата жеткізіп отырды. Сондықтан да жыр алыбын халқы көзі тірісінде-ақ көкке көтеріп сыйлап өтті. Жамбыл — «ХХ ғасырдың Гомеры» атанған қазақ түгілі әлем тарихындағы таңғажайып құбылыс. Бабаларымыздан келе жатқан ауыз әдебиетінің суырыпсалмалық үлгісінің заманауи үлгісі, жыраулық дәстүрдің соңғы тұяғын авторлық бағдарлама арқылы қосымша оқыту артықтық етпейді, қайта ұлы бабаның ұлағатты ойларын жас ұрпақ тереңірек түсінеді деп сенемін. «Мәңгілік ел» боламыз деп тәуелсіздіктің тұғырын нық бекітуді көздесекотансүйгіштік, халықшылдық қасиеттерді оқушылардың бойына Жамбыл жырлары арқылы сіңіруіміз қажет. Қос ғасырда, түрлі қоғамдық-саяси құрылымда өмір сүрген ақынның жырлары арқылы жеткіншектер туған елінің тарихымен де таныса алады. Аузын ашса алтын төгілген ақындардың атасын ардақтап, мол мұрасын игілікке пайдалана білу тәуелсіз елдің талапты жастарына жарасар қасиет,жыр сүлейінің терең пайымы мен тағылымын жас өркенге жеткізе білу ұстаздар мойнындағы өсиет!

Әдебиет:

  1. Қирабаев С. Жамбылды жаңаша табу // Егемен Қазақстан. — 2016. — 6 ақпан.
  2. Ыбырайым Б. Жамбыл Жабаев. Шығармалары. — Алматы: Нұрлы Press.kz, 2014. — 288 б.
  3. Жабаев Ж. Халық менің шын атым. Өлең-жырлары мен айтыс, дастандары. — Алматы: Атамұра, 2008. — 256 б.
Основные термины (генерируются автоматически): батыр, мена, SWOT, Гомера.


Ключевые слова

дастан, Жамбыл шығармашылығы, айтыс

Похожие статьи

Структурная и параметрическая идентификация котельного...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные параметры объекта. Построена математическая модель многомерного, многосвязного объекта в виде...

«Книга моего деда Коркуда» и хорезмский эпос | Статья в сборнике...

В статье в сравнительном плане изучаются отдельные сюжеты и мотивы из «Книги моего деда Коркуда» и хорезмского эпоса. Автор статьи предпринимает попытку обосновать связь многих преданий из структуры древнего памятника с дастанами Хорезма. В сравнительном аспекте...

Научный журнал «Молодой ученый» №21 (416) май 2022 г.

Препринт — это статья, доступная для читателей до выхода номера журнала в свет.

Концепция мифа в трактате Эрнста Кассирера «Философия...»

Статья посвящена анализу концепта мифа в работе немецкого неокантианца Эрнста Кассирера. Философ описывает миф как форму мышления, как форму созерцания и как форму жизни.

Мотив сна в произведениях Навои (на примере дастанов «Хамса»)

 По преданиям наш Пророк (с.а.в.), покидая этот бренный мир и готовясь к переходу в вечный, продолжал давать наставления. И когда сподвижники, проливая слезы, спросили его: “Эй, Посланник! Кто теперь будет руководить нами, за кем мы пойдем?”. Тогда Посланник ответил...

Применение маркетингового инструментария при формировании...

В стратегию заложены результаты оценки удовлетворенности потребителей фитнес-клуба «SHAKEfit», SWOT-анализа и конкурентного анализа.

SWOT-анализ – выявление и решение возможных проблем... Библиографическое описание: Чилимбаева Г. А. SWOT-анализ.

Анализ инструментов стратегического планирования

Многие менеджеры акцентируют внимание на применение лишь некоторых инструментов стратегического управления: SWOT и PEST анализы, матрица БКГ, матрица Ансоффа, модель 5 конкурентных сил Портера. Но эти инструменты неидеальны. SWOT-анализ был предложен как...

Основные термины (генерируются автоматически): SWOT, мена...

SWOT — талдау кәсіпорын қызметі мен нарық жағдайын сипаттаумен үйлестіруге болады. Бұл стратегия жасау үшін комбинацияларды таңдауға мүмкіндік береді. Компанияның стратегиялық даму тұжырымдамасы мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыруда негізгі...

Анализ конкурентной среды авиакомпании «Аэрофлот»

Однако угроза со стороны услуг–заменителей высока, что может помешать компании постоянно удерживать лидерские позиции по перевозке пассажиров. Более того, стоимость услуг авиакомпании значительно выше стоимости услуг в других отраслях. SWOT–анализ.

Похожие статьи

Структурная и параметрическая идентификация котельного...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные параметры объекта. Построена математическая модель многомерного, многосвязного объекта в виде...

«Книга моего деда Коркуда» и хорезмский эпос | Статья в сборнике...

В статье в сравнительном плане изучаются отдельные сюжеты и мотивы из «Книги моего деда Коркуда» и хорезмского эпоса. Автор статьи предпринимает попытку обосновать связь многих преданий из структуры древнего памятника с дастанами Хорезма. В сравнительном аспекте...

Научный журнал «Молодой ученый» №21 (416) май 2022 г.

Препринт — это статья, доступная для читателей до выхода номера журнала в свет.

Концепция мифа в трактате Эрнста Кассирера «Философия...»

Статья посвящена анализу концепта мифа в работе немецкого неокантианца Эрнста Кассирера. Философ описывает миф как форму мышления, как форму созерцания и как форму жизни.

Мотив сна в произведениях Навои (на примере дастанов «Хамса»)

 По преданиям наш Пророк (с.а.в.), покидая этот бренный мир и готовясь к переходу в вечный, продолжал давать наставления. И когда сподвижники, проливая слезы, спросили его: “Эй, Посланник! Кто теперь будет руководить нами, за кем мы пойдем?”. Тогда Посланник ответил...

Применение маркетингового инструментария при формировании...

В стратегию заложены результаты оценки удовлетворенности потребителей фитнес-клуба «SHAKEfit», SWOT-анализа и конкурентного анализа.

SWOT-анализ – выявление и решение возможных проблем... Библиографическое описание: Чилимбаева Г. А. SWOT-анализ.

Анализ инструментов стратегического планирования

Многие менеджеры акцентируют внимание на применение лишь некоторых инструментов стратегического управления: SWOT и PEST анализы, матрица БКГ, матрица Ансоффа, модель 5 конкурентных сил Портера. Но эти инструменты неидеальны. SWOT-анализ был предложен как...

Основные термины (генерируются автоматически): SWOT, мена...

SWOT — талдау кәсіпорын қызметі мен нарық жағдайын сипаттаумен үйлестіруге болады. Бұл стратегия жасау үшін комбинацияларды таңдауға мүмкіндік береді. Компанияның стратегиялық даму тұжырымдамасы мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыруда негізгі...

Анализ конкурентной среды авиакомпании «Аэрофлот»

Однако угроза со стороны услуг–заменителей высока, что может помешать компании постоянно удерживать лидерские позиции по перевозке пассажиров. Более того, стоимость услуг авиакомпании значительно выше стоимости услуг в других отраслях. SWOT–анализ.

Задать вопрос