Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №34 (376) август 2021 г.

Дата публикации: 21.08.2021

Статья просмотрена: 93 раза

Библиографическое описание:

Бахтиярова, С. Б. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау / С. Б. Бахтиярова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 34 (376). — С. 175-177. — URL: https://moluch.ru/archive/376/83752/ (дата обращения: 19.11.2024).

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Кілт сөздер: мемлекеттік сатып алу, біліктілік, кадрлар, әлеует, мәселелер.

В данной статье рассматриваются причины недостаточной квалификации кадров в сфере государственных закупок и вопросы их подготовки, а также способы их устранения.

Ключевые слова: государственные закупки, квалификация, персонал, потенциал, проблемы.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу саласы ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Соңғы жылдары бұл салаға қызығушылық айтарлықтай артты. Енгізілген санкциялар мен экономикалық дағдарыстың басталу кезеңінде экономиканы қолдау және жандандыру үшін мемлекет отандық кәсіпорындарға тапсырыс санын көбейтуге тырысуда. Бұл ретте, басты міндет — бюджеттік қаражатты олардан барынша пайда алу арқылы үнемді жұмсау екенін ұмытпауымыз керек. Кез келген басқа қызметті жүзеге асыру сияқты, сатып алуды жүзеге асыруда да бірқатар мәселелер бар. [1]

Сатып алу — бұл күрделі процесс және ондағы әрбір әрекет адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мәміленің нәтижесі мен қорытындысы әр қадамның қаншалықты реттілікпен, анық және дұрыс орындалуына байланысты. Бірақ бір мәселе бар, мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істейтін барлық мамандардың толық кәсіби білімі, дағдылары мен құзыреттері жоқ. Қазіргі уақытта сатып алу бойынша маманның біліктілігін анықтау үшін оның қандай кәсіби стандарты бар екенін қарастыру қажет — бұл қызметкердің қандай жұмыс функциясын орындайтынын көрсетеді.

Мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істеу үшін қажетті білімді:

– қажетті материалдарды өз бетінше зерделеу;

– қосымша білім алу;

– жоғары немесе орта оқу орнын бітіру арқылы алуға болады.

Өз бетінше оқуға келетін болсақ, ол орындаушыларға (өнім берушілерге) қолайлы және мыналарды қамтиды:

– семинарлар мен вебинарларға қатысу;

– тендерге қатысу бойынша тренингтерден өту;

– тәлімгермен жеке оқыту;

– мемлекеттік сатып алуды және мемлекеттік тапсырыстарды үйрету бойынша онлайн мектептерде курстардан өту;

– құқықтық базаны зерделеу.

Қосымша кәсіптік білім сатып алу саласындағы курстардан өтуді қамтиды. Оларды жеке, сырттай, қашықтықтан, семинар түрінде жүргізуге болады. Мұндай дайындықты орта кәсіптік білімі немесе жоғары білімі туралы дипломы бар немесе сол дипломды алатын уақытта қосымша ала алады.

Қазақстанның заңнамасы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі кадрлық әлеуетті дамытуға жауапкершілікті нақты бөледі. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу жүйесін басқаратын уәкілетті орган болып табылады және сонымен бірге кәсіби дағдыларды даярлау мен дамытудың ережелерін әзірлеуге жауап береді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес, Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді (16-баптың 8 -тармағы). 2018 жылғы заңның редакциясында Қаржы министрлігінің осыған байланысты міндеттер тізімі кеңейді: енді ол мемлекеттік сатып алу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді (16-баптың 11–2-тармағы). [2]

Мемлекеттік қызметшілердің осы тобы үшін (мемлекеттік сатып алу саласындағы маман) мамандандырылған, арнайы кәсіптік білімнің болуы қолайлы. Мұндай мамандар біздің елде дайындалмайды. Білім беру мемлекеттік басқару немесе басқа да жалпы (сатып алуға қатысты) мамандықтардың мамандарын дайындау шеңберінде жүзеге асырылады. Әзірге қазақстандық білім беру ұйымдары қосымша білім беру жүйесімен шектеледі, оның аясында мамандарынды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды жүргізеді. [3]

Бүгінде заңнама туралы теориялық білім ғана емес, сонымен қатар сатып алушылардың нақты тәжірибелік дағдылары да қажет. Мысалы, келіссөздер жүргізу, іскерлік, шығындарды басқару, құқықтық білім, құрылыс саласы, қаржы және аудит. Бұл және басқа да көптеген құзыреттіліктер оқу орындарында оқытылуы және бағдарламаларға енгізілуі тиіс.

Әлеуетті дамыту бағдарламасын немесе оқыту стратегиясын құру мамандарды оқыту қажеттіліктері ескерілген жағдайда тиімдірек болады. Әлеуетті күшейту қажет аймақтарды анықтауда бірінші қадам мемлекеттік сатып алу қызметкерлерінің күшті және әлсіз жақтарын түсіну болуы мүмкін. Қазақстанның орталық және аймақтық деңгейдегі сатып алу жөніндегі қызметкерлерінің әлеуетін нығайтуға және дамытуға мүмкіндігі бар. Қазақстанда жиналған әкімшілік деректердің салыстырмалы түрде үлкен көлемі жағдайды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлық ресурстар мәселесі сапалық жағынан да, сандық жағынан да қарастырылуы тиіс, яғни «қызметкерлердің қабілеті, дағдылары мен құзыреттілігі» мағынасындағы «әлеует», сонымен қатар мемлекеттік сатып алуға қатысатын қызметкерлер саны. Бұл екі аспект мемлекеттік сатып алуға қатысатын персоналдың құрылымы туралы қорытынды жасауға әкеледі. Сатып алу персоналының күшті және әлсіз жақтарын анықтау қолданыстағы оқыту мен әлеуетті дамыту бойынша шараларды мемлекеттік сатып алу жүйесінің қажеттіліктеріне бейімдеуге көмектеседі, себебі ол басым бағыттар мен қосымша аспектілерді анықтайды.

Мүдделі тараптардың ақпаратына сәйкес, мемлекеттік қызметте техникалық сауаттылықтың тиісті деңгейі бар сатып алу бойынша мамандар аз. Өнім берушілердің айтуынша конкурстық құжаттарда техникалық білімнің жоқтығынан болатын қателер кездеседі. Бұл болжам әлеуетті өнім берушілердің ескертулеріне байланысты конкурстық құжаттамаларға түзетулер енгізілетін сатып алу рәсімдерінің едәуір санымен де расталады. Мүдделі тараптардың өкілдерінің айтуынша, сатып алуды ұйымдастырушылар техникалық ерекшелікті дайындау үшін сыртқы сарапшыларға сүйенеді. [4]

Сондай-ақ күшті және әлсіз жақтарды анықтау әлеуетті нығайту мен дамытудың нақты шараларын жасауға көмектеседі. Мысалы, Қазақстан мамандардың жетіспеушілігіне талдау дайындау арқылы соған сәйкес мамандардың оқуға қажеттіліктеріне талдау жасай алады. Талдау нәтижелерін сатып алуды ұйымдастырушылар мен сатып алу бойынша мамандарға арналған бірқатар тиісті шараларды қамтитын кәсіпқойландыру стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруда қолдануға болады.

Мемлекеттік сатып алу жүйесін жалпы стратегиялық міндеттердің аралық әсері арқылы қарау үшін келесі қадамды жасау қажет, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың стратегиялық аспектісінің артықшылықтарын меңгерудің кілті адами әлеует екенін ескеру қажет. Кадрлардың әлеуетін дамыту тұрғысынан алғанда, мемлекеттік сатып алулар бойынша мамандарды даярлау және олардың кәсіби шеберлігін шыңдау — медальдің бір жағы ғана. Тағы бір қажетті компонент — бұл жүйеге жоғары білікті мамандарды тарту. Мемлекеттік сатып алу жүйесіне білікті мамандарды тарту үшін оларға тартымды мансаптық перспективалар ұсынылуы қажет. Ал мансаптық перспективаларды құруға және мамандардың қызығушылығын оятуға мемлекеттік сатып алуды жеке мамандық ретінде тану себеп бола алады. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік сатып алу жеке мамандық болып саналмайды. Мемлекеттік сатып алуды стратегиялық функция ретінде тану бірқатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Кадрлық әлеуетті дамыту тұрғысынан бұл кез келген мамандыққа тән нақты лауазымдық нұсқаулықтың, біліктілік жүйесінің, иерархияның және басқа да аспектілердің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу қызметкерлерінің білімдері алуан түрлі. Мемлекеттік сатып алу саласында талап етілетін біліктілік пен дағдылардың нақты жүйесінің болуы жұмысшыларды тартуға және кадрлық әлеуетті дамытуға, сонымен қатар мамандықты беделді етуге көмектеседі. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің мансабы беделді болып көрінуі үшін меритократиялық ілгерілеу принципі де қарастырылуы керек. Мемлекеттік сатып алушының кадрлық әлеуетін одан әрі дамыту тиісті дайындық қажеттіліктерін қанағаттандыруды талап етеді. Ал бұл мемлекеттік сатып алудың мамандық ретіндегі мәні туралы жалпы түсінік және стратегиялық функцияны жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттер жиынтығы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Мемлекеттік сатып алуды танымал мамандыққа айналдыру үшін кадрлық әлеуетті дамытудың стратегиясын әзірлеген жөн және оның шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратындарға қажетті білім мен дағдыларды бір жүйеге енгізген жөн. Мұндай стратегия мен жетекші принциптер мамандардың жетіспеушілігін талдау нәтижелеріне негізделуі мүмкін. Бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлық ахуалдың ағымдағы кемшіліктерін жою бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы білім мен дағдыларды жүйелеудің және осы тапсырманы орындайтын персоналға стандарттарды орнатудың тағы бір тиімді әдісі — құзыреттілік моделі. Мысал ретінде, модельді әзірлеу кезінде ескерілуі мүмкін құзыреттілік түрлері көрсететілген мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі құзыреттіліктің шотланд моделін қарастыруға болады. Шотландтық модель мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратындарға қажет он үш құзыреттілікті қамтиды. Бұл мемлекеттік сатып алу жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің болжалды күтуін жақсы түсінуге, сондай-ақ олардың қайсысына оқыту мен біліктілікті одан әрі жетілдіру қажет екенін анықтауға көмектеседі. [4]

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша қолданыстағы шаралардың тиісті түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қандай да бір жолмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты, яғни процедуралық және әдістемелік мәселелермен айналысатын, сонымен қатар сатып алуды тікелей жүргізетін барлық қызметкерлердің әлеуетін көтеру ұсынылады. Бұл тек мемлекеттік сатып алулармен айналысатын (әсіресе бірыңғай ұйымдастырушылармен және тапсырыс берушілер) қызметкерлердің кәсіби білімі мен дағдыларының деңгейін арттырумен қатар штат санын көбейтуді білдіреді. Қазақстандағы қызметкерлердің қажетті санын және оларға қойылатын кәсіби талаптарды анықтау үшін қолда бар әкімшілік деректерді пайдалана отырып, қажеттіліктерді егжей-тегжейлі бағалауды жүргізуге, содан кейін бағалау нәтижелері бойынша қабілеттілік пен құзыреттілікті қалыптастыруға болады.

Әдебиет:

  1. Шиликбаев, С. Проблемы системы государственных закупок // Каржы-Каражат. № 4, 2013. с. 39–40
  2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ (02.01.2021ж. өзгертулер мен толықтырулармен) Электрондық ресурс — http://adilet.zan.kz/.
  3. Аубакирова Б., Горковенко Л., Протасова О., Проблемы и перспективы развития системы электронных государственных закупок в РК // Инновационная экономика: Перспективы развития и совершенствования. № 3. 2018. c.29
  4. OECD. Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар: тиімділікті арттыру үшін жүйені реформалау. Электрондық ресурс https://www.oecd-ilibrary.org/sites/b3007708-ru/index.html?itemId=/content/component/b3007708-ru
Основные термины (генерируются автоматически): мена, OECD, бар.

Ключевые слова

мәселелер, мемлекеттік сатып алу, біліктілік, кадрлар, әлеует

Похожие статьи

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Бағдарламалық қамтаманы тестілеуге талдау жасау

Алғашқы компьютерлердің пайда болуы — компьютерлік бағдарламалардың пайда болуына себеп болды. Ал бағдарламалау, кез-келген адам сияқты іс жүзінде қателіктерсіз жұмыс жасай алмайды. Бұл мақалада тестілеуге талдау жүргізіледі.

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, мақалада бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдану нәтижелері келтірілген.

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың экологиялық мәденитін көтеру

Мақалада авторлар экологиялық білім беру арқылы жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру жолдарын қарастырады. Экологиялық мәдениет ұғымына анықтамалар береді. Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім...

Задать вопрос