Фольклор: қысқаша шолу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №16 (358) апрель 2021 г.

Дата публикации: 14.04.2021

Статья просмотрена: 23 раза

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. Фольклор: қысқаша шолу / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 16.1 (358.1). — С. 9-10. — URL: https://moluch.ru/archive/358/80041/ (дата обращения: 18.11.2024).



Жалпы фольклор терминін 1846 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы У. В. Томсом енгізген екен. Бұл ұғымды енгізуде ол халықтың көркем (аңыздар, билер, музыка және т.б) және материалды (үй және оның керек-жарақтары, киім)мәдениетін түсіндіруде қолданды. Ғылыми термин ретінде қолдануды ағылшынның «Folklore Society» қорының шешімімен қабылданды. Ұғымды қолданудың осы уақытқа дейін ортақ бірлігі жоқ. Мәселен көптеген елдерде ұғым кең мағынада халық шығармашылығының барлық көріністері ретінде аталса, тар мағынада «ауызекі шығарма», «ауызекі ақындық сөз туындысы» ретінде көрсетіледі [1].

Қазақстандағы фольклор мен фольклоризмды зерттеуге арналған жұмысында Г. Кендирбаева [2] дәстүрлі қазақ халқының өнерінде келесі салаларды бөліп көрсетуге болатындығын айқындайды: қазақтардың дәстүрлі музыкалық-поэзиялық өнері; «жоғарыдан» келген, яғни, идеологиялық (саяси) фольклоризм; «төменнен» келген фольклоризм, яғни, халық шығармашылығы ықпалында қала мен ауылда пайда болған өнер; «ғылыми фольклоризм», яғни, саналы түрде зерттелетін, фольклорды жақсы түсіну мен сақтауда мамандардың көпшілікке түсіндіретін шынайы фольклор. Автордың пайымдауынша, қазақ музыкалық халық шығармашылығының қазіргі ахуалы қазақтың дәстүрлі музыкалық-поэзиялық өнерінің жетекші рөлін көрсетеді. Мұның екі себебі бар: ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ ауызекі дәстүрлерінің жоғары кәсібилігі; Қазақстандағы урбандалудың салыстырмалы түрде кеш пайда болуы және салыстырмалы түрде аз байырғы тұрғындардың шектелгендігі. Сонымен қатар, автор өз ойларында ғылыми фольклоризм оның заманауи дамуына ықпал тигізетіндігін айтады.

Б. М. Мухитденованың [3] пікірінше, заманауи әлеуметтік-мәдени ахуал шарттарында халықтардың басым бөлігі үшін дәстүрлі мәдениеттің өзегі ретінде халықтың ән дәстүрлері саналады. Бұл бейімделудің тетіктері көзқарастар бойынша талап етіліп қана қоймай, шығармашылық әлеует әлеуметтік жаңғырудың тұрақты дамуының факторы ретінде де маңызды. Берілген зерттеу жұмысында автор ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы қазақ эстрадалық өнерінің қалыптасу процесі, Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы (60–70 жылдар) дамуы, тәуелсіздік жылдарындағы (ХХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы) дамуы сипатталады.

М. Т. Кокишева, Д. Я. Махмуд, Г. А. Бегалинова, Г. З. Бегембетова және В. Е. Недлинаның [4] бірлескен зерттеуінде қазақ классикалық музыкасының жанры — симфониялық күй қарастырылады. Зерттеуде күйдің феноменіне емес, оның өзіне тән белгілеріне мән бере отырып, оның тарихи кезеңі мен мәдениетіне қатыстылығын айқындайды. Г. З. Кузбакованың [5] зерттеуі Қазақстандағы дәстүрлі музыка мен фольклордың заманауи қызметіне арналады. Автор елдің музыкалық өмірі, музыканттар мен композиторлардың, сахнадағы ұжымдардың қызметін жан-жақты қарастырып, мәселенің теориялық және әлеуметтік-тарихи мәселесі мен оны шешудің сараптамасын ұсынады.

Я. Сипостың [6] қазақтың фольклорлық әндеріне байланысты еңбегінде бірнеше мәселелер қарастырылады: түркі халықтары арасындағы венгрлық этно-музыкалық зерттеулер; қазақ халқының тарихы; жолжазбаны сипаттау; Оңтүстік-Батыс қазақ әуендерінің түрлері; монғолдық қазақ әуендерінің түрлері; қазақ музыкаларын салыстыру. Ағылшын тілінде жарық көретін «Lore and Language» [7] журналы 1997 жылы «Фольклорлық зерттеулердің өткені, бүгіні мен келешегіне бағытталған арнайы нөмірін шығаруы мәселенің өзектілігін танытады. Жоғарыдағы сараптамалар көрсетіп тұрғандай, жалпы аталмыш мәселелерге шетелдік ғылымдар ерекше мән берген.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

1. Фольклор // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://ru.wikipedia.org/wiki/ Фольклор

2. Kendirbaeva G. Folklore and Folklorism in Kazakhstan // Asian Folklore Studies. — 1994. — № 53. — P. 97–123.

3. Mukhitdenova B. M. Traditional Folk, Vocal and Professional Songs as the Basis for Development and Modernization of the New Forms of Kazakh Musical Stage // IEJME — Mathematics Education. — 2016. — № 11 (9). — P. 3203–3219.

4. Kokisheva M. T., Mahmood D. Y., Begalinova G. A., Begembetova G. Z., Nedlina V. E. Kazakh Symphonic Kuy — the Counterintuitive Convergence of Traditions // International Journal of Environmental & Science Education. — 2016. — № 11 (11). — P. 4184–4193.

5. Kuzbakova G. Z. Functioning of Traditional Music in Contemporary Culture of Kazakhstan // GISAP: Culturology, Sports and Art History. — 2013. — № 1. — P. 8–10.

6. Sipos J. Kazakh Folksongs: From the Two Ends of the Steppe. — Budapest: Akadémiai Kiadó, 2001. — 302 p.

7. Lore and Language. — 1997. — № 15 (1–2). — Special Issue: Folklore Studies: Past, Present- and Future?

Основные термины (генерируются автоматически): GISAP, IEJME, мена.


Задать вопрос