Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы салық жүйесін жетілдіру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №50 (340) декабрь 2020 г.

Дата публикации: 11.12.2020

Статья просмотрена: 157 раз

Библиографическое описание:

Шамрек, У. С. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы салық жүйесін жетілдіру жолдары / У. С. Шамрек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 50 (340). — С. 594-597. — URL: https://moluch.ru/archive/340/76454/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мақалада шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу үнемі реформаланады, бірақ әлі оңтайлы салық жүйесі қамтамасыз етілмей отырғандығы туралы талқыланады және жаңа ақпараттандырылған салық жүйесін құру ұсынылады.

Кілт сөздер: салық жүйесі, реформа, жетілдіру, кәсіпкерлік, экономика, тиімділік, бюджет.

В статье обсуждается, что налогообложение малого и среднего бизнеса постоянно реформируется, но оптимальная налоговая система пока не предусмотрена, и предлагается создать новую информированную налоговую систему.

Ключевые слова: налоговая система, реформа, совершенствование, предпринимательство, экономика, эффективность, бюджет.

Салық жинау арқылы мемлекеттік әлеуетті күшейту мүмкіндігі зор екендігі әлемдегі көптеген үкіметтер үшін маңызды болып табылады. Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет экономикасының бірден бір тірегі және дамуының басты тетігі — салық. Сондықтан өркениетті ел ең алдымен салық саясатын сауатты жүргізуге ұмтылады. Салықтан жалтару әрекеттері үкіметтің мемлекеттік қызметтерді қаржыландыруға арналған бюджеттік қабілетіне нұқсан келтіреді, нәтижесінде салық құрылымдары бұзылып, экономикалық түсімдерден салық жүйесіне тиесіл аударымдардың әділ бөлінуіне кері әсерін тигізеді.

Талқылау. Соңғы он жылдың ішінде Қазақстанның салық жүйесі тұрақты түрде жетілдіріліп отырды. ҚҚС, корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының ережелері қайта қаралып, түзетілгенін осы бағыттағы жемісті жұмыстардың бірі ретінде атауға болады. Қазақстанның салық жүйесі, ТМД елдері арасындағы ең оңтайлысы болып есептелгенмен, мұнда түйіні шешілмей келе жатқан мәселелер баршылық. Айталық, меншік салығын (жер салығы мен заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы) ұстау механизміне байланысты нақты проблемалар туындап отырғанына қарамастан, мәселе Үкіметтің назарынан тыс қалып отыр. Оның үстіне, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы бойынша жер салығы жер учаскелерін пайдалану мақсатына қарай ұсталады. Мамандардың пікірінше, қазіргі жер салығын есептеу механизмі тиімсіз. Мұндағы ең басты кемшілік — жаһандану жағдайындағы жер құнының нарықтық бағасы мен оның рөлі есепке алынбай келеді [1].

Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу үнемі реформаланады, бірақ әлі оңтайлы салық жүйесі қамтамасыз етілмей отыр. Салық заңнамасының тұрақсыздығы, айқын бейнеленген фискалдық сипаты, салық механизмдерін кәсіпорындарының инвестициялық, инновациялық және кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыру мақсатында жеткіліксіз пайдалану, салық жүйесіне өзінің қызметін толық тиімділікпен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырудың және жұмыспен қамтудың тиімді құралы салықтарды төмендету болып саналады. Алайда, қабылданған сенімге қарамастан салықты төмендету кәсіпкерлік қызметті ынталандырмады.

Күрделі ережелер, заңдар, әсіресе салыққа қатысты қиын түсініктемелер, салық төлеу жүйесін түсінуді қиындатады. Салық жүйелері барған сайын өсуге бейім және де уақыт өте келе күрделі және мөлдір емес. Мысалы, Sull and Eisenhardt [2] салық төлеу жүйесін зерттеу барысында 45 салық мамандарынан бір ойдан шығарылған отбасының салық есебін есептеу жолдары туралы сауалнама жүргізіп сұрапты. Нәтижесінде 45 салық мамандары бір біріне ұқсамайтын мүлдем басқа бағалау жолдарын келтіреді, олардың әрқайсысының айырмашылықтары он мың долларға жетеді. Бұл өте үлкен айырмашылық. Салық жүйесін навигациялау үшін жеке тұлғалар салық салу белгілерін түсіну үшін жасырын білім талап етеді. Оның ішінде күрделілігінің өзектілігі әрқашанда төмендетілмейтін корпоративті салықтар мен маңызды әкімшілік және бизнеске кіруді азайтатын сәйкестік шығындары бар.

Сондықтан, салық төлеушінің заңдардағы өзгерістерді немесе олардағы ережелерді түсінуде жоғары «сіңіру қабілеті» болуы керек, немесе салық заңдарының өзгеруімен мүмкіндіктерді пайдалану үшін білімді кеңесші қажет. Біріншіден, мұндай жақсы білімді салық кеңесшілері салық кодексіндегі ерекшеліктерді (салық жеңілдіктері сияқты) таба алады, және ол өз кезегінде кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалы болады, және турасына келгенде, кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға әкеледі. Екінші жағынан, мұндай кәсіпкерлер көбірек кәсіби салық консультациясына жүгінуі мүмкін және салық кодексіндегі әртүрлі ережелер туралы көбірек білуге тырысады.

Талдау. Шағын және орта кәсіпкерлердің салық жүйесінен зардап шегетін тағы бір жолы салық органдарының атқарушылық қабілетін асыра пайдаланғандарынан туындайды. Көбінесе салық инспекторлары салыстырмалы түрде әлсіздеу, өздері енді жаңа баспалдақтарды тәй-тәй басып, кәсіпкерлік бизнестің толықтай қыр-сырын өндірістің тікелей жүзеге асырылуында көріп, көптеген алғашқы сатысындағы қиыншылықтармен күресіп жүрген кезде, шағын және орта кәсіпкерлерге салық инспекторларының тексеріс тәрізді үздіксіз келіп кетулері қатты тығырыққа тығады және міндетті түрде кері әсер етеді. Осы жерде адам ресурстарын алмастыратын ақпараттық технологиялардың қажеттігі айқын көрініп, шағын және орта кәсіпкерлердіңөз бизнестерін ертерек өрлетуге үлкен рөл атқарар еді.

Көп жағдайда салық инспекторлары табыс салығы бойынша есептілікті талдаған кезде, есеп беретін кірістер үшінші тараптардың есептерінен төмен екенін анықтайды. Олар үшінші тарап ақпараттарының кірістерді жинауды жақсартудағы тиімділігі ақпараттық және атқарушылық ортаның басқа өлшемдеріндегі мүмкіндіктер әлсіз болғанын дәлелдейді. Сондықтан заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы көпөлшемді ақпараттың толықтығы компаниялардың салықтық органдарға айтарлықтай төмендетілген қаржы есебін беруін дәлелделген. Сонымен, біз ұсынған ақпараттық технологиялар адами ресурстарды алмастырушы ретінде жұмыс істейді және жеке салықтық тексерулерді жүзеге асыратын адам ресурстары шағын және орта кәсіпкерлердің бизнесіне кері әсерін тигізбейді. Қорытындылай келе, жан-жақты ақпараттық технологиялар салықтың сақталуын және сәйкестікті жақсартудың тиімді әдісі болып табылады. Ақпараттық технологиялар жүйесін одан әрі жетілдіру кезінде әртүрлі салық ставкаларына тәуелді әр түрлі шағын және орта кәсіпкерлерді қарастырудың пайдасы көп болуы мүмкін.

Барлық қолданыстағы зерттеулер ақпарат берудің нақты бір тәсіліне бағытталған. Алайда, көптеген үкіметтер кеңейтілген ақпараттық есеп жүйелерін құруға тырысады, себебі олар көптеген дәлелдермен әділ салықтық сәйкестікке дамыған ақпараттық технологияларды қолданады [3].

Кесте 1

ҚР шағын және орта кәсіпкерлікке салынған салықтар (мың.теңге)

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Тауарлар өндірісі

295 925,9

326 971,3

330 539,5

492 153,2

442 426,9

452 159,4

531 290,5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

1 650,1

1 822,7

1 842,8

2 743,9

2 345,7

2 393,5

2 669,1

Өнеркәсіп

286 077,6

316 090,4

319 539,6

475 775,0

428 870,0

437 996,8

514 787,7

Өңдеу өнеркәсібі

51 017,8

56 369,9

56 985,3

84 847,4

74 478,6

82 525,1

96 372,2

Қызметтер өндірісі

118 184,9

130 584,8

132 009,3

196 554,2

159 031,6

161 391,1

189 890,6

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

17 073,8

18 865,0

19 071,0

28 370,5

20 780,4

21 189,0

24 906,0

Көлік және қоймалау

36 214,6

40 013,7

40 450,2

60 205,0

51 286,4

51 686,0

61 475,1

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

1 746,1

1 929,4

1 950,5

2 904,3

2 640,4

2 753,6

2 765,7

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

12 094,1

13 363,0

13 508,8

20 088,6

15 343,2

15 647,8

18 394,6

Өнер, ойын -сауық және демалыс

488,9

540,4

546,2

878,2

962,3

1 104,9

1 298,8

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

1 602,5

1 770,8

1 790,1

2 665,3

1 672,0

2 012,5

2 365,4

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

43,4

48,6

48,6

81,1

83,9

87,7

103,1

Салалар бойынша қорытынды

414 110,8

457 556,1

462 548,8

688 707,4

601 458,5

613 550,5

721 181,1

Өнімдерге салынатын таза салықтар

3 102 424,1

3 024 260,7

2 100 233,2

2 633 564,5

3 182 998,5

4 112 983,1

4 851 021,7

Есептеулер- [4]

Нәтиже. Сондықтан қазіргі кезде еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлерге қатысты жаңа ақпараттандырылған салық жүйесі қажет деп санаймыз. Жаңа салық жүйесі салық әкімшілеріне шағын және орта кәсіпкерлердің экономикалық қызметін әр түрлі көздерден анықтауға мүмкіндік береді және аудиторға шағын және орта кәсіпкерлердің нақты салық міндеттемесін анықтауға көмектеседі.

Біріншіден, ол салық органдарына шағын және орта кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтері ағыны туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін қосылған құн салығы (ҚҚС) шот-фактурасын көрсетеді.

Екіншіден, үшінші тараптар банктерден, кедендік, әлеуметтік сақтандыру бөлімдерінен ақпарат алуға мәжбүр болады, сол кезде салық салу жүйесіндегі қызметкерлерге шағын және орта кәсіпкерлер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік туады.

Үшіншіден, қауіпті шағын және орта кәсіпкерлерді дәлірек анықтай алатындай жетік ақпаратты өңдеу үшін есептеу қуатын арттырады. Соңында, шағын және орта кәсіпкерлердің сәйкестік шығындарын төмендетеді, өйткені салық төлеушілерге бірнеше салық органдарына есеп беру қажет емес. Шағын және орта кәсіпкерлердің жеке ақпараттарына көбірек қол жеткізуге мүмкіндік беретін үшінші тараптардың есеп беруін күшейтуден туындайтындығын көрсетеді. Себебі салық төлеушілер сатып алушылармен жүргізген операциялардың азайтылған шот-фактураларын көрсетуге тырысады, салықты азырақ төлеу үшін. Сол үшін олардың салықтық міндеттемелерін толықтай өтеп алу үшін сатып алушылар өздерінің құны туралы есеп берсе, сол кезде кезде ақпаратты белгілі жүйе автоматты түрде хабарлайды. Алайда, қазіргі жағдайда сауда жасайтын орындардың транзакцияларындағы жеке тұтынушылар шот-фактураларды талап етуге ынталандырмайды, сондықтан толық сауда ақпараты алынбаған соң, салықтан жалтару жағдайлары орын табады.

Қорытынды. Жаңа салық жүйесін пайдаланған кезде салық төлеушілерге бірнеше рет материалдарын қайта ұсынудың қажеттілігі жоқ. Жаңа салық жүйесін пайдалана отырып, кәсіпкерлер ақпараттық технологиялар арқылы салық ісі мен процедураларының байланысының басым көпшілігін онлайн режимінде салық салу мен анықтау, салық декларациясы мен төлемі, салық төлеу және экспорттық салықтық жеңілдіктер, шот-фактураны реквизитациялау, электронды шот-фактуралар беру және салықтық преференцияларды өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Бұл: «Деректер көбірек жүрсін, ал салық төлеушілер аз жүрсін» деген ұстанымды ұстанады. салық төлеушілер туралы ақпараттарды тексеру сенімді түрде жүргізіледі, ешкім ешкімді мәжбүрлеп төлету жолдары тоқтайды. Ақпараттық технологиялар көмегімен салық қызметкерлері әр салық төлеушінің салыққа қатысты толық мәліметтерін, оның ішінде тіркеу, салық декларациясы, ақша аударымы, салық преференциясы және жазаларын қоса бір мезетте тексере алады. Ол сондай-ақ салық төлеушілердің капиталын, жүктің қозғалысын, активтері мен тауарлы-материалдық құндылықтарын, басқа да жедел ақпараттарды немесе деректерді сәйкестендіру және талдау арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттандырылған салық жүйесіндегі ақпараттық технологиялар арқылы салық органдары тәуекелдері жоғары кәсіпкерлерді және олардың салықтық тәуекелдік нүктелерін деректердің жалпы индекстері мен тік және көлденең салыстырмалы талдауды шығару арқылы тиімді түрде таба алады.

Әдебиет:

  1. Сейіт С. Салық жүйесін жетілдіру — уақыт талабы// http://bnews.kz/kz/news/ekonomika_i_biznes/salik_zhuiesin_zhetildiru__uakit_talabi -2013_05_28–1054417
  2. Simple Rules: How to Thrive in a Complex World . Kathleen Eisenhardt, Donald Sull . Hachette UK, 2015
  3. A.Venâncio: V. Barros: C. Raposo. ISEG-Lisbon School of Economics and Management, Universidade de Lisboa, and ADVANCE/CSG, R. Miguel Lupi 2020, 1249–078 Lisbon, Portugal
  4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 тамызда № 19215 болып тіркелген Бақыланбайтын экономиканы бағалаудың жаңа әдістемесіне сәйкес жүргізілген.
Основные термины (генерируются автоматически): орт, мена, ADVANCE, CSG.

Похожие статьи

Қазақстан Республикасының біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді талдау

Мақалада Қазақстан Республикасының біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру ретінде қолданысқа енген медициналық сақтандыру жүйесіне талдау жүргізіліп, кемшіліктерді жою жолдары ұсынылған.

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Тұрғын үй ғимараттарының пәтерлік жылыту жүйесі

Мақалада орталықтандырылған жылу жүйесінің жылу тиімділігін арттырудың негізгі шаралары, қайталама тұрғын үй қорындағы көпқабатты үйлердің энергия тиімділігін арттырудың ұсынылған әдісі қарастырылған.

Өңірде қалааралық жолаушылар әуе көлігін дамыту мақсатында туризмді жетілдіру және дамыту (Түркістан облысы мысалында)

Мақалада ішкі туризмді дамытудың маңыздылығы мен Түркістан қаласының рөлі қарастырылады. Оның халықаралық, туристік және аймақтық контекстегі ерекшеліктері. Түркістан облысының статистикасы және бүгінгі күнгі жағдайы.

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Табыс, шығын және сату көлемінің арақатынасының талдауы (ЖШС мысалында)

Бұл мақалада нарықтық экономика жағдайында ЖШС мысалында табыс пен шығынға қаржылық есептілік №2 формасының көрсеткіштерін пайдалана отырып талдау жасалды. Сату көлемінің кезеңдері және оның көрсеткіштері талдау, яғни олар түсімнің өсу қарқыны және ...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Орта білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалардың аралық нәтижелері мен сапасын бағалау

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде осы таңға шейін жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік реформалардың нəтижелерін басқа мемлекеттерде өтіп жатқан орта білім жүйесіне қатысты өзгерістермен салыстыра отырып бағалау жəне сапа...

Алматы облысының мал жайылымдарын басқару

Мақалада Алматы облысындағы мал жайылымдарының қазіргі даму және жұмыс жасау тенденциясы қарастырылған. Жер жәннәті аталып кеткен аймақтың бүгінде жартысынан астамы жайылым жерлерге тиесілі. Дегенмен, жайылым жетіспейді деп дабыл қағып жүрген шаруала...

Тірі салмақ өзгергіштігі және қозылардың өсу қарқындылығы

Шығыс Қазақстан облысы «Қуат» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларын гемпшир тұқымды өндіруші қошқарлармен будандастыру нәтижесінде будан алынған. Мақалада будан және таза тұқымды қозылардың тірі салмағы, экс...

Задать вопрос