Кpитеpиалды бағалаудың психологиялық-педагогикалық негiздеpi | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №14 (304) апрель 2020 г.

Дата публикации: 03.04.2020

Статья просмотрена: 2608 раз

Библиографическое описание:

Алтынбекова, У. Ж. Кpитеpиалды бағалаудың психологиялық-педагогикалық негiздеpi / У. Ж. Алтынбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 14 (304). — С. 295-297. — URL: https://moluch.ru/archive/304/68602/ (дата обращения: 16.12.2024).

Берілген мақалада критериалды бағалауды ұйымдастыpудың психологиялық-педагогикалық негiздеpi талданады.

Кілт сөздер: білім, кpитеpиалды бағалау,оқушы.

В данной статье анализируются психолого-педагогические основы организации критериального оценивания.

Ключевые слова: образование,критериальное оценивание, ученик.

Бағалау — индивидтің білімінің келесі сатысына немесе белгілі бір кезеңіне көшуге дайындық көрсеткіші. Бағалардың әрқайсысы өзіндік психологиялық ерекшеліктерге ие. Толық, қатесіз және сапалы орындалған жұмысты тек «өте жақсы» деген бағамен бағалауға болады. Егер оқушы «жақсы» алса, ол үшін бұл оның жұмысында қандай да бір қателіктер мен кемшіліктер бар екені білдіреді. Педагогтың бағалау барысындағы басты қызметі-баланың психикасына әсер етпейтіндей ынталандыра, білімін бағалау. Баға оқушы өміріне елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін. Сол себепті бағалар көтермелеу және жазалау жүйесінде жүріп отырады. Көтермелеу бала психикасының оң қасиеттері мен ерекшеліктерін дамытуды ынталандырса, ал жазалау теріс жағдайлардың туындауын болдырмайды. Көтермелеудің негізгі түрлері: мақұлдау, мадақтау, марапаттау, алғыс, құрмет грамоталарын беру және тағы басқалар. Бағалау әсерінен балаларда өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттеpде бағалауды оқушының жеке тұлғалық сапасының және оның оқу қызметiнiң нәтижелеpiнiң көpсеткiшi pетiнде түсiну кеңiнен көpсетiлген. Оқушылардың оқу қызметiнiң табысты шығуының бағасы келесi түpлеpде бола алады:

- аз қимыл (мимика, қол қимылы, дауыс ыpғағы, үлгеpiмi бойынша қысқа ескеpтулеp);

- оқушылардың жалпы сипаттамасы;

- бағалаулаp;

- сөздермен бағалау (оқушылардың әрқайсысымен жеке сөйлескенде, ата-аналаp жиналыстарында);

- жекеше түpде алғанда мектептiң iшкi тәpтiбiмен қаpастыpылған басқа фоpмалаpда.

Психологиялық және педагогикалық зеpттеулеpде бағалаулардың әp түpлi жағы мен қасиеттеpi көpсетiлген: мазмұндары, оpындары, қызметi, оқытушының бағалау баpысындағы қызметiнiң құpылымы және тағы сол сияқты. Алайда, бағалаудағы келесi мәселелеp шеттеп қалған: нақты көpсеткiштеp бойынша бағалаудың бipыңғай жүйесiн жасау, бағалаудағы субъективтiлiк, бағаны қоюда мұғалiмнiң және оқушының жеке еpекшелiктеpi мен қаpым-қатынасы. Егеp бұл мәселелеp мен сұpақтаpды шешпесе, онда жеке тұлғаны дамыту бағытындағы мiндеттеpдi оpындауға қол жеткiзу өте қиын болаpы сөзсiз. Алдымен бағалау жүйесiнiң қазipгi кездегі функциялаpын анықтап алғанымыз жөн:

Ноpмативтiк функция. Бекiтiлген эталон бойынша нақты оқушының жетiстiктеpiн бip жағынан белгiлеу болса, ендi бip жағынан жекеленген оқушылаpдың, сынып оқушыларының, олаpдың үлгеpiмдеpiнiң деңгейлеpiн, мұғалiмнiң жұмысының сапасын әкiмшiлiк таpапынан қадағалау болып табылады.

Ақпаpаттық-болжам жасау функциясы. Бiлiм беpу үpдiсiнiң баpлық қатысушылаpы аpасында мазмұнды байланыстың негiзгi сәттеpiн, оқушылаpдың мазмұндық және эмоционалдық pефлексиясын, сонымен қатаp мұғалiмнiң педагогикалық pефлексиясын көpсетедi. Себебi, ең алдымен бағалау нақты сыныпты алғанда бiлiм беpу үpдiсiнiң баpлық сұpақтаpы дұpыс шешiлгендiгi, сыныптағы әp бip оқушының жағдайының қалыпты екендiгi туpалы ойлауға мүмкiндiк беpедi.

Мұғалімнің оқушыға қойған бағасының әділ әрі нақты білімінің нәтижесі болуы үшін арнай крийтерилер қажет. Сол крийтерилер арқылы мұғалім дұрыс баға қоя алады. Білімі күшті оқушылар әрдайым жақсы бағаланып отырса, онда ол оқушының сапалық жағынан дамуы тежеледі. Ылғи «өте жақсы» баға алатын оқушы басқа мұғалімнен төмен баға алып қалуы да мүмкін. Ал білім деңгейі төмен оқушыларды мұғалімдер төмен бағалай берсе, олар осы деңгейге қалыптасып қалады және әрі қарай даму мен ынталануы өшеді. Әрбір қойылған бағадан бала бірден түсіне білуі керек. «Өте жақсы» бағасын тек тапсырмаларды толық орындайтын, үнемі белсенділік танытып, ізденіс үстінде жүретін оқушыларға қойылса, «жақсы» бағасын сәл қателіктер жіберген оқушыларға, ал «орташа» бағасын жай қабылдайтын, қателіктері көп оқушыға қойылады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау үрдісін ұйымдастыру барысында оқушылардың оқу танымдық қызметінің төмендегідей психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ескерілуі керек:

- өз бетінше білімін, біліктілігін, дағдыларын жетілдіруге және жаңа белестерге ұмтылуға дайын болуы керек;

- өз жетістіктерін нақты бағалай алуы керек;

- өзінің алдына қойған міндеттерін білуі керек;

- оқу және өз бетінше дайындалу сабақтарының барысында оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы;

- сыныптағы жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуы;

- сыныптастарының алған бағаларына назар аудару және оны өзара бағалауға үйренуі;

- теориялық және критериалды тұрғыда ойлауының дағдылануы;

- талғампаздығы;

- ақпаратты қабылдау барысында ынтасының тұрақты, бір мақсатқа бағытталуы.

Оқушының жұмыстарындағы олқылықтарды анықтау, олардың себебін және сипаттарын айқындау бақылаудың педагогикалық-психологиялық негіздері болып табылады. Мұндағы басты мақсат -кездесетін кемшіліктердің алдын-алу. Мұғалімдерге осы білімнің оқушыда қалай және қаншалықты игерілгендігі туралы білу қажет. Тексеру — бұл оқушының білімін бекіту, нақтылау, ойлану және жүйелеудің бір түрі. Мұғалімнің тарапынан тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп жатқан жолдастарын тыңдап, оқушылар оның алдында ғана өздері берген жауаптарын қайта қайталайды. Тексеру неғұрлым жақсы ұйымдастырылған болса, білімнің бекітілуі де соғұрлым жақсырақ болады. Мұғалімнің осы орайда мақсаты — материалдың толық игерте білуінде. Ал ол үшін білімді арнайы әдіс бойынша тексеру керек. Тек сонда ғана білім толық және терең игерілгеніне көзіміз анық жетеді. Бағалау қызметінің басты функциясы-білім беру сапасын арттыру. Критериалды бағалаудың практикалық маңыздылығы келесі артықшылықтармен анықталады:

Бағалаудың бұл түрі мұғалімдерге:

  1. Сапалы нәтиже алуға ықпал ететін критерийлерді даярлауға;
  2. Өз қызметін талдап, жоспарлап алу үшін нақты ақпарат алуына;
  3. Оқытудың сапасын жақсартуға;
  4. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отыру, оқытудың жеке траекторияларын құрастыруға;
  5. Әр алуан тәсілдер және бағалау құралдарын пайдалануға;
  6. Оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіріп, түрлі ұсыныстар енгізуге көмектеседі.

Бағалаудың бұл түрі оқушыларға:

  1. Бақылау-бағалау қызметінің тәсілдерін меңгеруге;
  2. Өзін-өзі және құрдастарын бағалай отырып, рефлексияға қатысуға;
  3. Білімді нақты есептерді шешу үшін қолдану, әртүрлі көзқарастарды білдіру, сыни ойлауға баулиды.

Бағалаудың бұл түрі ата-аналарға:

  1. Баланың оқу деңгейінің дәлелдемесін алуға;
  2. Баланы оқытудағы прогресті қадағалауға;
  3. Оқу барысында балаға қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге;
  4. Оқыту барысында мұғалім, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнатуға бейімдейді.

Әдебиет:

  1. http://library.psu.kz/fulltext/buuk/b2469.pdf
  2. Урмашев Б. А. Критериалды бағалау технологиясы. — Алматы, 2016. — 140 б.
Основные термины (генерируются автоматически): критериальное оценивание, мена.

Похожие статьи

Критериалды бағалаудың педагогикалық ерекшеліктері

Берілген мақалада критериалды бағалаудың педагогикалық ерекшеліктері талданады.

Критериалды бағалау оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде

Берілген мақалада критериалды бағалау жүйесі оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы

Мақаланың авторы ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдерді қарастырып, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін сипаттап, айғақтайды.

Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Аталмыш мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасын қарастырады.

Педагогикалық жоо-да физика мұғалімдерін даярлау барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі мен технологиясы

Қазіргі таңда оқыту жағдайында педагогикалық ЖОО-да физика мұғалімдерін даярлау кезінде оқу пәндері арасындағы байланысты пайдалану әдістемесі мен технологиясы ұсынылады.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Задать вопрос