Ұлы даланың жеті қыры аясында жастарды тәрбиелеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (242) январь 2019 г.

Дата публикации: 31.01.2019

Статья просмотрена: 602 раза

Библиографическое описание:

Жусупбекова, М. К. Ұлы даланың жеті қыры аясында жастарды тәрбиелеу / М. К. Жусупбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 4.1 (242.1). — С. 4-5. — URL: https://moluch.ru/archive/242/56167/ (дата обращения: 17.12.2024).



Қазіргі таңда жастардың тәрбие мәселесі басты назарда тұр. Себебі, жастар біздің болашағымыз, келешек мемлекет билігінің басында тұратын тұлғалар. Сондықтан жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруымыз керек. Қазақстандық патриотизм дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін алдымен патриот деген ұғымға тоқталайық. Патриотизм деген грек сөзінен аударған кезде «отан» дегенді білдіреді. Патриотизм дегеніміз адамның өз Отанын, туған жерін сүю, оған жаны ашу дегенді білдіреді. Ағылшын ойшылы Бернард Шоу «патриотизм деген сенің елін басқа елдерден жақсы, себебі сен ол жерде туылғансың» деп тұжырымдайды.

Патриотизм мәселесі алдымен ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» [1] атты мақаласында көрініс тапқан. Бұл — мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру, ұлт санасын жаңғырту бағдарламасы деуге болады.

Жаңғырудың бір бағыты өзіннің мәдениетін және өз ұлттық кодын сақтау болып табылады. Бұл әрбір этностың өз мәдениетіне ие бола тұра, салт-дәстүрлерін қадірлеп сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу деп білеміз, себебі бұл біздің ұмытылмайтын тарихымыз. Сондықтан қоғамның, оның ішінде әрбір тұлғаның рухани жаңғыруы өткені мен қазіргінің келешекпен байланысы.

Осы орайда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 21 қараша 2018 жылы жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» [2] атты мақаласының орны мен мәні зор. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев мақалада өз тарихын біліп, құрметтеп мақтан тұту керектігі жайлы айтып өтті. Мақаланың кейбір тұстарына шолу жасасақ, біріншіден, «Архив-2025» бағдарламасының өзекті екенін айтсақ болады. Өйткені біздің ата-бабаларымыздың өркендеу өмірі жайлы әлі де ғылыми негіздемелер жоқ, сондықтан осындай құжаттар зерттеуді талап етеді. «Архив-2025» бағдарламасы қазақ елінің пайда болғанынан бастап қазірге дейінгі бүкіл шет ел мен отандық архивтерінің фундаменталдық зерттеулерін қамтитын болады. Осыған байланысты Елбасы патриоттық тәрбиені мектептен бастау керектігі туралы айтады, ол үшін мектептерде тарихи-археологиялық қозғалыстарды құру керек деп тұжырымдайды. Әрине бұл бағдарламаны қолдаймыз, жастар өздерінің шығу тегін және оның барлық қазақстандықтар үшін бір екендігін білуге міндетті.

Екіншіден, Н.Ә. Назарбаев киноиндустрияны дамытуды сөз етті. Бұл мәселеде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кино өнері мәдениеттің бір бағыты болып есептеледі, сондықтан Қазақстан мемлекетінің өркендеуі туралы фильмдер көрсетілсе, онда жастар теледидар арқылы да патриоттық сезімге тәрбиеленері сөзсіз. Әрине, киноның жастарға әсері мол. Егер советтік кезеңдегі тәрбиеленген жастарды, яғни біздерді алатын болсақ, біз сол кездегі ертегі, мультфильм, кинолармен тәрбиеленіп өстік деп айтуға болады. Ол ертегілер не жақсы, не жаман екенін, біреудің ала жібін аттама деген, біреуге зиян келтірме деген ұғымдарды бойымызға қалыптастырды. Осы тұрғыда Елбасының қазақтың Ұлы даласының батырларын, ойшылдарын, басшыларын мысал етіп сапалы мультфильмдер мен жастар фильмдерін шығару туралы айтқан пікірін толығымен қолдаймыз.

Үшіншіден, ҚР Перзиденті «Ұлы дала фольклорының антологиясы» және «Ұлы даланың ежелгі әуендері» атты жинақтарын жасауды межелеп қойды. Бұл бағытты да дұрыс деп сесептейміз, себебі ата-бабамыздан қалған ауызекі әндер мен әңгімілер, қобызда, сазсырнайда сол әуендерді орындау жоқтың қасында, әрине, оларды қазіргі заманауи түрде жасаса, кешегі мен бүгінгінің байланысы деп білер едік. Бұл бір жағынан өз тарихымызды білу болса, екінші жағынан қазақ халқының әдет-ғұрыпын, дәстүрін насихаттау болып табылады.

Осы айтылғанның бәрі жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырады. Қазақстандық патриотизм көпұлтты және көпконфессионалды қоғамның жетістігі және барлық азаматтарды біріктіріп, әрі қарай еліміздің тәуелсіздігін дамытады. Партиоттық тәрбиедегі ең бастысы жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды және елінің келешегі үшін жауап беру сезімін қалыптастыру.

Сонымен, қазақстандық патриотизм мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі және заманауи әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің кепілі болатын әлеуметтік қасиет. Осыған орай мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі — азаматтарды Елін сүйетіндей етіп, мемлекет мүддесін қорғауды өз борышы сияқты қарайтындай етіп тәрбиелеу деп білеміз.

Әдебиет:

  1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы // http://www.akorda.kz/kz.
  2. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы // http://www.akorda.kz.
Основные термины (генерируются автоматически): патриотизм, атта, мена.


Задать вопрос