ҚР Президентінің Жолдауларындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №14 (200) апрель 2018 г.

Дата публикации: 02.04.2018

Статья просмотрена: 644 раза

Библиографическое описание:

Алдабергенов, Алмат. ҚР Президентінің Жолдауларындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі / Алмат Алдабергенов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 1-3. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49100/ (дата обращения: 16.12.2024).



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілегендей: «Жемқорлық – мемлекеттің тиімділігіне деген сенімдісетін етеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек». 2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 дамыған елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған бес негізгі басымдықты айқындап берді. Президенттің Жолдауында белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған.

Жолдаудың бесінші басымдығы – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Осы басымдықта, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарына нықтап, сыбайлас жемқорлықтың алдыналу арқылы заңсыздықтарға жол бермеуді қатаң бақылауға алу мәселелері көрсетілген [1].

Соңғы кезде осы дерттін өршуі және онымен күресу, әрине, мемлекеттің басты назарында, сондықтан бұл дертпен бүкіл қоғам болып күресті жүргізуі керек. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамда әр бір адамның міндеті болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі әрқашанда Елбасының назарында болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет» [1], – деген болатын. Елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалды. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Призиденті унемі Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетеді. Сол сияқты, биыл, яғни, 2018 жылдың 10 қантрында Қазақстан Республикасының Президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдады және сыбайлас жемқорлықпен превентивтік күрес әрі қарай жалғасады деп белгіледі [2].

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі – лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де орын алуда. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде [3].

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік зұлым деп есептей отырып, алдымен, тарихқа назар аударайық, көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасшыларына олардың көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын түрде қосымша төлем талап еткен [4]. Біздің ойымызша осы құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы көріністері деп айтуға болады.

Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье«Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді» деген тұжырым айтқан [4].

Егер сыбайлас ұғымына тоқталатын болсақ, онда сыбайлас деген ұғым латын тілінен аударған кезде «бұзу», «құлдырау» деген мағананы білдіреді және лауазымды тұлғаның өз лауазымын және оған берілген құқықтарын заңға және моральдік негіздерге қайшы келетін өз пайдасына пайдалануды білдіреді [5].

Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы көптеген түсіндірме сөздіктерінде көрініс тапқан, мысалы С.И.Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «Сыбайлас жемқорлық – дегеніміз лауазымды тұлғалардың, саяси тұлғалардың сатылуы, парамен сатып алуы» дегенді білдіреді [6].

Құқық саласында «сыбайлас жемқорлық» ұғымына байланысты қазақстандық және ресей ғалымдарының әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, ресей ғалымы Н.Ф.Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды [7, 25-26 бб.]. Ал, қазақстандық заңгер – ғалым А,Н.Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық – бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы» [8, 315 б.].

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында мемлекетте бір қатар құқықтық актілер қабылданған. Негізгілерін атап кететін болсақ, олар: 2015 жылы 18 қарашасында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы (1998 жылғы 2 шілдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы), 2009 жылғы 22 сәуірде қабылданған №793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 2014 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған №986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы қабылданған Заңына келетін болсақ, онда «сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» [9] деп анықтама берілген.

Жалпы, сыбайлас жемқорлық мәселесі жаһандық мәселе деуге болады, себебі саяси құрылымға және экономикалық дамуға қарамастан ол демократиялық мемлекеттерде де бар. Яғни сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық елдерде бар. Сыбайлас жемқорлық қоғамның экономикасы, саясаты, әлеуметтік сферасы сияқты барлық салаларына әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын жағымсыз зардаптар қоғамның қарқынды дамуына кедергі келтіреді және еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне де нақты қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің экономикалық саясатың, даму стратегиясын өзгертеді, экономикасын тікелей немесе жанама талан таражға апарады, өндіріс секторын әлсіздендіреді.

Қорытындылай келе, біріншіден, құқықтық насихатпен хабардарлықты дамыту керек, яғни басқа елдердегі сыбайласпен күресудегі нәтижелі бағдарламаларды зерттеп, үлгілерін әлде де тарату. Екіншіден, орта мектептердің тоғызыншы сыныптарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін қалыптастыру» пәнін енгізуді ұсынамыз. Үшіншіден, әрбір жастың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруымыз керек, ол үшін құқықтық сананы көтеріп, осы бағытта іс шараларды жиі өткізіп тұру керек. Отбасында да, қоғамдық жерлерде де, білім беру орындарындарында да жастарды сыбайлас жемқорлыққа төтеп тұратындай тәрбиелеу қажет.

Әдебиет:

  1. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қантар.
  2. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 10 қантар.
  3. Ажигалиева Г.С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс. [Электронный ресурс] – Режим доступа. — https://www.zakon.kz. (Дата обращения: 30.03.2018).
  4. Гильманова Д.М. Сыбайлас жемқорлық: алғышарттары мен алдын-алу ерекшеліктері. [Электронный ресурс] – Режим доступа. — https://www.zakon.kz. (Дата обращения: 30.03.2018).
  5. Национальная энциклопедия Казахстана. – Алматы: ТОО «Казахская энциклопедия», 2005. Т.3 – 560с.
  6. Понятие и определение коррупции. [Электронный ресурс] – Режим доступа. — https://lektsii.org. (Дата обращения: 30.03.2018).
  7. Кузнецова, Н.Ф. Коррупция в системе уголовных преступлений // Вестник МГУ. Сер.11. Право. – 1993. – №1. – С. 21–22.
  8. Алауханов Е.О. Криминология: Общая и особенная части. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – С. 315.
  9. Закон Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года №410-V «О противодействии коррупции». (с изменениями и дополнениями по состоянию на 03.07.2017 г.) [Электронный ресурс] – Режим доступа.- http://online.zakon.kz/(Дата обращения: 13.02.2018).
Основные термины (генерируются автоматически): Электронный ресурс, бар, мена, оса.


Задать вопрос