Экологиялық білім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Наубетова, Г. Ж. Экологиялық білім / Г. Ж. Наубетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 13-15. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48569/ (дата обращения: 27.04.2024).



Мемлекеттің қуатын арттыратын болашақ ұрпақ тәрбиелеу – білім берудің басты мақсаты болып анықталады. Балаға нақты рухани байлықтан нәр беріп, ел игілігіне бағыттап отырғанда ғана болашақта ізгілікті мемлекет құруға болады.

Экологиялық білім беру жастардың экологиялық білімдер жүйесін, экологиялық көзқарастарын, санасын, табиғатқа парасаттылық, жауапкершілік, дұрыс қатынасын қалыптастыруға мақсатталған. Осы нәтижесінде адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы мен парасаты қалыптасады.

Экологиялық парасат қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермейді, адам бойына экологиялық мәдениет дағдыларын сіңіруге бейімдейді, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы табиғатты қорғау, күту, жақсартуға тартады. Осының барлығы экологиялық парасатты іс-әрекет негізінде іске асады. Экологиялық парасатты іс-әрекет экологиялық білімдерді қолдана білуге, іскерлікке төселуге, табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосуға үлкен үлес қосады [1].

Экологиялық білімді берудің басты құралы – оқыту. Бастауыш сыныптарда теориялық білім жетекші рөл атқарады. Оқушылар экологиялық жұмыстармен айналысып, бақылаулары арқылы ұғым, анықтама шығарып, экологиялық білімдерді тәжірибеде қолданады. Бастауыш мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып келеді. Оқушыларға экологиялық білім беруді дамытуды қамтитын оқу пәндерінің мүмкіндіктері мол. Экологиялық мазмұндағы материалдар бастауыш мектепте оқытудың құралы болады. Өйткені, сабақ барысында олар оқушылардың экологиялық білім, білік, дағдыларды қалыптастырады, экологиялық ойлау қабілетін дамытады, экологиялық әрекеттерде болуға тартады, табиғатты қорғау, аялау, жанашырлықпен қарау сенімдерді тудырады, экологиялық көзқарастарды қалыптастырады. Сөйте-сөйте оқушылардың экологиялық сауаттылығы, экологиялық санасы қалыптастып, экологиялық мәдениеті жетіледі.

Табиғатқа деген сүйіспеншілікке жанашырлыққа адамды тіл, яғни сөз, музыка, сурет, табиғат, ойын, еңбек жетелейді. Оның ішінде тілдің әсері тың ерекше. Тіл арқылы оқушылардың экологиялық танымы табиғи мүмкіндігіне орайласып, сәйкесіп келмейді. Ол кездегі өтілетін сабақ тек вербальді сипатта болғаны байқалды. Оқулықта вербальді, құр сөз, насихат сипатындағы жұмыстың сарынын төмендегі материалдардан аңғарамыз: «Табиғат – таным көзі» деген тірек белгісін түсіндіру біршама күрделірек оны қарапайым тілмен түсіндіру үшін біз өз әдебиетіміздің төл шығармаларына үңілерімізге болады:

Сұрғылт бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса дымқыл тұман жерді басқан,

Тойғаны ма білмеймін тоңғаны ма,

Ат ойнап, құлын шауып, тай жарысқан... деген Абай Құнанбаев өлеңінің бір шумағының өзінде жас жеткіншектерге дұрыс түсіндіре алар болсақ үлкен ұғым, кең мағына жатыр [2, 89]. «Ат ойнап, құлын шауып, тай жарысқан» деген бір жолды алып қарасақ, Абай суреттеп отырған күз, сол күздің суретін көзге елестете отырып, жаздың қалай өткенін сезінуге болады. «Ат ойнақтады...» дегенін жылқының жазда, жайлауда кең жайылып жүргені деген сөз. Абай суреттеп отырған өңірдің табиғаты туралы да ой айтуға болады. Жан – жануарға қолайлылығы бір шумақ өлеңнен танылып тұрғанынан экологиялық бейнесін де ұғуға болады емес пе?! Міне, экологиялық білім, табиғат танудағы сөздің, тілдің құдыреті деген сөз. Жалпы, еліміздің табиғатының ерекшелігін түсіндірер тұста әдебиетіміздің байлығына тәнті боламыз. Балаларға табиғат шеберханасын түсіндіруде көркем суреттің де рөлі үлкен екендігін атауға болады. Балаларға табиғатты кескіндеген көптеген қыл қалам туындыларын көрсетуге болады.

Оқушыларды экологиялық парасатқа баулу – ана тілі пәнінің маңызды міндеттерінің бірі. Экологиялық білім берудің оқушыларға экологиялық ықпал етуімен бірге, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруда зор маңызы бар. Балаларды қоршаған ортамен, табиғаттағы адамдардың еңбек әрекетін таныстыра отырып, оқушылардың назарын адам әрекетімен болып жатқан өзгерістерге аударуы, оның қандай пайдалы немесе зиянды жақтары болатынына көздерін жеткізу қарастырылады. Экологиялық мазмұндағы материалдарды анықтау үстінде балалардың экологиялық ойлау, пайымдау әрекетін дамытуға барынша қолайлы жағдайлар жасалатын табиғаттағы байланысты анықтауға аталған сабақ тақырыптар қолайлы. Сабақта экологиялық материалдарды байыта, дамыта және экологиялық тәрбие идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасайтын талаптарды білім мазмұнынан аламыз.

Табиғатты жаңартуға байланысты тәжірибеге, жұмыстарға олардың жігерлерін шыңдап, еңбекке белсене араласуға бағыттайды. Табиғатқа деген нағыз сүйіспеншілікті еңбегімен іске асырып, оны қорғауға өзінің қатысы бар екенін білгенде ғана терең әрі толық болады. Бұған ана тіліндегі адамның табиғатты жаңартуға арнаған ерен еңбегі туралы шығармаларының бұл бағытқа беретін тәрбиелік әсері ерекше. Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелегенде оның адам денсаулығын нығайтудағы материалдық және рухани рөлі айқындалады. Көптеген мәтін адам денсаулығының қайнар көзі таза су, ауа, күн нұрының шипалық қасиетін, қозғалыс, орман бақтарындағы, мектеп ауласында дене еңбегі, тәжірибелік жұмыстар адам ағзасында демеуші және оны шыңдаушы екендігін, әрі табиғаттан пайдалы зат алу мақсатында табиғат байлықтарын қорғауға керек екендігін танытса, 2-ші бір мәтіндер табиғаттың әсем көріністеріне сүйсіну, қуану, рахат сезіміне бөленуге және жаңа күш беріп, денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Бұндай мазмұндағы тақырыптардың тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту – табиғаттың адам организмін сауықтырушы, денсаулығын қамтамасыз етуші рөлін түсуіне көмек береді.

Экологиялық білімді экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамытудың аса маңызды шарты – оқушылардың өз еңбегінің қоғамға пайдалы екендігін сезіну. Егер оқушы өз еңбегінің табиғатқа пайдалы және қажетті екенін көрсе, онда ол жұмысты беріліп істейді. Сондықтан қандай болмасын жұмысты оқушылар алдында, ол істің практикалық маңыздылығын көрсетуге уақыт бөлу керек.

Табиғаттың көркем сұлулығын сырттай ғана тамашалап, айналадағы табиғаттан ләззат алып, оның алуан түрлі әсемдігін бағалай білу – оқушылардың адамгершілік, экологиялық сезімдердің қалыптастырудың негізі.

Сонымен, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа саяхатқа, серуенге шығу табиғаттағы маусымдық құбылыстар жөніндегі білімдерді толықтыруға, оның сұлулығын бағалай білуге, өсімдіктер мен жануарлардың өсуі және адамдармен арақатынасы, байланысы туралы түсініктерін тереңдетуге, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуге, алған білімдерін мүмкіндігінше табиғатты қорғау ісіне пайдалануға дағдыландырады.

Әдебиет:

1. Шавалиева З.Ш. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы. Пед. ғыл. канд. дис. – Павлодар, 2010. – 149 б.

2. Құнанбаев А. Шығармалары. Толық жинағы. 2 т. – Алматы, 1954. – 330 б.



Задать вопрос