Басқарушылық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысатын тұлғалар мүдделерін ескеру негізінде басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ерманкулова, Р. И. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысатын тұлғалар мүдделерін ескеру негізінде басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру / Р. И. Ерманкулова, Б. Ж. Альмухамбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 36-38. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48244/ (дата обращения: 17.12.2024).



Басқарушылық шешімдердің сапасына ықпал ететін неғұрлым маңызды факторлардың бірі шешімді қабылдауға қатысушы тұлғалардың мүдделерінің толықтығы мен келісушіліктерінің деңгейі болып табылады.

Зерттеу барысында көрсеткеніндей, қабылданған шешімдер қызықтырған немесе қызықтырмаған тұлғалардың мүдделерінің толыққанды есептерінің жоқтығы шешімнің сапасында және тиімділігінде және оны іске асыру кезінде алынған соңғы нәтижесінде көрінеді.

Кейбір басшылар шешімді қабылдағанда бірінші кезекте басқа пайшылардың емес, өздерінің тұтынушылар кооперациясының жеке мүдделеріне бағыттайтын типтік жағдайлардың бар екендігін байқалды. Пайшылардың мүдделерін елемеушілік болашақта аянышты экономикалық зардапқа, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес тұтынушылар кооперациясының қайта жасалуына алып келуі әбден мүмкін.

Сондықтан да басқарушылық шешімдерді жасай отырып, тұтынушылар кооперациясының басшысы қызығушылық танытқан жақтың мүдделерін ескеруі тиіс.

Бұл қызығушылықтар көп қарама-қайшылықта болады, кейде оларды айқындау күрделілік те туғызады. Басқа жағынан қарағанда, мүдделерді бағалау күрделілігі оларды сан жағынан бағалаудың қиындығымен қорытындыланады [1].

Тұтынушылар кооперациясындағы басқарушылық шешімдерді қабылдай отырып, негізгі мүдделер ретінде біз төмендегідей топтарды бөліп алдық (кесте 1).

Осы зерттеу жұмысы шеңберінде тұтынушылар кооперациясы қызмет көрсететін пайшылар мен тұрғындар мүдделерін ескерудің қажет екендігіне барынша егжей-тегжейлі тоқталамыз.

Тұтынушылар кооперациясы белгілі бір басқарушылық шешімді жүзеге асырудағы өз мүддесі бар тұлға ретінде өз мүдделерінің жетістіктері үшін нақты шығындарды алып жүретіндігін атап өткеніміз жөн. Аталмыш шығындар материалдық, қаржылық, уақытша, еңбек, ақпараттық болуы немесе осылардың жиынтығын құрауы мүмкін.

Кесте 1

Тұтынушылар кооперациясындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне қатысушы тұлғалардың мүдделері

Тұлға топтары

Мүдделер

Тұтынушылар кооперациясының нақты мүдделері

Пайшылар және тұрғындар

Баға, сапа, кепілдік, қауіпсіздік, қорғалу, жұмыс

Түсім, тұрғындардан заемдік қаржыны тарту,әлеуметтік мақсаттың жетістігі

Қызметкерлер

Жұмыс, еңбекақы, мансаптық өсу

Жұмыс тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі

Контрагенты

Сенімділік, ұзақмерзімдік

Шегерім, қарым-қатынастың ұзақмерзімдігі

Мемлекеттік билік органдары

Бюджетке бөлу, жаңа жұмыс орыны, әлеуметтік миссияны орындауға қатысу

Салық бойынша жеңілдік, өзаракөмек

Тұтынушылар кооперациясы

Интеграциялық қызмет, қаржыны жаратуды азайту

Интеграциялық қызмет, қаржыны жаратуды азайту

Кесте 1-дегі мәліметтер көрсеткеніндей, мүдделер қарама-қайшылықта және біршама қайтарым жетістігі үшін оларды оңтайландыру қажет.

Өз кезегінде, тұтынушылар кооперациясының өзі арқылы қадағалап отырған мүддесі басқарушылық шешімнің ақырғы нәтижесін білдірмейді, сондықтан біз шешімнің іске асырылу мүддесін немесе мүмкін болатын нәтижесін қарастырамыз.

Сонымен бірге, егер тұтынушылар кооперациясы тарапынан жоспарланған нәтиже оның мүддесі немесе адамдарға қояр талаптары болып табылса, онда аталмыш адамдар тарапынан шешімге қатысушылар өздерінің мүдделері болып табылатын белгілі бір талаптарды ендіреді [2].

Тұтынушылар кооперациясындағы шешімдерге қатысушы адамдардың мүдделерін жан-жақты есептеу үшін біз соған сәйкес төмендегі алгоритмді жасадық (сурет 1).

Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар кооперациясындағы тауарға баға белгілеу туралы шешім қабылдау кезінде аталмыш алгоритмді қолдануды қарастырамыз. Сонымен қатар аталыш алгоритмнің ақырғы мақсаты тауардың әрбір номенклатурасы бойынша үстеменің немесе оңтайлы баға саясатының дәл көлеін анықтау болып табылмайды, шешімде қатысушы адамдардың мүдделеріне сәйкес тұтынушылар кооперациясының қызмет процесіндегі қажетті табыс мөлшері мен оны таратуды айқындау болып табылады.

1-ші саты

Нақты шешімдердегі адамдарды қызықтыратын немесе қызықтырмайтын тізімді қалыптастыру, олардың мүдделерін бағалау немесе жоспарлау

2-ші саты

Сандық көріністегі аталмыш мүдделер ықпалының деңгейін бағалау, оларды іске асыру үшін одан әрі бағалануы

3-ші саты

Мүдделердің маңыздылығы деңгейінің бағалау

4-ші саты

Математикалық немесе басқа модельді құрастыру

5-ші саты

Қалыптастырылған мүдделерге сәйкес шешімдерді түзету

Сурет 1. Тұтынушылар кооперациясындағы стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде қатысатын субъектілердің мүдделерін ескеру алгоритмі

Біз алынған ақпараттардан шығатын аталмыш мәселеде ұсынылғандардан төменденгіше тұжырымдар жасадық:

-басқарушылық шешімдердің сапасына ықпал ететін маңызды фактор толықтық деңгейі және басқарушылық шешімдерге қатысушы тұлғалар мүдделерінің келісілуі болып табылады. Жүргізілген зерттеу көрсеткеніндей, бұл тұлғалар мүдделерін ескерудің жоқтығы басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігінен ғана емес, сонымен бірге оны жүзеге асыру кезінде алынатын ақырғы нәтижеден де көрініс табады;

-кооперативтік ұйым басшылары басқарушылық шешімдерді қабылдай отырып, идеалда аталмыш шешімдердегі әр түрлі қызығушылық танытқан тараптар мүдделерін тұрақты ескерулері тиіс. Сонымен қатар мұндай есептің негізгі қиындықтары олардың дәл сандық айтылуының күрделілігі болып табылады;

-басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысушы тұлғалардың мүдделерін толыққанды есептеу оларды іске асыру кезіндегі басшылардың қызметінің ойдағыдай болуның қажетті шарты болып табылады. Мүдделер есептеуді бағалау бірлігі үшін әрекет етуші алгоритмге сәйкес жүзеге асыру қажет;

-басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысушы тұлғалардың мүдделерін есептеудің негізгі күрделілігі математикалық модельді құрастырудың қажеттілігі болып табылады.

Шешімдерді қабылдау кезінде тұлғаларды қызықтыратын барлық мүдделерді ескеру өте күрделі болатыны сөзсіз. Бәрінен бұрын, аталмыш мүдделер жеткілікті қарама-қайшылықта болып табылатынын назарға алған жөн. Мұндай мүдделерді елемеудің салдары болашақта кооперативтік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық қызметіне қозғау салатын келеңсіз зардаптарға әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Тұтынушылар кооперациясы ұйымдарында мүдделерді объективті есептеуді жүзеге асыру басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі элементтер болып табылатын басқарушылық шешімдерді қабылдаудың заманауи әдістері мен бақылау жүйелерін жетілдірмейінше және қолданбайынша мүмкін емес.

Әдебиет:

  1. Сарбалаков Ж.О. Из истории теории развития потребительской коопераций.//Материлы международного научно практической конференции.Караганда,2006.- 468 бет.
  2. Евланов А. Г. Теория и практика принятия решений. — М.: Экономика, 2004. — 175 бет.
Основные термины (генерируются автоматически): немес, мена.


Похожие статьи

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Жасөспірімдік кезеңдегі балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын қалыптастыру ерекшеліктері

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Похожие статьи

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Жасөспірімдік кезеңдегі балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын қалыптастыру ерекшеліктері

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Задать вопрос