Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Рсалиева, А. М. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы / А. М. Рсалиева, Г. М. Кадырова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47519/ (дата обращения: 26.04.2024).



Мақал-мәтелдер қандай тілдін болмасын көркем әдебиетінің шұрайы саналады. Ежелден сөзге тоқтап, сөзге ұйып, сөз құдіретіне ерекше мін берген қазақ дәстүрінде мақал-мәтелдерді сөз арасында ұтымды қолданы ғасырлар бойы шешендіктің белгісі ретінде танылған.

Қос сөз ретінде қалыптасқан мақал мен мәтелдің қолданвс аясында атқаратын функциясы бір болғанмен, мақал және мәтел ұғымдарының айырма белгісі бар ма деген сұраққа жауап бере кетеміз. Екі ұғымның айырым белгісін ғалымдар көбіне құрылымдық жағынан қарастырады. Мәселен, Б. Қалиұылың берген түсіндірмесінде мақалдар белгілі бір тұжырымды ойды көбіне тікелей, кейде астарлы түрде білдіреді. Оның жай сөйлем түрінде де құрмалас сөйлем түрінде де келуі мүмкін. Мақалдар негізінен екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде – іс-әрекеттің шарты, жағдайы айтылады; екінші бөлімінде – ойды, пікірді түйіндер, қорытындылайды. Мыс.: туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас; кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол; сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу. Ал мәтелдер мақалдар сияқты негізінен белгілі бір ойды білдіреді. Бірақ олар мақалдар сияқты екі бөлімнен тұратын құрылыммен емес, көбінесе жай сөйлемдермен беріледі. Онда да ойды төтесінен, тура айтпай жанамалап, тұспалдап, меңзеп айтады. Мыс.: палуанға оң-терісі бірдей; кісідегінің кілті аспанда; жығылсаң нардан жығыл; есебін тапқан екі асайды [1, 132-133 бб.].

Мақал-мәтел жайын сөз еткенде, бұл бір еске сала кетер жай болса, біздің бұл мақалада айтпағымыз І. Есенберлин «Көшпенділерде» мақал қолданда ма, мәтел қолданды ма деген сауалға жауап іздеу емес, мақсатымыз – ағылшындардың «The genius, wit, and spirit of a nation are discovered in its proverbs» [2, 140 б.] дейтініндей, қазақтың да ұшқыр ой, ақыл-парасаты мен жан дүниесін танытатын мақал-мәтелі танымал әдеби туындыларымыз арқылы өзге халықтарға қандай дәрежеде жетіп жатқанынан сөз қозғау.

Тарихи көркем шығарма І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – қазақ мақал-мәтелдерінің молынан қолданылған шығармалардың бірі. Мұны қаламгердің жеке стилін танытатын айрықша белгілерінің бірі ретінде қарауға болады. Жазушының ондағы мақсаты қазақтың тарихы мен салт-дәстүріне қоса оның шешендік өнерін де қазақ болмысының ажырамас бөлшегі ретінде таныту.

І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің аудармаларындағы жалпы сипатын мынадай түрде топтастыра (классификациялай) қарастыруға болады:

1. Аударылған (калька); 2. Баламасы берілген; 3. Мағынасы түсіндірілген; 4. Кейде (бір мақал-мәтел) түсіндіріліп, кейде аударылады; 5. Мағынасы бұрмаланып түсіндірілген; 6. Аудармасы мүлде берілмеген.

Бұл топтастырудың қысқаша дәлелдері төмендегіше:

1. Аударылған (калькаланған) мақал-мәтелдердің мысалдары:

«Жаман иттің атын Бөрібасар қояды» [5, 238 б.] – «A scabby puppy calls itself a wolf dog» [7, 245 б.]. «Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма» [5, 413 б.] – «If you to ask for a sour clotted milk, don’t hide your jug behind your back» [7, 419 б.]. «Үмітсіз тек шайтан ғана» [5, 539 б.] – «Trust in God but rely on yourself» [7, 539б.].

Бір тілдің мақал-мәтелін дөп басатын балама аударма тілінде болмаған жағдайда мақал-мәтелдер жалпы тілден тілге аударылтаны тілдік оралым. Тілден тілге ұтымды аударылу арқылы түпнұсқа тілінен аударма тіліне етене еніп кеткен жағдайлардың дәлелі – бірнеше тілде бірдей кездесетін көптеген мақал-мәтелдер. Ол мақалдарды әр халық өзінікі санайды.

2. Баламасы берілген мақал-мәтелдер жайы:

«Бөлтірікті қанша асырасаң да тоғайын аңсайды» [5, 448 б.] – «Once a savage always a savage» [7, 456 б.].

3. Мағынасы түсіндірілген мақал-мәтелдерге мысал:

«Ағайын жоқ болсаң бере алмайды, бар болсаң көре алмайды» [5, 111 б.] – «The neighbor is not happy if you are rich, but if you are pauper he will even grudge you food» [7, 112 б.]. «Заманың түлкі болса тазы болып шал» [5, 448 б.] – «If the time you live in is cunning as a fox, you ought to turn into a hound to catch up with it» [7, 456 б.].

4. Бір мақал-мәтелдің өзі кейде түсіндіріліп, кейде аударылады. Шығармада мақал-мәтел жиі қолданылатын болғандықтан, олар кейде қайталанып келіп отырады. Ондай мақал-мәтелдердің аудармалары біркелкі берілмеген:

«Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» [5, 32 б.] – «You have the right to cut off a convict’s head but first you must listen to what his tongue has to say» [7, 29 б.]. Осы мақал 78 бетте қайта кездескенде аудармасы былай беріледі: «You can cut off one’s hear but not his tongue» [7, 79 б.]. «Битке өкпелеп тоныңды отқа салма» [5, 374 б.] – «If you are offended by flees, don’t throw your fur coat into the fire» [7, 375 б.]. Осы мақал 527 бетте қайта кездескенде аудармасы былайша беріледі: «Show me a swamp anywhere and I’ll show you the Devil there» [7, 528 б.] делінеді.

5. Мағынасы бұрмаланып түсіндірілген мақалдардың бірін мынадай мысалдан көруге болады:

«Арғымақ өлсе құлын бар, әкесі өлсе ұлы бар» [5, 208 б.] деген мақалдың ағылшынша аудармасы «An antelope dies, but its spindly legged the calf remains grows up and runs further and further into the steppe» [7, 210 б.] деп орысшасынан аударғанда далаға кететін болса үй жануары емес, түз жануары дұрыс болар деп жылқы орнаны киік тектесті алады. Сонымен, қазақтың әке орнын ұл басқан ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан шаңырақ жалғастығының «заңын» аудармаларда осылай бұзып жібереді.

6. Аудармасы мүлде берілмеген мақал-мәтелдер:

«Көппен келісіп пішкен тон келте болмас» [5, 319 б.].

«Ет бұзылса тұз себерсің, тұз бұзылса не себерсің?» [5, 351 б.].

«Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды» [5, 99 б.].

«Біреуге ор қазба өзің түсесің» [5, 240 б.] т.б.

Жоғарыда айтып кеткендей, қандай да бір мақал-мәтелдің аударма тілінде мазмұн-мағынасын дөп басып тұрған баламасы табылмаған жағдайда оның аудармасын беруге болады.

Әдебиет:

  1. Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2004. – 152 б.
  2. The Penguin Dictionary of Proverbs. Second edition. – Penguin Dictionary. – 2000. – 365 p.
  3. Рсалиева Н.М. «Көшпенділердің» ағылшын тіліндегі аудармасы қандай? // Қазақ әдебиеті. – 2005. – №32.
  4. Баймаханов Т.М. Пословицы и поговорки английского языка и их эквиваленты в русском, казахском языках. – Алматы, Мектеп, 1986.
  5. Есенберлин І. Көшпенділер. – Алматы, Ілияс Есенберлин атындағы қор, 1998. – 581 б.
  6. Есенберлин И. Кочевники. Алматы, Фонд имени Ильяса Есенберлина, 1998. – 533 с.
  7. Yesenberlin Ilyas. The Nomads. Almaty. The Ilyas Yesenberlin Foundation, 2000. – 559 p.


Задать вопрос