Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Назарова, Г. А. Табиғи көрнекіліктерді дайындау / Г. А. Назарова, А. С. Усманова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 21-24. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47518/ (дата обращения: 18.12.2024).

Табиғи көрнекіліктер дегеніміз – табиғи нысандардан жасалған оқыту құралдары [1]. Олар бірнеше топқа бөлінеді (1 сурет).

Көрнекіліктердің түрі

Суреті

Табиғи тірі көрнекі құралдар

Арнайы жиналған өсімдіктер

(бөлме және мектеп ауласынан немесе таным жорық барысында жиналған өсімдіктер, өсімдік көшеттері),

Картинки по запросу комнатные цветы C:\Users\1\Desktop\Новая папка (4)\Фото0655.jpg

Тірі табиғат бұрышындағы аквариумдегі, террариумдағы және тордағы жануарлар

Картинки по запросу аквариумКартинки по запросу террариум

Препаратталған табиғи құралдар

Кеппешөптер – өсімдіктерді арнайы кептіріп, қағазға бекіту формасы

ANd9GcQpJDk0anZ8DSyI3cl62wm3n8AEgoCHtrQnMHWsE0R78LXF8nkD derev_2

Ылғалды препараттар-арнайы дайындалған әрі биология пәніне қажетті оқыту құралы.

Влажный препарат Влажный препарат

Микропрепарат — микроскоп астында қарау үшін дайындалған заттық әйнек астында орналастырылған нысан.

Заттық әйнектердің көлемі (25х75 мм) және қалыңдығы стандартты болады, ол препаратты сақтауға және онымен жұмыс жасауды жеңілдетеді.

Членистая конечность насекомого, микропрепарат сделан при помощи
 цифрового микроскопа, автор Евсеева ЭлеонораЛист камелии, фото сделано при помощи
цифрового микроскопа, автор Евсеева Элеонора

Коллекциялар: энтомологиялық, ботаникалық

pZesMipcUlg 20150312_113813

Омыртқалы жануарлардың қаңқасы немесе олардың жеке мүшелерінің қаңқасы

img30

Жануарлардың тұлыптары-

жануарлардың терісінің ішін қандай да бір затпен толырып бейнесін жасау формасы

17256_f_6_997_62a9057e92b2c128ca7584fa0342f2b2animal05

Сурет 1. Табиғи көрнекіліктердің түрлері

Өсімдіктерден жасалған көрнекіліктерді дайындау

Өсімдіктерден сабақта пайдалануға болатын бірнеше түрлі табиғи көрнекілік жасауға болады: өсімдік көшеттері, кеппешөптер, шыны ыдыстағы бақ. Мектепте биология пәнінен сабақтан тыс жұмыс формаларында оқушылардың өз бетінше жасауға болатын осы аталған көрнекі құралдарды дайындаудың әдістемелеріне тоқталамыз.

Өсімдік көшеттері –көшетханда немесе жылыжайда арнайы өсірілген жас өсімдік [2]. Көшеттік әдіс қызанақтан, баклажаннан, қиярдан, және т.б. көптеген мәдени өсімдіктерден мол өнім алуға мүмкіндік береді. Көшеттерді оқушылардың өз қолымен дайындауы және оны биология сабағында пайдалану оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, оны танып білуге деген қызығушылығын қалыптастырумен қатар, олардың көшет дайындау, өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстарында практикалық біліктерін дамытады және оқушының дайындаған көшеттерін сабақта және одан әрі мектеп оқу үлескісіне отырғызу арқылы пайдалану олардың мақтанышын, өзіне деген сенімін артырады.

Көшеттерді дайындау: Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.

Көкөніс өсімдіктерінің түрлері. Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады:

  • жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.
  • пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.
  • қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.
  • біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица, кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.
  • татымды‑дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.
  • тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд.
  • көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық, пияз-батун және шнитт, сондай‑ақ татымды‑дәмді көпжылдықтар: эстрагон, бұрышты жалбыз, қысқы жебір, фенхель, зере.

Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін 3 топқа бөледі:

1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай‑ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;

2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып, әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;

3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат цикориясы.

Тұрғын үйдің бір жерінен қайталап, сатылап және нығыздағышты пайдалана отырып егу арқылы жыл бойына ұдайы көкөністер алуға болады. Біржаздық және қайта өсіретін өсімдіктерді бір орында бірінен кейін бірін егу арқылы немесе бір мезгілде, бірақ әртүрлі орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап алғаннан соң қайта егеді. Бұндай әдіс бір жерден 3-6 рет өнім алуға мүмкіндік береді. Салат жапырақтарын, қыша жапырақтарын, кресс-салат шпинатын, аскөкті және т.б. қайталап себе береді. Егу мен жинау арасындағы аралық қайталап себу күнін (15-40 күн шамасында) анықтайды.

Барлық жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін терезеге жақын жерге, терезе алдының ішкі және сыртқы жағына, балконға, дәліз бен лоджияға орналастырады. Көкөніс өсіру үшін тұрғын үйдің терезе алдындағы жарық алаңын пайдалану ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда 5-6 ай (сәуір – қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және күзде (қазан, қараша) өсіреді.

Ең қиыны – күз бен қыстың қысқа әрі бұлтты күндері (қараша-ақпан) көптеген жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін жарықтандыру. Бұл кезеңде жасанды жарықтандыру арқылы өсіруге болады.

Құрал-жабдықтар. Көкөністерді өсіру үшін аса қолайлысы – жәшік. Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20 дан 35 см‑ге дейін болатын тақтайшалардан жасайды. Жәшіктің ең қолайлы ұзындығы 40-50 см. Стационарлы жәшіктерді терезе алдына және балконға ұзыннан ұзақ жасаған дұрыс. Су ағыны үшін жәшік түбіне диаметрі 1,5-2 см, арасы 15-20 см болатын екі тесік жасайды. Жәшіктің түбіне ол тұғырықта нығыз тұруы үшін көлденең тақтайшалар қағады. Тұғырықты жәшікке қарағанда 2-3 см кең әрі ұзын жасайды. Жәшікті балкон қоршауымен бекітеді, терезе алдына, үстелге, тіреуге қояды, контейнерге іледі.

Кеппешөп дайындау әдісі [2]. Кеппешөптерді жасауда өсімдікті үнемі бүктеліп қалмайтындай етіп кептірудің, қажетті картон немесе қағазға бекітудің мәні зор. Өсімдікті кептіру үшін ылғалды жақсы соратын қағаз дайындалады. Оны кітапша сияқты етіп бүктейді. Газет және салмақты зат дайындалады. Егер жиналған өсімдік өте ылғалды болса, ол алдын ала кептіріледі. Жапырақ, гүлдер, шөптер кітапша ішіне салынады, бірақ әрқайсысының арасын газетпен бөліп отыруы қажет. Барлығының үстіне тақтайша қойылып, оның үстіне 10-15 кг. Шамасында салмағы бар зат қойылады. Күнделікті өсімдік арасына салынған дымқылданған газетті құрғақ газетпен ауыстырып отыруы керек.

Әдетте өсімдік 4-6 тәулікте толығымен кебеді. Өсімдік тек құрғақ бөлмеде кептіріледі.

Шыны ыдыстағы кішкене бақша табиғи көрнекілігі.

Бөтелкедегі бақшаны бамбук таяқшасымен оңай жасауға болады.

Ол үшін жас және қиғанды көтере алатын өсімдікті таңдау қажет, мысалға: асплениум, фиттония, маранта, гипоэстес және фикусы. Түбіне керамзит және ағаш көмірді жағыңыз.

Сурет 2. Шыны ыдыстағы кішкене бақша

Шамамен 10 см жас өсімдіктерге арналған субстрат қойыңыз. Өсімдікті құмырадан суырып алып, шамалы субстратты сілкіп, бамбуктік шыбық және сым арқылы бөтелкеге отырғызамыз. Отырғызуды бөтелкенің шетінен бастап ортасына қарай жылжытыңыз. Бетін мүкпен жауып су құйыңыз. Су бөтелкенің қабырғасын бәрін түгел қамту керек.

Ботаникалық коллекция – консервленген және тірі өсімдіктердің тұқымдарының, гүлдерінің, жуашықтарының, тамырларының, жапырақтарының, кеппешөптернің жүйелі жиынтығы.

Биология пәнінің тақырыптарына сәйкес ауыл шаруашылық өнімдері үлгілері және картоннан жасалған үлкенді, кішілі қорапшалар керек.

Жеке қорапшаларға кепкен өсімдіктердің жемістерін, өсімдіктерден алынған өнімдерді салуға болады. Мәдени өсімдіктердің суреті (кестелері) ілініп, жемісі шынымен жабылған қорапшаға салынады.

Әдебиет:

  1. Пономарева И.Н., Соломин В.П., Сидельникова Г.Д. Общая методика обучения биологии: учебное пособие для студентов пед. вузов / Под ред. Пономаревой И.Н., перераб. – М.: Академия, 2009.
  2. Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии: Учебн. пособие. - Мн.: Книжный дом, 2004. - 256 с.
Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат.

Похожие статьи

Дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің моральдік-психологиялық келбеті

Сәулеттік кеңістіктің негізгі түрлері және олардың көркемдік ерек-шеліктері

Мақалада жалпы сәулеттік кеңістікті құраушы композициялық құралдардың өз-ара байланысы, олардың ерекшелігі, пропорциялық үйлесімділігі, өлшем бірліктері мен пішімдері қарастырылған.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама

Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерді жүзеге асыру

Мақала қазіргі күні шет тілін үйренудегі ең танымал әдіс — коммуникативті әдіс арқылы мектеп оқушыларына ағылшын тілін тиімді оқыту мәселелеріне арналған. Мақалада коммуникативтік әдістеменің негізгі түрлері келтірілген.

Жүк тасымалдайтын контейнерлердің болашағы

Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің компьютерлік үлгіленуі

Мақалада компьютерлік үлгіні жетілдіру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталған, оны жеке өрт қауіп — қатерін есептеу және өрт сөндіру жоспарларын дайындау үшін өрт қауіпсіздігі мамандарын дайындау процесінде одан әрі дамыту және қолдану жолда...

Кіші мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері келтіріліп, олардың бала өмірінде қандай маңызға ие екендігі айтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық мұраларымызды бала бойына ерте жастан сіңіртіп, оның өмірінде өшпес із қалды...

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады...

Мырзағали Дәрібаевтың «Көклен батыр» драмасы

Мақалада қарақалпақ ұлттық драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи тақырыпқа жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, ш...

Табиғи кремнийлі жынысты опокаға негізделген көбікті шыны синтезі

Бұл мақалада көбікті шыныны синтездеуде негізгі компонент ретінде шөгінді тау жыныстарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Осы мақсатта жұқа түйіршікті құрылымы және полиминералды құрамы бар Тасқала кен орнының опокасы негізінде тәжірибелік үлгілер с...

Задать вопрос