Алаштың ақиық ақыны – Мағжан Жұмабаев | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Хасен, Мурат Абдирахманулы. Алаштың ақиық ақыны – Мағжан Жұмабаев / Мурат Абдирахманулы Хасен, Г. М. Абилкасов, П. Ю. Гладких, А. Т. Еслямова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 32-34. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42724/ (дата обращения: 26.04.2024).



Кезінде заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов,қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев туралы өзінің естелігінде: «Қазақ жазушыларынан,әрине,Абайды сүйемін... бұдан соң Мағжанды сүйемін.Европалығын,жарқыраған әшекейін сүйемін» – деп Мағжан өлеңдерін өте жоғары бағалаған [1].Мағжан Жұмабаев – ХХ ғасырдың басында Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын көш ілгері дамытқан,өлең өнеріне көптеген өзгерістер,жаңалықтар енгізген көркем сөз шебері,халқымыздың азаптан өмір кешкен қайраткер ақыны. Мағжанның ақын болып қалыптасу кезеңі қазақтың ұлттық ояну,демократиялық мәдениетінің өсіп – өркендеуі, қазақ интелегенциясының қалыптасу кезеңімен тұспа-тұс келеді.Мағжан әлемінің көкжиегі тым алыс. Оны қазіргі қолда бар өлеңдерін,прозасын оқып қана «білдім,таныдым, көз жеткіздім» деп жылы жауып қоя алмайсыз [2, 219].Мағжан тағдырын зерттеген кезімізде бір шындыққа көз жеткіздік-деп жазады қаламгер Д.Досжанов. «Қабырғаға орнатылған болат серіппені бергі басынан қос қолдап ұстап, ілгері итеріп, сыққан сайын кері тебу әсері күшейе түсетіні кәміл.Сығу күші артқан асйын кері тебу,серпімділік күші де орасан зораяды.Мағжан тағдыры сол болат серіппе секілді. Оның ақындық таланты қаншама шиыршық атып,серпімділігі,сөз құдыреті күшейген сайын оған қарсы әсер ететін жаулары көбейе берген. Қабырғаға жаншып сыға түскен.Мағжанның әрбір өлеңі,жаңа шыққан жинағы –жаңа қарсыластардың мол шоғырын туғызған» [2, 220].

Мағжан Жұмабаев сөз қасиетін бойына мол сіңіріп,маңдайы жарқырап туған бірегей тұлға бола тұра тағдыры тым ащы,олқылы-толқылы, көлеңкелі бұлттай Сарыарқаның үстіне сыймай өткен сезім сиқыры еді. Өлеңін оқыған жұрт алыстан аһ ұрып,бір көруге құмартып,қасиеттеп жатса маңайына келген дос-жаран «ұлтшыл,жасырын ұйымға бас қосқан алашордашыл, Жұмабаевшыл» деген, сөзден қашып өз басын аулақ әкеткенше асыққан.Жұмабаев бір жағынан тартылыс күші зор планета секілді, екінші жағынан қасына келгенді әлгідей тағдыр тәлкегіне,зұлмат зобалаңына салып күйдіріп –жандырып жіберетін Шолпан планетасының үсті секілді сезіледі. «Мағжан» десе сол заманның адамдары ыстық ұрттағандай болатыны бекер емес.Ақынның замандасы Жүсіпбек Аймауытов 1923 жылы Ташкентте оқитын қазақ студенттерінің алдында «Мағжанның ақындығы туралы» деген лекция-баяндама жасайды.Бұл кезде Жүсіпбек 33 жаста, Мағжан 30 жаста болатын. Қазақ айтатын «бір-біріңді жаттай сыйла,жат жанынан түңілсін» дегендей,осы кезде отыздың ол жақ- бұл жағында жазушылар арасында бірін-бірі терең танып, жалпақ жұртқа жария етіп жар салып жатқан жақсы дәстүр болатын...бір-бірімізді Жүсіпбекше,Мағжанша танып-біліп жүрміз бе... дегенсауалға көңіл шіркін кібіртіктей береді,бұл заманда жақсыны көретін көзден гөрі жаманшылық іздейтін ілікшілер қарасы мол секілді. Сол 33 жастағы Аймауытовтың сөзін келтірейік. «Қазақ әдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес,орыстың бейнешілдігін қазаққа аударды,өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды [3]. Романтизмді күшейтті,тілді ұстартты.Мағжан терең ойдың ақыны емес,нәзік сезімнің тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны».

Мағжан Жұмабаев ескіше құжаттарда Ақмола губерниясындағы Ақмола уезінің Полуден болысында,осы күнгі Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданына қарасты Мағжан атындағы совхозда 1893 жылғы 25 маусымда ауқатты, болыс семьясында дүниеге келеді.Мағжанның әкесі Бекен 1868 жылы Сасықкөл басында дүниеге келген,жеті ұл,екі қыз өсірген, ел ішінде «қасқырдан тараған ұрпақ»деген аңызға ие болған, аса өжет, қайсар кісі екен [2,232]. Ұлдары да шетінен алғыр,еңбекқор,өр болып өседі. Жұмабай ақсақал үш жасар Мағжанды бірде алдына алып отырып: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады»,-деп батасын беріпті. Аулына келіп бала оқытқан Ақанов Ахиетден есімді башқұрт жігіті баланың зеректігіне, қағазға құмарлығына таң қалып: «Бүгіннен бастап,Мағжан, сен де менің шәкіртімсің»,-деп көтеріп алып ең алдыңғы орындыққа отырғызыпты. Бұл Мағжанның төрт жастағы кезі екен. Башқұрт мұғалімі өз шәкірттеріне негізінен әдебиет пен шығыс тілдерін үйретеді,анда-санда есеп пен жағырафияны оқытады,қолына түскен қисса,дастанды балаларға жаттата береді. Баласының оқуға деген ынта,зейінін таныған Бекен көп ұзамай Мағжанды Қызылжар қаласына апарып ондағы төрт жылдық мұсылманша медресеге береді,бұл медресені бала шәкірт жақсы бітіріп шығады. Бұл медресеге Стамбул қаласындағы Түрік университетін үздік бітірген, Қызылжардан«Шалақазақ медресесі»деген білім ордасын ашқан аса білімді Бегішов Мұхамеджандеген кісі сабақ береді. «Шалақазақ медресесін»бітіріп шыққанда Мағжан 17 жаста еді. Әрі қарай оқығысы келеді. Уфа қаласына білім іздеп жеткен заманда ондағы әйгілі «Медресе – Ғалияда»Сәлімгерей Жантөрин,татардың ұлы жаушысы Ғалымжан Ибрагимов сабақ береді екен;шәкірттер ішінде Біләл Сүлеев, Зейнелғабиден Иманжанов, Бейімбет Майлин дәріс алып жүр,солармен танысып,кейінгі өмір жолында кірбіңсіз,қимас достар болып өтеді. Мағжан әуелі осынау жоғары білім ордасында оқиды. Көп ұзамай медресенің аға мұғалімі Ғалымжан Ибрагимов: «Мағжан, мұнда сен оқитындай оқу жоқ, сен бәрін біліп,зердеңе оқып үлгеріпсің, білімнің жолын басқа жерден ізде», деп кеңес айтады. Сол ақылды, суреткер жазушы Ғалымжан Ибрагимов көп ізденіп,көмектесіпжүріп 1912 жылы Қазанда Мағжанның тұңғыш өлеңдер жинағы «Шолпанды» бастырып шығартады.Содан кейінгі ұстазы ірі ағартушы,ақын Дулатов Міржақып болады, ол шәкіртіне орыс тілін, орыс әдебиетін үйретеді.1913 жылы Мағжан Омбыға келіп, ондағы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.

«XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген еңбегінде Сәбит Мұқанов М.Жұмабаевтың творчестволық мұрасына мынадай баға береді: «Ақындық жағына келгенде Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ».

Қорыта айтсақ, ақындық жолдың бірінші кезеңінде М.Жұмабаев өзінің бетін әжептәуір айқындаған, алдыңғы дәстүрді игере келе, жеке дара үнін де сездіре бастаған суреткер ретінде танылады. Тіпті кезінде «Шолпан» жинағы бойынша ақын әлі толыспаған деп тұжырымды пікір айтылса да, М.Жұмабаев сол өлеңдерінде ақ қазақ әдебиетіне ерекше дарын келгенін паш етті. Мағжан Жұмабаев поэзиясының ерте қанаттануына орыс әдебиетінің үлесі мол А.Пушкин, М.Лермонтов, А.Фет, К.Бальмонт, А.Блок, М.Горький қазақ ақынының соншалық сүйіп, ғибрат алып оқыған ақын жазушылары.

1924 жылдың 29 июні Мағжан өмірі мен творчествосындағы жаңа кезең басталған күн іспетті. Бұл күні Ташкенде шығатын «Ақ жол» газетінде ақынның советтік платформаға біржола көшкеніне, жаңа реализм арнасына бет бұрғанына бұлжымас айғақ «Қызыл жалау» өлеңі жарық көрді.

«Қызыл жалау» сол кезде В.Маяковский, Хамза Хакимзаде Ниязи, С.Сейфуллин дәстүрі бойынша сөзін қалың бұқараға арнап сөйлейтін жалынды шешен бейнесін көз алдыңа әкеледі. Жанры публицистикалық өлең. Басы қарабайыр тұрмыс деталінен басталады да («Іш, ішіңдер, Бұл қымыз») күрт сұрақ қойылады: «Жалындай жалау кімдікі?» Осы сұрақ еселеп қайталанған сайын, қазақ халқының тарихы әр кезеңінен елес беріп өтеді. Өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолыңда аянбай күрескен шағы еске алынады.Адамдар дүние есігін ашқаннан бері қоршаған ортаға әсер ету үшін қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын зер сала зерттеп, тынымсыз тануда. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабасын аямауға тиіс. Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал.

Бір кезде:

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың.

Жауызтағдыржойдыбәрін не бардың...

Алтын күнненбағасызбірбелгі боп,

Нұрлыжұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» – деп жырлаған ұлы Мағжан ақынның жүрек сөзінен ана тіліміздің шексіз бай, мәңгілік екені көрінеді.

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Қазақ әдебиеті-газеті.1993.13 тамыз.
  2. Досжанов Д. «Абақты» – Алматы: Қазақстан,1992 ж.
  3. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы»; Жұмабаев М., Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989.


Задать вопрос