Қазақстанға сатудан түскен салықты енгізудің мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №16 (150) апрель 2017 г.

Дата публикации: 11.05.2017

Статья просмотрена: 17 раз

Библиографическое описание:

Байтасова, А. Б. Қазақстанға сатудан түскен салықты енгізудің мәселелері / А. Б. Байтасова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 13-14. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42679/ (дата обращения: 16.12.2024).



Салық салу бойынша қазіргі таңда ҚҚС-ын сатудан түскен салыққа ауыстыру мәселесі актуалды болып отыр. Сатудан түскен салықты енгізу мақсатының басты бағыттары жалған кәсіпкерікпен күресу болып табылады. Бұл салықтың іс әрекеті өндірілген өнімдердің көлеміне тікелей тәуелді болады. Яғни, әртүрлі салық төлеушілердің категориялары бойынша салық мөлшерлемесі қаржылық-шаруашылық іс әрекеттерінің нәтижесіне байланысты болады.

ШОБ субьектілері сатудан түскен салық әділ емес, тұрмыс деңгейі орташа халыққа ауыртпалық әкеледі деген пікір білдіреді. Ал мемлекеттік мекемелер өкілдерінің ойынша СТС бұл салық онай реттеледі және жинақтауы бойынша шығынға әкелмейді сол себепті мемлекет үшін тиімді. Салық төлеу іс шарасы салықтық органдар үшін емес салық төлеушілерге ынғайлы болуы керек. Осыған айқын мысал келтірейік: өндіруші тауарды сатады (егер өндіруші ҚҚС-тан босатылса, ол өзінің үстемесін ғана қосады). Әрі қарай тауарды делдал улкен көтермемен сатып алады және тауар құнына үстеме мен сатудан түскен салық қосылады. Тауар тағыда сатылымға түседі және оған тағы сатудан түскен салық қосылады осылай жалғаса береді. Яғни, қозғалыс кезінде тауар құнына салық қосыла береді бұл оның құнының жоғарылауына алып келеді. СТС тауар қозғалысы кезіңде қалыптасады.

Осылайша, ШОБ субьектілеріне СТС енгізілген жағдайда оның тауарына деген баға өсіп, сату-сатып алумен айналысу мүмкін болмайды. Бұл жағдайда ШОБ ұйымдастырған жұмыс орындары жоғалып, бюджетке түсетін салық мөлшері азаяды. Бұл ел басының жолдауында айтылған ШОБ субьектілерін қолдау деген принципині қарсы шығады.

ШОБ- кез келген дамыған мемлекеттің негізі. Сатудан түскен салықты енгізген жағдайды өндірістің толық циклі бар ірі компаниялар ұсақ өндірушілерден алдыда болады.

Сатудан түскен салық — бұл тауар құнына, жұмыстар мен қызметтерге пайыз түрінде тауар құнына немесе сату орнында көрсетілген баға құрамында болатын салық. Бұл тауарды сатып алғанда сатып алушыдан ұсталынып қалатын салықтың бір түрі. Мысалы Ресейде бұл салық түрі екі рет енгізіліп соңында алынып тасталды. Бірінші рет 1991 мен 1992 жылдар аралығында, ал екінші рет 1998 бен 2004 жылдар аралығында. Осыған байланысты неге бұл салық түрі алынылып тасталғанын зерттеу керек және бұл салық бойынша қандай қиындықтар болғанын қарастыру қажет. Бұның себептерінің бірі салықтың аз жиналуы болды — 30 % көлемінде. қазіргі таңда әлем бойынша сатудан түскен салықтан әмбебап қосылған құн салығына көшу тенденциясы байқалады.

Қосылған құн салығы жуықтап алғанда әлем бойынша 20 % салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді және әлемнің 140 елінде қолданылады. Алайда АҚШ сатудан түскен салықты сақтап қалды. Сатудан түскен салық соңғы тұтынушыға тауар сатқанда немесе қызмет көрсеткенде ғана алынады. Осыған қол жеткізу үшін, соңғы тұтынушы болып табылмайтын, сатып алушы сатушыға оның тауарды қайта сату мақсатында алып жатқаның дәлелдейтін «қайта сату сертификатын» көрсетуге міндетті. Бұл жағдайда салық сертификаты жоқ әрбір сатып алушыдан алынады.

Шет елдерде салықтың манызды сипаттарының бірі оның тұрақтылығы мен салықтан жалтару болып саналады.

Біздің елімізде өндірушілерді ынталандырып отыру қажет, себебі олай болмаған жағдайда әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік төмендейді. Сонымен қатар сатудан түскен салықты енгізу кезінде импортқа шығатын тауар құны да көтеліретінің айта кеткен жөн. Егер де СТС-ті ҚҚС-пен қатар қолдануды ұсынса, онда импортқа салық көлемі 17 % -ға тең болады (12 % ҚҚС, 5 % сатудан түскен салық). Өндірістік қажеттіліктерді импортқа шығаратын субьектілері құны көтерілмеген ҚҚС төлесе бұл бағаның көтерілуіне әкеледі. Конституция бойынша ШОБ субьектілері өз құқықтарын пайдалану арқылы салықтық жүктеме артқанда жалдамалы жұмысшыларын босатып, өздері жалдамалы жұмысшыға көшеді. Бұл жағдайда жұмыссыздық көлемі артып мемлекет бюджетіне түсетін салықтың мөлшері едәуір азайады. Қылмыстын да жұмыссыздар тарапынан жүзеге асатының айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, сатудан түскен салық түрі енгізілгенде ауылдық жерлер тұрғындары зардап шегеді. Ірі өндірушілер өз тауарларын қалада делдалсыз сата алады. Ал ауылдық жерлерге тауарды делдалсыз ұсыну мүмкін емес. Тауарлар ауылға жеткенге дейінгі әрбір бөлімдегі делдалдар 5 % салық төлейді, соңында тауар ауылға қалаға қарағанда жоғарғы бағамен жетеді.

Сатудан түскен салықты енгізу кезінде көлеңкелі экономика көлемі артады. Салықтан жалтару үшін кәсіпкерлер әр түрлі схемаларды ойлап таба бастайды, әсіресе өндеу мен сатудын екінші-үшінші кезеңдерінде. СТС-тің келесі кемшіліктерін айта кеткен жөн:

1) «үстеме қосатын» делдалдардың азаюы немесе жоғалуы;

2) Салық төлеушілерге салық ауыртпалығының тең бөлінбеуі;

3) Сатып алушының статусын тексерудің қажеттілігі (сонғы тұтынушы ма жоқ па);

4) Салық төлеуден жалтарудың мүмкіншілігі.

СТС салығы енгізілген жағдайда, қойылған мақсаттарға жетудің мүмкін еместігі туралы әр түрлі пікірлерге қарамастан, халықтың көнілін тыныштандыру үшін СТС енгізілегннен өмір сүруге қажетті ақшасыз қалатын ШОБ субьектілері үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар несиесі бар ШОБ субьектілеріне қаржылық қолдау көрсету керек.

ҚҚС-ын сатудан түскен салықпен алмастыру салық органдарының жаңа салықты енгізу мен қадағалуына дайындығы және салықтың төленуі бойынша тәуекелдерге тап болады. Керісінше ҚҚС-ын жетілдіру бойынша заңдық іс шаралар өткізу, оның ішінде оны алу мен төлеуді жақсарту қажет.

ҚҚС-ын сатудан түскен салықпен алмастырмай тұрып, бұл салықтың негізгі көзі не екенің анықтап алу қажет, бұл қазір көрсетілсе де анық емес болып тұр.сатудан түскен салықты енгізу үшін келесілер қажет:

1) Сатудан түскен салық бойынша обьектілерді анықтау қағидаларын белгілеу;

2) Сатып алушының статусын анықтау (соңғы тұтынушы немесе соңғы тұтынушы емес);

3) Сатудан түскен салықтан жалтаруды болдырмау жолдарын қарастыру;

Бірақ ҚҚС-да бірнеше кемшіліктерге ие және оларды жою үшін келесі іс шараларды жүзеге асыру қажет:

1) Шикізаттарды емес, дайын тауарларды экспортқа шығаруды қолдау үшін ҚҚС-ын қайтару шараларын қайта қарастыру;

2) Бизнес жүйелеріндегі маңыздылығына қарай ҚҚС-ның дифференциаланған ставкасын енгізу;

3) ҚҚс бойынша көлеңке бизнеске жол бермеу шараларын ұйымдастыру және қаталдандыру.

Қазір салықтаң жалтару мен жалған құжаттар ұсыну арқылы бюджет миллиардтаған шығындар тартуда және жыл сайын бұл көрсеткіш артып елдің экспорттық қарызы артуда. Бұл жағдайда негізгі мәселе ҚҚС-ын қайтару болып саналады, яғни, экспорттаушыларға салықты жиі қайтарып беру.

Экспорттаушыларға қайта төлеу — қосылған құн салығының тиімсіз қағидаларының бірі. Бұл экспортаушыға оның шаруашылық жүргізгенде төлеген барлық ҚҚС мөлшерін қайтарып беру. Яғни экспорттаушылар үшін нольдік ставка қағидасы осыдан көрініс табады.

ҚҚС-ның қайтарылуын азайтқан жағдайда ШОБ субьектілерін өз еркімен салық төлеуші болатындай ынталандыру шараларын жүргізу мүмкіндігі пайда болады.

Айта кететін жайт, ҚҚС қайтару төлемдерін азайтқан жағдайда, ҚҚС-ын дифференциялау механизимін де қайта қарастыру қажет болады.

Шет елдік диференцияланған ҚҚС ставкасына көшу тәжірибесіне сүйене отырып, ҚҚС ставкаларын салалардың маңыздылығына қарай 0 %-12 % белгілеу керек.

ҚҚС-ын СТС-қа ауыстыру әлемдік экономика нарығы мен біздің еліміздің әлемдік экономикаға қатысуының артып жатқан кезінде өте күмәнді іс шара деп санаймын. Сол себепті бірінші әр түрлі талдаулар жүргізіп, шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, халыққа да, мемлекетке де, әсіресе кәзіргі уақытта халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған бизнес өкілдеріне де тиімді болатындай және осы үштіктің ешқайсысы зардап шекпейтіндей осы мәлеленің түйткілін шешкен жөн.

Әдебиеттер:

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (01.01.2017 жағдай бойынша өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге) // http://online.zakon.kz
  2. Скала В. Бухгалтерлік есеп және Қазақстан аудит, бухгалтерлік есеп және салық саясатын, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін нормативтік-құқықтық база. — № 1–2015. — С. 14–19.
  3. Муслимов С. Файл бухгалтерлік арнайы экономикалық аймақтардың және салық әкімшілігі қызметіне өзгертулер. — № 3–2015. — P. 3–8.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, СТС.


Задать вопрос