Биология сабағында экологиялық білім берудің маңызды міндеттерінің бірі шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, олардың білімді өз беттерінше меңгеру және оны өз тәжірибелерінде пайдалану қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті орындау үшін оқыту әдістемесін жетілдіру қажет. Мектеп тәжірибесін таладау барысы көрсетіп отырғандай, оқушыларды оқытуда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін экологиялық мазмұндағы танымдық тапсырмаларды пайдалану тиімді. Олар оқулықта және түрлі танымдық құралдарда көп кездеспейді. Мұғалімдердің көпшілігі оқушыларға экологиялық мазмұндағы танымдық тапсырмаларды шешу тәсілдерін үйретуге және оларды өздері құрастыруға дайын болмайды. Бұл оқушылардың көптеген биоэкологиялық заңдылақтардың ролін түсінбейтінін, оларды сабақта қарастырылатын көптеген дәйектер мен биологиялық құбылыстарды түсіну үшін пайдалану қажеттілігіне мән бермеу деген сөз.
Егер оқушы қойылған мақсаттарға жетуге шешімді өз бетінше таба алатын болса, онда ол оқу процесінде субьект ретінде қатыса алады. Тапсырманы ғалымдар адам әрекетін ұйымдастырушы, оны бағыттаушы бастама ретінде қарастырған. Оқу үдерісінің оқушылардың дамуына әсер етуі көбіне оның орындалатын материалдары қандай болатынына, олардың қалай қойылып қабылданатынына және оларды шешуде қалай, қандай шешімдерін оқушының игеретініне байланысты.
Егер тапсырманың мазмұнына белгілі бір түрде құндылықтылық компонент кіргізілсе, онда соған сәйкес тапсырма «адам әрекетінің бүркемелі сызбасы» ретінде (В.В.Краевский) оқудағы тұлғалық-бағытталған ситауция негізін құрайды [1]. Тапсырманың маңызды сипаты – оның проблемалы болуында.
Биоэкологиялық тапсырмаларды бірнеше түрге сәйкес құрастыруға болады. Мысалы, теориялық тапсырмалар құбылыстарды зерттеудегі заңдылықтардың орнын, дәлелін болжайды.
Теориялық тапсырмалардың мысалдары: |
|
|
|
Шабылған және күннен оңып кеткен жерде жасыл және сұр шегірткелер өмір сүрген. Құстар барлық жасыл шегірткелерді аулап жеп қойды. Неге сұр шегірткелер тірі қалды? |
|
Биологиядан практикалық сипаттағы таным тапсырмалары тәжірибе өткізу қажет болған кезде қолданылады.
1.Өсімдік ұлпасын микроскоптан қараңыз. Қандай ұлпа екенін анықтаңыз. Ұлпа түрін анықтау кезінде оның белгілерін, оның өсімдіктегі орнын көрсетіңіз |
|
2.Бір тұқымды 5000 қайың жемісі 1 г-дай болады. 1 га орман жеріне 150кг қайың тұқымын себеді. Осы кездегі себілген жеміс санын анықтаңыз. |
|
Эксперименталды тапсырмалар – эксперимент жүргізуде теориялық және практикалық әрекеттерді талап етеді. Оны шешу үшін оқушылар болып жатқан құбылысты талдап, тапсырманы орындауға мәліметтерді тауып, керекті әрекет жасау қажет [2].
Эксперименталды тапсырмалар мысалдары: 1. Тәжірибеде жапыраққа вазелин жақты. Күнмен жақсы қамтылғанмен, онда қоректі заттар жасалмады. Зерттеу нәтижелерін түсндіріңіз. 2.Келесідей зерттеу жүргізіңіз. Бір жерге жаздық бидайдың үлкен дәндерін, басқа жерге майда дәндерін егіңіз. Осылайшы олардың өсуіндегі айырмашылықтарын салыстырыңыз және оларлың бойы қандай – бірдей ме немесе әр түрлі ме. Мүмкін болатын нәтижені болжап көріңіз.
Репродуктивті тапсырмалар – оқушылардан оларда бар білімді жаңғыртуды талап етеді және көбінесе материалды бекітуге қолданылады [2]. Репродуктивті тапсырмалардың мысалдары: 1.Крахмалдың жапырақтың тек жасыл бөлігінде жасалатынын қандай зерттеумен дәлелдеуге болады? 2. Судың қайнауы және салқындауы кезінде не себепті бактерияларды өлтіруге болмайтынын түсіндіріңіз.
Продуктивті тапсырмалар оқылған заңдылықтарды жаңа жағдайға ауысуын болжайды.
Продуктивті тапсырмалардың мысалдары: |
|
|
|
|
|
Әдебиет:
- Краевский В.В. Педагогическая теория: Что это такое? Зачем она нужна? Как она делается? - Волгоград: Перемена,1996. - 210 с.
- Познавательные задачи по биологии: учебное пособие [Электронный ресурс] – Электрон. дан. / Краснояр. гос. пед. ун-тим. В.П. Астафьева. – Красноярск, 2013. – 179 с.