Арал өңірі жағдайында арпа дақыл өніміне әсер етуші агроэкологиялық факторлар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Жуматаева Ж. Б., Тауипбаев Б. Т., Зиятбеков Б. Т. Арал өңірі жағдайында арпа дақыл өніміне әсер етуші агроэкологиялық факторлар // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 19-22. — URL https://moluch.ru/archive/141/39725/ (дата обращения: 16.10.2018).

Жерді мелиорациялау нәтижесінде Арал өңірі егіншілігі интенсивті дамыған өлкеге айналды. Күріш және дәнді дақылдарды өсіру мен жинаудың барлық процестерін механикаландыруға мүмкіндік беретін инженерлік жүйелер жасалынды. Ал арпа негізінен осы күріш ауыспалы егісінде өсіріледі. Өсіру технологиясын қатаң сақтаған жағдайда арпа жоғары (25-30 ц/га) өнім алуға болады.

Арпадан жоғары өнім алу – аймаққа келіп түсетін фотосинтетикалық белсенді радияция (ФБР) мөлшеріне, қолайлы ауа райына, оптимальды дозада берілген минеральды тыңайтқыштар мөлшеріне, қолайлы агротехникада өсірілген арпа сорттарының биологиялық өнімділігіне байланысты (1-сурет).

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, арпа дәнінде жинақталған крахмал мен белок дақылдың масақтану фазасынан кейінгі фотосинтез процесінде пайда болған органикалық заттар. Осыған сәйкесарпаның гүлдену фазасынан кейінгі фотосинтездеуші жүйені екі бөлікке бөлуге болады: Синтездеуші (ассимиляттардың пайда болу көзі) және қорға жинаушы жүйелер.

Синтездеуші жүйеге арпа жапырақтары, хлорофилі бар жасыл түсті басқа мүшелері (сабақ буынаралықтары, жапырақ қынабы, масақ, оның қылтығы) жатады. Тыңайтқыштар оптимальды мөлшерде болып, оны бөлшектеп берген жағдайдағы агроценозда (егістікте) өнімді (масақты) сабақтар саны көбейеді, әрбір сабақта жоғарғы (бірінші), екінші буынаралықтары ұзарып, жапырақ алаңы ұлғаяды. Нәтижесінде фотосинтездеуші потенциал мөлшері артады.

Арпаның органикалық заттарды қорға жинаушы органы – бұл дән. Жоғары өнім құрауда әрбір дәннің қоректік заттарды сіңіргіш (аттракциялаушы) қасиетінің ролі үлкен. Аталған екі жүйенің және өнім мөлшерін анықтаушы басқа да физиологиялық процестер агроэкологиялық факторлармен өзара тығыз байланысы нәтижесінде мол әрі сапалы өнім қалыптасады (1-сурет).

Арпаның өсу дәуірінің әртүрлі фазаларында дақыл белгілі бір морфофизиологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан арпа дақылы бір фазадан екінші кезеңге ауысқанда,жылуға, ылғалға, минералды қоректену жағдайында және басқа да агроэкологиялық факторларға талабы өзгереді.

Осыған сәйкес, өз зерттеу нәтижелеріміздің ғылыми-зерттеу мекемелері мен озат тәжірибе жетістіктері тұжырымдау негізінде арпаның жоғары әрі сапалы дән өнімін қалыптастырушы агроэкологиялық, технологиялық факторлары мен морфофизиологиялық ерекшеліктері анықталды (1-кесте). Арпа топырақ құнарына талғампаз дақыл. Бірақ, күріш өсіруші аймақтарда топырақ құнарлығын арттыру негізгі проблеманың бірі. Шаруашылықтарда бұл проблеманы шешу ауыспалы егісті игеру барысында іс жүзіне асады.

Сурет 1. Арпа дән өнімінің қалыптасуы барысындағы негізгі физиологиялық процестер мен агроэкологиялық факторлардың өзара байланысы

Өйткені, ауыспалы егіс танаптарында өсірілетін көпжылдық шөптер (жоңышқа, түйежоңышқа) көп мөлшерде (12-18 т/га) тамыр, сабақ, жапырақ (яғни аңыздық) қалдықтарын қалдырып, топырақты органикалық заттармен байытады. Арпа ауыспалы егісте күріштен кейін орналастырылады. Өйткені, күріш аңызындағы ылғал қоры арпаның өсіп дамуының алғашқы ксзендеріне толық жетеді.

Арпа егісі өнімі – өсімдік генотипіне әсер етуші топырақ - мелиоративтік, агротехникалық, инженерлі-техникалық, ұйымдастыру және экономикалық жағдайлар мен экологиялық факторлардың тығыз байланысы негізінде құралады (1-сурет, 1-кесте).

Кесте 1

Арпаның жоғары әрі сапалы өнімін қалыптастырушы негізгі агроэкологиялық, технологиялық және морфофизиологиялық факторлары

Агроклиматтық факторлар өсу дәуірі кезіндегі ауа райы

Агроклиматтық факторлар өсу дәуірі кезіндегі ауа райы

Топырақ-мелиоративтік жағдайлар Топырақ түрлері, құнарлылығы, тұздылығы,

Топырақ-мелиоративтік жағдайлар Топырақ түрлері, құнарлылығы, тұздылығы,

қоректікзаттар мөлшері

қоректікзаттар мөлшері

Агротехникалық факторлар

Ауыспалы егістегі орны, алғы дақылдар

Топырақөңдеу

Тыңайтқыштар мөлшерін, енгізу мерзімі,

тәсілдерін оптимизациялау

Суарурежимінжетілдіру

Себу мерзімі, мөлшері, тереңдігі, тәсілдері

Егісті күтіп-баптау, үстеп қоректендіру,

арамшөптермен күресу

Жоғары өнімді егістің

(агроценоздың) параметрлері мен

сипаттамалары

Көктепшыққанөсімдіктер саны 260-280 дана/м2

Ору алдындағыөсімдіктер саны 240-260 дана/м2

Масақтысабақтар саны 600-650 дана/м2

Түптенуі 2,50-2,64 өсімдік/дана

Әрбірмасақтағыдән саны 20,8-28,5 дана/м2

Әрбір масақтағы түскен дән салмағы 0,85-1,08г.

Мыңдәнсалмағы 33,4-40,8г.

Дән өнімі 35,6-39,8 ц/га

Белок 12,5-12,8%

Клейковина 22,0-28,0%

Ал, агротехникалық факторлар ішінде арпа тұқымының жаппай көктеп шығуына, жақсы өсіп дамуына топырақты мұқият өңдеудің әсері үлкен. Күріш егісін жинап алғаннан кейін (қыркүйектің екінші онкүндігі) 25-27 см терендікте топырақ жыртылады. Содан кейін көктемде тоң кесектер майдаланылады, топырақ қопсытылып, шашылған тыңайтқыштар топыраққа мұқият енгізіледі, атыз беті тегістелінеді. Тегістелінген атыз бетіне шашылған минералды тыңайтқыштарды сіңіру үшін топырақ 16- 18 см тереңдікте отвалсыз соқамен айдалады немесе БДТ-7 дискелерімен дискіленеді немесе аудармалы жабдықтары бар культиватор-чизельмен (КЧН-4,0) өңделеді. Сосын рельсті тырмамен тырмаланады, әрі тегістелінеді, тоң кесектер майдаланылады. Минералды тыңайтқыштар мөлшеріне арпа сезімтал, қайтарымы мол дақыл. Бұл дақылдың жоғары өнімділігін анықтаушы негізгі факторлар: сорт – NPK – гидротермиялық коэффициент (ГТК) және олардың өзара байланысы. Күріш ауыспалы егісінің танаптарында өсірілген арпа егістігіне себу алдында N90P90 кг/га дозасында тыңайтқыштар енгізу және азот тыңайтқышымен N30 кг/га мөлшерінде үстеп қоректендіру дақылдың түптеуін күшейтеді, пайда болған жанама сабақтардың түбінде қосалқы тамырлар пайда болып, олардың жақсы өсіп, бас сабақтан қалыспай синхронды дамуына жағдай жасалынады. Егістіктегі арпа дақылының масақтар сабақтар саны артады, олардың буынаралығы ұзарып, әрбір сабақтағы жапырақтар көлемі үлкейеді. Ал, бұл жоғары сапалы өнім құраудағы негізгі фактор. Масақтану фазасында, яғни кеш берілген азот N30 тыңайтқышымен үстеп қоректендіру арпа егісі өнімін арттырмайды, бірақ дәннің жақсы толысуына әсері бар. Тұқымды себудің ең тиімді әдістемесі – тарқатарлы және қарама-қарсы себу тәсілдері. Күріш ауыспалы егісі жағдайында арпадан жоғары өнім масақты (өнімді) сабақтар саны 600-650 дана/м2 болғанда алынады (1 кесте). Өндірістік жағдайда мұндай агроценоз 144 (егіс) 4-5 млн. дана/га шығымды тұқым себіліп, N90P90+N30 кг/га тыңайтқыш берілгенде қалыптасады.

Әдебиет:

  1. Байрақымов С. Жемшөп өндіру. – Алматы, Қайнар, 1992. - 224 б.
  2. Турбин Н.В. Биология и сельское хозяйство // Новое в жизни, науке и технике. Серия биология. – 1978. – С. 64.
  3. Қалекенұлы Ж. Өсімдікті физиологиясы. - Алматы, 2004. - 456 б.
  4. Кенесарина Г. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. – Алматы, Мектеп, 1988. - 215 б.
  5. Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов А.М., Шермағанбетов К. Зерновые культуры // Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области (Рекомендации) – Алматы, Бастау, 2002. – С. 123-149.
  6. Таскинбаев Р.Ж. Селекционно – генетические и биотехнологические аспектые в создание высокопродуктивных форм ячмени: автореферат. – Алматы, 2007. - С. 25.
  7. Аубекеров Т.А., Жұмағұлов Ж.Ж. Өсімдік шаруашылығы және селекция. –Алматы, Қайнар, 1988. - 232 б.
Основные термины (генерируются автоматически): арпа, NPK, Алматы, дан, мена, сан.

Похожие статьи

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Оларға: жұмсақ бидайдың – Көже бидай, күріштің –Дұнған-салы, Қазақы-салы, арпаның – Унумли-арпа, жуаның Каратальский сорттары және т.с.с. жатады.

Алматы, 2003.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Павлодар, сорт. Похожие статьи.

Анализ химического состава воды термального источника...

В данной местности насчитывается приблизительно 140 таких источников. Известно, что множество миллионов лет назад неподалеку от Алматы находился большой вулкан.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

- Алматы, Өлке, 2001. Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Мал азығын дайындауды механикаландыру мен ағынды...

Бірінші суретте келтірілген екінші және үшінші технологиялық желілер тек қана шөптің ылғалдығы 30% дан аспаған кезде ғана қолдануға болады.

Алматы, 2004. – 30 с.

Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

- Алматы: Жазушы, 2004.

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Историческое и культурное наследие казахстанского участка...

...культуры, петроглифы Ешки-Ольмес и Арпа-Узень, палеолитический и геоморфологический

Ученые ставят данные памятники в один ряд с лучшими образцами мировой культуры.

Алматы: Общественный фонд «Азиатско-Американское партнерство, 2009. Флек Анатолий.

Саяси-демографиялық қауіпсіздіктердің қатерлері, тиімділіктері...

Сан алуан сенімдердің күресі мен бәсекелестігі аясында, шынайы, өміршең, өзіміздің ұлттық тарихи танымымызға, болмысымымызға, ділімізге сәйкес келетін дінді жаңғырту мүмкіндігі ашылды.

Алматы, 2015.

Современные транспортные магистрали Великого шелкового пути...

В данной статье приведены сведения о роли и значении транспортных коммуникаций

Другой проект —железнодорожное сообщение Ташкент — Алматы — Талдыкурган

Ещё один проект — Андижан — Ош — Арпа — Торугарт — Кашгар (Узбекистан-Кыргызстан-Китай).

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос