Монтессори әдістемесі мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға бейімдейді | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Монтессори әдістемесі мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға бейімдейді / Айнур Бакытбайкызы, А. Г. Калмырзаева, Н. А. Казыбаева [и др.]. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7.1 (111.1). — С. 6-9. — URL: https://moluch.ru/archive/111/28189/ (дата обращения: 18.11.2024).



Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабі¬летін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады .

Білім беру мекемелеріндегі қарапайым оқыту әдістемесі келесіден тұрады: «Біз ... алдымен бізді қызықтыратын зат жайында айтамыз, - деп жазады М.Монтессори, - оқушы түсінген кезде, біз осы затқа қатысты жұмысты орындауға мәжбүрлейміз. Оқушы оның мәнін түсінгенмен, ол өзінен талап етілетін жұмысты орындауда үлкен қиындықтарды басынан кешіреді. Себебі, тәрбиелеуде бірінші маңыздылық факторы - түйсіктердің кемелденбеуі»

М.Монтессоридің әдістемесі бойынша сезім мүшелерінің дамуы үшін баланың өзі таңдайтын, өзінің ішкі келісімі бойынша, өз еркімен қатыса алатын іс-әрекет түрлерін табу керек болады. Монтессори мектебінде бұларға итермелеуші күш ретінде баланың өзіндік дамуына ықпал ететін әртүрлі ойындар, тапсырмалар, арнайы дидактикалық материалдар қызмет атқарды. М.Монтессори мектебіндегі педагогтар әр баланың жеке ерекшелігін сақтай отырып, сонымен қатар олардың өзіндік дамуларын аса байқампаздықпен бағыттай отырып көбіне балаларды бақылаған.

Монтессори әдісінің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

1.Сенсорлық аймақ.

2. Математика-лық аймақ.

3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.

4.Тілдік аймақ.

5.Ғарыштықаймақ.

«Ақыл-ойы кем және жүйке жүйесі тозған балалардың дамуы» сияқты қарапайым әйел үшін ауыр және қайырымсыз жұмысты өз мойнына алған медицина ғылымының докторы М.Монтессори ғажайып нәрсеге тап болды: «өлі болып көрінген есуастың санасы - қайта тірілген». Т.Л.Сухотинаның айтуы бойынша «Монтессори әдістемесі бойынша тәрбиеленген ақыл-ойы кем, дамуында артта қалған болып есептелген бала, басқа қарапайым балаларға қарағанда қалалық мектептегі емтиханды өте жеңіл және еркін түрде өткен». Мұндай ғажайып нәрселер кейіннен қарапайым құбылыс сияқты қайталана бастады.

Монтессори балаларды тәрбиелеу мен дамытуда олардың жоғары қабылдағыштығы мен се-зімталдық кезеңдеріне көп бағытталған (сензитивті кезеңдер). Егер оларды баланы тәрбиелеу мен оқытуда қолданбаса, олар мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ сензитивті кезеңдер жеке болып табылады. Олар әртүрлі балаларда, әр кезде жүреді. М.Монтессори әртүрлі сензитивті кезең-дердің шегін көрсетуге тырысқан. Олардың әрқайсысының өтуі ете баяу бастаумен, жоғары интенсивтілік кезеңімен және әрдайым сезімталдықтың төмендігімен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады:

• сөйлеудің даму кезеңі (туғаннан 6 жасқа дейін);

• тәртіпті қабылдау кезеңі (туғаннан 3 жасқа дейін);

• сенсорлық даму кезеңі (туғаннан 5,5 жасқа дейін);

• кішкентай заттарды қабылдау кезеңі (1,5 жастан 2,5 жасқа дейін);

• қозғалыс пен әрекеттің даму кезеңі (1 жастан 4 жасқа дейін);

• әлеуметтік дағдының даму кезеңі (2,5 жастан 6 жасқа дейін).

Бала өміріндегі сензитивтік кезеңдермен қатар Монтессори жас ерекшелік бойынша дамуды атап көрсеткен. Олар мыналар:

• туғаннан 3 жасқа дейін - заттық-сезімдік бағдар;

• 3 жастан 6 жасқа дейін - сөйлеуге деген сензитивтілік, тілді меңгеру, көрнекі-бейнелі ойлау;

• 6 жастан 9 жасқа дейін - абстрактілі әрекеттерді меңгеру;

• 9 жастан 12 жасқа дейін - оқытудың бастапқы кезеңінің аяқталуы;

• 12 жастан 18 жасқа дейін - жоғары және гимназиялық деңгей.

Монтессори әдісітерін мүмкіншілігі шектеулі балаларға жүргізе отырып үрейлерін жеңуге байланысты жаттығулар түрлері.

Мақсаты: үрей сезімімен танысып, үрей кейпін мимика және пантомимика арқылы бейнелеу және үрейді жеңу.

№1.«Сәлем, қоян!».

Жүргізуші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге қонаққа жаңа кейіпкеріміз келді, бірақ ол қорқақ екен. Қорыққаны соншалықты тіпті тығылып қалды. Қазір мен, сендерге сол кейіп-кердің түрін келтіремін, сендер табуларың керек, жарай ма?» Жүргізуші қоянның түрін келтіреді. Балалар кейіпкерді таниды, ал жүргізуші, қоянның қалай секіретінін, қалай сәбізді жейтінін, қалай қорқатынын (құйрықтары мен алдыңғы аяқтарын дірілдетіп) балаларға келтіруін сұрайды.

№2. «Қорқақ қоян».

Жүргізуші сұрайды: «Қоян неден қорқады?» Бір күні қоян алғаш рет қарды көргенде, оны ұстағысы келіп кетеді, бірақ ол одан қорықты. Қорқақ қарды қалай ұстап көреді? Балалар ақырын ғана «қарды» (ақ қағаздан жасалған ұсақтатылған қағаздарды) ұстап көреді: қолда-рын созып, қайта тартып алады.

№3. «Өжет қоян».

Қоян қорқудан шаршап кетті. Алға бір қадам аттап «Қасқырдан қорықпаймын! Түлкіден қорықпаймын (тағы бір адам)! Қардан да қорықпаймын!»

№4. «Мейірімді мысық, ызалы мысық».

Енді мен қолыма сиқырлы қоңырауды аламын. Ол сыңғырлаған кезде, біз мысыққа айналып кетеміз. Қол-аяғымызбен жерге тұрып, мысықты келтіреміз. Ең алдымен мейірімді мысықты, содан кейін ызалы мысықты келтіреміз. Жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.

№5. «Үрей туралы ертегі».

Қағаз бен қарындашты дайындаймыз.

Жүргізуші ертегіні баяндайды: Ерте, ерте, ертеде - үрей өмір сүріпті. Барлығы одан қорқып, ешкім онымен ойнағысы келмепті. Іші пысып, жалғыз қалған үрей, достарды іздеуге аттанады. Бірақ, ешкімді кездестірмейді. Өйткені, барлығы одан қорқатын. Ал енді үрейді салып көрейік. Ол қандай? Балалар үрейдің суретін салып, бір-біріне көрсетеді.

Жүргізуші әрі қарай жалғастырады: үрей, барлығын қорқытудан жалығып кетіпті де, күл-кілі, қуанышты болып кетіпті. Сонда үрей не істеді? Балалар өз жауап нұсқаларын айтады.

Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда тәрбиелеуде монтессори педагогикасының элементтері кеңінен қолданылып жүр.

Әрбір түзету кабинеті жыл сайын 1000-ға тарта мүмкіндігі шектеулі балаға көмек көрсетуге есептелген. Енді оларды оқытуда Монтессори әдісі де кеңінен қолданылмақ. Еліміздегі педагогтарға арнап монтессори технологиясын оқытып,курстар жүргізілді. 2014 жылдың 25-30 тамызы аралығында «Дара» қоры алғашқы рет мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін Монтессори жүйесіне арналған семинар өткізеді. Семинарды белгілі Монтессори-педагог, Санкт –Петербургтың ерте дамыту институтының әдіскері Татьяна Игрушкина жүргізеді. Бес күн аралығында республиканың 6 аймағынан келген 25 маман Монтессори жүйесінің негіздері мен әдістерін меңгереді. Семинар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қолдауымен Қазақстанда инклюзивті қоғам құруға бағытталған жоба аясында ұйымдастырылған.

Балалар дәрігері ретінде Мария Монтессори өмірінің басым бөлігін түрлі ауытқуы бар жеткіншектерді емдеуге арнаған. Көп жылдық тәжірибесінің нәтижесінде ол балалардың дамуындағы түйіткілдерді көп жағдайда медицинаның емес, педагогиканың көмегімен түзетуге болатынын түсінеді. Осылайша, жеткіншектердің дүниетанымы мен қабілетін ынталандыруға жағдай жасау арқылы оның үйлесімді дамуына ықпал ететін жаңа әдіс ойлап табады. Оқу үдерісі әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып құрылатындықтан, Монтессори әдісі мүгедек балалармен жұмыста кеңінен қолданыс тапқан.

Бүгінде Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 150 мыңға жуықтайды. Астанада 2 мыңға тарта мүгедек бала тіркелген. Оларды өмірге бейімдеп, дамыту үшін жоғары білікті мамандардың көмегі керек. Әрі балалармен жұмыс істеуге қолайлы орта қажет. Монтессори жүйесі бойынша жабдықталған арнайы бөлмелерде бұл талапқа сай барлық жағдай қарастырылған. Өкінішке орай, еліміздегі бейімдеу және білім беру мекемелерінде мұндай жабдықтар да, Монтессори жүйесін меңгерген мамандар да жоқтың қасы.

«Дара» қоры 2013 жылдан бастап мемлекеттік балалар мекемелерін Монтессори құралдарымен жабдықтауды қолға алды. Астана қаласындағы бейімдеу орталығы мен Шортанды қаласындағы сәбилер үйіндегі екі кабинет жабдықталды. Жыл аяғына дейін Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында осы жүйе талаптарына сай жабдықталған бейімдеу орталықтары ашылады. Сонымен қатар қор Алматыдағы Түзету педагогикасының ұлттық –ғылыми орталығында да Монтессори бөлмесін ашуды жоспарлап отыр. 2015 жылдан бастап мемлекеттік балалар мекемелерінің мамандары осы орталықта Монтессори әдісін меңгереді. Әзірге жергілікті мамандар бұл жүйенің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы қор ұйымдастырған семинарлар барысында біле алады.

Әдебиет:

  1. Буторина М.. Хилтунен Е. Монтессори - материал. (часть1) Школа для малышей.
  2. http://ustazbol.kz/tarbieshilerge/jobalari/1540-mmontessori-tehnologiyasyn-oldanudy-ds-tslder.html#sel=1:1,202:5
  3. Буторина М.. Хилтунен Е. Монтессори - материал. (часть2) Школа для малышей.
  4. http://www.abai.kz/post/view?id=1490
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал.


Похожие статьи

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Студенттердің зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін теориялық негіздері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері

Похожие статьи

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Студенттердің зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін теориялық негіздері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері

Задать вопрос