Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Социология

Опубликовано в Молодой учёный №7 (111) апрель-1 2016 г.

Дата публикации: 09.03.2016

Статья просмотрена: 177 раз

Библиографическое описание:

Туякова, А. Е. Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер / А. Е. Туякова, Лиза Омарова, Ныгмет Алтайбек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7 (111). — С. 1117-1121. — URL: https://moluch.ru/archive/111/26686/ (дата обращения: 16.12.2024).

В статье рассматриваются социальные проблемы в религии ислам. Также большое значение придается сиротам в нашем обществе. Какова их роль, какую помощь им нужно оказывать, какое влияние они имеют в социальной жизни людей. В статье также упомянуто воспитание сирот и обращение к ним. Насыщенность к теме дает следующее: как распоряжаться с имуществом сирот, в каких случаях им пользоваться и каким путем его передать. Для религиозного же понимания приведены суры из священной книги мусульман — Корана.

Әлеуметтік мәселелерді шешу қай заманда болмасын өте маңызды болып табылып, жетімдерді қолдау, әйедер мәселесі, гендірлік теңдік, ата-анаға деген құрмет барлығы Сүрелерде айтылып, Ислам дінінде толық қарастырған.

Негізі Ислам дінінде Шариғат бойынша«жетім» деген әкесі қайтыс болған бала, анасы бар болса да, әкесіз баланы «жетім» дейді. Ал егер әкесі бар, анасыз қалса, «жетім» болып саналмаған. Балиғат жасына,яғни қыздар үшін 13–14, ер бала үшін 16–17 жасқа толғаннан кейін бала жетім деп айтылмайды.

«(Ей, Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы (яғни, жетімдердітәрбиелепөсіргенжақсы, жетімніңәкесіненқалған мал-мүлкінқорғап, бағыпбергенжақсы), (әкесізқалғанбейшаражетімдердіңмүддесіне бола) оларменараласып (өмірсүріңдер) жасаңдар. Олар сендердің діндестуыстарың. Алла бұзу шыны түзеушіден айырып біледі.».. [1] Қасиетті Құрандағы бұл аят жетімдер туралы қарастырылып, жетімді қолдау,көмек ету,араласып демеу көрсету туралы айтылады.

«Жетімдерді үйлену (жасына) жеткенше сынап тұрыңдар. Егер олардан (мал-мүлкіне ие боларлық) естиярлық (қабілетін) байқасаңдар, оларға мал-мүлкін тапсырып беріңдер. Олар есейгенше мал-мүлкін шашып (ысырап қылып) тездетіп жеп алмаңдар. Бай болғандар (жетімді бағып, қарағанына бола) жетімнің малын жемесін. Ал кедейлер (оны бағып-қаққан еңбегі үшін) лайығымен жесін. Жетімдердің мал-мүлкін тапсырып берген кезде айғақшы қойыңдар. Есеп алуға Алла жеткілікті» [2]. Бұл жерде барлық әлеуметтік топ қарастырылған.Жетімнің әкесінен қалған мал мүлкін үйленгенше ысырап қылмай,бар көмегін келгенше қолдау көрсетуін керек. Егер сен ауқатты болсан малына тимей, ал кедей болсан баланың қамын ойлай отырып өз еңбегінмен тиістісін ғана ал дейді. Демек, жетім баланы бағу үшін қолына алған адам оның әкесінен қалған мал-мүлкін шашпай, ол балиғат жасына жеткенде қайтарып беруі керек. Иман Қатада (р.а.) бұл аят туралы былай дейді: «Катафан қауымындағы бір адам өз ағасынан жетім қалған кішкентай балаға әке орнына әкелік етті. Жетім баланың өз әкесінен қалған мал-мүлкі көп еді. Екінші әкесі ол мал-мүлікті жеп қойды. Сонда Алла тағала «Ниса» сүресінің 6–10 аяттарын пайғамбарымызға уахи етті»

«Кімде-кім артында қалатын ұсақ (жас) балаларына қандай қамықса, басқалардың жетім қалған ұсақ (жас) балалары үшін де сондай қамықсын. (Жетімдер туралы) Алладан қорқып, турасын айтсын» [3]. Аятта жетім баланың орнына өз баласын қойсын,өз баласындай жақсы көріп жәрдем етсін деп айтылады.

Алла Тағала Даудқа(ғ.с.) былай деп айтқанекен: «Ей Дауд! Сен жетімдерге әкесіндей қамқор бол, жесірлерге жақсы күйеуіндей бол. Сен мынаныбіл: «не сепсең, соныорасың, сен адамдарға не істесең, сенімен де солайістеледі. Ақыр күндердің күнінде сен өлесің ғой. Сонда балаларыңжетім, әйелінжесірболыпқалмайма?!». Бір сөзбен айтқанда барлығы Алладан қайтады. Жақсылық істесен балана қайтса,жамандықта сол секілді.

«Жетімдердің малын зұлымдық істеп жеп алғандар ішіне от жұтып алған болады. Олар сөзсіз тозаққа тасталады» [4]. Бұл жерде күнә арты не болары айтылған.

Егер барлығы осындай принциптерді ұстанса бұл әлеуметтік топ еш қиналмай өсіп, әлеуметтік қоғамда жетімдер үйлері болмаспа еді.Мысалғы Арабтарда секілді баланы тастау,жетімге көмек көрсетпеу өшпес кінә болып саналады. Қазақ халқы үнемі өз жетімдерін қастерлеп, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлген «жетім көрсен жебей жүр» деп.

Тағы бір қарастырылатын күрделі мәселенің бірі әйелдер. Құран кәрiмде 114 сүре бар. Соның бiрi — «Ниса» «Әйелдер» деп аталатын сүре. Осының өзi әйелдердiң қоғамы үшін маңызды.

«Әй, адам баласы! Сендердi бiр кiсiден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуiнен көптеген ер, әйелдi таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар», — делiнген [5]. Бұл аятта: «Әй, адам баласы!» деп, барша адамзатқа үндеу жасалған һәм бiрнеше ақиқат баяндалған. Әуелi, аят адамдарға олардың адамдығын, Алланың жаратқанын ескертiп тұр. Жер бетiнде әртүрлi күйде өмiр сүрiп жатқан, бiр-бiрiмен ұлт пен ұлысқа, дiн мен тiлге, түр-түске бөлiнген адамзаттың түбi бiр екенiн ескертсе, «одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып» деген сөйлеммен бiр жанның өзiнен оның жұбы яғни, әйелi жаралғанын айтады.

Ислам дiнi бойынша, әйелдi өз ата-анасы әлпештеп, еркелетiп өсiредi. Ал күйеуiнiң үйiнде ол — үй ханымына, құрметтi адамға, үйдiң бағы мен берекесiне айналады. Жұбайы өз дәулетiн одан аямайды, оны бағып-қағады, өзi iшiп-жейтiн тағамнан тамақтандырады, өзi киiнетiн киiмдерге сай киiндiредi. Балалары оны құрметтеп, айтқанын тыңдайды. Ислам — әйел адамды өмiр бойы құрметтеп өтуге бұйыратын дiн. Ол бiзге ана болсын, әпке болсын, жеңге болсын, қарындасымыз не қызымыз болсын оны өмiр соңына дейiн құрметтеуiмiз — мұсылмандық міндет болып саналады.

«Кiмде үш қызы болып, оларға жақсы тәрбие берсе, қамқорлығын аямаса, жәннат оған уәжiп болады», дептi. Сонда бiр адам сұрапты: «Уа, Алланың елшiсi, олар екеу болса ше?», — деп. Ол (с.ғ.с.) сонда: «екеу болса да»,– деп айтты», — делiнедi хадис шәрiпте (имам Әл-Бұхари риуаяты).Бұл жерденде біз қызға деген құрметті көріп отырмыз.

«Бұл дүние жалған өткiншi, ал мұндағы ең жақсы нығмет — салиқалы әйел», — дейдi имам Муслим жеткiзген хадис.

«Әйелдер сендердiң киiмдерiң, сендер әйелдердiң киiмдерiсiңдер (яғни, аят теңеу аяты болып, бiр-бiрiңмен араласып, киiм денеге жабысқандай жабысып жасаңдар. Киiм дененi қорғағандай, бiр-бiрiңдi қорғаңдар! Киiм дененi ұятқа қалдыр — мағандай бiрiңдi-бiрiң ұятқа қалдырмаңдар!)» [6]. Бұнын өзінде философиялық-әлеуметтік мән жатыр. Гендірлік теңдік, сыйласымдылықты көруімізге болады.Ардақтыпайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйелдерiмен жақсы (қарым-қатынаста) болғандар, (мiне, солар) араларыңдағы жақсыларың»-деп айтып өткен екен.

Басқа риуаятта: «Әйелдердiң құқықтарын аяқасты етпеңдер, Алладан қорқыңдар. Өйткенi, сендер оларды Алланың аманаты ретiнде алдыңдар», — дегені жай емес.Ислам — екi дүние рахатын тек ерлерге ғана емес, әйелдерге де белгiлеген дiн. «Ғафыр» сүресi, 40-аятта:

«...Ал ер кiсi не әйел, кiмде-кiм сенген түрде iзгi амал iстесе, мiне, солар жәннатқа кiредi. Сондай-ақ олар онда есепсiз ризыққа бөленедi», — дейдi.Мұнымен қатар, «Ерлердiң әйелдердегi хақтары сияқты, әйелдердiң де ерлерде белгiлi хақтары бар», — дейдi («Бақара» сүресi, 228-аят).

Ислам — әйелге жеке мүлiкке ие болуға да құқық бергендiн. Ол бойынша әйел өз мүлкiн қалауынша жаратады. Жаратушы Аллатағала айтады: «Еркектер үшiн ата-аналары, туған-туыстары қалдырған мирастан үлесбар. Әйелдерүшiн де ата-аналары, туған-туыстары қалдырған мирастан үлес бар. Бұл мирастар — аз-көптiгiне (қарамастан), парыз етiлген ақы-лардан», — дейдi «Ниса» сүресi 7-аят.

Сағид ибн Джубайр мен Қатада осы аятқақатысты: «Пұтқа табынушылар мирасқа ие болуды тек ересек ер адамға рұқсатететiн. Ал әйелдер мен балаларында мирасқа ие болуға құқығы жоқ едi. Солүшiн Алла осы аяттытүсiрiп, әйелдердi де мұрагерлiк құқыққа ие еткен», — дегендi айтады.

Ислам — әйелдiң бiлiм үйренуiне ерекше көңiл бөлетiндiн.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бiлiмалу — әрбiр мұсылман еркiсiгеде, әрбiрмұсылман әйелгеде парыз», деп жүктеген.

Егер ана туралы сөз қозғасақ, ислам бұл жерде оған ерекше көңiл бөлгендiгiн байқауға болады. Адамдардың iшiнде, сый-құрметке ең лайықты жан ол — ана. Мұхаммед пайғамбардың: «Жәннат анаңның аяғының астында», деген сөзiн, «Анаңды сыйла, анаңды сыйла, анаңды сыйла, сосын әкеңдi сыйла», деп те айтқанын бiлесiздер. Ата-анаға жақсылық жасауды қасиеттi Құран кiтабында Алла тағала өзiне құлшылық қылудан кейiнгi бастапқы маңызды орынға қойған. Бұны ескерсек қазіргі қоғамда қаттар үйі болмас еді.Алла тағала:

«Раббың Жалғыз, Оған ғана құлшылық етулерiңдi және де ата-анаға жақсылық iстеулерiңдi бұйырады. Егер олардың бiреуi немесе екеуiсенiң қоластыңда кәрiлiкке жетсе, оларғақарап «үһ» деме және олардың (сөздерiн) қайтарма! Оларға (әрдайым) жақсы сөз айт!», — делiнген. [7] «Бiз адамзатқа әке-шешесiне жақсылық iстеуiн өсиететтiк.».. [8]

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) саңлақ сахабалары өз ата-аналарына үлкен құрметпен қараған. Ибн Аббас (р.а): «Мен Аллаға жақындататын, ананы сыйлаудан артық амалды көргенiм жоқ», яғни Аллаға жақын болайын деген адам анасын сыйласын деген. Сағад ибн Масғұттан риуаят етiледi: «Мен Ибн Аббасқа: «Менiң әскерге барғым келедi. Ал ата-анам, дәлiрек айтсам, әкем мұны жақтырмайды. Не iстейiн?» дедiм. Сонда Ибн Аббас: «Ата-анасы бар адам оларға күндiз-түнi жақсылық жасасын», — дедi. «Екеуiне де ме?» дедiм. Ол: «иә», дедi де, «Әлбетте, Алла ата-анасына жақсылық жасағанға жәннаттың есiктерiн ашып қояды. Кiм жақсылық жасап күн өткiзсе, Алла әлбетте оған күнi бойы жәннаттың екi есiгiн ашады. Ал егер, түнде жақсылық жасаса, оған түнi бойы жәннаттың екi есiгi ашық тұрады. Егер ата-анасының бiрi ғана болса, оған күндiз жақсылық жасаса, күнi бойы жәннаттың бiр есiгi ашық болады. Ал, түнде бiр жақсылық жасап сосын жатса, оған түнi бойы жәннаттың бiр есiгi ашық тұрады. Ата-ананың бiрi ашуланса, ол разы болмайынша, Алла тағала разы болмайды», — деп айтты. Сонда әлгiкiсi: «ата-анасызалымболсаше?» депсұрады. Ол: «Залымболса да», депжауапберiптi. Демек, ата-анасыжоқтан, ата-анасы бардың жәннаттық болуының мүмкiндiгi мол. Сондай-ақ, анамыздың, әкемiздiңөмiрлiкболуы — ғанибетуақыт.

«Әке-шешең жынды болса, байлап бақ» деп, ата-ананы тентіретпей, мәпелеп өсіруді өсиет еткен атам қазақтың салып кеткен сара жолында ешқашан қарттарын қараусыз тастап кету деген үрдіс болмаған еді.Қандай болсада сыйлау қажет. Қайта «үйіңде қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» деп қариялардың қадірін бағалап, абыройын асқақтатты. Ойлап қарасаңыз, адам қартайған кезінде бір бала секілді бола бастайды. Сәл нәрсеге қуанады, сәл нәрседен көңілі суи қалады. Бірақ, ол кісілерді ардақтап, арқадан қақсаң, оп-оңай балаша жұбана салады. Жастарға ең алдымен үйіңдегі қазыналы қартыңды сыйла, ол бүгін — әкең, ертең — өзің дегіміз келеді. Атаңа не істесең, алдыңнан сол шығады деген қағиданы да еш ұмытпағай.

Осы айтылғаннын бәрі қазіргі дүние керек мәселелер.Қай кезде болмасын адам өз рухани құндылығын жоғалтпау қажет. Ислам діні осыны дәріптейді. Әр қашан әр кезде әлсіз әлеуметтік топқа жәрдем ету біздін парыз.

Әдебиет:

  1. Құран«Бақара» сүресі, 220-аят
  2. Құран «Ниса» сүресі, 6-аят.
  3. Құран «Ниса» сүресі, 9-аят
  4. Құран «Ниса» сүресі, 10-аят.
  5. Құран «Ниса» «әйелдер», деп аталатын сүре, 1-аят
  6. Құран «Бақара» сүресi, 187-аятта
  7. Құран «Әл-Исра» сүресi, 23-аятта.
  8. Құран «Аһқаф» сүресi 15-аят
Основные термины (генерируются автоматически): ислам, бар, Мена, сен.

Похожие статьи

Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы

Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін костюмнің рәміздік мән беруші қызметтерінің типтеріне жіктеме жасау ...

Әл-Фараби — әдебиеттанушы хақында...

Бұл мақалада әлемнің екінші ұстазы, бар әлемге белгілі ғалым,философ, дәрігер,сазгер- Әл-Фарабидің тағы да жаңа қырынан көрсету мақсатында, ғалымның әдебиетші ретінде танымал болғанын дәлелдеу. Ол үшін біздер Әл-Фарабидің трактаттарын, фарабитанушыла...

Орта білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалардың аралық нәтижелері мен сапасын бағалау

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде осы таңға шейін жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік реформалардың нəтижелерін басқа мемлекеттерде өтіп жатқан орта білім жүйесіне қатысты өзгерістермен салыстыра отырып бағалау жəне сапа...

Мемлекеттік басқарудағы «Үлкен деректерді» салыстырмалы түрде талдау

Бұл мақалада Үлкен деректер (Big Data) қолданылу аясы және мемлекеттік басқаруда үлкен деректерді пайдалану мүмкіндіктері мен перспективалары қарастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жинақталған тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік басқаруи...

Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы стереотиптер

Адамдардың өмір тіршілігіне қатысты стереотиптер — стереотиптер арасындағы маңыздысы. Стереотиптер салт-дәстүрмен, аңыз-әпсаналармен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты, тек салт-дәстүрлер обьективті маңыздылығын ашық түрде байқатса, ал стереотиптер ж...

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Менің инновациялық сабағым

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні — білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы — ақпаратп қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оны...

Әкімшілік юстиция: кіріспе және тарихи шолу

Мақалада қазіргі уақытта әлемде өзекті болып табылатын әкімшілік сот төрелігінің ҚР да шығу тарихы туралы, әкімшілік іс-жүргізу жайында, ҚР әкімшілік іс-жүргізу кодексінің жобасы туралы мәселелерді қарастырады.

Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерді жүзеге асыру

Мақала қазіргі күні шет тілін үйренудегі ең танымал әдіс — коммуникативті әдіс арқылы мектеп оқушыларына ағылшын тілін тиімді оқыту мәселелеріне арналған. Мақалада коммуникативтік әдістеменің негізгі түрлері келтірілген.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің теориялық аспектілері

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемелекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің негізгі теориялық аспектілері баяндалған. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылы...

Задать вопрос