Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 30.03.2016

Статья просмотрена: 6162 раза

Библиографическое описание:

Жансугирова, А. О. Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі / А. О. Жансугирова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 43-45. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26701/ (дата обращения: 26.04.2024).



«Білім — гауһар, бағасы жоқ, надандық — кемел, дауасы жоқ» дегендей бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған — жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Біздің басты мақсатымыз — білім саласының дамуынан қалып қоймай, алға қарай ілгерілеу болып табылады. Сол көшке ілесе алмасақ — бізге сын болмай ма?! Еліміздің ертеңі — жас ұрпақтың қолында.

Заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын мемлекетіміз де, біздің оқу орнымыз да басты орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын мазмұнды жұмыс ұстаз еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің «Бала — балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, ол солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып және олардың жан — жақты дамытып рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Біздің мақсатымыз оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады. Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне қарай қолданылып жүрген әдістерге қысқаша сипаттама беріп көрейік. Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс — сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.

В. А. Сухомлинский: «Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың»...- деп оның маңызына ерекше назар аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және сөздік қоры да білімі де бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: «мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек». Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т. б. үрдістерін) байланысты да әрекет жасайды. Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді. Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдерін қолдануға болады. Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады: — көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс; — оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды; — көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс; — көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;

— оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді. Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафилъм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады. Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т. б.).Иллюстрация — демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.

Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен оқытушыға оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.Тәжірибе көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша оқытушылар көрнекі құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет. Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны — бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәңдерін оқытуда кеңінен қолданылады.Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:-байқаудың мақсатын анықтау; -қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың кептеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату; -оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау; Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері: — демонстрациялық бақылау; — экскурсиялық бақылау; — лабораториялық бақылау;-техникалық бақылау; — оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы — бақылау.

К. Д. Ушинский: «бақылау — логикалық ойлаудың негізі",- деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары [2]:

1. Оқытушы оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т. б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезім мүшелерінің жүмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет. 3.Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участігінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді. Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді. Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді. Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады. Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды. Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.

Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі [1]. Бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дарындыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Соңдықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен математика, сонымен бірге, шет тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің мазмұнына қатысты теориялық білімдерін пысықтау барысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау.Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады. Өзіндік жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осыңдай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге болуге болады [4]. Біріншісі — ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі —оқу материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі — көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру. Оқыту әдістері — оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат-міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жана формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Алайда, оқыту әдісін қайта құру — күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді [3].

1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, окушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.

2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.

3. Білім беру ұйымының географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау жағдайымен байланыстыру.

4. Оқытушының іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әр түрлі әдістер қолданылады. Оқу әдістерін таңдауда және қолдануда әдістердің мақсаты мен оқытудың міндеттеріне және әрбір нақты пәнге сәйкес, оқу материалының мазмұнына, оқытушының мүмкіншіліктеріне және оқу барысында кездесетін жағдайларға тәуелді.

Әдебиет:

  1. Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық оқулары «Педагогтің кәсіби өсуі — білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» баяндамалар жинағы. — Алматы, 2013. — І бөлім. — 482 б.
  2. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі // Білім әлемі. — 2004. — № 6.
  3. Жартынова Ж. А. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. — Алматы, 2014.
  4. Құдайбергенова К. С. Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. — Алматы, 2013.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Задать вопрос