Библиографическое описание:

Есенова Р. К., Аяпберген А. Ғаламтордың жастар психологиясына әсерінің себептерін анықтау және оны шешудің кейбір жолдары // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 100-101.

Қазіргі таңда ғаламтор желісі әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Ғаламторға қосылу спутниктік байланыс, радио-каналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер арқылы жүргізіледі. Дегенмен де ғаламтор желісінің пайдасымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.

Ғаламтор — (ағылшын тілінде Internet, МФА: [ˈɪn.tə.net]) — ақпарат беру және сақтауға арналған компьютерлік желілердің біріктірілген әлемдік жүйесі [1].

Оның шығу тарихына да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор желісі» деген ұғыммен алмастырылды» [1].

Бұл күнде ғаламтор желісін тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 2,4 млрд адамнан асыпты.Бұл — жер шарын мекендейтін халықтың үштен бір бөлігінен астамы ғаламтор қызметіне жүгінеді деген сөз.

Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік интернет-тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсініп, дабыл қағуда. Ғаламтор желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың тәуелділігін қалыптастыру және қылмыстың өршуіне ерекше қауіп тудырып отыр. Интернет пен компьютерлік ойындардың пайда болуымен тәуелділіктің жаңа түрлері де пайда боды: интернетке тәуелділік пен ойынға тәуелділік. Әрбір төртінші пайдаланушы компьютердің жанында аптасына 20 сағаттан аса уақытын өткізеді. Мұнымен бірге Психиатрлардың америкалық ассоциациясының мәліметтері бойынша күніне компьютерде екі сағаттан аса уақыт ойнау компьютерлік тәуелділік деп танылады. Тәуелділік — бұл психикасының бұзылуы, ол уәждеумен, шешімдер қабылдаумен, оқумен, тежелуді бақылау деп аталатынмен, рақаттануды іздестірумен байланысты химиялық үдерістерге араласу жолымен мидың жұмыс істеу қағидаттарына ықпал етеді. Құмар ойындары мен жеңсіктік сияқты мінез-құлықтың құштарлық-психологиялық тәуелділік формасының мәні; есірткілер немесе алкоголь сияқты заттарға құмарлық бір мезгілде психологиялық тәуелділік формалары болып табылады [2].

Интернет-тәуелділіктің басқалардан ерекшелігі — ағзаны әлсіреуіне немесе өзгеріске ұшырауына соқтыратын химиялық тәуелділік емес, ағзаға әсері бойынша ол құмар ойындарға тәуелділікке жақын. Дәстүрлі тәуелділік түрлерінің пайда болуына жылдар қажет болса, профессор К.Янгтің мәліметтері бойынша Интернет-тәуелділікке көп уақыт қажет емес, мәселен тәуелділердің 25 пайызы интернетпен жұмыс істей бастаған жарты жыл ішінде, 58 % — жарты жылдан соң, ал 17 % — 1 жыл уақыт аралығында интернет құлына айналған [3].

Санкт-Петербургтегі           В. М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді.Олар:

— компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру;

—  ата-аналарымен кикілжіңге бару;

—  үйге кешігіп келу;

— сабаққа үлгерімі нашарлап, сабаққа жиі бармай қалу;

— баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды;

— өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;

— күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді;

— берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;

— ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;

— көз жанары төмендейді, басы ауырады,омыртқасы бұзылуы басталады.

Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгі байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады. [4],

Интернет-тәуелділік психологиялық тәуелділік формалары бірі болғандықтан, бұл мәселені қарым-қатынастың психологиялық  аспектісі тұрғысынан қарастырамыз.

Сонымен зерттеу барысында қарым-қатынас құралы ретінде интернетке жүгінудің келесі себептері анықталды:

— кез-келген ақпараттардың,оның ішінде жасөспірімдер тәрбиесіне кереғар әсер ететін бейәдеп ақпараттардың да қол жетерлік деңгейде болуы;

— қоршаған ортасында адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы себебінен басқа байланыстар табу;

адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыпты нормаларын сақтауды қажет етпейтін анонимді желі болуына байланысты агрессияны шығару жолдары т. б. болуы мүмкін.

Қорытындылай келе, дені сау саламатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, қоғам болып отбасынан бастап, мектеп, арнайы орта және жоғары оқу орындарының барлық білім алушылары мен педагогтарының алдында үлкен міндет тұр. Ол — адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі, яғни тұлғаны әлеуметтендіру мәселесіне басты назар аударғанымыз жөн. Егер әр адам бала кезінен өз ортасында ізгі қарым-қатынастар негізінде тәрбиеленсе және сүйікті ісімен айналысып, мәселен спорт, музыка, техникалық үйірмелер , дебат клубтары немесе шебер қолдар үйірмелері т.б. тәуелділік мәселелеріне тосқауыл қойылар еді. Сонымен бірге, ғаламтор желісін қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

 

Әдебиет:

 

1.      http://flogiston.ru/articles/netpsy/minakov (Психологический сайт)

2.      www.wachprofile.org

3.      Белинская Е., Жичкина А. Современные исследования виртуальной коммуникации: проблемы, гипотезы, результаты. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004.

4.      Перед телевизором дети проводят больше времени, чем за уроками //«Интер-Мед Новости» от 13.02.2003.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle