Информатика сабағында тестілеудің тиімділігін арттырудың формалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Пирова, Г. К. Информатика сабағында тестілеудің тиімділігін арттырудың формалары / Г. К. Пирова, С. К. Еркебаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 19.2 (123.2). — С. 34-36. — URL: https://moluch.ru/archive/123/34438/ (дата обращения: 26.04.2024).



Ақпараттық оқыту технологияларының және модульдік оқыту тәсілінің оқу үрдісіне кеңінен ене бастауына сәйкес оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тестік форма қолданылуда. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ағымды емтихандар негізінен тест әдісімен өткізілуде және де бұл процесте негізінен тестілеудің жабық формасы пайдаланылады. Мұндай біржақты пайдаланудан барып тестілеу мүмкіндігіне күмәндану туа бастайды. Ақпараттық оқыту технологияларын пайдалануда оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тестік форма, тестілеу әдісі оқыту және білім алу сапасына қандай жағдайда тиімді оң әсерін тигізе алады.

Тестілеу - өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау. Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тестер көмегімен жүргізіледі. Тестік тапсырма деп нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты (түсінікті) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырманы айтады. Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жинағы. Тестің эквиваленттік класы деп оқушының тест тапсырмаларының ішінен бір нұсқасын (вариантын) орындаса алғашқыларын (немесе кейінгілерін) орындауына да мүмкіндік беретін тестік тапсырмалар жинағын айтады. Білім моделінің барлық модульдері бойынша әр түрлі тестік тапсырмалар жинағын тестік кеңістікті құрады. Өзіндік және эксперттік білім модельдері арасындағы сәйкестікті обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тестік кеңістіктің ішкі жиынын толық тест деп атайды. Көлемі және уаыты бойынша оптимальді тест тиімді тест болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырушының және жүргізушінің негізгі міндеті осы тиімді тесті дайындау немесе дайындатқызу.

Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыстап үйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, біліктілік және дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудің сапасы, біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейі анықталады. Сонымен қатар тестік тапсырмаларды дұрыстап, қойылатын мақсатқа сай деңгейлеп дайындайтын болсақ, онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту және жүйелеудің тиімді құралы ретінде де пайдалануға болады. Сол үшін оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын ғана емес, оның әртүрлі формаларын және типтерін пайдаланған жөн. Мысалы, белгілі тестік қабыршақтарда тестік тапсырмаларды берудің мына компьютерлік формалары пайдаланылады: сұрақтың типтік формасы берілгенде кейбір белгілер ғана өзгертілетін болады. Мысалы, төмендегі 1-сұрақта «ақпарат және бит» сөздері, 2-сұрақта «ЭЕМ және транзистор» , 3- сұрақта «үлкен әріпен және Саps Lock» , 4- сұрақта «каталгтарды экранға шығару үшін және DIR» , 5- сұрақта «Insert батырмасын және коталогтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп белгілеу үшін» сөздері ғана өзгереді.

1. Ақпраттың ең кіші бірлігінің аты – бит

2.ЭЕМ – нің екінші буынының элементтік базасы – транзисторлар

3.Үлкен әріптерді шығаруда қандай батырмасын басамыз – Caps Lock

4.DOS ортасында кезекті каталогтарды экранға шығару үшін қандай команда орындалатыннын анықта – DIR

5. Nе командасымен жұмыс жасауда Insert батырмасы не үшін қолданылады – каталогтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп белгілеу үшін.

Жауабы шаблонмен берілген сұрақтар - мұндағы бос орынға дұрыс жауабын жазу керек.

1. Информатика ғылымы ЭЕМ-нің көмегімен__________ заңдылықтары.

2. Байт бұл ____________________________.

3.Excel –де электрoндық кесте торларымен ___________болмайды.

4. Мәлімет қорында аланды сипаттауға _____________ енбейді.

5. Өту операторының қызметі ____________________________.

Сәйкестікке берілетін сұрақтар – мұнда әр сұрақтарға сәйкес дұрыс жауаптарын табу керек.

1. Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті минималды құрылғылар жиынтығы?

А) (каталогтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп белгілеу)

2. Сандық клавитураға қандай батырмалар енеді?

В) («зақымдалған» программалармен жұмыс жасағанда)

3. NС командасымен жұмыс жасауда Insert батырмасы не үшін қолданылады?

С) (бүкіл әлемдік компьютерлік желі)

4. Компьютер қандай жағдайда вируспен зақымдалады?

D) (NumLock)

5. Internet бұл –

Е) (жүйелік блок, монитор, клавиатура);

Мысалы, мұнда жауапты кәдімгідей былайша 1Е, 2D, деп белгілейді.

Жауаптарын конструкциялауға болатын сұрақтар – мұнда берілген сұрақтың жауабы төменде ұсынылған өрнектер, символдар, таңбалар, жеке сөздер, т.б. тізбегінен құрастырылады (конструкцияланады). Мысалы:

  1. y=sin(x)*cos(x); y=? (sin(x), cos(x), - , ^, 2).
  2. y=tg(3*x); y=? (3,1, cos(3*x), 2, ^, / ).
  3. y=x^n; y=? (n-1, n, x,*,^) т.с.с.

Дәстүрлі бақылау жұмыстары есептерді шығарудың немесе нақты тапсырмаларды орындаудың әдістерін игеруге, есептерді шығару немесе тапсырмаларды орындау кезінде кездесетін қиыншылықтарды көруге, жұмысты орындағанда, әдетте, жіберілген типтік қателіктерді айыра білу септігін тигізеді. Бірақта олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материалдарының тек 30-50 пайызға жуығы ғана тексерілуі мүмкін. Ал тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалық жағымен қатар сандық жағын да бағалауға, қажетті материалдарды толық деңгейде қамтуға мүмкіндік береді. Демек, тиімді тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін қажетті көлемде обьективті бағалауға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, тест сандық бағалауға, статистикалық өңдеуге және салыстырмалы талдауға икемді обьективті стандартталған өлшеуіш болып табылады.

Әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқыту процесінде пайдаланылатын тестік тапсырмалардың да өзіндік ерекшеліктері бар болады. Берілетін сұрақтарды және тапсырмаларды нақты, жеткілікті анық, түсінікті және ой тұжырымын жасауға ыңғайлы етіп жасау қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптары да қойылған мақсатқа сай мүмкіндігінше қысқаша, нақты, анық және дәл болуы тиіс.

Осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып дайындалынған тестік тапсырмаларды мұғалімнің күнделікті сабақта пайдалануына ыңғайлы болуы үшін, тестік сұрақтарды әр жеке тақырыпқа арнайы құрастырып отырған тиімді. Тестің типіне (білімділік, біліктілік және дағдылық, іскерлік) сәйкес тестік тапсырмалардың әртүрлі формаларын және типтерін пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың ойлау қабілетін, зейінін, тапқырлығын, жігерін және оқуға, білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын дамыта түсетін болады.

Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жасартуға, студенттің бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Әрине, тест арқылы бақылауды мамандық және пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес басқа да дәстүрлі (ауызша, жазбаша, т.б.) бақылау жұмыстарымен үйлестіре (ұштастыра) жүргізу қажет болады.

Сонда ғана тестілеу әдісінің оқытудағы тиімділігі арта түседі. Пән, нақты тарау және тақырып ерекшеліктеріне және оқушылардың бүгінгі білім деңгейіне сәйкес тестілеудің әртүрлі формаларын пайдаланатын болсақ, солғұрлым оның оқыту және білім алу сапасына тигізетін оң нәтижелерінің қомақтылығы көріне бастайды. Сонда ғана тестілеудің артықшылықтары, тиімді мүмкіндіктеріне ашыла түсетін болады, бақылау және бағалаудың обьективтілігі міндетті түрде қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде оқыту және білім алу сапасының деңгейі едәуір жақсара түсетіндігі сөзсіз.

Тестік тапсырмалардың көпшілігі жоғарыда келтірілген компьютерлік формалармен ғана шектелініп қоймайды. Тапсырмаларды беру формалары көп жағдайда тесті дайындаушының шеберлігіне, тәжірибесіне және іскерлігіне байланысты болады. Тесті құрған кезде де көп жағдайларды (студенттің білім деңгейін, пән ерекшелігін, деңгейлеп ұсынуын, ұсыну кезеңін, т.с.с.) бақылау кезеңдерінде міндетті түрде ескеріп отыру қажет болады.

Тест дұрыс, тиімді жасалынған деп есептелінеді егер:

- ол тестілеу үшін ыңғайлы (жауапты табуға бағыттайтын) болса;

- тесттердің қателіктеріне уақытында жауап беретіндей мүмкіндік болса;

- тестілеушіге және тесті пайдаланатын студенттерге да тиімді болса.

Тестіні пайдалану мұғалім үшін мына мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі:

- дер кезінде оқу процесіне қажетті оңтайлы өзгерістерді (корректировкаларды) ендіріп және жасап отыруға;

- ағымды бақылау жүргізуде негізгі оперативті тексеруші құрал ретінде қолдануға және оқып-үйренуде тесті оқушының негізгі дидактикалық құралы ретінде жүйелі пайдаланып отыруға;

- оқытуды қашықтан жүргізуде негізгі көмекші бақылау құралы ретінде пайдалануға;

- студенттердің жеке өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету құралы ретінде қолдануға.

Тестік тапсырмаларды жоғарыдағы аталған талаптарға және формаларға сай дайындайтын болсақ, онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар студентті оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту және жүйелеудің тиімді құралына айналдыруға болатындығын көреміз.

Әдебиет:

  1. Байжұманов М.Қ., ЖапсарбаеваЛ.Қ. Информатика. - Астана, 2004.
  2. Балапанов Е.К., Бурибаев Б. Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике. - Алматы,2001.
Основные термины (генерируются автоматически): DIR, тест, мена, немес.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Для тестирования были взяты следующие продукты:картофель, лук репчатый, огурцы, томаты, перец сладкий, кабачки, зелёные культуры (салат).

Обзор систем обмена сообщениями | Статья в журнале...

Очереди сообщений довольно известный шаблон при проектировании системы, в которой необходимо асинхронное общение между компонентами с гарантированной доставкой сообщений даже в случае недоступности обработчика сообщений.

Кибер-коммуникации. Особенности мессенджера Telegram

Рассматривается история создания и особенности российского мессенджера Telegram. Поднимаются вопросы о новых тенденциях в развитии мировых коммуникационных приложений. Актуальность темы обусловлена возрастанием интереса современных пользователей...

Лингводидактические основы обучения студентов...

Мен оқимын. В профессиональной лексической системе казахского языка касательно

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

Если незнакомых слов в тесте мало...

Робототехника: конструирование и программирование

Работа блока переключения с проверкой состояния датчика касания. Упражнения. Задания для самостоятельной работы.

Итоговый тест. 1. Для обмена данными между NXT или EV3 блоком икомпьютером используется… Wi-Fi.

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Для тестирования были взяты следующие продукты:картофель, лук репчатый, огурцы, томаты, перец сладкий, кабачки, зелёные культуры (салат).

Обзор систем обмена сообщениями | Статья в журнале...

Очереди сообщений довольно известный шаблон при проектировании системы, в которой необходимо асинхронное общение между компонентами с гарантированной доставкой сообщений даже в случае недоступности обработчика сообщений.

Кибер-коммуникации. Особенности мессенджера Telegram

Рассматривается история создания и особенности российского мессенджера Telegram. Поднимаются вопросы о новых тенденциях в развитии мировых коммуникационных приложений. Актуальность темы обусловлена возрастанием интереса современных пользователей...

Лингводидактические основы обучения студентов...

Мен оқимын. В профессиональной лексической системе казахского языка касательно

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

Если незнакомых слов в тесте мало...

Робототехника: конструирование и программирование

Работа блока переключения с проверкой состояния датчика касания. Упражнения. Задания для самостоятельной работы.

Итоговый тест. 1. Для обмена данными между NXT или EV3 блоком икомпьютером используется… Wi-Fi.

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Задать вопрос