Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген көмектес септік жалғауының орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (111) апрель-1 2016 г.

Дата публикации: 12.04.2016

Статья просмотрена: 702 раза

Библиографическое описание:

Байдаулетова, А. У. Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген көмектес септік жалғауының орны / А. У. Байдаулетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7.1 (111.1). — С. 20-23. — URL: https://moluch.ru/archive/111/28200/ (дата обращения: 26.04.2024).



Септік жалғауларының синтаксистік қызметі мен семантикалық қызметіне қарай ғалымдар екі топқа бөліп қарастырғаны белгілі: грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс, ал көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс септіктерін және қазақ тіліндегі көмектес септігін жатқызады. Септіктерді бұлай топтау олардың сөйлеудегі қызметтеріне байланысты. Грамматикалық септіктерде семантикаға қарағанда грамматикалық жағы, яғни синтаксистік қызметі басым түссе, көлемдік септіктерде семантикалық мәні басым келеді. Грамматикалық септіктер адвербиалдық мәнге ие болмайды, ал көлемдік септіктер адвербиалдық мәнге ие болады.

Септіктер табиғатынан көп мағыналы болып келеді. Бір септік тұлғасындағы сөздің өзі бірнеше мағына білдіреді. Сол септіктердің атына сай білдіретін көп мағыналарының ішінде біреуі доминант негізгі мағынаны білдіреді. Доминант мағынасы басқа мағыналардың болуын жоққа шығармайды, керісінше басқа мағыналарға ұйытқы болуы мүмкін. Әр септіктің негізгі мағынасымен қатар септік жалғауларының мәнмәтінде пайда болатын қосымша мағыналары болады. «Сөздің өмір сүру формасы сөйлеу болып табылатындықтан сөйлеу процесінде ол басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, түрлі тұлғаларда жұмсалады және соған сай олардың лексикалық мағынасына түрлі мән-мағына үстеледі. Бұл үстеме мән-мағыналар сөздің лексикалық мағынасын толықтай өзгертіп, жаңа мағыналы сөз жасауы да, сондай-ақ оның мағынасын өзгертпей, тек оған қосымша мағыналық реңк үстеуі және лексикалық мағынаға ешқандай мағыналық өзгеріс енгізбей, тек грамматикалық мағына тудыруы да мүмкін», –дейді зерттеуші М. Жолшаева [1]. Септіктердің мағынасы (қызметі) сөйлемнің белгілі бір семантикалық құрылысына тәуелді, ал септіктің тұлғасы сөйлемнің синтаксистік құрылысы ретінде жұмсалады. Септік жалғауларының мағынасы сөйлемдегі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.

Адвербиалдық мәнге ие септіктердің бірі – көмектес септігі. V-VІІІ ғасыр ескерткіштерінде көмектес септік мәнін бірле шылау сөзі берген болса, кейінгі дәуір ескерткіштерінде осы шылау бірлен, білен түрінде кездесіп отырады. Соңғы вариант сол күйінде қазіргі түркі тілдерінің көбінде бар. О бастағы бірле сөзінің құрамындағы р дыбысының түсіп қалуы түркі тілдерінің тарихына жат құбылыс емес. Ал қазақ тілінің жергілікті говорларында көмектес септік жалғауының -мынан (-пынан) түрі кездеседі. Сөз басындағы м//б сәйкестігі – түркі тілдері тарихында ескіден белгілі, қазір де бар құбылыс. Сөйтіп көмектес септік жалғауы -мен -нің о бастағы генезисі бірле шылауы екені еш күмән туғызбайды [2]. Көмектес септігі басқа түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ, тек қазақ тілінде ғана бар және ол басқа септік түрлерінен әлдеқайда кеш қалыптасқан; қазақтың жазба тілінде, жазба нұсқалар тілінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына дейін ол септік (грамматикалық тұлға) ретінде емес, септеулік шылау ретінде білән, бірлән, мінән, кейін мәнән сияқты түрде қолданылып отырған. Одан барып менен арқылы -мен, -бен, -пен деген жалғаулық шылаумен ұқсас, бірақ одан қалыптаспаған, септеулік шылаудан туған, ал септеулік шылау мен жалғаулық (мен: менен -білән) төркіндес [3, 125 б.].

Көмектес септік жалғауларының көрсеткіштері арқылы қалыптасқан сөздерді төмендегіше жүйелі түрде көрсетуге болады.

Кесте 1. Көмектес септік жалғауының көрсеткіштері арқылы пайда болған сөздер

-мен

Тәуелдік жалғауы + -мен

шамамен

бас-басымен,

дегенмен

жұп-жұбымен,

әйткенмен

жентек-жентегімен,

жан-тәнімен,

бет-бетімен,

арба-марбасымен

бесік-месігімен

рет-ретімен

кез-кезімен

алдымен

бетімен

есесімен

жайымен

жөнімен

күнімен

түнімен

расымен

ретімен

түгелімен

тұтасымен

зорымен

тегісімен

Көмектес септігі төмендегідей сөз таптарына жалғанады:

Зат есімдерге көнеленген көмектес септігі жалғануы арқылы жасалған: алдымен, әупіріммен, бетімен, есесімен, жайымен, жөнімен, күнімен, түнімен, расымен, ретімен, шамамен.

Тәуелденіп барып көнеленген көмектес септігі арқылы жасалған сын есімдер: түгелімен, тұтасымен, зорымен, тегісімен.

Екінші сыңары тәуелденіп барып көнеленген көмектес септігі зат есімдердің қосарлануы арқылы жасалған: бас-басымен, жұп-жұбымен, жентек-жентегімен, жан-тәнімен, бет-бетімен, арба-марбасымен, бесік-месігімен, рет-ретімен, кез-кезімен.

Көнеленген көмектес септік жалғаулы лексикалық тұлғалардың мағыналық сипаты төмендегідей.

Бұл тұлғалар қимылдың түрлі қимыл-сындық мағынасын анықтайды:

Сонымен жарты сағаттан артық уақыт өткенде Қасым биіктің басына келіп шықты (М. Әуезов). Есікті ол (Хакім) қайтадан қақты, салмақпен қақты (Х. Есенжанов). Кәмшат көрші әйелге ештеме сездірмеуге тырысып, әрбір сөзін асқан сақтықпен сөйледі (Д. Исабеков). Ол осы ғажайып жерден расымен айырылам ба дегендей жан-жағына қайғыра қарап келе жатты (І. Есенберлин). Алтын Орда татарларының кейбір мырзалары сияқты, біздің буряттардан да Чинге қызығып, алғаш өздігімен шоқынған нояндар болды (С. Мұқанов). Бетімен жайылып жүрген бір ел бар, алыс-жақын, кедей-бай демей, барымталаса береді деп біржола сенісіп қойған сияқты (Ғ. Мүсірепов). Мардан сол бойымен жаяулап жылқыға келіп, күндегідей жылқыны күзеткен жоқ (І. Жансүгіров). Оның бірер адамға тегіндікпен қолын байлата қояр түрі жоқ (Қ. Есенжанов). Академик Әлкей Марғұлан Қазақстан жері тегісімен «өнер музейі деуге болады» деді (Т. Оразов). Бірнеше күн сабаққа ұдайымен бармай да қалды (Б. Майлин). Жыртқыш тегіншілікпен олжасын тастап кетпесе керек еді (Ж. Орманбаев). Атты әскерлерше тәртіппен екі-екіден кетіп бара жатыр (Б. Соқпақбаев). Осы күй әсерінен Болат сол күні күнімен арыла алған жоқ (З. Шүкіров). Жолдасым күндікпен әуре болып еш нәрсе шығара алмады (С. Ерубаев). Сол күні күн батар кезде, әдеттегі қалпымен қаланың малдары өрістен қайтты (Б. Майлин). Осы ақ саулыққа жем беріп, күтудің зорымен қыстан аман алып шықты (Б. Тұрсынбаев). Жайымен ұшып бара жатқан бүркіт аңдаусызда артынан кеп түйіп кеткенде төмен қарай жарқ қоям деп қара суға күп беріп түсіп кеткені (Ш. Айманов).

Топырақтан өмір исі шығады,

Оны денең тиіп кетсе, ұғады.

Еңбегіңді есесімен беретін

Жақсылық та топырақтан жұғады (Ө. Тұрманжанов).

Бүгін сізге сәлем берем дегенсің ертемен алып келгенім (Х. Есенжанов). Төрелердің бәрі де қазынадан жалақы алмай, өз білгендерінше, еркімен елден жинап алады (С. Шарипов). Үйдің ішінде бірде-бір артық зат жоқ, бәрін орын-орнымен тап-тұйнақтай етіп орналастырған (Соц. Қазақстан). Оның әңгімесін Шоқан бар ынты-шынтымен тыңдайды да отырады (С. Мұқанов). Омырауында жезі бар, денелі, селдір сақал, сары шұбар кісі баланы ат-матымен айнала бір қарап өтті (Ғ. Мұстафин). Төстік оның қол-аяғын байлап, бесік-месігімен суға тастап жібереді (Қазақ ертегілері). Қарт бау-бауымен қамыстарды біраз төмен лақтырып алды да: – Неғып тұрсың, – деп жекіп қалды (Ә. Тарази).

Көре алмай ел жұртыңның ақтық жүзін,

Әр жерге сүйегіңді көміп жүрсің.

Сандалып елден безіп нағып жүрсің,

Тентіреп бет-бетіңмен лағып жүрсің (Айтыс).

Замана шаруа, мінез күнде өзгерді,

Оларға кез-кезімен нәби келді.

Қағида, шариғаты өзгерсе де,

Тағриф Алла еш дерде өзгермеді (Абай).

Жанайдың қазір сөз деген тіліне жентек-жентегімен оралады (С. Мұратбеков). Ұл бақшада жүрген адамдар да жалғыз жүрмей, жұп-жұбымен жүргені байқалады (Ө. Тұрманжанов). Кірпіжан күй тартқанда көзін айырмайды, күйді бүкіл жан-тәнімен тыңдайтынға ұқсайды (Қ. Жұмалиев). Бұрынғы шәлкес-шалыс, әзіл-оспақ әңгіме өз жайына қалды. Балзияның сақтана сараң сөйлеген сөздерінен жалынды ықыласы, жан-ділімен беріле құлағаны сезіледі (С. Омаров). Үзіліп кеткен ер-мерімен шұбатыла сылқ ете қалған қарашыңның жаны аузына келіп, енді шығаруға дайын еді (І. Есенберлин). Сонымен, сөздердің көнеленген септік жалғаулары негізінде үстеу сөздерге ауысуын былайша көрсетуге болады: біріншіден, ауысушы сөз өзінің түбір қалпындағы сипатын сақтап, ешбір сөз түрлендіру жүйесіне енбестен, синтаксистік ықпалмен өзге сөз табы қатарына өтеді. Екіншіден, есім сөздер белгілі септік жалғауларында тұрып, түрленуші қасиеттен алшақтап, сөйлем ішіндегі қызметіне байланысты ұзақ мерзімдік тарихи қалыптасуы негізінде формалары көнеленіп барып үстеу ретінде танылады. Үшіншіден, септік жалғаулары көнеленіп, өзінің бастапқы мағыналық сипатынан алшақтай отырып, етістікпен тіркесі артып, сөйлемдегі қызметі жағынан тұрақты пысықтауыш ретінде қолданылып барып ауысады.

Әдебиет:

1. Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма мен мазмұн: филол. ғыл. док. ... дис. – Алматы, 2009.

2. Дүйсенбі С. Түркі тілдеріндегі үстеулер тарихы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2001. – №9. – 25-29 бб.

3.Исаев С. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Өнер, 2007. – 340 б.

Основные термины (генерируются автоматически): бар, мена.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Справа в верхнем правом углу панели Title Bar находятся кнопки управления текущим окном Sibelius 7 (рис. 14).

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Справа в верхнем правом углу панели Title Bar находятся кнопки управления текущим окном Sibelius 7 (рис. 14).

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!

Задать вопрос