Мемлекеттік - жеке серіктестіктің экономикалық мәні және қажеттілігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 14.03.2016

Статья просмотрена: 2364 раза

Библиографическое описание:

Умирзакова, М. А. Мемлекеттік - жеке серіктестіктің экономикалық мәні және қажеттілігі / М. А. Умирзакова, Н. Е. Алдабергенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.5 (109.5). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26824/ (дата обращения: 26.04.2024).



Қазіргі заманауи қиын экономикалық жағдайда мемлекеттік-жеке серіктестік мемлекет пен бизнес арасындағы ең тиімді серіктестік түрі, себебі дағдарыс жағдайында мемлекет тарапынан сұраныстың тұрақтылығы несиелік мекемелердің сенімділігін нығайтып және инвестиция тәуекелін азайтатын маңызды құрал [1, 5 ].

Мемлекеттік-жеке серіктестікті оның қатысушыларының арасында тәуекелдер мен пайданы тепе-тең және әділ бөлу, сондай-ақ мемлекет тарапынан бақылау жағдайында мемлекеттік сектор жауапкершілігі саласында дәстүрлі жататын қызметті көрсету үшін жауапкершілікті жеке меншік сектор субьектілеріне толық немесе бөлшектеп тапсыруды қарастыратын мемлекеттік және жеке меншік секторлардың өзара байланыс жасау нысаны ретінде белгілеуге болады.

Мемлекеттік-жеке серіктестік нысанына байланысты жеке меншік сектор сол немесе басқа қызметтерді, тәуекелдер түрлері мен жауапкершілікті өзіне қабылдайды. Жеке меншік секторға қатысу дәрежесі қаншалықты жоғары болса, қабылданатын тәуекелдің, жауапкершіліктің, міндеттемелердің деңгейі соншалықты жоғары, жасалған мемлекеттік-жеке серіктестік келісімшарттар мерзімі соншалықты ұзақ.

Осы қарама-қайшылық мемлекеттің ұсынылатын инфрақұрылымдық және әлеуметтік қызметтердің көлемінің өсуіне және жақсаруына қызығушылық танытумен, ал кәсіпкерлік құрылымдар жобадан түсетін табысты тұрақты алып тұруға және пайданың тұрақты өсіміне қызығушылық танытады. Тараптардың мүддесінің ортақтылығы жобаны толығымен жемісті жүзеге асырумен қорытындыланады.

Мемлекеттік-жеке серіктестік жобасын жүзеге асыру жетістігіне тараптардың ерекше мүмкіндіктерін біріктіру болып табылады. Кәсіпкерлік құрылым жобаны қаржылық ресурстармен, жаңашыл технологиямен қамтамасыз етеді, кәсіби тәжірибені, тиімді басқару дағдысын, оның ішінде шешім қабылдаудағы икемділік пен жеделділікті пайдаланады.

Мемлекет өз кезегінде меншік иесінің құқықтарын іске асыра отырып, халықтық және өзге де жеңілдіктерді, кепілдіктерді пайдалану, сондай-ақ қаржылық ресурстардың кейбір көлемін алу мүмкіндігін береді.

Осындай тәсілмен мемлекеттік-жеке серіктестік құру мемлекетке шаруашылық жүргізудің заманауи тиімді әдістерін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік береді, өйткені басқару функциялары кәсіпкерлік құрылымға өтеді, бірақ бұл жағдайда қадағалау және бақылау құқығы сақталады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігі мемлекет экономикасына жеке инвестицияларды тартуда үлкен әлеует екенін атап көрсетті. Жалпы мемлекеттік-жеке­мен­шік серіктестік (МЖС) эконо­микалық өсімді ынталан­дыру жә­не жекеменшік сектордың эко­номикаға қатысуын кеңейту әдісі болып саналады [2].

Мемлекет пен бизнес тиісті құқығына сай ресурстар мен мүдделерді бөліскенде мемлекеттік-жеке серіктестік саласында тәуекелдер көбеюде. Мемлекет қоғамдық мүдде мен мақсатты тасушы ретінде, ал бизнес қатысушы ретінде барынша көп табыс табуға бағыт алады. Сол себептен, мемлекет пен жеке серіктес арасында қоғамдық және жеке мүдде мен мақсат аясында тәуекелдер туындайды. Мемлекеттік-жеке серіктестікті оныңқатысушыларының арасында тәуекелдер мен пайданы тепе-тең және әділ бөлу, сондай-ақ мемлекет тарапынан бақылау жағдайында мемлекеттік сектор жауапкершілігі саласына дәстүрлі жататын қызметті көрсету үшін жауапкершілікті жеке меншік сектор субъектілеріне толық немесе бөлшектеп тапсыруды қарастыратын мемлекеттік және жеке меншік секторлардың өзара байланыс жасау нысаны ретінде белгілеуге болады.

Мемлекет өз кезегінде меншік иесінің құқықтарын іске асыра отырып, халықтық және өзге де жеңілдіктерді, кепілдіктерді пайдалану, сондай-ақ қаржылық ресурстардың кейбір көлемін алу мүмкіндігін береді.

Осындай тәсілмен мемлекеттік-жеке серіктестік құру мемлекетке шаруашылық жүргізудің заманауи тиімді әдістерін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік береді, өйткені басқару функциялары кәсіпкерлік құрылымға өтеді, бірақ бұл жағдайда қадағалау және бақылау құқығы сақталады. Компания өз кезегінде кәсіпкерлік тәуекелдерді төмендетіп, мемлекеттік ресурстар мен кепілдіктерге қолжетімділік береді.

МЖС жобаларын енгізу халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылата отырып, мемлекеттік инфрақұрылымның обьектілерін дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай серіктестік қатысушылар алдында біршама тәуекелдерді туындатады. Сондай-ақ, қаржы пайдасының жартысы мемлекеттік сектордан тәуекелді жеке компанияға өткізумен байланысты мемлекеттік инфрақұрылым обьектілерін жеке қаржыландырудан пайда болады.

МЖС маңызды аспектісі ұлттық жобалар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары аясында үкімет пен корпорациялар арасында келісім-шарт жасасу болып табылады. Егер олар қоғамдық жұмыстарды орындайтын болса, осы келісім-шарт шеңберінде жеке фирмалар 25 жылға дейін өтеу мерзімімен қолайлы шарттармен несие алуларына болады. Олардың шаруашылық қызметінің құрылымдау және жаңғырту процесін ынталандыратындай, бұл қарыздар, негізгі капиталға 65% дейін инвестицияларды жабуға болады.

Мемлекеттік-жеке серіктестік үкімет пен бизнес және қоғам үшін де оң нәтижелерге алып келерін әлемдік тәжірибе көрсетеді (1- кесте).

Кесте 1

Мемлекеттік-жеке серіктестіктің тиімділігі

Қоғамға пайдасы

Мемлекет үшін тартымдылығы

Бизнес үшін тартымдылығы

- Басым инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету;

- Мемлекеттік шығыстардың қысқаруы және инфрақұрылымның обьектілеріне техникалық қызмет көрсету үшін бағаны төмендету;

- Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру;

- Кәсіби шеберлігін арттыру және әлеуметтік жобаларды іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;

- Қазіргі заманғы, жоғары технологиялық инфрақұрылымды дамыту;

- Өндірістік және көліктік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды жетілдіру;

- Тауарлар мен қызметтер сапасын арттыру;

- Қоғам мен жаңа жұмыс орындарын құру мүдделерін қорғау;

- Қоғамның әл-ауқатын арттыру.

-Дамудың (Инфрақұрылымның, энергетиканың дамыту болмауына және т.б.) жүйелік проблемаларын шешу;

- Жеке қаражат тарту арқылы бюджет шығыстарының азаюы;

- Жұмыстар мен қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;

- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден түскен табыстардың артуына;

- Инвестициялар мен инновацияларды арттыру;

- Тарифтерді төмендету, бәсекелестік деңгейін арттыру - әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға;

- Серіктестермен оларды жылжыту үшінтәуекелдерді бөлісу мүмкіндігі;

- Бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сындарлы дамыту;

- Жеке және қоғамдық инвесторлардың мүдделерін оңтайлы ұштастыру;

- Мемлекеттік меншік және қаржы ресурстарын құру, жетілдіру және тиімді пайдалану;

- Нарықтағы әкімшілік ықпал ету тетіктерін жетілдіру, инвестицияларды тарту.

- Дәстүрлі мемлекеттік салаға қол жеткізу;

- Салық және басқа да жеңілдіктер түрінде жобаларды ілгерілету,тікелей мемлекеттік қолдау және көмек көрсету;

- Бюрократиялық қызыл таспаны жеңуге мүмкіндігі;

- Мемлекеттік тапсырыстар алу;

- Қанағаттандыратынкепілдік бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық орналасу мүмкіндігі;

- Мемлекетпен шығындар мен тәуекелдермен бөлісу;

-Инвестициялық тәуекелдерді азайту;

- Жеке инвестициялардың белгілі бір кепілдіктерін жасауда мемлекеттің мүдделерінің бірлігі;

- Капиталды біріктіру арқылы инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту.

Ескерту - [3] әдебиет негізінде автордың құрастыруы

Осылайша, мемлекеттік-жеке серіктестіктің негізінде қоғамның кең ауқымды мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін үкіметтің және жеке сектордың барлық деңгейлері арасында тиімді ынтымақтастық жүйесі жатыр.

АҚШ-та билік органдары мен жеке сектордың ынтымақтастығы муниципалдық деңгейде кеңінен таралған. Мемлекеттік-жеке серіктестік жөніндегі Ұлттық кеңестің (National Council for Public-Private Partnership) мәліметі бойынша, жергілікті биліктің негізгі 65 іс-әрекетінің ішінде (су құбырлары, канализация, қоқыс жинау, мектептер, паркингтерге қызмет көрсету және т.б.) 23 өнімділігін орташа қалалық коммерциялық фирмалар қолданады [3, 377-384 бет].

Казіргі таңда экономиканы тиімді басқару шарты болып, мемлекет пен бизнестік конструкциялық өзара іс-әрекеті табылады. Осы өзара іс-әрекеттің ерекшелігі болып, әр елдегі нарықтық қатынастың арнайы маңыздылығымен байланысты әдістері мен нақты формалары ажыратылуы мүмкін.

Мемлекеттік-жеке серіктестік айналасында ерекшелігіне байланысты серіктестіктердің көптеген түрлерінің нақты тапсырмалары жеке модельдерге бөлінеді. МЖС мақсатына сәйкес кооперация, қаржыландыру моделі және ұйымдастырушылық моделі деп бөлінеді [4, 3 бет].

Ұйымдастырушылық модельге казіргі таңда МЖС-ң кең тараған бір түрі – концессия жатады. Концессия, Муниципалитет немесе мемлекетке жататын шаруашылық объектілер, кәсіпорын немесе табиғи байлықтарды нақты бір жағдайда эксплуатацияға беру келісім-шартын айтады. Капиталистік елдерде концессиондар болып, жоғары табыс алу үшін қолданылатын ірі монополияларды айтады. Қаржыландыру моделіне біріктірілген жобалық қаржыландыру, лизингтің барлық түрлері, жалға беру, коммерциялық жалға беру жатады [5, 2 бет].

Қазіргі уақытта Қазақстанда концессия механизмдерін қолдана отыра МЖС жобаларын жүзеге асыру практикасы қолданылуда.

Халықаралық тәжірибе негізінде МЖС жобаларын тиімді жүзеге асырудың келесі факторларын ерекшелеуге болады:

- мемлекет үшін инфрақұрылым нысанының құрылысы емес, көлем мен қызмет сапасы басым бағытта болады;

- жоспарлау, құрылыс салу, инфрақұрылымды пайдалану саласындағы жеке сектордың біліктілігі мен тәжірибесі қызмет көрсету, көлем және сапа үшін пайдаланылады, ол мемлекетпен анықталады;

- жеке сектордың шығындарын орнына толтыру оның жұмыс сапасына байланысты.

Халықаралық практикада МЖС негізгі екі түрі ажыратылып көрсетіледі институционалды және келісім-шартты. ЕБ Жасыл кітабы бойынша МЖС жобаға қатысушалар арасындағы келісім-шарттық қарым-қатынасқа негізделген серіктестікке жатады. Институционалды МЖС мақсаты мемлекет пайдаасына жұмыс пен қыметтерді көрсету болып табылатын, мемлекет пен жеке сектордың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру деп жоспарланады [6].

Мемлекеттік - жеке серіктестіктітүрлі формада дамыту – қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы әлеуметтік- экономикалық бағытты күшейту процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Дәл осы әлеуметтік серіктестік шарттары нарықтың қатал шындығына арналған қоғамдық амортизатор ретінде қарастырылады. Өйткені ол экономикалық тиімділік талаптары пен әлеуметтік әділеттілік мүдделерін ұштастыра­ды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Матаев Т.М. Риски в сфере государственно-частного партнерства: Монография / -М.: МАКС Пресс, 2014. – С. 5.
  2. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
  3. Балашов С. Опыт функционирования ГЧП в развитых странах // Вестник ИЭ РАН. – 2009. - №4. – С. 377-384
  4. Мемлекеттік – жеке серіктестіктердің әлемдік тәжірибесін қолдану. - Рұқсат тәртібі:http://www.g-k-h.ru/directory/articles/736086/, 3 бет
  5. 2009-2015 жылдардығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жеке серіктестіктерінің даму концепциясы (проект). - Астана, 2008, 2 бет
  6. Панкратов А.А. Государственное частное партнерство в современной практике: основные теоритические и практические проблемы/ А.А. Панкратов.- М.: Изд-во «Анкил», 2010
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, бета, бизнес, немес.


Похожие статьи

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Современный взгляд на болезнь Альцгеймера | Статья в журнале...

Ряд ученых начали исследовать возможность бета-олигомеров влиять на синаптические функции путем изменения синаптических белков, таких как белки постсинаптической плотности 95 (PSD95), и глутаматных рецепторов.

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Риск и доходность инвестиций в отраслях российской экономики

Отрасль экономики. Бета. (unlevered beta для развивающихся рынков).

Из одиннадцати рассматриваемых направлений российского бизнеса менее подтвержденным резким изменениям оказался банковский сектор.

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы...

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының Заңы (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты, www.minfin.kz.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ. Наименее качественным средством для мытья посуды является Fairy...

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

ЖЭО күлі, күріш қауызы мен сабаны, портландцемент пен керамзит ұнтағымен қоса бірге шарлы диірменде механикалық-химиялық активтендіру

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Көптоннажды ауылшаруашылық қалдықтары – күріш қауызы мен сабанын арболит технологиясында тиімді...

Методологии проектирования мультиагентных систем

В данной статье были рассмотрены некоторые популярные способы построения мультиагентных систем. Методология создания МАС на основе онтологии. Создание онтологии для конкретной бизнес задачи имеет преимущества для разработки, совместимости...

Похожие статьи

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Современный взгляд на болезнь Альцгеймера | Статья в журнале...

Ряд ученых начали исследовать возможность бета-олигомеров влиять на синаптические функции путем изменения синаптических белков, таких как белки постсинаптической плотности 95 (PSD95), и глутаматных рецепторов.

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Риск и доходность инвестиций в отраслях российской экономики

Отрасль экономики. Бета. (unlevered beta для развивающихся рынков).

Из одиннадцати рассматриваемых направлений российского бизнеса менее подтвержденным резким изменениям оказался банковский сектор.

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы...

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Қазақстан Республикасының Заңы (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты, www.minfin.kz.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ. Наименее качественным средством для мытья посуды является Fairy...

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

ЖЭО күлі, күріш қауызы мен сабаны, портландцемент пен керамзит ұнтағымен қоса бірге шарлы диірменде механикалық-химиялық активтендіру

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Көптоннажды ауылшаруашылық қалдықтары – күріш қауызы мен сабанын арболит технологиясында тиімді...

Методологии проектирования мультиагентных систем

В данной статье были рассмотрены некоторые популярные способы построения мультиагентных систем. Методология создания МАС на основе онтологии. Создание онтологии для конкретной бизнес задачи имеет преимущества для разработки, совместимости...

Задать вопрос