Библиографическое описание:

Жунусова У. А. Заманауи халықаралық зерттеулердегі «полпотизм» негізі туралы пікірталастар // Молодой ученый. — 2016. — №1. — С. 938-944.



 

Автор приводит сравнительный анализ нашумевшей темы о коммунистическом характере полпотизма и геноцида. Свои размышления она приводит в виде дискуссии с некоторыми статьями, написанными на французском языке.

Ключевые слова: Камбоджа, Пол Пот, полпотизм, сталинизм, геноцид

 

Les auteurs font la discussion sur le problème du polpotisme communiste et genocide à travers des articles redigés en français et expriment ses opinions.

Cles mots: Cambodge, Pol Pot, polpopisme, stalinisme, la genocide

 

Камбоджа туралы зерттеулердің көбінде және де қоғамның сана-сезімінде «полпотизм» феноменін «қызыл кхмерлердің 3 млн. адамға жасаған зұлматымен» байланыстырады. Осы көп азап шеккен елдің тарихы туралы бірқатар сарапшылар феноменнің теориялық негізін марксизм мен большевизмнің тоталитарлық көрінісі болып табылатын сталинизмнен іздейді [16,2,15]. Сонымен бірге, полпотизмді гитлеризммен («гитлеризмнен де асқан» [4, c.9,17]), маоизммен, бонапартизммен бірқатарға қояды. Осы пікірді олар Пол Поттың жеке басын ұқыпты зерттемей, полпотизм феноменінің туындауына әсер еткен мәдени-тарихи жағдайларды зерттемей, сондай-ақ сол доктринаны талдауды жүргізбестен айтып келеді. Бұл мақала осы тақырыпқа оқырманның көңілін аударуға және саяси теория мен практикадағы полпотизм феноменін шынайы көрсетуге ықпал етуiне арналады.

Осы мақсатта алдымен Пол Поттың кім екенін және полпотизм деп нені ұғынуға болатынын анықтап алу қажет. Пол Поттың толық өмірбаяны осы күнге дейін белгісіз, өйткені ол өз өмірінің кейбір жақтарын жасырып, ешқашан айтпаған. Бай кхмер-қытай отбасында туылған Пол Поттың король сарайына жақын болғандығын дәлелдейтін тарихи мәліметтер бар. Мысалы, оның апкесі Меак, Пол Пот осы апасының қолында тұрып, тәрбиесін көрген, Патша Монивонгтың 10 ресми зайыбының бірі болып, королева болған. Осы апкесі ханзада Коссаракты туған. Ал туған сіңлісі Сироён король Сиануктың ізашары осы король Монивонгтың сүйікті зайыбы болған, сондықтан патшаның о дүниеге аттанар кезінде қасында болып, оның тақ мұрагерлігі туралы айтқан соңғы сөздерін естіген. Ол Үндіқытай губернаторы адмирал Декудың зайыбымен дос болған. Сол әйелдің Сайгоннан келген гимназист Сианук туралы айтқан мына сөздері: «Qu’il est mignon, ce garcon!» [3, c.178] үлкен әсер етіпті, ал ол бала король болам деп тіпті де ойламаған. Меактың үй қызметіндегі әйелдерінің бірі Кхан Иап король Сурамариттің (Сиануктың әкесі) соңғы зайыбы болды, ол 1951 ж. Сиануктың шешелес ағасы ханзада Сиривуданы туған. Пол Поттың туған ағасы король сарайының іс-қағаздарын жүргізумен айналысқан, кеңсе хатшысы болып істеген.

Пол Пот ақсүйек қатарына жатқан және король сарайына жақын болып, сарайдың барлық саяси жағдайларынан (шағыстыруларынан) хабардар болған. Ал, бәрімізге белгілі, Сталинде де, Маода да, Гитлерде де, Бонапартта да монархтармен бұндай туыстық қатынаста болмаған. Олардың көбісі өздерін патша династиялары және ақсүйектерге қарсы шыққан күрескерлер деп санаған.

«Полпотизм» терминін алғаш рет тарихшы Рауль Женнар пайдаланған: «Мен «полпотизм» деп қазіргі тоталитарлық режимді елдердің қолданатын маркстік-лениндік доктринаның жеке жағдайы болып табылаттын демократиялық Кампучия коммунизмін атаймын» [11]. Рауль мырза ханзада Сианук пен белгісіз Пол Пот бастаған кхмерлер елін тоталитарлық басқарушы елдер (автократиалықтың кездейсоқ түрі, яғни мемлекеттегі бір адамның шексіз және бақылаусыз толық басқаруы) қатарына жатқызады. Ол, «полпотизм варваризмге әкелген большевизмнен» дей отырып, «полпотизмге» не жүйе, не теория немесе құбылыс ретінде анықтама бермейді, сондай-ақ полпотизмнің «большевизмге, коммунистік идеологияға» қатысы бар деген дәлелдемелер де келтірмейді. Теоретикалық тұжырымдарын марксизм негіздерімен салыстыруға да мұршасы келмеген. Бұндай шектен шыққан пікір әділ саяси зерттеулердің әдептілік талаптарына толыққанды жауап бере алмайды.

Бұл мақаланың тезисі полпотизм маркстік-лениндік доктринаның нұсқасы емес, ол оған тікелей қарама-қарсылық болып табылады деген пікірді келтіру. ХХ ғасырда кеңінен тараған қоғамдық дамудың маркстік-лениндік тұжырымдамасын сынай отырып, түрлі елдерде, соның ішінде өз түбірі бар және өзіне тән ерекшеліктері бар Камбоджада кездесетін түрлі әлеуметтік үлгілерге зор ықыласпен, әдептілікпен қарау керек. Бұл үлгілерді қанша белгілі бола берсін бір доктринаға байланыстырып қою «қысым» болып саналады, сондықтан бұл біздің әділ шындыққа ұмтылуымызға тіптен де сәйкес келмейтін құбылыс.

Жоғарыда айтылғандай, Пол Пот король Сиануктың туысындай болған. Король оны Парижге оқуға өзі шығарып салған және оның өмірінің маңызды кезеңдерінде әрқашанда қасында болған. Соңынан осы Пол Пот және қызыл кхмерлер, соның салдары болса керек, Ханзада Сирик Матак пен Сиануктың оң қолы (премьер-министр) генерал Лон Ноль болып, 1970 жылы 10 ғасыр бойы өмір сүрген монархиялық династияны құлатып «Кхмер республикасын» құрған және өлім жазасына бұйырылған Сианукты өкімет билігіне қайта қайтарды [19].

Бәрімізге белгілі бір психологиялық құбылыс бар, ол саяси қайраткерлердің бастапқы «идеологиялық бағдарлары» уақыт өте өмірлік тәжірибелері мен саяси жағдайларға байланысты дамып, қайта қаралып өзгертіледі [13,12]. Бұл көбінесе жас, ысылмаған, бірақ жігерлі және ізденпаз саясаткерлерге тән. Тіпті «Парижден келгендердің» ішінде де келіспеушіліктер болған. Пол Потпен де солай болды, «бейтарап Камбоджа» мәселесі жөнінде келіспеушілік болғаннан кейін, ол Камбоджа коммунистерінің бастапқы айқындамасына теріс қарады.

Париждегі камбоджа студенті Кхмер Даомды (соңынан бұл Салот Сар — келешектегі Пол Пот болып шықты) «солшылдар» қатарына жатқызуға болмайды, ол француз баспасы басып шығарған өзінің мақаласында [3,c.21] былай деп сұрайды: «Монархия деген не?» және өзі жауабын береді: «Халық жауы, олар халықты монархия мен оның сарай маңындағыларын асырау үшін құл ретінде пайдаланады; дін жауы; колониализм досы, ақырында: таным-білім жауы» дейді. Қысқасы, «әділетсіз ұйым, жұқпалы жара сияқты жұғады» деген. Ол тағы екінші сұрағын қояды: «Демократия деген не?» және де өзі жауап қайтарады: «монархияның қарсыласы, өкімет билігі халық көпшілігінің қолына көшеді». Осыған қарағанда былай болуы тиіс дейді: «жақсы сөйлейтін нағыз монарх, бірақ жүрегі қатты, сондықтан ғайып болуы керек» [15]. Бірақ демократияны қалай орнату керек туралы, Салот Сар ештеңе айтпады. Oл сол кезде Францияның Коммунистік партиясының мүшесі болып табылатын. Осы айтқандарына қарағанда ол монархияны жеңгендердің жағында болып, демек монархияны құлатқан және «Кхмер республикасын» құрған Сирик Матак пен генерал Лон Нольдің тәртібін жақтаушы болған еді. Бірақ ол олай емес. Керісінше, Пол Пот құлаған корольдің бағытын ұстады [19, c.3, 16, c. 216].

Сол кездерде «үшінші әлем» ұлттық қозғалысының көптеген өкілдері үстіртін болса да марксизм негіздерін оқыған. Бірақ бұл марксизмді сырттай қабылдау ғана болатын. Олар үшін марксизм колониализммен, қаналған, артта қалған өз елдерінде бекітілген өктемші жүйемен өзгеше бір «күрес туы» іспеттес болған. Сондықтан бұл жағдайда Францияға кеткен адамдардың полпот тобы «коммунистер» емес, көбіне ұлтшылдар еді [3. C.21]. Ху Юн және Кхиеу Сампхан (келешектегі қызыл кхмерлердің басшысы) докторлық диссертацияларында барлық елдердегідей ұлттық сарын еседі. Бірнеше социалистік елдерде де солай болған. Француз коммунисі Пьер Руссе [10] «қытай марксизмін маошыл басшылықпен, сондай-ақ вьетнам марксизмін — ВКП басшылығымен теңестіруге болмайды» және өзінің рухы мен мазмұны бойынша «маоизм мен вьетнам марксизмі ұлтшыл болып табылады» деп дұрыс айтқан.

Кхмер ұлтшылдығының және оның салдарының себебін түсіну үшін сол жылдардағы оқиғаның мерзімін қысқаша айқындау қажет. 1953 жылы Камбоджаны колонизациядан босату ешқандай қан төгусіз жүзеге асты [3, c.9]. Бірақ, 1940 жылдардан бастап тәуелсіздік үшін соғысқан «Иссарак» (еріктілер) деп аталатын кхмерлер король Сианукке қарсы шықты. Ол қыймылдың мақсаты феодальдық жүйені күйрету еді. Парижден келген бірнеше кхмер студенттері, олардың ішінде келешектегі Пол Пот (ол кезде Салот Сар) және бірнеше Камбоджа жастары (келешектегі қызыл кхмерлер) Үндіқытайдың Коммунистік партиясының (ҮКП) мүшесі болғандықтан, соларға қосылды.

1967 жылы шаруалардың ауыр тұрмысы, режим өктемшілдігі, Оңтүстік Вьетнамда әскери әрекеттердің тарауы бас оппозиционерлерді бірінен соң бірін адам аяғы баспаған ормандарға, партизандыққа кетуге мәжбүр қылды. Вьетнамдағы американдық соғысы (1961–1973) корольдіқты қиын жағдайға соқтырды: бір жағынан, корольдіқты «Қызыл кхмерлер» құшағына итермелеген АҚШ ӘӘК-нің (ВВС) бомбылауы, екінші жағынан, Камбоджа аумағында вьетконгошылардың (Оңтүстік Вьетнам патриоттық армиясы) көбеюі. АҚШ дипломатиясы Үндіқытай соғысында «вьетнамшылаумен» аяқталды. «Көмек көрсетуші империализм» «азиаттарды азиаттармен соғыстырып» қойды. Сайгон «вьетнамшылауы» Пномпень «кхмершілеуіне» алып келді. Осының нәтижесінде генерал Лон Нольдің төңкерісі басталып кетті. Өкімет басына Сирик Матака мен Лон Ноль американдық режимі келді, олар бес жыл бойы биледі, КСРО осы режимді мойындады [1. c.250]. Шеттетілген және өлім жазасына кесілген король Пекиннен пана іздеп, жұмысқа икемсіз болып, қолынан ештеңе келмеді. Алайда, Пол Пот бастаған партизан қозғалысының арқасында «ұлы 17 сәуір»(1975) күні «қызыл кхмерлер» Пном Пеньге кіріп, құрылған «Демократиялық Кампучияның» өкімет билігіне «қызыл ханзада» Сианук келтірілді. Ал ол режимді КСРО-да «Пол Пот және Иенг Сари режимі» деп атады [5, c.13; 3, c. 10].

Қызыл кхмерлер кезінде Камбоджада не болды? Әлемдік қоғам көпке дейін жаңа өкіметтің қызметі туралы ештеме білмеді. Соңынан батыс ғалымдарының жұмыстары, зерттеулері арқасында кейбір жағдайлар белгілі бола бастады.

Қызыл кхмерлердің Демократиялық Республикасы атанған өкіметі кезі Пол Пот «зұлматымен» (геноцид) сипатталады. Жеңімпаз Пол Пот және оның пікірлестері байырғы кхмер жерлері мен түбектерін жаулап алғанға қарсы күш көрсетті, олар «тарихи жауымыз — вьтнамдардан» елді құтқару қажет деп тапты. Өз кезегінде, американдарды жеңген вьетнамдықтар өз күштеріне сеніп, қызыл кхмерлер режимінен кхмерлерді босатамыз деген себеппен Камбоджаға кіріп, бүкіл елді басып алады. Қызыл кхмерлер ешқандай қарсылық көрсетпей партизандыққа кетеді де өздері басты күш болғандықтан Хенг Самрин және Хун Сен вьетнам режимімен (бұрынғы қызыл кхмерлер) 15 жыл бойы күреседі, ол монархияның қайта келуімен аяқталады [1,c.592; 3, c.99].

Камбоджа тарихының сарапшысы, көптеген кітаптар мен зерттеу монографияларын жазған ғылым докторы Рауль Женнар, БҰҰ мен Камбоджа үкіметі арасындағы келісім негізінде құрылған әскери трибуналдың негізгі айыптаушысы болып, Камбоджа коммунистерін айыптауда полпотизм туралы бірқатар айыптаулар мен тезистер айтты. 2009 жылғы 14 қыркүйектегі өзінің сөзінде ол былай деді: «бұл трибуналда солшыл күштердің тоталитаризмі алғашқы рет айыпталып отыр, ал оңшыл күштердің тоталитаризмі Нюрнберг пен Токиода айыпталған болатын» [11]. Дәл осы қарқынмен, 1945 жылы Нюрнберг трибуналында Ұлыбританияның бас айыптаушысы Хартли Шаукроссу сияқты даусын қатты шығарып, «Демократиялық Кампучия құрбандарының алдында бас иіп, басқа қалған тірілеріне сүйіспеншілікпен есіркеушілкті білдіруді» сұрады.

Біздің ойымызша, Пномпендегі БҰҰ трибуналын Нюрнбергтегі және Токиодағы фашистерге қарсы трибуналмен салыстыру артықшылық болып табылады. 1945 жылы әскери қылмыскерлерді Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінен кейін соттады, ал талқыланып отырған камбоджа жағдайына 30 жыл өткен. Алдыңғы процеске көптеген жауапты тұлғалар қатысты, ал мына жағдайда тек бір адам «жолдас Душ» туралы ғана айтылып отыр, ол адам түрменің бастығы болғандықтан, жергілікті сот шешімін орындаған. 1979 жылы «жолдас Душ» қызметтен бірден босатылды да, 1999 жылы қайтыс болды және сол өткен уақыттың бәрінде еркіндікте өмір сүрді, ал оның пікірлестері (қызыл кхмерлер) әлі күнге дейін тірі және аман-есен. Және ең бастысы, «тірі қалғандардың» ешқайсысы, соның ішінде Пномпендегі провьетнам үкіметі осы мезгілге дейін ешкімді соттауды ойламайды. Хун Сен (бұрынғы кызыл кхмер) примьер-министр 25 жыл елді баскарып келеді.

Ал,«бұл трибуналда солшыл күштердің тоталитаризмы алғашқы рет айыпталуда» дегенге қатысты айтатынымыз, француз айыптаушысы Р. Женнарға Пол Поттың «солшыл» емес, ұлтшыл болғаны және елдің барлық мәселесін ханзадамен шеше отырып, өз ұлты мен жеріне адал болуды уағыздағаны белгілі. Парижде марксизм –ленинизмге еліктеген студент «Кхмер Даома» (келешектегі Пол Пот), айтқанына қарамастан, Пном-Пеньге қайтып келгенде «қызыл ханзада» Сианук пен роялшы Пень Нутпен (премьер-министр) бірге өкімет басына келіп, ол «солшыл» немесе «марксист» бола қоюы мүмкін еместігі де түсінікті. Пол Пот ол кезде «вьетнам марксизмінен» гөрі «ұлттық централизм» идеясын ұстанды [10].

Екінші тезисіміз «Камбоджа коммунистерінің тарихы мен қызыл кхмерлер тарихы полпотизм тарихымен сәйкес келмейді» [10]. Пол Пот фракциясы коммунистік Вьетнамды «жат жерлерді жалмаушы» немесе «кхмер халқының жауы» деп атандырды. Ол ұлттық саясатты «Үндіқытайдың үш елін коммунистік федерацияға біріктіру керек» деген Хо Ши Миннің пікіріне қарсы жүргізді. АҚШ-қа қарсы ұзақ соғысты жеңгеннен кейін, рухтанған Вьетнам, Камбоджа мен оның жылына үш рет егін жиналатын құнарлы жеріне аумақтық дәмесінің арқасында өз әскерінің басын Камбоджа жеріне қарай бұрды да жаулап алды.

Осы жеңілген кезде, Рауль Женнардың ойынша, 1949 ж. Мао КСРО-ға сүйенгендей, өздеріне тіреуіш ретінде «полпотшылар жеңімпаз Вьетнамның тәжірибесінен тұжырым жасамады» және сондай мәселесі бар Лаосты да мысалға алмады дейді. Лаостың өз таңдауын Вьетнам пайдасына шешкенін, әйтпесе ол, егер Вьетнаммен жауласса, Камбоджа сияқты ізгілік апатына ұшырар екенін келтіреді. Бұл нұсқаны Пол Пот келеңсіз деп тапқанын, оның бас тартқанын айтады. Бірақ оның өз елінің ұлттық мүддесін қорғайтын дәйекті ұлтшыл ретінде жауапкершілікті өз мойнына алғанын айтпайды. Және бұның, әрине, не «большевизмге», не «маоизмге», не «ультрамаоизмге» ешқандай қатысы жоқтығына көңіл аудармайды.

Рауль Женнар «Камбоджадағы зорлық-зомбылықты туындырған коммунистер емес» [11] дейді. Ия, корольдықтың саяси және әлеуметтік қатынастарында зорлық-зомбылық қалыптасқан болатын, ол Батыс әскери интервенциясын туындатты, олар «Хо Ши Миннің бір аяқ жолын» жабу және Вьетминь (солтүстік Вьетнам) мен Вьетконга (Оңтүстік Вьетнам) повстандық базаларын күйрету үшін елге қарсы құпия бомбалауды жүзеге асырды.

Рауль Женнар қызыл кхмерлер мен полпотты сынай отырып, 1980ж. тілші Дит Пранның [9] кеңінен таратқан «3 млн. адам зұлматы» [11] туралы ешнәрсе айтпайды. себебі бұл мағлұматты көптеген бейтарап зерттеушілер шындыққа сәйкес келмейді деп санайды. Француз авторы Жан Лектур [18] тарихтағы болған тазарту мен қырып-жоюдан Камбоджа оқиғасын айыру үшін «самогеноцид» сөзін ойлап тапты. Пол Поттың зұлматын тексеру мақсатымен АҚШ-тан және басқа да елдерден тәуелсіз сарапшылар келді. Зерттеу қорытындысында былай деп жазған: «Зұлмат — ол Бангкокте құрастырылған аңыз-ертегі» [1, c.388]. Ал Кхиеу Сампхан (Демократия республикасының президенті) қызыл кхмерлер өз халқын қасақана қырды дегенді жоққа шығарды [22].

Басында ханзада Сианук құрған қызыл кхмерлердің «Демократия республикасы» өз халқына жасаған «ұйымдастырылған полпот зұлматы» туралы айту үлкен күмән тудырды. Бұған көптеген себептер дәлел. Біріншіден, 1962 жылы Камбоджадағы соғыс алдындағы халық санағының жалғыз қорытындысында халқының саны 5,74 миллион адамды құраған. Келесі санақ тек 1998 жылы (36 жылдан кейін) өткен және онда 11,4 миллион адамды құраған.

Бұл бағалау 1980 жылға шамамен мына 6,2–6,5 миллионды (елден қуған вьетнамдарды санамағанда, Таиландтағы жарты миллион босқындарды қоса санағанда) құраған. Зерттеушілер 80-жылдардың ортасын «аса көп өлім» (демек, режим жағдайына шыдамай өлген) 700 мыңнан 1,3 млн. адам деп анықтаған. Егер 1980 жылдағы халықтың санын 1998 жылмен салыстырсақ, 80–90 жылдары жыл сайынғы халық санының өсуі (2,7 %) жоғары болған. Сонда қайтыс болғандардың қорытынды саны шамамен 700 мың адамдай. Бұл да аз емес, бірақ бұл материалда ғылыми дәлділік пен статистикалық материалдармен жұмыс жасағанда әдептілік қажет деп ойлаймыз.

Рауль Женнар мырза сол кездегі оқиғаларды суреттей келіп, өзі еске салады: «Американдық бомбалаушылар сол ауыр бес жыл ішінде (1970–1975 жылдары) ай жерді бомбалауды талдап жатпаған» (полпотизмға дейін — автор). Яғни американдықтар қаруының балластынан құтылу үшін Камбоджа жерлерін қалай болса солай бомбалай берген. Cонда миллионнан аса адам қырылған [11,17]. Такео мен Кампот сияқты қалалардағы университеттер, Мемот пен Сноул сияқты ұсақ ауылдар жермен жексен болған. АҚШ Президенті Клинтон Камбоджаны бомбалауға байланысты құжаттарының құпиясын ашты. Оның дерегі бойынша 2 756 941 тонна бомба тасталған. Бұл Германия мен Жапонияны бірге қосқандағы Екінші дүние жүзілік соғыстағыдан да көп. «Адамзат тарихында бір ел Камбоджа сияқты бомбаланбаған» [11]. Сондықтан Камбоджадағы көп қаза тапқандарды айтқанда, ол тек қызыл кхмерлердің «зұлматы» нәтижесінен деген cөз күмән туғызады.

Екіншіден, «3 млн. адамның зұлматы» туралы ақпарат таратылудың жалғыз және алғашқы көзі ол 1979 жылы тамыз айында болған Пол Пот пен Иенг Саридің сот процесі. В. В. Шубиннің «Кампучия: Халық соты» [14]. кітабының негізіндегі сот процесінің өтуі оғаш әсер қалдырады. Біріншіден, тергеу мен сотты өткізудегі жеделдік көзге бірден түседі. Айыптау қорытындысы трибунал өткізілгеннен кейін 15 күн аралығында дайын болды және шағым арыз беруге жатпады. Екіншіден, 21 куәгердің көрсеткені жеткілікті болды. Пол Пот зұлматына байланысты жиі еске алатын Кампончам қаласынан 9 км. жердегі Чуп плантациясындағы зиараттарды (бұнда чам-мұсылмандары шоғырланған) жарым-жартылай ашып, құрбандарды санау әдісі де күмән тудырады.

Сот үшін жиналған куәлер нақты қылмысқа айыпталған нақты адамды айыптау үшін ғана қызмет ететін процессуал мүмкін, ал жалпы полпотшыларды зұлмат жасады деп айыптау үшін айғақтары аз еді. Бұл мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: «1979 ж. процесте Камбоджа халқының зұлматтан жаппай құрбан болуының айғағы дәлелденбеді» [14]. «Полпотизм» термині осы 2008 жылғы сот процесіне дейін (Пол Поттың кеткеніне 20 жыл өтті), не батыста, не КСРО-да зұлмат болғанын сипаттайтын «полпотизм» терминін ешкім пайдаланбады. Батыс елдерінде идеологиалық масатпен «сианукистер и полпотистер» десе, КСРО-да «Пол Пот и Иенг Сари режимі» деген терминдер қолданылды.

Бұл 2008 жылғы «Кампучиядағы зұлмат» туралы сот процесінде 1968 жылдан 1973жылғы тамыз айына дейінгі американ бомбалауы сот материалдарында тіпті еске де алынбады. Соңында Демократиялық Кампучия құлаған кезде де Пол Пот өмірінің ақырына дейін (1999ж.) еркіндікте жүріп саясатқа араласты (20 жыл). Осыдан кейін бұл парадокс болған оғаш пікірді қалай түсінуге болады?

Үшіншіден, «Зұлмат туралы Конвенцияда» былай делінген, «зұлмат деп бір ұлтты, этносты, нәсіл немесе дін топтарын толығымен немесе жартылай жою үшін жасалған іс-әрекеттер» және оны жергілікті сот емес, халықаралық сот айыптайды [14]. Ал 1979 жылы вьетнамдықтар мен басқа да шетелдіктер Камбоджа сотына «саны аз ұлтқа қатысты жасалған халықаралық қылмыс-зұлматты» соттауға мүмкіндік бергені ешкімді таң қалдырған жоқ еді.

Рауль Женнар мырза өкімет басына келген қызыл кхмерлер (Пол Пот және Иенг Сари) адамдарды қаладан қоныс аударған, ал оның соңы жан тебірентерлік оқиғаға айналғанына назар аударады. Ал, ол шешімнің уақытша, аштық пен астанада жайғасқан күштердің контрреволюциялық әрекеттерінен қорыққаннан жасалынғанына көңіл бөлмейді. Қызыл кхмерлер өздерінің құрамдарында біркелкі болған жоқ. Қызыл кхмерлер 4 негізгі топқа бөлінді: Бірінші топ — Салот Сармен бірге партиялық орталық. Оған елдің солтүстік және солтүстік-шығыс аудандары бағынған. Екінші топ — 1945–1953 ж. ардагер-коммунистерден құрылған вьетнам тобы. Үшінші — қытай тобы — Қытай мәдени революциясының жақтастары. Оларға елдің оңтүстік-батыс бөлігі бағынған. Төртінші — олар «Прачечунның» (Салот Сар оларды Сайгон қол шоқпары деп санаған) бұрынғы мүшелері. Тағы бір топ — Сианук жақтастары. Оларды «Кхмае румдох»(азат етушілер) деп атаған. Полпот фракциясына өкіметті өз қолына алу үшін уақыт керек болды. Тағы да атап өтейік: ханзада Сианук пен премьер-министр Пень Нут бұрынғыша, яғни Демократиялық Кампучия кезеңінде де өкімет басында болған.

Рауль Женнар елдің халқы «ескі» (партизан қызметінің аймағында тұратындар) және «жаңа»(қала тұрғындары) болып бөлінгені, және полпотшылардың «КСРО, Қытайдағы сияқты коллективтендіру және кластық күрескерлер» [11] саясатын жүргізгені туралы деректер келтіреді. Алайда, автор қызыл кхмерлер мен қытай хунвэйбиндері немесе Ресейдегі қызыл комиссарлар саясатының ерекшеліктерін айыра алмады. Осы жағдай Пол Поттың Камбоджадағы қызметін бағалауға қатысты терминологиялық шатасулар тудырады.

«Полпотизм» феноменінің пайда болуы дүниежүзілік колониялдық жүйенің ыдырау процесінің және екі «социалистік лагердің» (Қытай мен КСРО) бақталастығы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы колониализмге қарсы қозғалыстардың нәтижесінде мүмкін болды. Бұл құбылыс Үндіқытайдағы екі империалистік соғыс: француз (1946–1954) және американдық (1961–1973)соғыс жағдайында пайда болды. Ал Полпотизм, ең бастысы, осындай қолайсыз жағдайларда кампучия халқының ұлттық өзін-өзі билеуі ұмтылысына бағытталған шараның бірі деп саналуда [3,12,13].

Рауль Женнар полпотизмнің «күйреуі» кхмер халқының революцияшылдығының жеткіліксіздігі себебінен, өйткені ол «қызылдар жеткілікті дамымаған кезде құрылды» деп санайды. Кейбір зерттеулердің көзіне полпотизм өз халқын қырып-жойған түбегейлі саяси ағым болып көрінеді. Біз сол «түбегейлі жағдайларда» Пол Пот режимі мүмкіндігінше болған жағдайларға барабар болды деп пайымдаймыз.

Демократиялық Кампучия режимі 3 жылға жуық өмір сүрді. Мұндай мезгіл белгілі бір конструктивті дамыту стратегиясын жүзеге асыру мен осы кезеңде өткенді шынайы бағалау үшін мүлдем жеткіліксіз. 1975–78 жылдары болған жағдайға «анықтама» берудің өзі қиын болып көрінеді. Бұл еңбекшілер, буржуазия, шаруалар немесе...? мемлекеті ме?. Әрине, егер режим көбірек өмір сүргенде, егер ол тұрақтанғанда өткен процестің мазмұнын толығымен түсінуге болар еді.

Азаматтық соғыс әлі бітпеген, ал оның салдары прокоммунистік вьетнамның қызыл кхмерлерге қарсы тұруымен тереңдеген. 1979 жылдың 7 қаңтарында вьетнам әскелері ұрыс-керіссіз король Народом Сианук, Пол Пот және Кхиеу Сампхан өз еркімен тастап кеткен Пномпеньді басып алды. Мао ол кезде қайтыс болған, Пол Потқа араша түсетін ешкім болмаған [1].

Вьетнам әскери интервенциясы күні 1979 жылдың желтоқсанында Пном Пеньнің құлағаны туралы хабар тараған күні бүкіл халық қозғала бастады, біреулер өз деревняларына, біреулер қалаларына қайта бастады. Пол Пот режимінің әскери күштерінің жартысы Таиландпен шекараға кетіп, Пол Поттың о дүниеге кеткенінше тағы да 20 жыл бойы негізгі шешуші күшті құрады. Әдеттен тыс түсініксіз нәрсе — «жексұрын» Пол Пот «3 млн. адам зұлматымен» 20 жыл бойы Қытайдан, АҚШ-тан және басқа да Батыс елдерінен Таиланд армиясы арқылы көмек алып отырған және БҰҰ-ғы орнын сақтаған [1,17].

Пол Пот «қан ішер маньяк» болған жоқ. Осы күнге дейін жеткен жазбаша материалдардың ішінде кхмерлерді жою туралы Пол Пот қол қойған бірде бір құжат жоқ. Ол: «Мен бәріне жауап беремін, бірақ сендер жазықсыз адамдардың өліміне мені кінәлаушы дәлел ретінде мен қол қойған бір құжатты көрсетіңіздершіші» [13,23] деген. Керісінше, баспасөздің кейбіреулері партизанға онымен бірге әскери құрылымдары ғана емес, жүз мыңдаған босқындар да кетті деп жазады. Пол Пот жиырма жылға жуық партизандық күресті табысты жүзеге асырды, елдің кең алқаптарын бақылап, жергілікті халықтың елеулі қолдауына ие болды. Осының бәрі бұрынғы монархиясын қайта құру үшін істелген болып шықты!. Өлер алдында әйелі мен қызына мұра қылып қалдыратын ештеңесі болмаған — не өзінің үйі, не пәтері болмаған, барлық мардымсыз мүлкі: тозығы жеткен екі гимнастерка, бамбук желпуіші және жүргенде қолданатын таяқтары. Осы заттары 1998 ж. 15 сәуірінде оның қайтыс болғанының екінші күні бұрынғы пікірлестері көне автомобиль қақпағының үстіне денесін кремация жасағанда өзімен бірге жанып кетті. Өзінің өлер алдында жетпіс екіге келген Пол Пот батыс жорналшыларына сұхбат беріп үлгерді. 1997 жылғы қазанда Нейт Тейерге берген сұхбатында Пол Пот ештеңеге өкінбейтінін және тарихтың оны ақтап шығатынын айтқан.

«Пол Пот даңк пен билікті аңсаған атақ құмар авантюрист» болды деген пікір де өтірік болып шықты. Оның өмірбаянын талдап қарасақ, оның не сарайы, не автомобилі, не әдемі әйелдері, не банкте жеке есебі болмаған. Жеке табынатын ештемесі болмаған және қызыл кхмерлер революциясының көсемі ретінде суреттері де жоқ. Бұл елде көп уақытқа дейін оларды кім басқаратынын білмеген. Ол көпшілік алдына шығып сөйлеуді де, суретке түсуді де ұнатпады. Жапон агенттігі «Асахи» Пол Поттың жаңа түскен суреті үшін миллион доллар беруді ұсынды. Пол Поттың қарапайымдылығы мен жасырындылығын (анонимдігі) кхмерлер мәтелдеріне енгізді. Барлық камбоджашылар, әсіресе, кедей шаруалары Пол Пот режимі билеп тұрған уақытты қимастықпен еске алады. Ақырғы жылдары (октябрь 2013), Камбоджа Халық Ассамблеясының оппозиция мүшелері: «геноцид туралы дәлелдердің бөлігі Вьетнамдықтардың қосқаны» деп жүр [24].

Тұжырым

Пол Пот бай отбасынан шыққан, король сарайы жанында тәрбиеленген және монархтар мен ханзадалардың ортасында өскен оның коммунист болуы және Камбоджаны Хо Ши Миннің Үндіқытайдың үш елін коммунистік федерацияға біріктіріп, коммунистік ел қылу идеясын қолдауы да мүмкін нәрсе емес еді. Бірақ басында ол елдің монархиясыз тәуелсіздік алуына қарсы болмады, оған жасырын жағдайда революционер ретіндегі оның қызметі дәлел.

Пол Пот 1970ж. Пекинге келіп, өлім жазасына кесілген король Сианукты қолдады және 10 ғасыр өмір сүрген монархияны күйреткен, Кхмер Республикасын құрған Сирик Матак пен Лон Нол режиміне қарсы күреске шықты.Пол Пот ханзада Сианукті қолдап, Камбоджаның партизан аумағында бірінші болып қарсы алды, соңынан 1975 ж. билікті қолына алғанда Сианукты («қызыл ханзаданы») қызыл кхмерлер басшысы етіп тағайындады.

1979 жылдан бастап Пол Пот провьетнамдық Камбоджа үкіметіне қарсы күресіп, монархияны қайта құруға қол жеткізді.1975 жылдан 1979 жылға дейінгі кезеңдер «3 млн. адамның зұлматы» орын алған жағдайлармен сипатталады. Зерттеушілердің ойынша халықтың санын азайтып көрсеткен талдауларындағы сандардың қате екендігі белгілі болды. 1979 жылғы сот процесінің барысын талдау кезіндегі жинаған дәлелдер нақты бір қылмыста нақты бір қылмыскерді айыптау үшін қажет болуы мүмкін, бірақ зұлматты дәлелдеу үшін емес, өйткені дәлелдеу базасы өте аз және камбоджа халқы зұлматының жалпы құрбанының деректері айғақсыз қалды деген тұжырым болды. Тағы қосатынымыз, айыпталғандардың ішінде түрме бастығынан басқа ешқайсысы сотталмаған. Ақырғы жылдары (октябрь 2013), Камбоджа Халық Ассамблеясының оппозиция мүшелері: «геноцид туралы дәлелдердің бөлігі Вьетнамдықтардың қосқаны» деп жүр. Пол Пот партизандар қатарында жүріп, өзінің қайтыс болғанына дейін 20 жыл ішінде Қытайдан, АҚШ-тан және басқа Батыс елдерінен Таиланд армиясы арқылы көмек алуды жалғастыра берген және БҰҰ-дағы орнын сақтаған. Камбоджа корольдығының қайта түлеуінде және ханзада Сиануктың король ретінде таққа отыруында маңызды рөл атқарды.

 

Литература:

 

  1.                Мосяков Д. В. История Камбоджи. ХХ век. М. 2010.
  2.                Benoît Fidelin. La guerre du Cambodge (Les Khmers rouges). Paris.2005.
  3.                Philippe Richer. Le Cambodge de 1945 à nos jours. Paris. 2009.
  4.                Чхун Нарет. Пол. Конфл. в Камбодже как часть глобального развития региона Юго-Восточной Азии. Диссертация МГУ им.М. В. Ломоносова. –Москва, 2000.
  5.                Francois Ponchaud. Cambodge annee zero. Paris.2001.
  6.                Ben Kierman. Cambodia Genocide. Far Eastern Economic Review, 1990. -18
  7.                Жунусова У. А.: Траг. кхм. народа и роль межд. дипломатии во Вьетнамо-Камбодж. конфликтах. (на каз. языке). Дипл. работа. А. 2010.
  8.                Жунусова У. А. Один месяц в ЮВА. Газета «Казах». — Алматы. 2011.
  9.                Пол Пот никогда не был коммунистом.http://koms.narod.ru/foreign/khmerrouge.htm
  10.            Pierre Rousset. Retour sur le Cambodge des Khmers rouges
  11.            Raoul Marc Jennar: Aux sources du polpotisme http://www.jennar.fr/?p=1055
  12.            ВерхотуровД.Виновать ли Пол Пот в геноциде? http://www.sensusnovus.ru-
  13.            Чернов А. Пол Пот-проклятьем заклейменный. http://www.sensusnovus.ru-
  14.            Шубин В. В. Кампучия: суд народа. М. 1980
  15.            Владимир Симонов. Добрый дедушка Пол Пот
  16.            Elizabeth Becker. Les larmes du Cambodge.- Paris, 1986.
  17.            Чендлер Давид. Брат номер один: Политическая биография Пол Пота.
  18.            Жунусова У. А. Дипл. марафон принца Нородома Сианука. В печати.
  19.            Sangha OP. La Republique Khmere. –Paris. Tom 1. P?
  20.            «Etat present de la Maison Royale du Cambodge».1994. с. 106.
  21.            Bora Touch. Debat sur le genocide. –Phnom Penh Post.№ 4, le 28 janvier 2005
  22.            Khieu Samphan. Reflection sur l`histoire cambodgien jusqu`a l`époque du Kampuchea. — Phnom Penh, 2007
  23.            О. Самородный. Тайны дипломатии Пол Пота. –Таллин, 2009.
  24.            Камбоджа вводит уголовную ответственность за отрицание геноцида 70х годов. Газета «Камбоджийская правда». Пном Пень.08 06. 2013
  25.            Жунусова У. А. Потенциал международного сотрудничества Республики Казахстана со странами Юго-Восточной Азии.Маг. работа. 2014.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle