Библиографическое описание:

Маханова Г. Ж., Назарова Г. А. Биологиялық құзыреттілікті қалыптастыруда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі // Молодой ученый. — 2016. — №1. — С. 951-953.



 

В этом докладе затронуты глобальные проблемы в сфере обучения на современном этапе. Раскрыты основные направления обучения и воспитания из своей педагогической практики. Есть материалы для обмена опытом.

 

Қоғамның әрбір дәуірі экономикалық және материалдық игіліктерді дамыта отырып, мәдени-рухани қазынаны қалыптастырады. Білім-шынайы байлық. Ұлттық білімнің дамуы капитал құрудың маңызды құралы,ал білімді адамдар-мемлекеттік байлық жинақтап,топтастыруға қабілетінің маңызды көрсеткіші. Оны тарих, саяси-әлеуметтік, экономикалық дамудың практикасы дәлелдеп отыр. ХХ ғ.-дың 90-жылдарында білім беру процесі қайта құру сарынының кейбір ауытқымалы құрылымдарына ұрынып, ғылыми-техникалық процеестің даму заңдылықтарына сай келетін мамандықтардан гөрі көбірек заң, экономика, тарих т. б. гуманитарлық мазмұнға ауып кеткенін БАҚ-ның ресми хабарларынан жақсы білеміз.

ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын-деп атап көрсетті. Кәсіби-техикалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономикалық мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді [1].

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзін еске салғымыз келеді: «Индустриалдық — инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңғырту мүлде мүмкін емес». Ендеше, еліміздің білім беру саласында оң өзгерістер болып, Қазақстандық жастардың ғылым-білім, технология, инновацияда әлемді таңғалдырар күні алыс емес [2].

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар мен экономикалық өзгерістерімен ерекшеленеді. Кезеңге сай, интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық деңгейге сәйкес, бәсекеге қабілетті білімді жас ұрпақты тәрбелеу — мемлекеттің ең маңызды стратегиясы. Білім алудың маңызды сапалы көрсеткіші — білім алушының өз бетімен және өздігінен ұйымдаса білу қабілеттерінің дамуы, білім алушылардың әрқайсысының танымдық, белсенділік, шығармашылық әлеуетінің білім беру үрдісінде қалыптасуы болып табылады. Оқу процесін ұйымдастыру барысында шығармашылық еркіндік беріледі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттырыру — ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бойынша инновациялық даярлығын қалыптастыру бойнша инновациялық іс-әрекеттің міндеттері жүзеге асырылады [3].

Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде 2004–2005 оқу жылынан бері жұмыс жасап келемін, негізгі орта білім негізінде қабылданған 1- курс оқушыларына биология, химия, анатомия және валеология пәндерінен дәріс беремін. Сабақ беретін барлық мамандықтарға ҚР Білім Беру Стандартында көрсетілген биология пәнін оқытудың мақсат-міндеттерін басшылыққа аламын, онда олар нақты көрсетілген. Осы жылдар ішінде бірнеше мәрте білім арттыру курстарынан өтіп, оқытудың жаңа технологияларының бірқатарын меңгердім десем артық айтқандығым емес. Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді: Ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, Кубизм, Ыстық орындық, Галереяға саяхат, Автор орындығы, РАФТ т. б.

Солардың бірнешеуімен әріптестеріммен бөліскім келеді.Менің жаныма жақыны, әрі ең тиімдісі — СТО технологиясы. 2013–14 оқу жылында облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданындағы агротехникалық колледжде облыстық бір күндік семинарға қатыстым, онда осы технологияны меңгерген әріптестеріммен тәжірибе алмастым. «Аспазшы» мамандығында білім алып жатқан оқушыларға «Тамақтану нормасы және тамақтану гигиенасы» тақырыбында Жигсо әдісімен сабақ өткіздім, соны сіздердің назарларыңызға ұсынғым келеді:

Пәні: Биология. Тақырыбы: «Тамақтану нормасы.Дәрумендер»

Оқыту технологиясы: «Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту».

Формасы: топтық. Типі: дәстүрден тыс

Әдісі: «INSERT», дамыту картасы, «ББҮ», «Галереяға саяхат»

Көрнекілігі: слайд, бүктеме. Жабдықталуы: интербелсенді тақта

Сабақтың мақсаты:

  1.                Білімділік: Тамақ рационындағы ақуыз, май, көмірсулардың тәуліктік мөлшері;
  2.                Дамытушылық: өзіндік іздену, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау, слайд жасау қабілетін шыңдау, теориялық білімді практикамен ұштастыру;
  3.                Тәрбиелік: Дұрыс ұтымды үйлестірілген тағам-денсаулық кепілі болғандықтан тәуліктік тамақ рационын дұрыс ұйымдастыра білу.

Сабақтың барысы:

І. Итермелеу сатысы: 1) сәлемдесу, 2) ұйымдастыру кезеңі, 3) сергіту сәті,

4) жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру, 5) білім алушыларды топқа бөлу.

ІІ. Конструкциялау сатысы

 

1-кесте

«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» (Дамыту картасы)

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

Тамақтану, ұлттық тағамдар, дәрумендер жайлы білетінін, білгісі келетінін жазады, «үйрендім» деген графасын текстпен танысқан соң толтырады.

ЖИГСО-1 әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөлемін. Топқа бөлудің де әр түрлі әдіс-тәсілдері бар: стикерлерге жабыстырылған жеміс-жидектер мен көкөністердің, флористика суреттері арқылы жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындау үшін пайдалануға болады, мен сол әдісті пайдаландым.

Бүгінгі қарастырылатын тақырып үш топқа бөлініп беріледі, онымен үш топ мүшелері танысады да «INSERT» әдісі бойынша (түртіп алып оқу) жаза отырып мәтінмен танысады. № 1-оқушы басқа топқа ауысады да, ол өз түсінігімен келесі топқа түсіндіреді. 5 минуттан соң № 2- оқушы көршілес топқа барып, өз түсінігімен келесі топты таныстырады. 10 минут уақыт өткен соң әр топ мүшелерінен 1,2 оқушы шығып түсінігін айтады.

 

2-кесте

INSERT (түртіп алып оқу)

+

-

v

?

 

 

 

 

 

ІІІ.Нұсқалау сатысы

Топ мүшелері келесі топқа проблемалық сұрақтар қойып, әрі өздеріне берілген сұраққа жауап береді, яғни дискуссиялық карта толтырылады, онда сұрақ қойылады. Оған «ИӘ»/ «ЖОҚ» деп жауап береді де, қорытынды: жазады.

 

3-кесте

Дискуссиялық карта

Сұрақ:

Иә

Жоқ

Қорытынды:

 

Сабақты бекіту кезеңіне дейін сабақ қорытындыланады. Оқытушы ақуыз, май, көмірсулар, дәрумендер, туралы мағлұматтарды қорытындылайды. Соңында оқушылар бағаланады. Тақтаға әр топ басшылары өздерінің бағалау парақтарын іледі. Соңында жеңімпаз топ анықталады немесе барлығының ұжымдасып жасаған еңбектері үшін алғыс білдіріледі.

 

Бағалау парағы

р/с

Оқушының

аты-жөні

ББҮ

INSERT

Түсінік айту

Дискуссиялық карта

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді оқыту — әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрету, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең — ұмытып қаламын, көрсетсең — есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң — үйренемін!».

Сол себепті де интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.

Интербелсенді оқыту студенттің өз тәжірибесі және өзге де студенттердің тәжірибесі тұрғысынан жасалған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен пайымдаулары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Студенттер таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.

 

Әдебиеттер:

 

  1.                «Қазақстан -2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа стратегиясы» 2013ж. ақпан, ҚР Президентінің Жолдауы
  2.                «Жаңарған Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» 2012 ж.қаңтар, ҚР Президентінің Жолдауы
  3.                «Білім және инновация журналы» 2011 ж.№ 6, 5-бет

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle