Мемлекттік мекемелерде еңбекақының және ұсталымдардың синтетикалық есебі | Статья в журнале «Вопросы экономики и управления»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Темирбекова, Л. А. Мемлекттік мекемелерде еңбекақының және ұсталымдардың синтетикалық есебі / Л. А. Темирбекова. — Текст : непосредственный // Вопросы экономики и управления. — 2017. — № 1.1 (8.1). — С. 59-62. — URL: https://moluch.ru/th/5/archive/51/1750/ (дата обращения: 19.04.2024).



Кәсіпорындағы еңбекақы ұйымдастыру механизмі жұмысшы күшінің еңбекақыға айналу процесін бейнелейді. Бұл оның осы замаңғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекті ұйымдастыру және оның төлемі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді. Мекемелерде есептелген еңбекақы мен қолға алатын еңбекақы арасында айырмашылық бар, олар ұсталымдар.

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 175 бабына сәйкес еңбекақыны есептеу айына бір рет жүргізіледі және айдың соңғы күні есепте көрсетіледі [1].

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған.

Айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбек ақысының 50%-ы мөлшерінде аванс берілуі мүмкін, бұл сомадан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға жататын салықтар сомасы алынып тасталады [2].

Осы ереженің 176 бабына сәйкес есептелген еңбекақы сомасына 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне және 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының, 8012 «Еңбекақы» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлер мен қызметшілердің жалақысынан мынадай есептеулер мен ұстап қалуларды жүргізеді:

- жеке табыс салығы - есептеу мынадай тізбекпен көрсетіледі: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3121 «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

- міндетті зейнетақы жарналары: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.

Ереженің 179 бабына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкердің жазбаша өтініші негізінде, кейіннен мақсатына сай аудара отырып қызметкерлер мен қызметшілердің жалақысынан мынадай ұстап қалуларды жүзеге асырады:

- партиялық жарналарды төлеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

- кәсіподақтық мүшелік жарналарды төлеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3245 «Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

- банктердің салымдары бойынша шоттарға 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне және 3247 «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;

- сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

- Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен банктен алынған несиені өтеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

- қызметкердің өтініші бойынша жалақыдан өзге ұстап қалуларға 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті және 3273 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.

Ұстап қалулар сомасын аудару 3121 «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3245 «Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3247 «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» немесе 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының дебеті бойынша және 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ», 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі [4].

Атқару парақтары мен басқа құжаттар бойынша жалақыдан ұсталған сома 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне және 3242 «Атқару құжаттары бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне жазылады.

Аударылған сома 3242 «Атқару құжаттары бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне жазылады, 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ», 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі.

Ереженің 181 бабына сәйкес мемлекеттік мекеме есепті жылдың аяғында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв есептеуді жүргізеді.

Ағымдағы қаржы жылының пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв есептеу төлемі есепті қаржы жылында жүргізілген болуға тиіс міндеттемелер бойынша жүргізіледі.

Есепті қаржы жылының аяғындағы пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервтің сальдосы есепті жылдың басындағы пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв сальдосы қосу өткен есепті жылдар үшін пайдаланылмаған демалыстар бойынша жүргізілген төлемдер сомасын алғандағы есепті қаржы жылы үшін есептелген пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв сомасы ретінде айқындалады [5].

Демалыстар бойынша резервті есептеудің сомасына 3246 «Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне және 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының дебетіне жазба жүргізіледі.

Қызметкерлерге демалысақы төлеу 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шоттарының, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттары қосалқы шоттарының кредиттері бойынша көрсетiледi.

Пайдаланылмаған демалыстар бойынша құрылған резерв сомасы жетпеген кезде демалысақыны есептеу 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының дебеті және 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеме түгендеу қорытындысы бойынша есепті кезеңнің аяғында резервті жете есептеуді немесе демалыстар бойынша резервтің артық есептелген сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады:

- жете есептеу: 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының дебеті және 3246 «Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті [6].

Ереженің 183 бабына сәйкес қызметкер жұмыстан шығарылған, стипендиат оқуы аяқталған, ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алыну себебі бойынша атқару парақтарының және өзге құжаттың қолдану мерзімі аяқталған жағдайларда төленбеген немесе артығымен төленген тиындар сомаларын көрсету үшін 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шоты пайдаланылады.

Төленбеген жалақы, стипендия қалдығы, есеп беретін адам алдында берешек сомалары 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының кредиті бойынша және 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының, 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының, 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының дебетi бойынша көрсетiледi көрсетiледi.

Артық төленген тиындардың сомасы бір теңгеге дейін соманы дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артық төленген тиындардың сомасы (50 тиынға дейін аз жаққа дөңгелектеледі; 50 тиын және одан жоғары тиын үлкен жаққа дөңгелектеледі) 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының кредиті және 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.

Төленбеген сома мен бiр теңгеге дейiн соманы дөңгелектеудiң арифметикалық әдiсiн қолдану нәтижесiнде артық төленген тиындар сомасының арасында айырма түрінде жоғарыда төленген төлемдер бойынша қалыптасқан 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының кредиті бойынша қалдық жыл аяқталғаннан кейін жоғарыда көрсетілген төлемдер бойынша бюджетке есептеуге жатады, бұл ретте 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебеті бойынша және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi, оны бюджетке аудару кезiнде 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиiстi қосалқы шотының кредитi бойынша жүзеге асырылады. 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебетi бойынша қалдық 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» шотына ауыстырыла отырып, келесi есепті кезеңге ауысады. Кейіннен 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шоты бойынша сальдоны түзету 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» шотына ауыстырылған сальдоны ескере отырып жүргізіледі [7].

Атқару парақтары мен басқа құжаттардың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда төленбеген не керісінше артық төленген тиындардың қалдығы бір теңгеге дейін соманы дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотына есептеледі.

Жұмыстан босаған сәтте немесе есеп жылының аяғында қызметкерлерге қайтарылмаған тиындағы есепке берілген, 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті бойынша ескерілетін соманың қалдығы оның еңбекақысынан ұсталады, бұл кезде 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеменің есеп беретін жауапты тұлға алдындағы тиындағы берешегінің сомасы жұмыстан шыққан кезде 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотына есептен шығарылады, бұл кезде 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

Сонымен қорыта келе, мемлекеттік мекемелерде еңбекақының және одан ұсталымдардың синтетикалық есебі ҚР заңнамасына, бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес жүргізіледі. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері қаржылықы есептілікті және бухгалтерлік есепті ҚСХҚЕС сай есептеу қағидасы бойынша іске асырады.

Әдебиеттер:

  1. "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 -IV //// www.adiletzan.kz
  3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6443 болып енгізілді
  4. 175-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 № 577 бұйрық
  5. 179-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2014.10.30 № 465; 28.12.2015 № 695 бұйрықтарымен
  6. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 695 бұйрық
  7. 182-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 бұйрық
Основные термины (генерируются автоматически): мена, резерв.

Похожие статьи

Вовлеченность персонала как главный фактор успешного...

Кадровый резерв организации — ресурс, определяющий ее успешное развитие и конкурентоспособность в быстро меняющихся экономических условиях [1].

Федеральная резервная система США и ее деятельность

Федеральная резервная система Соединенных Штатов Америки была создана в 1913 году на основании специального закона о Федеральном Резерве.

Роль ревеню-менеджмента в определении стратегии продаж отеля

«Цель Вашей поездки — отдых или работа?» — наверняка, каждый, кто бронировал отель с помощью интернет-сайтов, видел этот вопрос при внесении данных.

Молодёжные форумы — площадка для личностного...

форум, проект, строительная отрасль, молодая, обмен опытом, кадровый резерв, образовательная программа, округ...

Формирование кадрового резерва как фактор развития...

Для начала дадим определение кадрового резерва — это группа профессиональных специалистов, у которых есть способность осуществлять управленческую деятельность в...

Цели работы с кадровым резервом предприятия | Молодой ученый

В статье представлены результаты теоретического исследования понятия «кадровый резерв», а также рассмотрены основные научные подходы к созданию кадрового резерва предприятия и...

Актуальные проблемы нормативно-правового регулирования...

Международные резервы состоят из средств в иностранной валюте, специальных прав заимствования (СДР), резервной позиции в МВФ и монетарного золота.

Понятие, цели и виды кадровых резервов на гражданской службе

Кадровый резерв в любой организации является одной из важнейших составляющих в системе управления персоналом.

Основные проблемы управления кадровым резервом в организации

В статье рассмотрены основные проблемы, которые встречаются при работе с кадровым резервом в организациях. Рассмотрены пути решения проблем при формировании и...

Похожие статьи

Вовлеченность персонала как главный фактор успешного...

Кадровый резерв организации — ресурс, определяющий ее успешное развитие и конкурентоспособность в быстро меняющихся экономических условиях [1].

Федеральная резервная система США и ее деятельность

Федеральная резервная система Соединенных Штатов Америки была создана в 1913 году на основании специального закона о Федеральном Резерве.

Роль ревеню-менеджмента в определении стратегии продаж отеля

«Цель Вашей поездки — отдых или работа?» — наверняка, каждый, кто бронировал отель с помощью интернет-сайтов, видел этот вопрос при внесении данных.

Молодёжные форумы — площадка для личностного...

форум, проект, строительная отрасль, молодая, обмен опытом, кадровый резерв, образовательная программа, округ...

Формирование кадрового резерва как фактор развития...

Для начала дадим определение кадрового резерва — это группа профессиональных специалистов, у которых есть способность осуществлять управленческую деятельность в...

Цели работы с кадровым резервом предприятия | Молодой ученый

В статье представлены результаты теоретического исследования понятия «кадровый резерв», а также рассмотрены основные научные подходы к созданию кадрового резерва предприятия и...

Актуальные проблемы нормативно-правового регулирования...

Международные резервы состоят из средств в иностранной валюте, специальных прав заимствования (СДР), резервной позиции в МВФ и монетарного золота.

Понятие, цели и виды кадровых резервов на гражданской службе

Кадровый резерв в любой организации является одной из важнейших составляющих в системе управления персоналом.

Основные проблемы управления кадровым резервом в организации

В статье рассмотрены основные проблемы, которые встречаются при работе с кадровым резервом в организациях. Рассмотрены пути решения проблем при формировании и...

Задать вопрос