Библиографическое описание:

Нургалиева А. М., Ламбекова А. Н. Екінші деңгейлі банктердегі ішкі аудит: мәні және оның маңызы // Вопросы экономики и управления. — 2017. — №1.1. — С. 49-51. — URL https://moluch.ru/th/5/archive/51/1747/ (дата обращения: 18.02.2018).



Банкті тиімді басқарудағы және сапаны жоғарлатудағы оның маңызды функциясын жоғарлату негізінде, яғни - басқару, сөзсіз отандық екінші деңгейлі банктердің банк жүйесін тұрақтандырып, сәйкесінше жалпылай ел экономикасының дамуына әкеледі.

Қазіргі кезеңде ішкі аудит - тәуекелдерді басқару үрдісін жетілдіру, бақылау және корпоративтік бақылау үрдістерінде іске асырылады. Негізгі пайдаланушылары – ішкі аудиттің міндеті мен жұмыс бағытын айқындайтын директорлар кеңесі, банктің топ-менеджерлері.

Ішкі аудит ең алдымен келесілерге назар аударады: кәсіпорынның стратегиялық даму бағдарласында көрсетілген мақсат пен міндеттің іске асу деңгейін тексеруге, заңдылықтар мен берілген ұйымның есеп саясатына сәйкес ішкі бақылау жүйесінің жағдайына, жалпы кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық және шаруашылық жағдайының тиімділігіне назар аударады.

Ішкі аудитің негізгі ерекшелігі - оның менеджмен функцияларына ену болып табылады. Ол банк қызметінің нәтижелері жайлы сапалы ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның активтері мен капиталын пайдалану және жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді, басқару әдістерінің және ұйымдастырушылық құрылымдардың жетілу деңгейін анықтайды, басқаруға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейін анықтайды, басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасайды.

Осыған байланысты банктердегі ішкі аудит - басқару қызметінің оптималды нәтижесіне жетуге банктің топ менеджерлерінің шешімін іске асыруда және қабылдау үрдісінің маңызды құрамдасы болып келеді.

Экономикалық дамыған мемлекеттердің тәжрибесіне сүйенсек, ішкі аудиттің ерекшелігі болып, ішкі аудитті жүргізу барысында алдынала ағымдағы бақылауына көңіл береді. Себебі қаржылық – шаруашылық операциялар жасалып қойылғаннан кейін олардың кәсіпорын қызметінде жіберілген қателерді жою бойынша шаралардың тиімділігіне әсер ете алмайды.

Арене Э.А., Лоббек Дж.К. секілді белгілі америкалық ғалымдардың ойынша ішкі аудит – ішкі шаруашылық аудит, ол әкімшілікті «олардың кәсібінің тиімді жұмысына қатысты шешімдерлі қабылдауға арналған бағалы ақпаратпен» қамтамасыз етеді [1, б.14].

Англиялық ғалым Рой Додж «ішкі аудит ішкі бақылаудың негізгі бөлігі болып табылады, шаруашылықты бақылау және талдау мақсатында кәсіпорынды басқару мүшелерінің шешімі бойынша жүзеге асырылады» деп санайды [2,с. 87].

Тағы бір англиялық ғалым Р.Адаме ішкі аудитке келесідей анықтама береді: «шаруашылықты бақылаудағы бухгалтерлік есеп пен басқа да құрамдастар туралы есептілікті көрсетіп, бағалауға және тексеру үшін әкімшілік арнап жасаған ішкі бақылау жүйесінің элементі» [3].

С.М. Бычкованың ойынша «ішкі аудит есептік және бақылау ақпараттарын талдау және ұйымның басшысымен ұйыдастырылған ішкі бақылау жүйесінің элементі» [4, б.21].

Сонымен , жағарыда айтылғаан авторлардың пікірінше ішкі аудит ішкі бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Мамандардың айтуынша жалпы сипатына қарай келесілерді белгілеуге болады: ұйымның ішінде жүргізілетін және қызметтің тиімділігін бағалауға бағытталған ұйымның тәуелсіздігі.

Ресейлік ғалым Н.Н.Шулькова «ішкі ауитті салымшылардың қызығушылығын қамтамасыз ету мақсатында , сақтау және банк қызметінің нақты нәтижесіне жету мақсатында банк қауіпсіздігін өлшеу жүйесі ретінде қарастырады». [5, б.732].

Л.С. Стуков ішкі аудитті «меншік иелерінің қызығушылығында экономикалық субъектіде ұйымдастырылған және бухгалтерлік есепті жүргізудің бекітілген тәртібін сақтаудың үстінен бақылау жүйесінің ішкі құжаттарын реттеу» деп мәлімдейді [6, б.56].

Екінші деңгейлі банктердің ішкі аудиттің маңызыдылығына келетін болсақ, ғылыми әдебиеттерде әртүрлі түсіндірмелер береді, соның ішінде В.А. Галановтың пікірінше «ішкі аудит – бұл банктің өз күшімен жасалатын аудит түрі» [7, б. 279].

Банктегі аудит саласындағы белгілі ғалым Л.Р. Смирнова ішкі аудитті экономикалық субъектімен ұйымдасқан , басшылықтың немесе меншік иесінің қызығушылығы бар, субъектінің сенімді қызмет етуіне және бухгалтерлік есепті жүргізуге бекітілген тәртіпті ұстану . Ішкі аудиттің басты мақсаты – басқарудың барлық деңгейінде кредиттік ұйымдардың барлық қызмет түрлерін тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету , сонымен қоса меншік иелері мен кредиттік ұйымның қызығушылығындағы заңды қорғау [8, б.9-10]

Қазіргі таңда ең көп таралған пікір: «ішкі аудитті ұйымдастырудағы мақсат - бұл өз функцияларын тиімді орындауға қызметкерлерге көмек болып табылады».

Ішкі аудитті анықтауға арналған берілген тәсіл ішкі аудиторлардың халықаралық институтының материалдары үшін тән, оған сәйкес ішкі аудит ұйым қызметін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен кеңес беру бойынша әрекет ретінде сипатталады. Ішкі аудит банкке тәуекелді басқару, ішкі бақылау және корпоративті басқару үдерістерінің тиімділігін бағалау мен жоғарылатуда жүйелі және кезекті тәсілді қолдана отырып, қойылған мақсаттарға жетуге көмектеседі.

«Ішкі аудит» түсінігінің осындай анықтамасын бірқатар заманауи авторлар да ұстанады. Бұл анықтамаларда екпін ішкі аудит дамуының жаңа тұжырымдамасы – ішкі аудитті тәуекелдерді басқаруда қолдануға жасалады.

Осылайша, ғылыми ортада ішкі аудит мәнін түсінуге бірыңғай тәсіл қалыптаспады. Бірқатар авторлар ішкі аудит дегеніміз – бұл ұйым басшылығының мүддесінде оның қызметін ішкі бақылау деген пікірді ұстанады, басқалары ішкі бақылауды негізгі мақсаты қызметкерлерге өздерінің міндеттерін тиімді орындауда көмектесу болып табылатын басқарушылық бақылаудың элементі ретінде қарастырады.

Ішкі аудит мәнін нақтырақ түсіну үшін ішкі аудиттің мақсатын, сонымен қатар орындауға тиісті қызметтерін анықтау керек.

Бірқатар мамандардың пікірінше ішкі аудит мақсаттары ретінде кәсіпорынның барлық басқару деңгейлерінің тиімділігін қамтамасыз ету де, қызметкерлерге өз қызметтерін орындауда көмектесу де, нақты ұйым шегінде меншік иелеріне ақпаратты ұсыну да және тәуекелді басқару, бақылау және корпоративті басқару үдерістерінің жағдайын тәуелсіз және объективті бағалау да қарастырылады.

Сәйкесінше, бірқатар авторлармен ұсынылатын ішкі аудиттің мақсатты бағыты ұйымды басқару тиімділігінде, заңды мүддесін қорғауда және ағымдағы мәселелерді анықтауда болып отыр.

Сонымен қатар банктің мөлшері мен құрылымына және менеджмент талаптарына байланысты ішкі аудит алдында бірқатар мақсаттар қойылады:

- Ішкі бақылау жүйесін мониторингтау. Бақылауларды, олардың операциялық тиімділігін қарастыру және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

- Қаржылық және операциялық ақпаратты сараптау. Қаржылық және операциялық ақпаратты қарастыру, жеке тармақтарды мәмілелерді, қалдықтарды және процедураларды егжей-тегжейлі тестілеуді қоса талдау

- Операциялық әрекеттерге шолу. Заңды тұлғалардың коммерциялық емес әрекетін қоса, операциялық әрекеттердің үнемділігін, тиімділігін және нәтижелілігін қарастыру.

- Заң сақталуын бақылау.

- Тәуекел-менеджменті.

Ішкі аудитмәнді тәуекелді сәйкестендіре және бағалай отырып, ұйымға тәуекел-менеджментін жетілдіруге көмектесе алады. Өз әрекетінде банктер бір-бірінен пайда болу орнымен және уақытымен, олардың деңгейіне, сәйкесінше, оларды талдау әдістеріне және оларды сипаттау әдістеріне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларымен кездеседі. Барлық тәуекел түрлері өзара байланысты және банк қызметіне әсер етеді. Коммерциялық банкте ішкі аудит, біздің пікірімізше, имиджді ұстап тұру бойынша шараларды қоса, банктік тәуекелдерді қолайлы деңгейге дейін азайтуға бағытталған.

Бірқатар авторлар ішкі аудиттің заманауи жүйесінің негізгі элементтері ретінде келесі бес элементті қарастырады: қаржылық есептіліктің ішкі аудиті, операциялық ішкі аудит, құқықтық ішкі аудит, корпоративтік басқарудағы ішкі аудит, стратегиялық ішкі аудит. Элементтердің әрқайсысы өз әрекет бағыттарын қамтиды. Алайда корпоративті басқарудың ішкі аудит пен стратегиялық ішкі аудитті, біздің пікірімізше, операциялық ішкі аудит құзырлығына жатқызуға болады. Өйткені ішкі аудит ішкі этика және құндылықтарға, ұйымның тиісті деңгейлері бойынша тәуекелдер коммуникациясы мен бақылау ақпаратына қатысты корпоративтік басқару үдерісін және директорлар Кеңесі, ішкі және сыртқы аудиторлар мен басшылық арасындағы коммуникациялар тиімділігін бағалай алады.

Заманауи шындық талаптары ішкі аудитті ұйымдастыруда жаңа жолдарды іздеуді көздейді. Егер бұрын ішкі аудитке есептегі қаржылық және шаруашылық операцияларының көрсетілуінің дұрыстығын нормативтік актілерге сәйкес тексеруге бағытталған айғақтайтын сипатта болса, қазір бұл жеткіліксіз.

Меншік иелері мен ақпаратты пайдаланушылар ішкі аудиторлардан экономикалық шешімдер қабылдау үшін, бизнесті сараптамалау үшін ұсыныстар, әр түрлі мәселелер бойынша білікті кеңес, банктің нақты өміршеңдігі туралы жан-жақты ақпарат алғысы келеді. Сондықтан ішкі аудиттің даму тұжырымдамасын бизнестің даму болашағымен ұштастыру қажет. Ішкі аудит мүмкін тәуекелді анықтауға бағытталған, алдын алатын, болжамды сипатта болу керек.

Ішкі аудитті дамытудың жаңа тұжырымдамасы - бұл тәуекелдерді басқару тұжырымдамасы мен оның негізінде құрылған ішкі аудит әдіснамасын қолдану. Бұл ішкі аудитор өз қызметін жоспарлау кезінде бірінші кезекте, оның пікірінше, қай жерде қателер мен алаяқтық тәуекелі жоғары болса, сол әрекет облысын назарда ұстайды. Егжей-тегжейлі тұтас тексеру тек алаяқтық мен теріс пайдалану фактілері анықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Ішкі аудит тиімділігінің басты өлшемі қаржылық есепте анықталған бұзушылықтардың саны емес, ішкі аудиттің коммерциялық банк үшін пайдалылығы мен оның жұмысының алдын алатын сипаты болады. Осы мақсатта ішкі аудит өз жұмысын ұйымдастыруда тәуекел-бағдарланған тәсілді пайдалана отырып, банк қызметінің барлық негізгі функционалдық бағыттарын қамту керек.

Бүгінгі күні ішкі аудит үшін өз мүмкіндіктерін көрсетуге және өзінің тым қажеттілігін дәлелдеуге мүмкіндік беретінжағдай қалыптасады, бұл келесі факторлармен шартталған.

Біріншіден, АҚШ пен Батыс Еуропа экономикасына әсер еткен бірқатар даулар көптеген ірі аудиторлық фирмалардың дәрменсіздігін көрсетті, оның нәтижесінде көптеген ірі компаниялар күйреді. Мұның барлығы компания басшылығы мен меншік иелерінің назарын ішкі аудит жүйесіне аударуды талап етті.

Екіншіден, көптеген батыс акционерлік компанияларынның құрылымында ішкі аудит қызметі бар, ол жақсы корпоративтік басқарудың маңызды бөлігіне айналды.

Үшіншіден, меншік иелері басқару тетіктерін кәсіби жалдамалы басқарушылардың қолына бере отырып, банк ісін тікелей жүргізуден алшақтайды, ал бұл банк әрекеті барысы мен нәтижелерін бақылауды және бұл туралы меншік иелеріне ақпаратты беретін құрылымдық бөлімшелерінің рөлін арттырады.

Сәйкесінше ішкі аудит алдына күрделі міндеттер қойылады, оның нәтижесінде ішкі аудиторларға жүктеме өсіп, оған қойылатын талап жоғарылайды.

Банктегі ішкі аудит алдында тұрған мақсаттар активтер мен пассивтердің қорғанысын қамтамасыз ететін бірқатар бақылау әдістері мен процедураларын қолдану, банктік тәуекелдерді барынша азайту және пайданы барынша көбейту қажеттілігін негіздейді. Мұның салдарында коммерциялық банктің ішкі аудиті алдында тұратын міндеттердің алуан түрлі болады.

Ішкі аудит қаншалықты тиімді және сапалы жүргізілген сайын, басқа да тең жағдайларда, басқарудың тиімділігі мен сапасы жоғарылайды, ал бұл банктің қарқынды дамуын, қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігінің нығаюын қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттері, ең алдымен, ішкі бақылаудың пәрменді жүйесін әзірлеуден, оны нақты әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуден, ішкі бақылау жағдайын кезеңдік бағалаудан, ал кейбір учаскелерде оның жетіспеуі жағдайында – оны тікелей жүзеге асырудан, қорытындылар дайында мен банк әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін ұсыныстар әзірлеуден тұрады.

Банк саласындағы жоғары табыс кезеңінің аяқталу, бәсекелестік күресті нығайту жағдайында, ішкі аудит тиімділігін қамтамасыз ету банктердің сәтті жұмыс істеу алғышарты ғана емес, олардың өміршеңдігінің сөзсіз шарты болып отыр.

Әдебиеттер:

  1. Арене Э.А., Лоббек Дж. Аудит: Пер. с англ.; Гл. редактор серии проф. Я.В. Соколов. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 560 с:
  2. Додж Р. Краткое руководство по стандартам и нормам аудита: Пер. с англ.; предисловие С.А. Стукова. (Аудит: теория и практика). — М.: Финансы и статистика; ЮНИТИ, 1992. – 240 с.
  3. Гишиев, Руслан Джамалутдинович. Организация и методология внутреннего аудита в коммерческом банке: диссертация ... кандидата экономических наук: М.: МГУ М.В. Ломоносова, 2011. – 193 с.http://www.dslib.net/bux-uchet/organizacija-i-metodologija-vnutrennego-audita-v-kommercheskom-banke.html
  4. Бычкова С.М. Аудиторская деятельность. Теория и практика. (Серия «Учебники для вузов. Специальная литература»). — СПб.: Издательство «Лань», 2000. – 320
  5. Банковское дело: учебник / под ред.д-ра экон.наук, проф.Г.Г.Коробовой.-изд.с изм. –М.:Экономистъ, 2006.- 766 с.
  6. Стуков Л.С. Система постоянного внутреннего мониторинга: целесообразность создания //Бухгалтерский учет. – 2004.-№14.-С.55-56.
  7. 7 Галанов В.А. Основы банковского дела. М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2007. – 288 с.
  8. 8 Банковский аудит. Учеб.пособие /Под ред.проф. М.И.Баканова. –М.:Финансы и статистика, 2001.- 448 с.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Посетите сайты наших проектов

Задать вопрос