2015 жылғы кезектен тыс Президенттік сайлауында қолданылған саяси жарнама | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 118 раз

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. 2015 жылғы кезектен тыс Президенттік сайлауында қолданылған саяси жарнама / М. О. Насимов, Б. Ж. Паридинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 27-29. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22498/ (дата обращения: 24.04.2024).

Саяси жарнама – бұл саяси субъектілер мен объектілердің қатынастарына тәуелді азаматтардың ұстанымдарына ықпал жасайтын байланыстың ерекше түрі. Қоғам мен саяси жарнама арасындағы өзара байланыстарды екі жақты қарауға болады: жарнамалық қызмет қоғамның саяси дамуына себепші болады, екінші жағынан қоғам жарнама технологияларын дамытады. Сонымен қатар, бұл сайлау науқаны барысындағы саяси коммуникацияның электоратқа қысқа, өзіндік тез жаттауға құрылған адрестік ықпал жасаудың түрі. Саяси жарнама нақты саяси күштер саяси тұғырнамасының мәнін көрсетеді, сайлаушыларды қолдауға шақырады, саяси күштер туралы ойларды көпшілік санасында қалыптастырады, дауыс беруге қажетті психологиялық жағдай жасайды.

Осы жылдың 14 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мәжілісінің делегаттары мерзімінен ерте президент сайлауын өткізу бастамасына бір ауыздан дауыс берді. ҚХП мүшелерінің ел тұрғындарына үндеуінде: «Жаһандық сын кезеңі тұсында елімізді сәтті алып шығуы үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық сенімнің жаңа мандатын беруіміз керек», «әлемдік теңгерімсіздіктің жаңа және ауыр кезеңінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа сенім артып, мемлекетіміздің 30 бәсекелес елдердің қатарына ену жолындағы стратегиялық және жаңғырту бағыттары жалғасуы керек», - делінген. Сонымен бірге, олар 2016 жылы бір мезгілде президент және парламент сайлаулары өтетіндігін тілге тиек ете келе, сайлау науқандарын түрлі уақыттарда өту қажеттілігін де жасырмады [1].

Ассамблея бастамасын алғаш болып «Нұр Отан» партиясымен қатар, парламенттің төменгі палатасында өкілдері бар Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстан коммунистік Халық партиясы қолдады. ҚКХП хатшысы А. Қоңыров партия өз кандидатын ұсынатындықтарын да мәлімдеді.

Әр Президент сайлауы науқанынан тыс қалмайтын эколог М. Елеусізов, сайлау науқанында көрініп қалатын «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы саяси науқан додасына қатысуға ниетті екендіктерін көрсетті. Дегенмен, қаржы көздерінің жоқтығына байланысты бұл сайлау науқанына М. Елеусізіов қатыса алмады. Оппозициялық жалпы социал-демократиялық партиясы да бұл додадан тыс қалды. Партияның мәлімдеуінше: «Президент өкілеттілігін мерзімінен бұрын босатып, сайлау өтетіндігін жарияласа, партия съездге өкілдер жинап, партиялық шешімін қабылдайды» [2].

Заң процедураларына сәйкес, ел Парламентінің қос палатасында, қоғамдық пікірде берілген мәселе талқылауға түсті. Ағымдағы жылдың 25 ақпанында берілген мәселені талқылаған Конституциялық Кеңес шешіміне сәйкес, осы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 26 сәуірде кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

2015 жылғы Президент сайлауы науқанына қатысуға 27 кандидат ұсыныс берді, оның ішінде: саяси партиялардан 2 үміткер, өз-өзін ұсынғандар саны 25-ке жетті. Дегенмен, барлық талаптарды орындаған 3 кандидат саяси науқанға қатысты: өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов, «Нұр Отан» партиясы ұсынған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұсынған Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов.

Әр науқанда сайлаушыларды учаскелерге шақыруды үндейтін Орталық сайлау комиссиясы осы жолы да бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар беруден аянбады. Баршамыз білеміз, рекордты нәтижемен сайлауға электораттың 95,22 пайызы (салыстырмалы түрде Президент сайлауларына қатысушы электоратты қарастырсақ: 1991 ж. – 88,23 %; 1999 ж. – 87,05 %; 2005 ж. – 76,78 %; 2011 ж. – 89,9 %) қатысты. Сайлауға қатысуға үгіттеу барысында көп жағдайда жастарға мән берілді. Түрлі жастар акциялары мен конкурстар ұйымдастырылды. Әсіресе, ғаламторда сайлауға келушілердің белсенділігін арттыру, азаматтық қоғамның терең, бірегей құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында «Сенің дауысың – сенің болашағың» тақырыбында конкурс ұйымдастырылды. Барлық кандидаттар үшін республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізу үшін теңдей мүмкіндіктер берілді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше 2015 жылдың 26 наурызы мен 24 сәуірі аралығында сайлау тақырыбына байланысты республикалық және жергілікті БАҚ-та 23 105 материал жарияланған.

Қазақстан Республикасы Президентігіне үміткерлердің сайлауалды қызметі 13 379 материалдарда көрініс тапты, оның ішінде 4 964 жарияланым республикалық, 8 433 жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі. Ә. Құсайынов сайлауалды жұмысы туралы 4 876, Н. Назарбаев туралы 5 377, Тұрғын Сыздықов туралы 4 905 материал жарық көрген. Барлық кандидаттар мемлекет кепілдік берген теледидардағы он бес, радиодағы он минут сөйлеуге бөлінген уақыты мен баспа беттеріндегі екі жарияланымды пайдаланды.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында баяндалған материалдарға тұрақты түрде бақылау жүргізіп отырды. Мониторинг барысында 53 республикалық басылым, 16 республикалық телеарналар, 179 өңірлік басылымдар, 29 өңірлік телеарналар, 7 ақпарат агенттіктері мен 117 танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурстардың материалдары талданды. Әлеуметтік желілерде 200-ден астам қауымдастықтар және қоғамдық пікір көшбасшылары саналатын 250 пайдаланушы парақшалары сарапқа салынды.

Сайлау науқаны басталғаннан бастап сайлау тақырыбына байланысты 10 990 материал республикалық және өңірлік БАҚ-тарда жарияланды. Республикалық телеарналарда 1 473 сюжет (21 %), газеттерде 731 мақала (10 %), ал интернет-ресурстарда 4 850 (69 %) жарияланым жарық көрді. Өңірлік БАҚ-та сайлауға байланысты 3 936 материал жарық көрді, оның ішінде телеарна эфирлерінде 1 582 сюжет (40 %), басылымдарда 1 637 мақала (42 %) және интернет ресурстарда 717 (18 %) материал жарияланды [3]. Байқап, отырсақ, республикалық деңгейде интернет-ресурстардағы материалдар саны артып отыр. Елімізде осы уақытқа дейін ғаламтор мен әлеуметтік желілерде көрініс тапқан Интернет белсенділік болмаған еді.

Сайлау науқаны барысында Президенттікке үміткерлер штабтары еліміздің барлық аймақтарындағы арнайы орналастырылған ақпарат тақталарына үгіт-насихат материалдарын орналастырды. Басылымдар мен телеарналардағы сайлауалды жарнаманың дәстүрлі түрлерін барлық кандидаттар толығымен пайдаланды. Н.Ә. Назарбаевтың штабы Интернет пен әлеуметтік желі мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана білді (ҚКХП тек партияның сайтында баспасөз хабарламасын пайдаланумен шектелгендігі байқалады).

Ә. Құсайынов «Экологиялық біліктілік пен өнеркәсіптік қауіпсіздік – біздің басты мақсатымыз» атты сайлауалды бағдарламасында басты назарды экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне бөлді. Бағдарламада: «Адамдар биосфераның даму заңдарын, оның не себепті ыдырауы мүмкін екендігін білуге тиіс. Қоғамда биосфераның даму заңдары бұзылмайтындай жағдай қалыптастыруға тиіспіз. ... Менің мақсатым, осы нормалардың мөлдірлігін және дұрыс сақталуын қамтамасыз ету», - делінген. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын халыққа жеңіл жететін арнайы терминдері аз құжат ретінде бағалауға болады.

Ә. Құсайынов штабы сайлауалды үгіт-насихат барысында сайлаушылармен кездесулерге көп мән берді. Ол Алматы (қала тұрғындары, «Обис» ЖШС ұжымы), Астана («Астана-Зеленстрой» ұжымы, «Тұран-Астана» студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы) қалалары, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысы жұртышылығымен кездесті. «Экологиялық қағидаларды жүзеге асырамыз» ұранын ұстанды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Президенттікке үміткердің Астана мен Алматы қалаларында 4 билборд, облыс орталықтарында
сондай-ақ, Жезқазған мен Семей қалаларында 2 билбордтан орналастырылған. 50 мың плакат әзірленіп, кандидаттың 3 мың дана сайлау алды бағдарламасы шығарылды [4].

Іс басындағы Президент «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институтционалдық реформа» сайлауалды бағдарламасымен саяси науқанға қатысты. Бағдарлама үш бөлімге бөлінген: Кіріспе – «Қазақстандық ұлы жол»; Орын алып жатқан шарттарды сипаттау – «Дәуірдің сын-қатерлері»; Негізгі бөлім – «Бес институтционалдық реформа».

Нұрсұлтан Назарбаев бұл сайлауда да үгіт-насихат науқанына қатыспады. ОСК мәліметінше: «Президент соңғы жылдары ел өңірлерін аралауының көрінісі мынадай: 2012 жылы ол өңірлерді 12 рет, 2013 жылы – 14, 2015 жылғы 4 айда – 6 рет. Көріп отырғанымыздай, Президенттің ел өңірлеріне баруы Президенттің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына байланысты әдеттегі тәжірибе болып табылады. Сондықтан, Президенттің 2015 жылы ел аралауы үгіт науқаны емес, оның күнделікті жұмысының бір бөлігі болып табылады» [4]. Сондықтан, Елбасының штабы еліміздегі тұрақтылықты сақтау, Ұлт көшбасына сенім арту сынды насихат жұмыстарына кірісті. Айта кету қажет, штаб жұмысына бес саяси партия қатысты. Республикалық қоғамдық штаб мүшелері еліміздің барлық аймақтарына барып, жұртшылықпен кездесті. Биылғы сайлау науқанында партия «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» ұранын пайдаланды.

Тұрғын Сыздықовтың сайлау алды тұғырнамасы бірнеше бөлімдерден тұрады: Кіріспе – «марксизм құндылықтарына мән беру»; Негізгі қағидаларды дәйектеу – «жаһандық жүйе дағдарысы»; Негізгі міндеттерді дәйектеу – «ҚКХП идеологиясының құндылықтары». Сайлауалды бағдарлама батыстық мәдениет пен құндылықтардың келеңсіз ықпалына ерекше назар аударады және батыстық жалған мәдени құндылықтарды қабылдамауға негізделеді.

Т. Сыздықов штабы сайлау науқаны барысында Астана (ЖЭС, «Астанагазсервис» ЖШС жұмысшылары), Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан жұртшылығымен кездесті. Ақмола облысының Ақкөл ауданы, Щучинск («Қазақстан темір жолы» локомотив депосының ұжымы), Көкшетау қалалалары мен Астраханка ауылының тұрғындарымен жүздесті. Үміткер «Өз таңдауыңды жаса!» ұранымен сайлау науқанына қатысты.

Жоғарыда келтірілген ойларға сәйкес, саяси жарнама өзінің сайлау науқаны барысындағы рөлін орындауы үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

-     әлеуметтік мүдделер негізінде қоғамға қажетті түсініктер мен азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыру арқылы сайлауға дауыс беруге шақыру;

-     әр үміткердің саяси құндылықтары мен бастамаларын жұртшылыққа жариялау және тарату;

-     сайлау науқаны кезеңінде орын алып жатқан жаңалықтармен ақпараттандыру, түсіндіру;

-     интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы түрлі ақпаратпен жанама түрде ықпал жасау.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында отандық саяси мәдениет батыс елдеріндегі демократиялық құндылықтарға негізделген саяси жарнама технологияларын көшірді. Әсіресе, электоралды кезеңде көрініс тауып, еліміздегі сайлау науқанына Ресей, Украинадан тартылған мамандардың өзі шет елдік тәжірибеге сүйенді. Бүгінде отандық саяси жарнама нарқы мемлекет саясатының ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сай дағдыланды деуге толық негіз бар және өз менталитетімізді ұғынатын мамандар қызмет атқаруда.

 

Әдебиет:

1.    Совет АНК предлагает провести досрочные президентские выборы в Казахстане // Казахстанская правда. – 2015. – 14 февраля.

2.    ОСДП примет решение по участию в президентских выборах после выхода указа // matritca.kz [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.matritca.kz/news/18774-osdp-primet-reshenie-po-uchastiyu-v-prezidentskih-vyborah-posle-vyhoda-ukaza.html

3.     Президентские выборы – 2015: итоги и дальнейшие перспективы. – Астана – Алматы, 2015. – 41-42 бб.

4.     2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасындағы мерзімінен бұрынғы Президенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Алдын ала тұжырымдар мен қорытындылар туралы мәлімдемесіне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 14 мамырдағы түсініктемесі // election.kz [Электрондық ресурс]. – Көру режимі: http://election.kz/portal/page?_pageid=115,2289296&_dad=portal&_schema=PORTAL

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Президент, материал, оса, штаб.


Похожие статьи

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Бір болашақ - бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Всемирная межбанковская система SWIFT. Преимущества...

Зарегистрировано общество в Бельгии (штаб квартира и постоянно действующие органы находятся в г. Ла-Ульп недалеко от Брюсселя) и действуют по бельгийским законам. SWIFT действует на основании двух основополагающих документов...

Авиационная часть как система управления | Статья в журнале...

В повседневной деятельности в мирное время штаб также занимается руководством, обучением, воспитанием подчиненных подразделений и служб.

Основные задачи, решаемые SCADA-системами: - обмен данными с устройствами связи с объектом, т. е. с...

Станица Новоминская в довоенное время | Статья в журнале...

курсант, диверсия, Сталинград, опергруппа, партизан, Военный Совет. Деятельность Оперативной группы при военных советах армий Штаба партизанского движения на Сталинградском фронте.

Америпол как потенциальный партнер России в борьбе...

В городе Богота (Колумбия) 17 апреля 2008 года было проведено торжественное открытие штаб-квартиры Исполнительного секретариата

Президентство — является последней ступенью представительства этого органа соучастия. Президент выбирается из числа членов...

Материально-техническая помощь Российской империи...

Русский генеральный штаб также предусматривал активные боевые действия в Восточной Пруссии и Галиции на 15-й день войны.

События Первой мировой войны на основе материалов журнала...

Основные аспекты и распределение ролей при формировании...

...одобренного курса, а, во-вторых, генерировать новый аналитический материал, прогнозируя эволюцию международных отношений и составляя

Представители блока провели встречи с заместителем начальника Генерального штаба Народно-освободительной армии Китая...

Применение криптографии в период Первой мировой войны

Штабы дивизий и более низкие штабы вовсе не имели радиосвязи, поэтому штабы корпусов

Пэйдж передал телеграмму президенту США Вильсону, который вместе с государственным секретарем Лансингом решил обнародовать этот документ, негласно передав его газетам.

Похожие статьи

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Бір болашақ - бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Всемирная межбанковская система SWIFT. Преимущества...

Зарегистрировано общество в Бельгии (штаб квартира и постоянно действующие органы находятся в г. Ла-Ульп недалеко от Брюсселя) и действуют по бельгийским законам. SWIFT действует на основании двух основополагающих документов...

Авиационная часть как система управления | Статья в журнале...

В повседневной деятельности в мирное время штаб также занимается руководством, обучением, воспитанием подчиненных подразделений и служб.

Основные задачи, решаемые SCADA-системами: - обмен данными с устройствами связи с объектом, т. е. с...

Станица Новоминская в довоенное время | Статья в журнале...

курсант, диверсия, Сталинград, опергруппа, партизан, Военный Совет. Деятельность Оперативной группы при военных советах армий Штаба партизанского движения на Сталинградском фронте.

Америпол как потенциальный партнер России в борьбе...

В городе Богота (Колумбия) 17 апреля 2008 года было проведено торжественное открытие штаб-квартиры Исполнительного секретариата

Президентство — является последней ступенью представительства этого органа соучастия. Президент выбирается из числа членов...

Материально-техническая помощь Российской империи...

Русский генеральный штаб также предусматривал активные боевые действия в Восточной Пруссии и Галиции на 15-й день войны.

События Первой мировой войны на основе материалов журнала...

Основные аспекты и распределение ролей при формировании...

...одобренного курса, а, во-вторых, генерировать новый аналитический материал, прогнозируя эволюцию международных отношений и составляя

Представители блока провели встречи с заместителем начальника Генерального штаба Народно-освободительной армии Китая...

Применение криптографии в период Первой мировой войны

Штабы дивизий и более низкие штабы вовсе не имели радиосвязи, поэтому штабы корпусов

Пэйдж передал телеграмму президенту США Вильсону, который вместе с государственным секретарем Лансингом решил обнародовать этот документ, негласно передав его газетам.

Задать вопрос