Менің инновациялық сабағым | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Педагогика

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 18.09.2015

Статья просмотрена: 218 раз

Библиографическое описание:

Ерсарина, Г. С. Менің инновациялық сабағым / Г. С. Ерсарина. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19 (99). — С. 19-22. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22024/ (дата обращения: 20.04.2024).

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні — білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы — ақпаратп қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп,  жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Понятие инновация в переводе с латинского языка означает обновление, новости, внесение изменений. Нынешние учащиеся — это разносторонне развитые личности, и поэтому от современного учителя требуется применение инновационных методов работы с подрастающим поколением.

 

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым — әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні — білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы — ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Біріншіден, дәстүрлі сабақ пен инновациялық сабағының айырмашылығын анықтайық.

Дәстүрлі сабақ мазмұны бойынша жобаланады.

Сабақ жоспарын жасау үшін Министрлік бекіткен Бағдарламаның негізінде әзірленген перспективалық жоспар алынады. Сабақтың тақырыбы анықталады. Бағдарламада осы сабақта оқушылар нені білуі және істеуі керек екені көрсетілген. Сонымен, сабақтың мазмұнын анықтау кезеңі аяқталады.

Келесі кезең — сабақтың мақсаттарын анықтау. Сабаққа үш мақсат жобалануы тиіс: оқытушылық мақсат Бағдарламада жазылған, ал дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарды ойлап табу керек.

Ал инновациялық сабағының мақсаттарын қамтамасыз етуге негіз болатын өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыруға бағытталған. Сабақты берілген мақсат бойынша жобалай білу сабақты берілген мазмұн бойынша жобалаудан елеулі түрде айырықшаланады.

Сабақтың мақсаты айқын, нақты, қолжетімді және өлшенбелі етіп қойылады. Мақсат бір сабақ ішінде оқушыларда нақты біліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Мұндай сабақты жобалаған кезде мұғалім берілген тақырып шеңберінде мазмұнды өз бетінше іріктеп алуы және барлық оқушыларға сабақтың мақсатына жетуге мүмкіндік беретін оқу тапсырмаларын жобалауы керек.

Кез келген сабақты дайындаудың аса маңызды кезеңдерінің бірі осы оқу кезеңінің мақсаттарын қою болып табылады. Шынында да, оқушының қызметін жоспарлағанда мұғалім оның ақырғы нәтижесін — білім беру қызметінің өнімі ретінде базалық білікті білуге тиіс.

Мақсат сабақтың соңында оқушы НЕ ІСТЕЙ АЛАТЫН БОЛАДЫ? деген сұраққа жауап беруге тиіс. Әдетте бір сабақтың мақсаты әдістер, тәсілдер, әрекеттер, құралдар деңгейінде білікті қалыптастыруға бағдарланады.

Инновациялық сабағында оқушы мен мұғалімнің қызметі мазмұнға айналады. Мұғалімнің негізгі функциясы өзгереді: ол ақпаратты жеткізушіден менеджерге айналады. Жаңа білім беру жүйесінде мұғалім үшін ең бастысы — оқыту процесін басқару. Оқушының міндеттері де өзгереді: ақпаратты қабылдаушыдан ол мұғалімнің серіктесіне, қызметтесіне — оқытудың субъект –объектісіне айналады, яғни белсенді тұлға болады. Оқушы да қызметтік сипаттағы кері байланыс беруге тиіс: ол жасайды, өзін-өзі бағалайды және өзінің бағасын оқытушының бағасымен салыстырып тексереді.

Мен сабақты жоспарлау алдында сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындап аламын. Өзіме, мұғалім ретінде, балаларға нені үйретемін және бұл білімді оқушы өмірінде қалай пайдалана алады деген басты сұрақтар қоямын. Яғни, баланы болашақ өмірге бейімдеу — менің басты мақсатым.

Қазіргі ақпарат ғасырында білімнің құны өзгерді. Бұрында мұғалім сабақтағы басты тұлға болып, бүкіл жаңалықты оқушы тек осы мұғалімнен алатын. Енді қазіргі таңда мұғалім — «білім берушіден», «білімге жеткізушіге» айналды. Өйткені кеше жаңалық болған нәрселер, бүгін ескіріп қажетсіздікке айналуы мүмкін. Сондықтан талап етілетін инновациялық сабақтар ғана бұл мәселені шеше алады. Тек осы инновациялық сабақтар бала бойында базалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға жол ашады.

Сабақтың «қызығушылықты ояту» кезеңіндегі мақсатым — балалардың жаңа тақырыпқа жолын ашып, бұрыннан бар білімдеріне сүйене отырып, жаңалыққа жеткізу болып табылады. Бұл сабақтың кезеңінде өзге ұлт балаларын қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, қызығушылықтарын оятып, танымдылық қызметін ұйымдастыра білу керек. Өзге ұлт мектептерінде балалардың қазақ тілінде коммуникация жасай білуге, ауызекі сөйлеуді сауатты игеруге, алған білімдерін пысықтауға ерекше мән беріледі. Сондықтан сабақтың тақырыбын ашпас бұрын, «Кілтті сөздер» стратегиясын қолданамын. Бұл стратегия арқылы мен бірнеше дидактикалық міндеттерді шешемін: балалардың сабақтың тақырыбына назарын аудару, сөздік қорын байыту жіне ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту болып табылады.

Енді сабақтың маңызды кезеңіне «мағынаны ажыратуға» көшуге болады. Бұл кезеңнің ерекшелігі — мұғалім режиссер рөлін атқарып, балаларды жаңалық ашуға жетелейді. Білімді дайын түрде ұсынбай, осы білімді ашатын жолды ұйымдастыру. Яғни, сабақтың кезең-кезеңнен танымдылық қызығушылығын ояту. Бұл сабақтың кезеңінде көбінесе жұппен жұмыс немесе шағын топтармен жұмыс формасының тиімділігі жоғары. Өйткені балалар өзара қарым-қатынас жасауға, өз білгенін басқаларға жеткізуге, өзі орындаған тапсырмаға жауапкершілікпен қарауға үйренеді.

Сабақтың «ой толғанысы» кезеңінде оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықта меңгергендігін анықтаймыз. Бұл кезеңнің де маңызы өте зор. Осында мұғалім бірнеше оқу міндеттерін шешеді: біріншіден, жаңа тақырыптың игерілу деңгейін анықтайды; екіншіден, оқушылардың қиыншылықтарын айқындайды; үшіншіден, келесі сабақта қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жоспарлайды.

Мен орыс тілді мектепте білім бергендіктен, шәкірттерім қазақ тілінде қатынас жасай білуге тиісті. Өз ойларын, сезімдерін және деректерді ауызша және жазбаша түсіну, жеткізу және түсіндері, әлеуметтік жағдаятқа сәйкес — жұмыста, үйде, бос уақытты өткізгенде, білім беру мен тәрбиелеуде (оқытуда) — біреулердің тілегіне немесе қажеттіліктеріне сәйкес қабілеттіліктерге негізделеді. Қазақ тілінде қатынас жасай білу делдалдық және мәдениетаралық түсіністік сияқты іскерліктерді талап етеді. Сондықтан инновациялық сабақтардың осы оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда маңызы зор. Қазіргі заманға сай инновациялық сабақты тек жаңаша ойлайтын мұғалім ғана ұйымдастыра алады.

 

Әдебиет:

 

1.      Қазақша-орысша сөздік «Аруна» баспасы Алматы 2009 ж, 2012ж

2.      Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым

3.      Қазақ тілі Ж. Түймебаев Алматы, Қазақстан

4.      Қазақ тілі Актобе 1999 ж

5.      Қазақ әдебиеті Энциклопедиялық анықтамалық Алматы 2005ж

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса.


Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Задать вопрос