Биология мамандығында оқитын білім алушыларға модульдік технологияны пайдаланып химия курсын оқытудың әдістемесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Еспенбетова, Ш. О. Биология мамандығында оқитын білім алушыларға модульдік технологияны пайдаланып химия курсын оқытудың әдістемесі / Ш. О. Еспенбетова, М. Д. Сагынбаева, Н. К. Уалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 33-36. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17628/ (дата обращения: 18.11.2024).

Соңғы жылдары оқытудың белсенді формалары даму үстінде, бірақ оқытушы мен білім алушының өзара қатынасын жүзеге асыру үшін базистік жағдай жасауға назар аудару қажет. Оқытудың белсенді формаларын тиімді пайдаланудың басты шарттарының бірі модульдік оқыту болады. Мұндай оқыту білім алушының оқу ақпаратын саналы қабылдауға дайындығын қалыптастырады, оның ойлау қызметін белсенді етеді, шығармашылық қабілетін дамытады [1].

Жоғары оқу орындарында биология мамандығы білім алушыларына жалпы химия пәнін модльдік технлогиямен оқыту төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

-       білім алушылардың жалпы және кәсіптік пәндерден алған білімдерін іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыруға;

-       жаңа технологияларды пайдалану арқылы білім беруді ақпараттандыруды кеңінен қолдануға;

-       оқу материалын білім алушылардың білім деңгейіне лайықтап пайдалану арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға;

-       модульдік технологияның теориялық негіздері арқылы болашақ мамандардың өндірістік қызметіне қажетті ұғымдарды саналы меңгеруіне мүмкіндіктер туады.

Модульдік технологияны пайдаланып жалпы химия пәнін оқытуды жүзеге асыру үшін оқытушыға төмендегідей  талаптар қойылады:

-       оқу үрдісінде модульдік технологияны пайдалануды жүзеге асыру барысында оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;

-       білім беру жүйесіндегі модульдік технологияны қолданудың ролін түсіну және оларды дамыту перспективаларын көру;

-       оқу үрдісінде модульдік технологияның мазмұндық, іс-әрекеттік ерекшеліктерін білу;

-       оқыту үрдісінде модульдік технологияны жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық негізін білуі.

Білім алушыларға жалпы химиядан терең білім беру үдерісін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуының қандай дәрежеде әзірленгеніне байланысты болады [2,3].

Пәннің әдістемелік тұрғыдан жабдықталуына оқу жоспары, бағдарламасы, студентке арналған оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқытуға қажетті құралдарының толықтығын және оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданылуды керек етеді. Білім алушыларды оқытудың әр түрлі формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), БАӨЖ және БАОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастыруда олардың жекебас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырманың мазмұны мен көлемін олардың деңгейлеріне қарай беру өте маңызды мәселенің бірі.

Білім алушының қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы білім алушының оқу үдерісін дұрыс ұйымдасутырына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.

«Биология» мамандығнда оқитын білім алушыларға «Жалпы химия»  пәнін игерту барысында модульдік технология қолданылды. Кредиттік жүйе бойынша бұл пәнге 3 кредит бөлінген. 3 кредит - бұл 30 дәріс, 15 зертханалық сабақ, 15 оқытушы мен білім алушының өзіндік жұмысы және 75 білім алушының өзіндік жұмысы бар. Бұл пән қазіргі кезде базалы пәндердің таңдаулы компонентіне жатады. Осыған байланысты бұл пәнге мамандық ерекшелігіне байланысты оқу бағдарламасы,  білім алушыларға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) және пәннің жұмыс бағдарламасы жасалынды. Жұмыс оқу бағдарламасында берілген тақырыптар модульдерге  бөлінді. Пәннің негізгі мазмұнын беретін тарауларды біріктіре отырып пән мазмұны 7 модульге бөлінді. Әр модуль кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытындыдан тұрады.

Модульге бөлу барысында нақты заңдылықтарға негізделген логикалық байланысқа ие тақырыптар бірігеді. Мысалы, «Бейметалдар химиясын» меңгеру  бейметалдардың атом құрылысы сипатына, элементтердің периодтық жүйедегі орналасуына және одан туындайтын заңдылықтардың бейметалдардың және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін бақылауына негізделген.

 Одан кейін білім алушылар өздері блог-сызба құрастырады,  өздерінің сызба түріндегі материалдарын ұсынады. Жұмыс түрінің бұл формасы білім алушылардың қызығушылығын тудырады. 

Модульдік  оқытуды қолдануда жеке бағдарды жүзеге асыру бірнеше бағытта жүруі мүмкін. 

Бірінші бағыт – оқыту мазмұнының дифференциациясы. Оқыту мазмұны 3 бағдарламамен –А,В,С түрінде ұсынылуы мүмкін, олар қиындық дәрежесі бойынша ажыратылады. 

Екінші бағыт – материалды меңгерудің жеке типін ескеру. Оқу элементтерін тез игерген соң, олар өздерінің мүмкіндіктерін өзіндік бағалау және танымдық қызығушылығының дәрежесіне байланысты бір бағдарламадан басқасына еркін ауыса алады. 

Үшінші бағыт – көмекті ұйымдастыру және өзара көмек арылы жекешелендіру. 

Төртінші бағыт – жеке бақылауды ұйымдастыру. Әрбір модуль бастапқы және қорытынды бақылаудан тұрады. Бастапқы бақылау біртіндеп қиындайтын тапсырмалар жүйесі ретінде көрсетілуі мүмкін. Білім алушылардың алынған нәтижелеріне байланысты жұмыс бағдарламалары ұсынылады. Қорытынды бақылау білімді меңгерудің минимальды дәрежесіне сәйкес келеді. Егер игеру дәрежесі бақылау тапсырмаларын орындау үшін жеткіліксіз болса, онда білім алушы алдыңғы оқу элементтерін оқиды.

Модуль №1

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Атом құрылысы.

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

 

Кіріспе

1,2-ші сабақ

1.Модульге кіру

2. Дәріс: Химияның негізгі заңдары мен түсініктері. Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

100 минут

Білім алушылардың дәптерге жазуы

 

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ

«Рөлдік ойын»

Химияның негізгі заңдары мен түсініктері.

50 минут

Топ бойынша жұмыс

4-сабақ

«Семинар» сабақ

Атом құрылысы.

50 минут

Топ бойынша жұмыс

5-сабақ

Не? Қайда? Қашан?

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

50 минут

Топ бойынша жұмыс

6-сабақ

Зертханадағы қауіпсіздік ережелері. Сынақ сабақ

100 минут

 

7-сабақ

Зертханалық сабақ Эквивалентті анықтау.

100 минут

 

      Қорытынды

8-сабақ

Сынақ

50 минут

 

9-сабақ

Тест

50 минут

 

10-сабақ

Бақылау жұмысы

50 минут

 

Модуль №2Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

                Кіріспе

1,2-ші сабақ

1.Модульге кіру

2. Дәріс: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

100 минут

Білім алушылардың дәптерге жазуы

 

 Сөйлесу     бөлімі

3-сабақ

«Қышқылдар» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

Өз бетінше жұмысы

4-сабақ

«Оксидтер» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

Топ бойынша жұмыс

5-сабақ

«Негіздер» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

 

6-сабақ

«Тұздар» тақырыбына семинар сабақ

50 минут

 

7-сабақ

Не? Қайда? Қашан? Жиынтық сабағы

50 минут

Топ бойынша жұмыс

8-сабақ

Зертханалық сабақ «Бейорганикалық қосылыстар-дың негізгі кластары»

50 минут

 

           Қорытынды

11-сабақ

Бақылау жұмысы

50 минут

 

12-сабақ

Тест

50 минут

 

13-сабақ

Сынақ

50 минут

 

 

Кіріспе бөлімінде сол тақырып бойынша дәріс сабағы өткізіледі. Дәріс сабағын қазіргі кездегі инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізілді.   

Осындай модульге бөлініп өткізілген сабақтардың нәтижесінде білім алушылардың химия пәнінен алатын теориялық білімдерінің мазмұны жүйелі түрде кеңейіп, тереңдеп отыруына жағдай тудады;

-       білім алушылардың химиялық білімді меңгеруі курс аралық, пәнішілік және пәнаралық байланыста жүзеге асырады;

-       мұндай жағдайда олардың әр пәннен алған ұғымдарының кірігуіне мүмкіндік туады;

-       сонымен қатар білім алушылардың химиялық білімдері іс жүзінде қолдануына зертханалық сабақтар мен эксперимент жүргізу жұмыстарына тигізетін әсерін көруге болады.

Жоғары оқу орны білім алушыларының химиялық дайындығының психолого – педагогикалық  негізін талдау нәтижесінде түлектердің кәсіби білім сапасын жоғарлату және болашақ кәсіби қызметінде жалпы химия бойынша алған білімі мен білігін қолдана білуге дайындығы химиялық пәндерді оқытудың негізгі бағыттарын жетілдіру арқылы жүзеге асады.  Білім алушыларға жалпы химияны модульдік технологиямен байланыстыра отырып оқыту барысында теориялық модель дайындалды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқыту технологиясының ұсынылып отырған моделін құруда білім алушыларды дамытуға баса көңіл аударылды.

Бұл технология:

•       білім алушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

•       танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытуға;

•       оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

•       белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;

•       тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Модульді технологиямен химия пәнін оқыту барысында дәстүрлі емес химия сабақтарын жүргізудің пайдасы өте зор, әсіресе проблемалық сабақ, интегралданған сабақ, ойын сабақтарын және т.б. айтуға болады.

 

Әдебиет:

1.      Машарова Т.В. Современные педагогические технологии.  – Киров: Изд-во ВГПУ, 1998.

2.      Юцявичена Г.А. Принципы модульного обучения // Советская педагогика. – 1990. - №1. – С.55.

3.      Юцявичена Г.А. Принципы модульного обучения // Советская педагогика. – 1990. - №1. – С.90.

Основные термины (генерируются автоматически): минута, мена, модуль, модульное обучение, семинар, Советская педагогика, топ, химия.


Похожие статьи

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Педагогика ғылымында өзіндік зерттеу жұмыстарының алатын орны

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Математикадан тақырыптық сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық пакеттер жасауға қажетті талаптар және оларды қолдану әдістемесі

Прецедент мәтіндер құрамындағы зоометафоралардың астарындағы аксиологиялық білімдердің ұлттық ерекшеліктері

Шал ақынның шығармасындағы діни-этикалық мәселелер

Кәсіби мұғалім даярлауда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Биология пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау жоспары

Похожие статьи

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Педагогика ғылымында өзіндік зерттеу жұмыстарының алатын орны

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Математикадан тақырыптық сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық пакеттер жасауға қажетті талаптар және оларды қолдану әдістемесі

Прецедент мәтіндер құрамындағы зоометафоралардың астарындағы аксиологиялық білімдердің ұлттық ерекшеліктері

Шал ақынның шығармасындағы діни-этикалық мәселелер

Кәсіби мұғалім даярлауда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Биология пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау жоспары

Задать вопрос