Жас балалардың педагогикалық мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 121 раз

Библиографическое описание:

Серикбаев, Г. У. Жас балалардың педагогикалық мәселелері / Г. У. Серикбаев, М. О. Амиров. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 39-40. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17607/ (дата обращения: 24.04.2024).

Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы- патриотизм. Көп ұлтты Қазақстан үшін Отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату- тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух қазақ елін әлемдік өркениетті елдер көшіне қосып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден- бір күш.

Паитриотизм туралы идеялары кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдарыда (Әль- Фараби, Ж. Баласұғын, М. Қашқари), жыршы- жыраулары да (Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бұқар Жырау,Махамбет, т.б.) айтқан болатын. Қазақ халқының табиғи түрдегі патриоттық тәлімнің қазақ жеріндегі жиі- жиі болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр сырынан іздеген жөн.

Қазақтың ұлан- байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет еді. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары – Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Алаш Орда қайраткерлері – М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және тағы басқа зиялылардың нақты іс-әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады.

Қазақ тарихын тұнғыш рет зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов Отансүйгіштік сезімнін қалыптасуы туралы: «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде тағы бір сандық) мен, ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін», - деген екен.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдер ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. «Батыр дегеніміз жауапкершілік кездер мен әскери жорықтарда жеке ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адамдарға берілетін атақ. Ал батырлық жеке адамдарға тән патриоттық қасиет», - деп берілген анықтамаларды негізге ала отырып, батырлық, батыр, ер, ерлік және ұлттық жауынгерлік дәстүр, оның ерекшеліктеріне, ерлік тәрбиесіне педагогикалық түсініктеме берілді.

Академик М.К.Қозыбаев халқымыздың ерлік және жауынгерлік дәстүріне тоқтала келе: «Ер дегенде ең алдымен бізге Отан қорғаған сәтте жау шебін бұзып, қамал алған қайрат-жігер иесінің бейнесі оралады», - деп атап көрсетті. Яғни, ер, ар-намыс, азаматтық қасиетін үнемі жоғары ұстап, қажетті жерде қауып-қатерге өз басын тігіп, батыл іс-әрекетке бара алатын адам. Ердің іс-әрекеті бейбіт кезде де, соғыс кезінде де ел, жер мүддесі үшін қауып-қатерлі істерге, ерекше қимылдарға бару іс-әрекеті.

Ерлік тәрбиесі дегеніміз – ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың ерік-жігерін табандылық, батылдық қасиеттермен біреге ұлттық сана, парыз, намысын қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі күн тұрғысынан алып қарайтын болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың санасына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік, рухты ендіру. Көне түркілер көшпенділер тарихына, халқымыздың ер және жауынгерлік дәстүрлеріне шол жасағанда ерлік қасиеті әрбір жауынгерлерге тән болатынын көреміз. Әрбір жауынгерлерден батылдық, табандылық қасиеттерді талап еткендігі байқалады.

Талай ғасырды өткеріп, бізге жеткен батырлар жыры бүгінгі ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда басты орын алады. Батырлар жырында мазмұны туған елін, жерін жаудан қорғау мен қатар ананың балаға махаббаты, сүйіспеншілігі, адамгершілік қасиеттер көрініс тапқан. Ата-бабаларымыз батырлардың қайсар қаһармандығын, ерлігін суреттей отырып, ұрпақ тәрбиесіне өшпес мұра қалдырып отырды. Алғаш халық мұрасына, салт-дәстүріне, ұлттық ерлік және жауынгерлік тәрбиесіне мән бере отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Өзінің «Қазақ хрестоматиясы» деген атпен үзінді енгізген. Қазақ халқы тек батырларын құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі астына мінген аттарының қасиеттерін дәріптерін.

Абай шығармаларын зерделеп қарайтын болсақ, жжастарды ерлік рухта, отансүйгіштікке баулып, ар-намысын, ождан, адамгершілік қасиет үшін күресуге шақырғанын байқаймыз. «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» Абай айтқан пайымдаулар халқымыздың тарихын, ғылыми негізге келтірген алғашқы қадамдардың бірі.Абай шығармалары туған елінің, жерінің тарихын зерттеп, оны жете түсінуді уағыздайды. Өзінің Отыз тоғызыншы қара сөзінде: «Арлылық, намыстық, табандылық- тәрбиенің жемісі» дейді. Адамның ең ұлы сезімін азаматтық парызын орындау үшін жоғарыда аталған мінезді игеру керек екенін Абай атап көрсетеді. Абай шығармаларынан қазақ халқаның өзіндік ішкі құрылымын және өзіндік қасиетін, бітімін көреміз.

Отан соғысында талай ерліктің куәсі болған Б. Момышұлы: «Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман саулығын қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни өткенмен, бүгінгі күнмен және болашағы мен қарама- қатынасты білдіреді»,- деген. Міне осындай атадан- балаға жалғасып келе жатқан ұлттық әдет – ғұрып, салт- дәстүрлерді,оқу- тәрбие мазмұнына енгізі білсек, ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеуде, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына Қазақстандық отансүйгіштік қалыптастыруда игі ықпалы мол.

Основные термины (генерируются автоматически): абай, мена.

Похожие статьи

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі

Абайды кім оқымады, Абай туралы кім жазбады десеңізші! Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы.

Жаман мен жақсының ара жігін бөліп , талдап жазған.

Әл-Фараби мен Абай хакім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс — бұл Әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік...

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Абайдың матуридилікпен негіздері бір екендігін өзінің қара сөздері мен өлеңдерінде жырлап өтеді.

Абай шығармашылығын терең қарастырмай-ақ оның ақыл жүгіртуге шақырған көптеген...

Әл-Фараби мен Абай хакім

№8 (88) апрель-2 2015 г. Авторы: Медетбаев Тасбулат Сиезбайулы. Рубрика: Спецвыпуск. Страницы: Т.1. 60-62. Библиографическое описание: Медетбаев Т. С. Әл-Фараби мен Абай...

К вопросу об особенностях происхождения топонимов в истории...

Например, населенные пункты названные в честь Абая Кунанбаева, Амангельды Иманова, Әлиби Жангельдина, Кажимукана Мунайтпасова, Кабанбай батыра, Коркыт Ата, Ақмолда — ақ...

Научный журнал «Молодой ученый» №8 (88) апрель-2 2015 г.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі.

Әл-Фараби мен Абай хакім. Кадырова Г. М., Туребаева А. Е., Егизбайкызы Г.

Абай Данияр Абайулы — Информация об авторе

Авторы: Абай Данияр Абайулы. Рубрика: Государство и право. Страницы: 789-791. Библиографическое описание: Абай Д. А...

Олжас Сулейменов — писатель и поэт | Статья в журнале...

Казахский поэт Абай Кунанбаев учил казахский народ не замыкаться, не стоять на месте, обогащать своё творчество достижениями русского и других народов.

Джордж Байрон в Средней Азии и Казахстане. К истории...

Обращаясь к истории казахских переводов Байрона, следует особо отметить роль в них великого казаха Абая и К.Аманжолова.

Историзм эпопеи Мухтара Ауэзова «Путь Абая» | Статья...

Роман-эпопея «Путь Абая» имеет важное место в мировой славе Мухтара Ауэзова. Можно сказать, что все ранее написанные Ауэзовым произведения стали своего рода подготовкой для...

Задать вопрос