Ағылшын тіліндегі фитокомпонентті тұрақты тіркестердің ұлттық-мәдени коннотациясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алибекова, А. О. Ағылшын тіліндегі фитокомпонентті тұрақты тіркестердің ұлттық-мәдени коннотациясы / А. О. Алибекова, Г. М. Кадырова, А. С. Ержанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 69-71. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17204/ (дата обращения: 19.04.2024).

Ағылшын тілінде жер өңдеу ісі мен түрлі жидектердің атауларымен байланысты ботаникалық компоненттер кеңінен қолданылады, мысалы: throw straws against the wind-сәтсіз қадам жасау; make hay-мүмкіндікті сәтті пайдалану, қолын жылы суға малу; a grain of wheat in a bushel of chaff-қажырлы еңбектен кейінгі болмашы нәтиже; make a long harvest about a little corn-айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарар; the whole tree or not a cherry on it- бар не жоқ қылу; get the huckleberry-күлкілі жағдайда қалу; give somebody the raspberry-біреуге жайбарақаттылық таныту. Бұндай компоненттер ағылшын халқының этномәдениеті мен тарихи жағдайын көрсетеді.

Ұлттық-мәдени коннотация (лат.connotatio, connoto) бірқатар еңбектерде экстралингвистикалық факторлармен байланысты жүретін кең ұғым ретінде танылады. Лингвистикалық тұрғыда бұның бәрі тарихи, тұрмыстық, эмоционалды-экспрессивті- бағалауыштық белгілер,олар фразеологиялық бірліктердің семантикасында ұлттың өзін тануы мен рухани дүниесін білдіріп,коннотативтік семаларда көрініс табады.

Мәдени-ұлттық коннотация фразеологиялық бірліктердің барлығында бар, тарихи, мәдени, этнографиялық, тұрмыстық және халықтың рухани өмірімен (әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, сенімдер) байланысты фразеологизмдер сияқты ұлттық-мәдени ақпараттардың мағына деңгеңі әртүрлі болса да коннотация міндетті түрде көрінеді. Олардың белгілі бір тілдік қауым мүшелерінің мәдениеттанымдық, ұлттық және халықтық поэтикалық дүниетанымында негізі қаланады. [1]

Л.В.Мельниковтың пікірі бойынша, фразеологиялық бірліктердің ұлттық-мәдени коннотациясы алдымен ұлттық символдар, терең ұлттық-мәдени аялық лексемалар сияқты мәдени реңктегі компоненттерге негізделген. Бұндай лексемалардың қатарына ботаникалық компоненттер де жатады.

В.Крупаның пайымдауынша, фразеологияда ең жиі қолданылатын ағаш (tree) образы ең алдымен өзінің әлемдік мәдени маңыздылығымен байланысты. Көптеген мәдениеттердің мифологиялық жүйелерінде ағаш әмбебап концептуалды модель ретінде қолданылады.

Ағылшын фразеологиялық бірліктері құрамында tree фитокомпоненті сирек болса да ұшырасады: you can not judge a tree by its bark-адам аласы ішінде, мал аласы сыртында; as the tree, so the fruit- алма алма ағашынан алыс түспейді; flourish like a bay tree – гүлдену, shake the pagoda-tree –тез байып кету , the tree of life- өмір тірегі; shake the tree when the fruit is ripe- темірді қызғанында соқ; the tree is known by its fruit-адамды ісінен, ағашты жемісінен таниды; [2]

Фразеологизмдердің арасында ең белсенді қолданылатын ботанизмді лексемалар емен (oak) ағашымен байланысты.

Емен- ежелгі германдықтар үшін қасиетті ағаш, сондықтан осы ағаштың атауының құрамы көркем бейнелі коннотацияларға ие. Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де емен мықтылықты, қуаттылықты, кейде батылдықты бейнелейді, мысалы, every oak has been an acorn, little strokes fell great oaks, a heart of oak; Айта кетерлік жағдай, емен (oak) фитокомпоненті бар фразеологиялық бірліктер дәстүрлі жағымды символиканы білдіріп қана қоймайды, сондай-ақ жағымсыз коннотацияны да білдіреді, бұған an oak may fall when reeds stand the storm (oak фитокомпоненті иілгіш, сынғыш, жасық мағынасында қолданылады). Қазақ тілінде еменге қатысты емендей мықты, емендей ерегесу, емендей қату, кәрі емендей құлау, қара емендей қасқию сияқты тіркестер бар.

Ағылшын тілінде бұта (bush) компонентті фразеологиялық бірліктер де көптеп кездеседі. Бұта- аң-құстардың табиғи панасы, сондықтан бұл тілде бұта образы артында қауіп-қатері бар жұмбақ, жасырын, бұлыңғыр нәрселермен ассоциацияланады, мысалы, beat the bushes for smb-барлық жерден шарлап іздеу; he thinks every bush is boggard- қорыққанға қос көрінер; he that feareth every bush must never go a- birding- шегірткеден қорыққан егін екпес; ағылшын тіліндегі to beat around the bush (уақытты босқа кетіру, айналсоқтап жүру) тіркесі де ұлттық-мәдени реңкке ие. [3]

Ағылшын фразеологиялық бірліктері гүл компонентімен де өте жиі кездеседі. Британ мәдени дәстүрінде, әсіресе, раушан гүлінің орны айрықша. Longman Dictionary of Language and Culture түсіндірме сөздігінде британдықтардың ұғымынша раушан- нағыз ағылшын гүлі деп көрсетілген.

Раушан- Англияның ұлттық символы, осыдан келіп елдің ботаникалық атауы The Land of Rose - Раушан гүлінің отаны деп аталады. Осындай ботаникалық атауға XV ғасырдағы Ұлыбританияның тарихында ұзақ жылдарға созылған The War of the Roses (Қызыл және ақ раушан гүлдер соғысы) шайқасы да ие болды( қызыл және ақ раушандар жауласушы Ланкастерлер мен Иорктердің символдары).

Тарихтан Англияның бірнеше ғасыр Рим Империясының қол астында болғаны мәлім, сондықтан Ежелгі Рим салт-дәстүрлері ағылшын тілінде де өз іздерін қалдырды. Ежелгі Римде раушан гүлі салтанаттың, бекзаттылықтың, бақытты да қамсыз өмірдің символы болған. Осы фактілер ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерден де көрініс тапқан: path strewn with roses- раушан гүлі төселген жол; life is not bed of roses- өмірдің де өз қиындығы бар; gather life`s roses-өмірдің ләззатына бөлену; not all roses- барлық нәрсе оңай емес;

Ағылшын тіліндегі раушан гүлді фитонимдік тіркестерін әйел сұлулығымен салыстыра суреттеу тән: a rose between two thorns, milk and roses, with roses in one`s cheeks, as faif as a rose, rose-bud lips т.б. Әсіресе ашылмаған раушан гүлінің қауызымен өрімдей жас қыздар суреттеледі. Қазақ халқының мәдени дәстүрінде де раушан гүлі болмаса да сұлулықты, жастықты гүлмен бейнелейді: гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі; үкісіз қыз болмас, тікенсіз гүл болмас; қырдың қызыл гүліндей, жауқазындай жайқалу, қызғалдақтай үлбіреу;

Ағылшын тіліндегі гүлмен байланысты өте жиі қолданылатын тіркестердің қатарына лалагүлді (lily) жатқызуға болады. Лалагүл тазалық пен пәктіктің символы болғандықтан (as pure as a lily) одан ұлттық мәдениеттің ізі байқалады. Осылай бола тұра лалагүл тіркесті lily-liver фразеологиялық бірлігі қорқақтықты , әлсіздікті, жасықтықты білдіреді. Бұның астарында лалагүлдің ақ қауызы жатыр, өйткені ағылшын халқының ұғымынша ақ түс- адам ағзасындағы бауырда өттің жетіспеушілігін білдіреді және осыған орай ол күш-жігердің сарқылғандығын, еңсенің түсуін, енжарлықты бейнелейді. [4]

Келесі бір белсенді қолданылатын фразеологиялық фитокомпонент- шөп (grass). Қазақ тілінде шөппен байланысты жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды, бір қозы туылса бір уыс шөп артық шығады, шөп те басынан қурайды, шөптің басы айыр туады, жүрген жерінде шөп шықпайды, сәуір туса күн күркірер, күн күркіресе шөп дүркірер, шөбі жоқ деп жерден түңілме, мал бітпес деп ерден түңілме, жабайы шөп егінді аздырар, еріншектік ерді аздырар, т.б. мақал-мәтелдер мен тіркестер халықтың тұрмыс-салтынан, дүниетанымынан хабар береді. Ағылшын тілінде hear the grass grow-сыбдыр еткенді есту; let the grass grow under one`s feet- уақытты текке өткізбеу; to look for the grass on the top of the tree-пайдасыз іспен айналысу; the grass roots- қоғамдағы қарапайым адамдар деген тіркестер болса, қазақ тіліндегі теріс коннотацияны білдіретін арам шөптей қырқу, күзгі шөптей, қуарған шөптей, қырыққан шөпше сылқ ету, солған шөптей кілбию, шапқан шөптей отау, шөпше шабу деген тіркестер кеңінен қолданылады.

Ағылшын тілінде өрімдей жас, өмірлік тәжірибесі жоқ жасөспірімдерді көк шөпке теңейді: between grass and hay –жастық шақта, as green as grass-көктей жас т.б. Сондай-ақ grass компоненті жайбарақат, қамсыз өмірді, демалысты да бейнелейді: send somebody to grass-біреуді демалысқа жіберу; run at a grass- демалыста болу, жұмыссыз отыру;

Ағылшын тілінде жемісті білдіріп, фразеологиялық бірлік құрайтындардың қатарына apple лексемасын жатқызуға болады. Алма қазақ тілінде фразеологиялық бірлік тудыруға аса көп қолданыла қоймайды, сондықтан екі тілде ұқсас жайттар жоқтың қасы. Ағылшын тілінде шіріген алма сырты бүтін,іші түтін адамды бейнелейді: the rotten apple injures its neighbours- бір құмалақ бір қарын майды шірітер; a bad apple- нашар адам; there is small choice in rotten apples- апама жездем сай;

Сондай-ақ Библияда алманы алдамшы жетістікпен ассоциациялау ағылшын дүниетанымына тән. Кітапта Өлі теңіздің жағалауындағы Содом қаласында жалт-жұлт еткен алмалар өсетіні, бірақ олардың адам қолы тиісімен түтін мен күлге айналатыны айтылған. Библиямен байланысты тұрақты тіркестердің қатарында the apple of Sodom- алдамшы табыс, dead sea apple-алдамшы жеміс бар. [5]

Жаңғак (nut) фитокомпоненті әмбебап әрі ұлттық мазмұнға бай кең қолданылатын фразеологиялық бірліктердің бірі. Жаңғақтың қабығын аршып, өзегіне жету өмірдің қиындықтары мен ауыртпалықтарын бейнелейді: a hard nut to crack- шағылмайтын (қатты) жаңғақ; he that will eat the kernel must crack the nut- бейнет түбі зейнет; сондай-ақ жаңғақ түкке тұрғысыз деген теріс коннотацияға да ие.

Ағылшын тіліндегі орман (wood) фитокомпоненті де назар аударуға тұрарлық. Орман жабайы аңдардың мекені болғандықтан адамдарға айтарлықтай қауіп-қатер әкелетіні сөзсіз.Міне, осы жағдай ағылшын түрақты тіркестері семантикасында көрініс таба білген: do not halloo till you are out of wood (сөзбе-сөз орманнан шықпай жатып асыр салма) асатпай жатып құлдық деме; out of wood- қауіп-қатерден тыс, to get out of the wood- қиындықтан сытылып шығу;

Осылайша фитокомпонентті тұрақты тіркестер бір жағынан ұлттық ерекшеліктерге ие болса, екінші жағынан сол тілдік қауым мүшелерінің бейнелік - ассоциациялық дүниетанымы мен өзіндік рухани және материалдық мәдениетін көрсетеді.

 

Әдебиет:

1.      Алефиренко Н.Ф. Фразеология и культура // Язык и культура: Тез. Второй международ. конф. - Часть 1. - К., 1993.

2.      Алехина А. Семантические группы во фразеологии современного английского языка. - Минск: "Вышэйшая школа", 1978.

3.      Арсентьева Е.Ф. Сопоставительный анализ фразеологических единиц (на материале фразеологических единиц, семантически ориентированных на человека, в английском и русском языке). - Казань: Изд-во Казанского университета, 1986.

4.      Артемова А.Ф. Прозвища в английском языке // Иностранные языки в школе. - 1981. - №6.

5.      Воркачев С.Г. Лингвокультурология, языковая личность, концепт: становление антропоцентрической парадигмы в языкознании // Филологические науки. - 2001. - №1.

6.      Телия В.Н. Метафоризация и ее роль в создании языковой картины мира // Роль человеческого фактора в языке. - М.: Наука, 1988.

7.      Krupa V. The Tree as a Cognitive Model in Speech and Literature // Asian and African Studies. - 1998. - V.7. - № 1.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар, Рим.


Похожие статьи

Эволюция института франчайзинга в РФ и странах Западной Европы

Библиографическое описание: Римская С. В. Эволюция института франчайзинга в РФ и

Есть свидетельство того, что сам Папа Римский для обеспечения лучшего сбора налогов...

Из истории железнодорожной почты дореволюционной России

В статье рассматривается история возникновения и развития железнодорожной почты дореволюционной России. Особое внимание уделяется ее функционированию и эволюции.

Похожие статьи

Эволюция института франчайзинга в РФ и странах Западной Европы

Библиографическое описание: Римская С. В. Эволюция института франчайзинга в РФ и

Есть свидетельство того, что сам Папа Римский для обеспечения лучшего сбора налогов...

Из истории железнодорожной почты дореволюционной России

В статье рассматривается история возникновения и развития железнодорожной почты дореволюционной России. Особое внимание уделяется ее функционированию и эволюции.

Задать вопрос