Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Утегенов, Ж. К. Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру / Ж. К. Утегенов, А. Т. Айдаров, Сериккали Бектурсынулы Каншымбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 72-73. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16691/ (дата обращения: 24.04.2024).

Жалпы педагогикадағы «алыстан — жақынға, белгіліден — белгісізге» ұстанымы бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде, әсіресе, халықтық педагогикада маңызы өте зор. Халықтық педагогика дегеніміз — тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесінің жиынтығы. Қазіргі мектеп алдындағы негізгі міндеттің бірі әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында өзі күнделікті өмірден көретін, еститін заттары мен құбылыстары үлкен орын алады. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жиналған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт — дәстүр, әдет — ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал — мәтел, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазына болып саналады [1].

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2030» Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінігі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынысымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі, дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту көзделеді» деген. Яғни, біздің егемен еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейі ғасырлар бойы жинақталып келген ұлттық педагогиканың негізінде деп түсінуіміз қажет.

Мектепте технология пәнінде, еңбекке баулу сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық педагогиканы пайдалану оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы ықпалын тигізеді.

Мал шаруашылығымен айналысқан, көшпелі елдің барлық тіршілік болымысы табиғатта және табиғатпен біте қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген қазақ халқы өз мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып, біліп және сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңестіруге, пайымдауға машықтанды. Осыған орай халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы — ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Тарихи зерттеулер тас дәуірден бері өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының арғы ұрпақтарының малмен, егіншілікпен айналысып, жартылай көшпелі өмір сүргенін дәлелдейді. Тіршілік ету барысында аталған кәсіптің барлығына еңбек құралдары қажет болды, әрі олардың сапалы болуына өте үлкен дәрежеде мән берілді. Көшпелі өмір сүру салты үнемі көшіп жүруге ыңғайлы тұрмыс бұйымдарының формасына әсер етті, яғни бұйымдар көбіне дөңгелек шар тектес не түбі жалпақ болуы керек болды. Мұндай пішіндер дала көшпенділері үшін өте қолайлы. Өзін қоршаған табиғатты заттар мен ондағы жүріп жатқан құбылыстар туралы ата — бабаларымыздың түйсінуі өте жоғары болды [2].

Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша қазақ өте қонақжай халық. Дастарханы мал өнімдері мен сүт өнімдерімен көмкерілген. Төрт түлік малдың сүтінен әр түрлі тәтті, дәмді тағамдар әзірлеп, дастархан байлығын арттыра түскен. Олардың барлығы дерлік ағаш ыдыстарда сақталды [3]. Қазақ халқы көшпелі өмір сүргендіктен тұтынатын ыдыстары көбінесе ағаштан, теріден жасалып, ою — өрнектермен әшекейленген. Әсіресе тұрмыстық бұйымдардың көбісі ағаштан жасалды. Жасалатын бұйымның қолдану мақсатына қарай материалы да әр түрлі ағаштан болды. Мысалы: бидай, жүгері түйетін келі-сап жиде ағашынан, бесік талдан, ыдыс аяқ сақтайтын бұйымдар қарағайдан (иісі құрт-құмырсқа жолатпайды), сандық, ағаш кереует т. б. мақсатына қарай ағаш түрлерін таңдайды. Бұл бұйымдарды жасау мен дайындауда басқа ұлтқа қарағанда қазақ халқы өте шеберлік танытқан.

Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігі ерте кезден — қоршаған ортамен етене байланысты болғандықтан тұрмыстағы қолданыс заттары мал өнімдерінен, ағаш бұйымдарынан болады. Соған қарамастан, ғылым қанша қарыштап дамысада, жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрімен тереңірек таныстыра отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып қала береді. Сондықтан мектепте жас ұрпаққа технология пәні мен еңбекке баулу сабағында ағаш өңдеу, онан жасалатын бұйымдар туралы көбірек мәлімет беру үшін мынадай мақсаттарды алға қоямыз:

-        Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің, онан жасалатын бұйымдардың маңызын оқыту арқылы оқушының еңбек, технология пәніне қызығушылығын арттырып, дамыту;

-        Халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың бойына халықтың мол тәжірибесін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сіңіру, адамгершілікке, имандылыққа, ізділікке тәрбиелеу;

-        Ұлтжандылық сезімін оята отырып, еліне, туған жеріне, табиғатын қорғауға тәрбиелеу;

Алға қойған мақсаттарымызға жету үшін төмендегідей міндеттер бар:

-        Оқушылардың сабақта алған теориялық білімі мен практиканың өзара байланысын дәлелдеуіне көз жеткізу;

-        Оқушылардың пәнге қызығушылығын танымдық белсенділікті арттыратын қызықты тәжірибелер арқылы ояту;

-        Оқушылардың біліктілігін арттыру;

-        Оқушыларды өз бетімен ізденуге үйрету;

-        Жаңа ақпараттық технология әдістерін қолдану арқылы білімдерін тереңдету;

-        Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой салып, әсер ету;

Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін мектептегі пәнаралық байланыстың да маңызы зор. Мысалы, Қазақ халқының ерте замандағы өмірлік болмысы, құрал- жабдықтары, тұрмыстық бұйымдары, қару жарағы туралы мәліметті қазақ әдебиеті толықтырып отырады.

Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігіндегі, шаруашылық жайындағы, қолөнер саласындағы ағаш өңдеу өнерінің маңыздылығы, онан жасалатын бұйымдар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болуда, осының өзі оқушыларда ағаш ұсталық өнеріне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыруда.

Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін әр сабақта оларға қазақ халқының өнерінің алғашқы даму кезеңін, ұсталық, зергерлік өнері туралы тарихи деректермен келтіріп, мол мәліметтер беріп отырамыз. Олардың дәлелі ретінде ертедегі қолөнер бұйымдарының археологиялық қазба деректерінен мәліметтер береміз. Әр түрлі үлгіде жасалған ағаш бұйымдардың сан алуан түрлігі туралы түсінік берудің де мәні зор. Міне, осының негізінде ұлттық құндылықтарды қадірлеп, қастерлеуге тәрбиеленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Шоқпарұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы «Алматы кітап» 2007. 272 б.

2.      Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.«Алматы кітап» 2007.383 б.

3.      Дәркембайұлы Д. Қазақтың дарқан дастарқаны. Алматы «Алматы кітап» 2007. 186 бет

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос