Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 27616 раз

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі / Г. Б. Абдраманова, А. И. Примбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 6-7. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16682/ (дата обращения: 20.04.2024).

Әлемдік өркениеткеқадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.

Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы — білім беру жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру т. б. игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі — ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан — жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды.

Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған келесі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға сапалы білім беру. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Сонау 1970 жылдардың басында Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы орта білім беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың 100 % үлгерімін талап етті. Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұстаздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек — сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда.

В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ:

Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу.

В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы».

Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн.

1.      Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.

2.      Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.

3.      Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.

4.      Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

5.      Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:

а)     оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;

б)     оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;

в)     оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;

г)     оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады;

д)     Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды үйренеді.

Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ:

Мұғалім:

-        оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады — мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;

-        баға қоры молаяды;

-        оқушы білімі әділ бағаланады.

Оқушы:

-        берік білім негізі қаланады;

-        сөйлеу қабілеті дамиды;

-        тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;

-        танымдық процесі нығаяды;

-        қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;

-        пәнге деген қызығушылығы артады;

-        шығармашылығы шыңдалады.

Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады.

Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын — білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.

Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі — оқушыға тиянақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру — жақсы нәтиженің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді. В. Ф. Шаталов әдісін сабақта қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек сызба белгілерін пайдалану тиімді. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қызығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді.

Тірек сызба белгілерін сабақтарымда қолданамын. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:

                               I.            Тірек сызба белгілерін орта деңгейдегі сыныптардан бастау (табиғаттану, өсімдіктану).

                            II.            Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану.

                         III.            Сызба белгілерді оқушылармен бірге талдау жүргізе отырып даярлау.

-        Оқушыларға белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс және үй тапсырмасын беру.

-        Оқушылардың топпен не екі-екіден жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.

Тірек сызбабелгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада:

1.      Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;

2.      Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады;

3.      Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді;

4.      Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;

5.      Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады;

6.      Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді.

Тірек — сызбаны сабақтың негізгі құрам бөліктері ретінде қолданамын. Тірек — сызба — бұл айтылатын материалдың бейнелі жоспары, белгілі бір мағынаны білдіретін шартты белгілер, сөздер, суреттер және басқа да ойға тірек болар белгілердің жүйесі. Қысқа бейнелі түрде берілген хабарды кез — келген оқушы тұжырымдап, әрі кеңейтілген түрде айта алады. Тірек — сызба баланың ойын қозғайды, материалды берік есте сақтауға негіз болады. Тірек — сызбаны материалды түсіндіруге, бекітуге, оқушы білімін тексеруге, қайталау сабақтарында қолданамын. Жаңа материалды түсіндіруге қолданатын белгілер — жеңіл жазылатын, суреттер — оңай салынатын болуы шарт.

Пайдаланылған әдебиет:

1.      Шаталов В. Ф. Педагогическая проза. М., Просвещение, 1980.

2.      Шаталов В. Ф. Точка опоры. М., Педагогика, 1987.

3.      Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. М., Педагогика, 1989.

4.      Щуркова Н. В. Педагогическая технология как учебная дисциплина //Педагогика, 1993-№ 2. — С. 66–70.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, III.

Похожие статьи

Развитие гражданского законодательства во время правления...

Правление Александра III можно назвать периодом мощного развития права.

количество сделок, а именно: купля-продажа, мена, дарение, комиссия, запродажа, имущественный найм...

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Учет основных средств на предприятии ООО «Восток»...

III международная научная конференция «Инновационная экономика» (Казань, октябрь 2016).

004 — Поступление по договору мены. Таблица 3.

Комил инсон тарбияси: маънавият ва маърифат уйғунлиги

Проблема гармонично-развитого поколения с давних времён интересовала человечество. Воспитание гармонично-развитого поколения на протяжении веков является мечтой,желанием...

Резня в Варфоломеевскую ночь: трагический финал жизни...

Наряду с ним так же упоминаются мена Мартину Коша, а Конрада Бёрга из кантона Сэн-Гал.

Delaborde J.Gaspard de Coligny. T.III.

3-4 жастағы балаларға арналған логопедиялық жаттығулар

Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және...

Комбинаторикалық есептерді шешу | Статья в журнале...

Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы үшін елдің ертеңі жарқын, болашағымыз кемелді, ұрпағымыз сауатты болуы үшін әрине еліміздің дамуының басқа бағыттарымен қатар білім...

Особенности баварского диалекта немецкого языка

Сложно представить себе народы более различные, чем немцы и русские, и, тем не менее, последние, приезжая в Баварию, чувствуют себя вполне комфортно...

Приемы перевода интернациональных реалий | Статья в сборнике...

Библиографическое описание: Хакимова Ш. Р. Приемы перевода интернациональных реалий [Текст] // Филология и лингвистика в современном обществе: материалы II Междунар. науч...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Задать вопрос