«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында проблемалық сұрақтарды пайдалану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 743 раза

Библиографическое описание:

Назарова, Г. А. «Бөлме өсімдіктерін күту» курсында проблемалық сұрақтарды пайдалану / Г. А. Назарова, Г. К. Оспанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 52-54. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16668/ (дата обращения: 17.04.2024).

Студенттердің қызығушылықтарын арттыру үшін де сабақты проблемалы жоспарда құрастыру тиімді. Проблемалы оқыту технологиясы — субъектінің өзбетінше ойлау әрекетінің психологиялық заңдылықтарын ескеретін дидактикалық тәсіл. Проблемалық жағдай — білім алушыны ойландыратын проблемалы сұрақ, тапсырма, есептердің түрлері. Проблема — танымдық қиналыстарды тудыратын проблемалық жағдайдың элементтері.

 

Проблемалы тәсіл білім алушылардың белсенді танымдарын ұйымдастыруды ұсынады, бұл кезде оқытушының рөлі білім алушылардың танымдық әрекеттерін басқару қызметімен ұштасады. Әдістің негізі — сабақта проблемалы жағдайды қозғау, яғни құбылыстар мен дәйектерді түсіндіру үшін білім алушыларда қажетті білімдердің болмауы жағдайында интеллектуалдық қиындық жағдайының туындауы. Оқу материалының мазмұны мен білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес проблемалы тәсілді ұйымдастырудың түрлі жолдары бар. Оларды мысалдар арқылы қарастырып, көрсетеміз:

1. Проблемалы сұрақ беру

Бөлме өсімдіктерінің температураның өзгерістеріне бейімделу қасиеттерінің әр түрлі болуы дәйегін немен байланыстырады?

2. Парадоксалды дәйектерді мысалға келтіру негізінде: әдетте бөлме өсімдіктерін ауаны тазалап, оттегімен байытатын қасиетін жақсы білесіздер, алайда кейбір өсмідіктер түрін (мысалы, аглонема) балалардың бөлмесіне немесе сыныпқа өсіруге болмайды дейді. Оның себебі немен байланысты.

Кез-келген проблеманы шешуге студенттер төмендегі кезеңдерді бөліп қарастыру арқылы жетеді:

І кезең — проблеманы ұғынуы, қарама-қайшылықты ашуы. Ол үшін сұрақты бар ынтамен оқып шығып, сұрақтың шарты мен талабын табу керек; шартқа не керек екенін және талап бойынша нені табу керек екенін анықтау; осы құбылыс немесе объекті бойынша бұған дейінгі білетіндерін, оны қандай себеп-салдар байланысы түсіндіретінін еске түсіру керек; бұған дейінгі алған білімдері мен жаңа мәліметтерді салыстыру, осы салыстыру негізінде сұрақта жасарынған қарама-қайшылықты айқындау.

ІІ кезең — берілген жағдайға сәйкес болжам жасау. Бұл кезеңде осы құбылыс немесе объектінің пайда болуының себебі жөнінде ұсыныс айту, болжам жасау.

ІІІ кезең — болжамды дәлелдеу. Бұл кезеңде жаңа бір мәселені қарастыру; болжамда айтылған пікірге сүйене отырып, осы мәселеге жауап беру; мүмкіндігіне қарай өзінің жауабын тексеру.

ІV кезең — жалпы қорытынды жасау. Бұл кезеңде мынадай әрекеттерді атқарулары тиіс, сұрақтарға жауап берулері керек: 1) Сіз қандай жаңа білімдер алдыңыз? 2) Осы құбылысты немесе объектіні түсіндіретін себеп-салдар байланысы жөнінде жаңадан нені білдіңіз?

«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында студенттерге ұсынуға болатын бірнеше проблемалық сұрақтарды, проблемалы тапсырмалардың жауаптарымен мысалға келтірейік.

Өсімдікті өсірудің қиындықтарымен байланысты проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар:

-        Үй өсімдігі ауырып тұрғанда не істеу керек?

Басқа бөлмелерде өзін нашар сезінетін өсімдіктерді жинап, жуыну бөлмесін «емхана» ретінде пайдаланыңыз. Көптеген түрлеріне ыстық пен ылғал ем ретінде әсер етеді. Көптеген өсімдіктер «емханадан» кейін 3–6 айда қайта қалпына келеді.

Жуыну бөлмесінде тұрған өсімдіктерге суды көп құюға болмайды, өйткені олар ылғалды ауадан алады. Және де бөлмені желдетіп тұру керек.

-        Бенджамин фикусының жапырағы сарғайып түсіп қалды. Ол қандай ауру?

Қыс және күз айларында фикус жапырақтары шамамен 10–20 % түседі. Ол қалыпты жағдай. Оның орнына көктемде жаңадан жапырақтар шығады. Егер көп мөлшерде жапырақтар түссе, онда қалай суарып жүргеніңізді тексеріңіз. Фикус өсімдігінің бұл түрі үшін қыс айында күндізгі температура 18ºС аспауы керек.

-        Өсімдіктер неліктен әлі жасыл, бірақ сәл бүріскен жапырақтарын жоғалтады?

Бұл жағдай ылғалды ауаның төмен болуынан және суды дұрыс құймағандықтан немесе субстраттың кедейлігінен болады. Күнделікті өсімдікке суды бүркіп тұру керек және құмыраны ылғал майда қиыршық тас қабатының үстіне қою керек. Суаруды реттеп немесе қайта отырғызу керек. Өсімдіктің бұтақтарын қыс айында кесіп тұру керек. Сонда жас жапырақшалар тез шығады.

-        Өсімдіктердің бүр жарып келе жатқан гүлдері себепсіз неліктен түседі?

Егер өсімдік салқын жерде тұрған жағдайда, құйылған су салқын болғанда немесе жаңа сатып алынған өсімдікті дұрыс тасымалдамағанда гүл бүршіктері түсіп қалады. Өсімдікті гүл бүршіктері енді қалыптаса бастағанда қайта отырғызса да гүлдері түсе бастайды. Гүл бүршіктерінің түсуіне күн мен түннің температурасының арасындағы айырмашылық көп болса да ықпал етеді. Сол үшін гүлдейін деп тұрған өсімдіктерді 18ºС та және ауа ылғалдылығы 60 % кем болмайтын өте жұмсақ климатта ұстау керек.

Өсімдікті жиі суару керек, тыңайтқыштың концентрациясын төмендету керек. Өсімдік бүр жарғанда оны суару үшін де орнынан қозғауға болмайды.

-        Жайнап өсіп тұрған өсімдіктің солмай жатып неліктен гүлдері себепсіз түсе бастайды?

Бөлмеде температура өте жоғары болса және де ауа құрғақ болған жағдайда, өсімдік жел өтінде тұрсан немесе аз суғарылса гүлдері түсе бастайды. Сол үшін күндізгі температура 20ºС, түнде 15ºС аспау керек. Суықты жақсы көретін өсімдіктер — азалия, қоңыраугүл, цинерарри, цикламен, примулдар 12ºС-15ºС температурада да көп уақыт гүлдеп тұра береді. Гүлдеп тұрған өсімдікке суды шашып себуге болмайды, өйткені жапырағына тигенде кішкентай су тамшыларының өзі жапырақтарын ағартып жібереді де, түсіріп тастайды

-        Өсімдіктерге дәруменнің жетіспеушілігін қалай білуге болады?

Егер өсімдіктердің жапырақ беті бозарып және сарғайып кетіп, ал талшықтары жасыл күйінде қалса темір мен хлороз жетіспеушілігінің белгісі. Азот жетіспеушілігінен талшықтарда сары түсті ореолдар пайда болады. Ересек жапырақтарда калий жетіспеушілігінен сары дақтар пайда болады. Өсуі мен гүлденуі тежеледі. Минералды заттарды қажетті мөлшерде ала алмауы салдарынан өсімдіктерде дәрумен жетіспеушілігі дамиды. Құрамында әк ерітіндісі бар су қоспасын бөлме өсімдіктеріне пайдалануға болмайды. Себебі хлороз ауруын тудыру қаупі бар. Әр өсімдіктің өз түріне қарай субстратқа балдыр мен көң негізінде жасалынған органикалық тыңайтқыштың 5 және 20 % қосу керек.

-        Жапырақтардың ұштары құрғап қараяды. Жиектерінде үлкен қызыл қоңыр бөлiктер пайда болады, олар біртіндеп қурап солады. Өсімдік біртіндеп жансызданып шіри бастайды. Нелiктен?

Қурап қалуының себебі: ауа ылғал болуымен және салқын жерде тұруында. Ол күйiктiң зардабынан бола алады. Өсiмдiктердің субстраты өте нығыздалған немесе ауа өткiзбеуінен тамыры тұншығады және көп суарғаннан да болады. Жапырақтарды бүркiңiз, дымқыл керамзиттiң қабаты немесе майда қиыршық тас салу керек. Егер жапырақтар қарайса және жұмсақ болса, суаруды 10 күнге токтатыңыз. Субстратын толығымен ауыстырып өсімдікті қайта көшіріп отырғызу қажет. Тамырында солған бөліктері болса кесіп алып тастаңыз.

-        Бiр немесе бiрнеше жапырақтар түсін өзгертіп не бозарып кеттi. Бастапқыда қара дақтар ғана пайда болып, кейіннен жапырақ толығымен қарайып түсіп қалады. Нелiктен?

Төмен ауа температурасы немесе температураның күрт өзгеруінен, өсімдіктің желде қалуы, субстраттың тозуы жапырақ түсін өзгертеді. Өсімдікті 10 күн бөлек койып қойып бақылаңыз. Суаруды қысқартыңыз, тыңайткыш косуды тоқтатыңыз және өсімдікті тура күн көзіне қоймаңыз. Жапырақтардың түсiн жоғалтуы көбіне өсiмдiк ауруының бiрiншi симптомы болады. Өсімдікті қандай жағдайда өсіп жатқанын қадағалаңыз. Өсімдікке қолайлы жағдай жасалуы қажет.

-        Бастапқыда жапырақтары кейін барлық өсімдік біртіндеп солады. Нелiктен?

Суды сирек құю нәтижесінде субстрат ылғалды жақсы ұстамайды немесе тамырға ылғал жетпейді. Егер ауа температурасы жоғары болса, жиі суарыңыз. Әрбiр 10 күнде жарты сағатқа субстрат әбден ылғалдану үшін суға құмырларды батырыңыз. Субстраттағы жоғарғы шымтезектің мөлшері 50 % көп болмауы керек. Төменгі шымтезек немесе бақша топырағы ылғалды жақсы реттейді.

-        Жапырақтардың бiреуі немесе бiрнешесi ашық сары түске боялып, кейін жапырақтар түсіп, сабағы жалаңаштанып бос қалады. Нелiктен?

Төменгі жапырақтардың сарғаюы — табиғи процесс. Өйткені сабағының қатаюы, тығын тәріздес өлі ұлпалардың пайда болуына әкеліп соғады да, олар жапырақтарды қоректендіре алмайды. Каучук беретін фикуста дәл осылай болады. Ол діңгек түзе отырып, төменгі жапырақтарын түсіреді.

Егер қысты күні барлық жапырақтардың үштен бірі сарғайып түсуі қалыпты процесс. Ал егер жапырақтардың көпшiлiгi немесе тек қана жаңадан көрiнген жас жапырақтардың сарғаюын ауырғандық белгісі ретінде қарау керек. Өсімдік осылайша өзін қолайсыз сезінетіндігін көрсетіп белгі береді. Бұл дұрыс суарылмау немесе сәйкес келмейтін тыңайтқыштар пайдалану немесе тым құрғақ ауа температурасының әсерінен болуы да мүмкін. Қыста температура тым жоғары болмауы керек, жиі жапырақтарды бүркіп суармаңыз. Жазда қызғылт өсімдік кенесімен зақымданбауын қадағалаңыз.

Егер әңгіме бiр немесе екi жапырақ туралы болса, еш уайымдаудың қажеті жоқ. Жапырақтар мәңгiлiк органдар емес және өсiмдiк уақыты келгенде оларды түсіріп тұрады. Көптеген бөлме өсімдіктері жапырақтарын ұдайы түсіріп отырады (бұларға түйнек тамырлылар өсімдіктер жатады мысалы, каладиум, гиппеаструм, синнигия), сондықтан олар үшін жапырақтарының сарғаю мен түсіп отыруы бұл қалыпты процесс. Дәл осындай қасиет, аналық өсімдігі гүлдегеннен кейін бірнеше айдан кейін өліп қалатын бормелиеге де тән.

-        Өсiмдiктердiң сабақтары созылып бір жаққа қарай қисайып өседі. Нелiктен?

Өсiмдiктер анық жарықтың жетіспеушілігіне ұшыраған жағдай. Мұндай жағдайдан шығу үшін өсімдік жарық көзіне қарай қисайып өсе бастайды. Бұл феномен қыстыгүнi жиiрек байқалады, себебі табиғи жарық көзі азаяды. Сабақтары ұзарған, бозарыңқы жапырақтар кездесуі жарық көзінің кем екендігінің белгiсi. Демек, бұл фотосинтездi, нормальды өсу процессiн тежейді. Егер сiз жарықтың кемшiлiгi қыстыгүнi орнын толтырғыңыз келсеңiз, терезеге жақынырақ қойыңыз және өсiмдiк бiр бағытта қисаймауы үшiн құмыраны үнемi бұрыңыз. Сонымен бiрге сiз жарық жетіспеушілікке төзімді түрлерді таңдауыңызға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.                  Кузнецова Н. Е., Шаталов М. А. Проблемное обучение на основе межпредметной интеграции (на примере дисциплины естественнонаучного цикла). — СПб., 1998.

2.                  Делла Беффа М. Т. Комнатные растения: справочник. — М.: ООО «Издательство АСТ»: ООО «Издательство Астрель», 2003 г.

Основные термины (генерируются автоматически): немес, мена, Оса, суд.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи. Ламинария — идеальный природный лекарь.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Б. Пильняк и его эпистолярные обращения во власть

В октябре 1937 г. Пильняк был арестован, 21 апреля 1938 г. осужден Военной коллегией Верховного Суда СССР по ложному обвинению в совершении государственных преступлений и приговорен к расстрелу.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи. Ламинария — идеальный природный лекарь.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Б. Пильняк и его эпистолярные обращения во власть

В октябре 1937 г. Пильняк был арестован, 21 апреля 1938 г. осужден Военной коллегией Верховного Суда СССР по ложному обвинению в совершении государственных преступлений и приговорен к расстрелу.

Задать вопрос