Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 19 октября, печатный экземпляр отправим 23 октября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 10183 раза

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану / Г. Б. Абдраманова, С. К. Таженова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 8-9. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16654/ (дата обращения: 05.10.2024).

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде, оның ішінде мультимедиа технологиялары. Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы — мультимедиалық технологиялар. Мультимедиа — жаңа бағыт, бұл компьютердің ақпараттың көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары рұқсатпен түсті графика, жүгіртпе және аққыш түстері бар динамикалық эффектілер, дыбыстардың дыбысталуы және синтезделген әуеннің дыбыстары, «мультяшкалар», толық түсті видеоклиптер және видеофильмдер кіреді.

ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Бағдарламалы және әдістемелі қамтамасыздандырулардың жақсартылуы, сонымен қатар оқытушылар құрамының квалификациясының жоғарылатуында, білім беруде қазіргі ақпаратты технологиялардың қолданылуы көрінеді. Мәтіндік ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедиа — ортасы деп аталады. Мультимедиа технологияларды іске асырудың негізгі ортасы, бейнелеудің компьютерлік және бейнекомпьютерлік ортасы болып табылады.

Мультимедиа — бұл компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Мультимедиа өзі көптеген мәлімет тасымалдаушылар жиынын білдіреді. Мультимедиалық зат құрамына музыкалық және ауызекі жетелеу, бейнеклиптер, анимация, графикалық слайдтар және мәтіндік базасы кіретін интерактивті жиынтық кіреді. Өзіндік бағыттағы «компьютерлік жүйе» ретінде Америкада 1990 жылдың басында пайда болды. Сол кезде алғашқы программалық жабдықтамалар компакт дискілер арқылы шыға бастады.

1990 жылы CD –де барлығы 10 мультимедиялық бағдарламалар шығарылды, ал бүгін олардың саны одан мыңдаған есе артық болып отыр. Мультимедиалық компьютердің 386-дан жоғары процессорлы жүйелік блок 512 және одан жоғары килобайт болатын бейнекарталы Super VGA монитор, қатты диск, дыбыстық карта, CD-ROM диск жетегі, акустикалық жүйе кіреді.

Мультимедиа және гипермедиа — технологияларында күшті орналастырылған бөлімдік ресурстар бар, олар кілттік компетенциялардық қалыптасу және шығу орталарын қамтамассыздандыруы мүмкін. Оларға ақпаратты және коммуникативтік технологиялар жатады. Мультимедиа және телекоммуникацонды технологиялар жалпы білім жүйесінде жаңа әдістемелік жолдарды ашады.

Мультимедиа (multimedia — көп орталы) — бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы.

Мультимедиалық оқулықтарды және коммуникациялық құралдарды қолдану мен оқыту істерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға болады. Мультимедиалық оқулық — оқушылардың қызығуын арттырып, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды. Мультимедиалық оқулық оқу материалдарын демонстрацияланған гармоникалық түрде жеткізеді. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түрінде әртүрлі суреттер, сұлба, тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны мида бекіту үрбістері бір уақытта өтіп отырады да материалдық қорыту үрдісі ұтымды болады. Бұлар практикум компьютерлер көмегімен жүзеге асырылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал толықтырушы материалдар интерактивтік компьютерлік типте жүзеге асады. Оқытушылар үшін де мультимедиалық электрондық оқулық — күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Қазіргі заманға сай мультимедиалық жүйелерінен тұратын ақпараттық технологияларды оқу үрдісін жоғарылатуда қолдануға болады. Сондай ақ құралына виртуалды зертхана мысал бола алады. Виртуалды зертханалар нысандарды компьютерлік білім беру жүйесінде моделдеуге және жаратылыстану ғылымдарының физика, химия, биология және т. б. сияқты пәндерін оқып үйренуде жаңа білімдерді меңгеруге, үйренуге көмектеседі. Химиялық, физикалық, биологиялық және т. б. білім беруде виртуалды эксперименттерде мәні белгіленеді және оның қолданысы ерешеленеді.

Оқытудың компьютерлік технологиялары — ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программмалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді.

Мультимедиалық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата платын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедиа пайдаланушыға фантастикалық әлемде болуға (виртуальды шыңдық), осы әлеммен интерактивті араласуына (пайдаланушы қатысады, мысалы, ойындар ойнайды т. б.) мүмкіндік береді.

Виртуальды шындық — бұл иллюзиялы дүние, оған кіріп (еніп), сонымен ара қатынас жасайды. Виртуальды шындық жүйесі — бұл осы енумен арақатынасты қамтамасыздандыратын иммитациялық программалар мен техникалық құралдардың жиынтығы. Мультимедиа — бұл қазіргі техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы интерактивті бағдарламалық қамтамасыздандыруды басқарумен орындалатын визульді және аудиоэффектілердің өзара әрекеті. Олар бір цифрлік көрсетілімде мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуретті және бейнені біріктіреді.

Гипермедиа — бұл мультимедиялық объектілер арасында ауысу үшін гипермәтіндік сілтемелер арқылы байланысқан компьютерлік файлдар.

Бар бағдарламалық құралдар, соның ішінде дайын электронды оқулықтар мен кітаптар, сонымен қатар, өзіндік деп шығарылған құралдар оқытушыға оқыту тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оқытушының ақпаратты өңдеу және алуда көмекшісі Интернет болып табылады. Оқу орындарында ақпаратты экранды түрде беруді жаңа әдістер немесе бөлек оқыту әдісі ретіндегі бейнені айтуға болады. Бейне әдісі білімді беру үшін бақылауды, қайталауды, бекітуді талдап қорытуды ұйымдастыру үшін қолдануға болады.

Қазіргі уақытта бейнеәдістерді қолдану ісі көптеген экрандық ақпарат көздерінің — мультимедиалық кешендер, бейнемагнитафондар, бейнепроекторлар, компьютердің жаңа мүмкіндіктері (мультимедиалық презентациялар, үйренуші бейнефайлдар, желі арқылы оқыту ақпаратын көрсету үшін алмастырушы бағдарламалар) пайда болуына байланысты талап етіле бастады. Бейнеәдістер оқыту процесінде қолданылатын ақпарат түрлерін тиянақты түрде қарап шығуға, көруге мүмкіндік береді және ол жаңа материалдарды оқу, қайталау, бекіту, талдау және бақылау үшін кеңінен қолданылады, яғни ол барлық дидактикалық функцияларды орындауға толық мүмкіндік береді. Бұл әдіс соңғы ғылыми жетістіктер дәлелденген ақпаратты көрнекі қабылдау принципіне негізделген және ол оқушының алған білімін тереңірек түсіну мақсатында индуктивтік, дедуктивтік тәсілдеоді пайдаланады және олардың әр түрлі танымдылық қасиеттерін екпінді түрде дамытуға танымдық үрдісін басқарудың түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.

 

Әдебиет:

1.             Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нұрбекова Ж. К., Сағымбаева А. Е., Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014г.

2.             Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Астана, 2004.-232 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мультимедиа, CD-ROM, VGA.


Задать вопрос