Граф К.К. Паленнің сенаторлық тексеру комиссиясының мақсаты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №6 (86) март-2 2015 г.

Дата публикации: 19.03.2015

Статья просмотрена: 45 раз

Библиографическое описание:

Ибраев, У. С. Граф К.К. Паленнің сенаторлық тексеру комиссиясының мақсаты / У. С. Ибраев, Сабира Назарова, Г. К. Ибраева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 20-23. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16535/ (дата обращения: 23.04.2024).

ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей патшалығы қазақ даласының оңтүстік өңірін толығымен өзіне бағындырып алғаннан кейін, жаңа жауланған жерлерді арзан шикізат көзінің қоймасы мен өнімдерін өткізу рыногына айналдыруды мақсат тұтты. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен бұрынғы әкімшілік-аумақтық басқару жүйесін түп-тамырымен өзгертіп, ішкі ресейлік басқару жүйесіне жақындату арқылы, капиталистік рыноктық қатынастардың дамуына ықпал ету болатын. Әкімшілік-саяси реформалар нәтижесінде 1867 жылдың 11 шілдесінде Александр ІІ империя құрамында жаңа Түркістан генерал-губернаторлығын құру жөнінде жарлыққа қол қойды [1, c.281-282]. Осы жарлықпен бір мезгілде «Сырдария және Жетісу облыстарын басқару ережесінің жобасы» бекітілді.

Патша өкіметі Түркістан аймағында империяның өскелең өнеркәсібі мүдделерін көздеп, тонаушылық сипатындағы игеру үдерісін тездетуге тырысты. Уақыт өте келе Ресей капиталы Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына барған сайын өз ықпалын нығайта түсті. Жергілікті халықтың жаңа әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қарым-қатынасқа тартылуы отаршылдық езгінің күшеюімен қатар жүргізілді.

Жергілікті әкімшілік орындары мен қоныс аударып келген шаруалардан қысым көрген қазақ халқы жер-жерде наразылықтар ұйымдастыра бастады. Сонымен бірге, 1905-1907 жылдары Орталық Ресейде орын алған революциялық толқулар шет аймақтарда да көрініс тауып жатты. Сондай ереуілдер мен толқулар Орынбор-Ташкент темір жол жұмысшыларының арасында жиі болып тұрды.

Қиыр шығыста басталған орыс-жапон соғысы және ондағы орыс әскерлерінің жеңілісі өлке халқының патшалық жүйеге деген наразылығы мен ашу-ызасын одан сайын өрістете түсті.

Бұл іс-әрекеттерге жауап ретінде орталық билік жандармдық және полицейлік қадағалауын күшейтті және 1906 жылдың 21 қаңтарындағы № 187-ші Ішкі істер министрлігінің әскери губернаторларға жіберген құпия хатында: «Қаруды заңда көрсетілген жағдайларда үзілді-кесілді және қатаң түрде пайдалану қажет. Әсіресе қарулы бүлікшілерге қатысты ешбір келісімдер мен келіссөздерге баруға болмайды, орынсыз кешіктіру мен босаңсу бұл жағдайда, тәртіпсіздіктердің одан әрі өршуіне жол беріп, оларды басуға көп күш жұмсауды қажет ететін болады» [2, 16 б.], - деген мазмұнда жандармдар мен полиция қызметкерлерінің қару қолдану тәртібі белгіленді. Осылайша, жандармдар мен полиция қызметкерлерінің халыққа қару қолданылу тәртібі реттелді.

Қазақ даласы мен оның Оңтүстік өңірі Ресей империясының «шет аймағы» екенін ескере отырып, орталық үкімет жергілікті басқару ісін әскери министрліктің құзырында қалдырған еді. Бүкіл жергілікті әкімшілік және азаматтық билік әскери шенділердің қолына шоғырланды. Бұл мәселеге байланысты белгілі тарихшы П.Г. Галузо былайша сипаттама берген болатын: «Басқару аппаратының әскери екені белгілі. Сол себепті де олар азаматтық заңнамаларды біле бермейді және де әкімшілік іс жүргізуде теориялық дайындықтары жетіспейді» [3, с.29].

ХХ ғасырдың бас кезіндегі өлкедегі саяси-әкімшілік басқару мен заңдылық қағидаларының сақталуы жөнінде көрнекті ұлт зиялыларымыздың бірі М. Тынышпаев: «Біз өзіміздің сансыз көп бастықтарымыздың ішінен бізді алуан түрлі сөздермен және әрекеттермен қорлау үшін, реті келгенде өз жағдайын пайдаланбай қалатын бірде-біреуін білгенде жоқпыз. Уақыт өте келе, Ресей империясының заңдары біздің көз алдымызда әкімшілік озбырлықпен алмастырылды. Сөйтіп біз оларға жоғарыдан «ерекше құқықтар мен артықшылықтар берілген» деп ойлай бастадық. Біздің жүгінетін жеріміз жоқ. Өйткені жоғарғы өкімет орындары біздің әділетсіздік пен қысым көрсетушілік туралы өтініштерімізді төменгі тікелей бастықтарға ізгілікпен қарауға жібере салады, тек кейбіреулері ғана кейде батылы барып мұндай әрекеттерді жоғарғы жаққа жеткізеді. Бірақ көптеген жағдайларда ғана олардың өздері де қанағаттандырылмай, өкімет орындарының адамгершілік жағынан қорлап, халық бұқарасының көз алдында кемсітілген күйде қала береді. Сондықтан біздің даламызды жүгенсіздікпен жайлап алған озбырлық пен заңсыздық атаулыны жойып, біздің барлық жерімізде әділеттілік пен заңдылық қағидаларын енгізу қажет» [4, с.16], – деген болатын.

Түркістан генерал-губернаторлығында, оның ішінде Сырдария мен Жетісу облыстарында орын алған осындай теріс, кертартпа әрекеттер патша өкіметін алаңдатып, оңтүстік өңірге сенаторлық тексеру комиссиясын жіберуге мәжбүр етті. Нәтижесінде, 1908 жылдың 8-наурызында императордың бұйрығымен Түркістан өлкесіне сенаторлық тексеру тағайындалып, 19-на бұл тапсырма сенаттың 1-департаментінің мүшесі, Гофмейстер Граф Константин Константинович Паленге жүктелді [5, 1-п.].

Сенаторлық тексерістің мақсаты мен міндеті туралы Әскери министрдің бұйрығында: «Тексерудің негізгі мақсаты – өлкені Ішкі істер министрлігі құзырына басқаруға беру алдында, өлкеде қалыптасқан саяси-қоғамдық жағдайды толық анықтап білу, кейбір ірі мәселелерді зерттеу, комиссияның негізгі көңіл бөлетін істері – қоныс аудару мәселесі, жергілікті халықты жерге орнықтыру, тау-кен ісінің мәселесі, земстволық шаруашылықтар және т.б. Сонымен қатар тексеру барысы жаңадан құрылған басқарма аралық ерекше жиналысқа, Түркістан өлкесін басқарудың ережесін дайындауға аса құнды мәліметтер жинауы тиіс» [6], - делінген.

Жалпы, сенаторлық тексерулер Ресей империясында жергілікті басқару органдарына төтенше қадағалау жүргізу құқығына ие болатын. Алғашқы сенаторлық тексерулер 1722 жылы патша жарлығы негізінде енгізіліп, XVIII ғасырда мемлекеттік басқару тәжірибесіне толық ендірілді. 1799 жылдың 28 қарашасынан бастап, 1917 жылғы Сенаттың таратылуына дейінгі аралықта жергілікті жерлердегі әкімшілік басшылықтарға тексеруші сенаторлардың бұйрықтарын бұлжытпай орындау тапсырылды [7, c.84].

1908-1910 жылдары жүргізілген сенаторлық тексерудің мақсатын тек Түркістан өлкесін әкімшілік қайта құру қажеттілігі жағынан қарастырсақ дұрыс болмас. Сенатор К.К. Паленге берілген тапсырма, тек қана өлкені басқару үшін жасалатын Ережеге мәлімет жинау деп көрсетілгенімен, не себепті Ережені өзгерту қажеттілігі туындағаны жасырын қалды. Тексеру комиссиясының Түркістан өлкесіне келгендегі негізгі себептері ретінде патша өкіметінің отаршыл саясатының реакциялық болмысы, әсіресе бұл 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында айқын көрінді. Бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырағаннан кейін, империяның бүкіл аймағында, оның ішінде Түркістан өлкесінде де билік тарапынан реакциялық іс-әрекеттер күшейді. 1905-1907 жылдары Түркістан өлкесінде орын алған революциялық қозғалыстың ауқымынан сескенген патшалық билік, 1906 жылдан 1909-1910 жылдарға дейін «күшейтілген күзет» тәртібін енгізеді. 1907 жылдың 3 шілдесінде қабылданған «Сайлау туралы заңы» бойынша Орта Азия мен қазақ халқын Мемлекеттік Думаға өкіл сайлау құқынан айырды.

Революциялық қозғалыстың бәсеңдеген уақытында, патшалық билік отар аймақтардағы басқару жүйесін, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сай етіп қайта құру қажеттілігін түсінеді. Себебі патша әкімшілігі ендігі кезекте өзінің біраз шайқалған билігін, тек қана жазалау шараларына сүйеніп дұрыстай алмайтындығын сезінді. Тарихи жағдайлар мен уақыт талабы отаршыл басқару аппаратына реформалар жүргізуді талап етті, бірінші кезекте – өлкені басқару ісін қайта-құру қажет болды. Сенаторлық тексеру осы мәселе бойынша толық мағлұмат жинастырып, өлкені басқару Ережесінің жаңа жобасын дайындауы керек-тін. Жаңа Ереже бойынша өлкедегі патшалық биліктің саяси үстемдігі мен беделін нығайту көзделді.

Құзыры кең тексеру комиссиясының Түркістан өлкесіне жіберілуі жергілікті қазақ, орыс басқа да ұлт өкілдерінің әділеттілікке, тәртіпке, шындыққа және заңдылыққа деген сенімділіктерін оятты. Жергілікті халық тексеру комиссиясының өкілдерін үмітпен күтті. Комиссияның құжаттары негізінде әкімшілік-саяси басқару аппараты заман талабына сай реформаланып, басқару ісі Әскери министрліктің құзырынан Ішкі істер министрлігінің тарапына өтуі керек болатын. Сонымен қатар Оңтүстік өңірдің әкімшілік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына тежегіш күш ретінде болып отырған жемқорлық әрекеттерді, шенеуніктердің заңсыз іс-әрекеттері мен өз қызметтерін асыра пайдалануына және қарапайым халықты әртүрлі сылтаулармен тонау әрекеттеріне тыйым салатын тексеру деп түсінді.

Мәселен, ұлт зиялыларының бірі Серәлі Лапин өлкеде жүргізілетін сенаторлық тексеру комиссиясына зор сенім артып, «Слово» атты газетінде жариялаған мақаласында: «Елдің ішкі жағдайына тоқталсақ, бұл жерде ар-ожданның толық құлдырап, біраз нәрсенің қиратылғандығын, қатты бұрмалаушылыққа ұшырағанын көруге болады. Өлкеде шын мәнінде сайланатын әкімшілік, сайланатын сот жоқ. Оның орнына қазақтар үш түрлі пара беру жүйесіне ие болды (қызметке таңдау кезінде, ұсыну кезінде және бекіту кезінде). Өлкенің земстволық қаржысы жергілікті тұрғындар қажетілігіне жұмсалмайды, не мектеп, не ауруханалар, не жол салынбаған» [8], – деп қорытындылайды. «Речь» атты газетіде К.К. Паленнің тексеру комиссиясының Түркістан өлкесіне жіберілуін қуана жазып, төмендегі ойларымен бөліседі: «Очищение средне-азиатских владений от разного рода взяточников, воров и расхитителей, а также проверку работы администраций края» [9, c.185-189]. «Ташкентский курьер» газетісіде жіберілген комиссияны қуаттайтындығын, оның құжаттары негізінде Түркістанды басқарудың жаңа әкімшілік және заңнамалық нормалары қалыптасатындығы жөнінде үміттененіп жазады [10].

Бұған негіздер де жоқ емес еді. Себебі, 1908 жылдың 18-ші маусымында патшаның бекітуімен сенаторлық тексеру комиссиясына берілген нұсқауда барлығы айқын көрінеді. Онда комиссияға жүктелген міндеттер былайша көрсетілген:

«І. Тексеру барысы православиялық діни басқарма мен әскерилерден басқа, бүкіл үкіметтік және қоғамдық ұйымдарды қамтуы керек.

ІІ. Тексерудің негізгі мақсаты болып, Түркістан өлкесінің қазіргі жағдайын жан-жақты айқындау, жиналған құжаттар негізінде өлкені басқару туралы ережені қайта даярлау, Түркістан өлкесін ішкі істер министрлігінің басқаруына беру тәртібі және де империяның орталық губернияларындағы басқару туралы заңнамалардың бұл өлкеге сәйкестігін анықтау.

Оның ішінде өлкені басқарудағы кейбір салалардың заңдарға сәйкестігін тексеру, іс барысында туындайтын мәселелерді реттеу және заң бұзушылық пен қызмет орындарын асыра пайдаланушылық жағдайларына көңіл аудару.

ІІІ. І және ІІ бөлімдердегі тапсырмаларды табысты әрі жан-жақты орындау үшін тексеруші сенаторға төмендегідей құқықтар беріледі:

1.    Генерал-губернатор мен әскери-губернаторлардың және басқа да әкімшілік биліктегілердің бұйрықтары мен циркулярлық тапсырмаларын заңға қайшы деп тапса, Басқарушы Сенатқа олардың тоқтатыла тұруын ұсынады;

2.    Тексеруге жататын бүкіл тапсырмалардың жергілікті, үкіметтен тағайындалған және де сайланбалы азаматтық және әскери шенді қызметкерлерін, 4-ші санаттағы шенге дейін, орталық басшылықтарымен қатынасқа түспей-ақ қылмыстық іс қозғап, жұмыстан босатып, сотқа бере алады, ал сот басқармасының қызметкерлері үшін қылмыстық іс жүргізу тәртібі сақталуы тиіс.

Ескертпе: Азаматтық қызметте жүрген әкімшілік басқармаларының әскери саптағы қызметкерлерін Сенатор тек Әскери министрдің келісімі арқылы ғана жұмыстан босата алады.

3.    Тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында немесе әскери жағдайға байланысты және Түркістан өлкесі басқару ережесіне сай әкімшілік ескертпелер алып, айдауда жүрген адамдарды тексеру барысына керек деп тапса, оларға қойылған тиымды алып тастауға рұқсат етіледі;

4.    Бүкіл үкіметтік ұйымдар мен олардың қызметкерлерінен, оның ішінде сот органдарынан, тексеру палаталарынан, пошта-телеграфтық қызметтерден, жандармдық басқармалардан және жасырын бақылау бөлімшелерінен тексеруге жататын ұйымдар мен қызметкерлері туралы кез-келген ақпараттар мен қажетті істерді талап ете алады;

5.    Кредиттік өлшемдер туралы, егер де ол тексеруге қажетті ұйымдар мен қызметкерлерге қатысты ақпарат болса, сондай құқыққа ие; (4-ті қараңыз);

6.    Жеке түсінік беру үшін әр басқарманың қызметкерлері мен жеке адамдардың келуін талап ете алады;

7.    Керек болған жағдайда комиссия мүшелерінің санын көбейте алады, ол үшін Түркістан өлкесінде қызметте жүрген адамдарды олардың тікелей басшылығымен келісе отырып, жұмысқа тартады;

8.    Өлкені тексеру барысында туындайтын түрлі мәселелерге байланысты жүргізілетін жиналыстарға, сол салада жұмыс істейтін қызметкерлерді, қоғамның белсенді өкілдерін, тәжірибелі және білікті адамдарды шақыра алады» [5, 153-п.] деп, көрсетілген.

Осылайша, орталық билік тарапынан Граф К.К. Паленнің сенаторлық тексеру комиссиясына генерал-губернаторлықтағы түрлі әкімшілік және салалық мекемелерді, қоғамдақ ұйымдар мен халықтың тұрмыс-тіршілігін жан-жақты әрі толық зерттеу үшін кең мүмкіндіктер берілді. Бұл тексеру қорытындысының шынайлығы мен обьективтілігінің негізгі щарты болатын.

1908 жылдың жазында басталған сенаторлық тексеру, 1910 жылы өз жұмысын толық аяқтап, Түркістан өлкесінен Петерборға қайта оралды.

 

Әдебиет:

1      Материалы по истории политического строя Казахстана. Сборник составлен кандидатом исторических наук М.Г. Масевичом. – Алма-Ата: изд. АН КазССР, 1960. – Т.1. – 441 с.

2      Шашаев Ә. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы полицейлік қадағалау жүйесі: құрылуы мен қызметінің тарихы (1867 – 1917 жж.): т.ғ.к. ... Авторефераты. – Алматы, 2003. – 32 б.

3      Галузо П.Г. Туркестан-колония (Очерк истории Туркестана от завоевания русскими до революций 1917 года). – М: изд. коммунистического университета трудящихся Востока им. И.В. Сталина, 1929. – 164 с.

4      Тынышпаев М. История Казахского народа. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 224 с.

5      Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (ӨР ОММ). 1-қ., 28-т., 986-іс.

6      «Речь». 27 апреля, 1908.

7      Высшие и центральные государственные учреждения России. 1801-1917 гг. Высшие государственные учреждения. – СПб: Наука, 1998. – Т.1. – 275 с.

8      Лапин Сер-Али. Вспомнили о Туркестане // «Слово». № 459, 1908.

9      Туркестанский сборник. 1909. – Т.499. – 460 с.

10   «Ташкентский курьер». № 158, 1908.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос