Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тапаева, А. П. Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі / А. П. Тапаева, Камалбек Ермаханов, Г. К. Елибай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 51-55. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14181/ (дата обращения: 20.04.2024).

Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті өзіндік ойлай алатын мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарға өз әсерін тигізуде. Осыған байланысты басты мақсаты әрбір оқушының өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық потенциалын жүзеге асыруына жағдай туғызу болып табылатын жалпы білім беретін мектептің рөлі артуда.

²Білім туралы² Заңда мектептің міндеті тек оқушыларға білімнің жиынтығын беру ғана емес, оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзіндік білім алудың тәсілдеріне үйрету де болып табылатындығы жайлы айтылған. Осы міндетті жүзеге асыру үшін оқушылар оқуға бөлінген уақытты тиімді пайдалана отырып, жеке пәндерді оқып үйренуде таным әдістерінің ғылыми негіздерін игерудің негізгі мектептің оқу процесіне кіретін барлық әрекет түрлерін жүзеге асыру әдістерімен қаруландырылуы тиіс [1].

Халықаралық тәжірибеде мектепке дейінгі білім мектепке ғана дайындық (оқу мен санауға үйрету) деген тар түсініктен, баланың дара тұлғалық дамуының жалпы оқу дағдылары мен шеберліктерінің қалыптасуының міндетті кезеңі деп түсіндіріледі.

Әлеуметтік құндылықтар саласындағы басымдылықтардың ауысуы оқушының білім алуға ұмтылысын оятып, өзін тану, өзін дамыту, ішкі ресурстарын толығымен пайдалануға қабілетті, еркін ойлайтын тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдайлардың туғызылуын талап етуде (Э.Ф.Зеер, А.В.Петровский, П.И.Пидкасистый, И.С.Якиманская және басқалар).

Тұлғаға бағдарланған оқыту теориясында мектеп оқушысының өзіндік жұмыс және өзіндік бақылауы өзімен, өзге адаммен және қоршаған ортамен мынадай жеке тұлға функциялары қатысу арқылы жүзеге асырылады: сынау, ұғынықты шығармашылық, бағдарлау (жеке дүниетаным), әрекетті мәнді шығармашылық сипатпен қамтамасыз ету, өз ойын іске асыру, өзін таныту т.с.с.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін барынша ескеріп белсенді әрекет арқылы оқыту – бүгінгі күннің қажеттілігінен туған талап екендігін қоғам дамуы көрсетіп отыр.

Е.У.Медеуов оқыту нәтижелерін объективті бақылау проблемасын талдай келіп, оған дұрыс және объективті ұйымдастырылған оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексерудің оқушыларда ақыл-ой әрекетінің мақсатқа сай тәсілдерін және іс-тәжірибелік дағдыларын қалыптастырудың, сондай-ақ олардың қабілеттерімен бейімділіктерін дұрыс дамыту, танымдық әрекетін белсендірудің күшті құралы деп есептейді. Ол оқушыларда өзінің оқу еңбегінің нәтижелері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелейді. Осы аталғандарға қоса ²білім, білік және дағдыны тексеру аса маңызды оқыту функциясын атқарып, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтаудың күшті құралы бола алады” деген пікір білдірді [2].

Білім нәтижелерін оқушының ойлау қабілеті тұрғысынан бақылау психологиялық-педагогикалық диагностика деп аталады. Психологиялық-педагогикалық  диагностика педагогикалық әрекет сияқты оқушылардың білімді игеру деңгейін анықтап қана қоймай, тәрбие мен дамудың кейбір жақтарында анықтап, алынған білімді өңдеп, талдайды, оқыту процесіне түзетулер енгізеді, педагогикалық жұмыстың тиімділігі жайлы қорытындылар жасатады.

Педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымдар әртүрлі айтылып жүр.

Мысалы, Г.И.Щукинаның анықтамасы бойынша педагогикалық бақылау дегенді оқушылардың оқу әрекеттерін олардың шығармашылық күштері мен қабілеттерін дамыту арқылы басқаруға жетекшілік ететін функция, - деп түсіндіреді. И.П.Пидкасистый бақылау дегеніміз оқушылардың білімін, біліктерін және дағдыларын анықтау, өлшеу және бағалау деп пайымдайды.

Оқыту нәтижелерін толығырақ жіктеу, яғни диагностика мақсатында бақылау-бағалау материалдарын жасаушылар олардың сыртқы белгілерін барынша толық сипаттайды, соның нәтижесінде нәтижеге қол жеткізу оңайлайды. Оқыту мақсаттарын бөлшектеу мұғалімді репродуктивті оқытуға бағыттайды. Бұл жағдайда күрделі танымдық процестер оқытудың мақсаттарын нақтылау технологиясына ене алмайды. Оқыту мақсаттарын тек сыртқы белгілермен байланыстыруды әділ сынаушы Н.Ф.Талызина соның негізінде оқушы санасында өтетін ішкі өзгерістер туралы білу мүмкін еместігін айтады.

Жан-жақты толық әдістемелік әдіс туралы пікірді Н.А.Менчинскаяның оқушылардың ақыл-ойының дамуы жайлы зерттеулерінен білуге болады. “Ақыл-ойдың дамуын үстіңгі, сыртқы және тереңірек қабаттар немесе пластылардан тұратын көп деңгейлі құбылыс деп қарастырған жөн. Білім – үстірт күйде болатын үстіңгі қабат. Ал, тереңірек пласт - білімді алу және қолдану процесінде ақыл-ой операцияларын орындай алу және ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін меңгеру. Үшінші пласт - ақылдың белгілі бір сапасының немесе қасиетінің қалыптасуы; белсенділік және өзіндік әрекет, өнімділік, икемділік, сын көзбен қарау. Өнім мен процеске қатысты көрсеткіштерден айырмашылығы мұндағы талдау пәні – тұлғаның қасиеттері болып табылады” [3]. “Білім мазмұны” ұғымына материалды игеру деңгейімен қатар тұлғаның ақыл-ойының даму деңгейі де жатады.

Химия жаратылыстану ғылымының цикліне жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Химияның басты жетекші компоненті, әрі оның оқу пәні ретінде атқаратын қызметін анықтаушы – пәндік ғылыми білім болып табылады. Бұл тұрғыдан әдістемелік проблема ретінде дидактикалық құралдардың әртүрлі мәселелері зерттеліп келген. Дидактикалық құралдардың проблемаларының өзектілігі жеке пәндердің мазмұны мен олардың оқыту әдістемесінің кезекті жетілдірілу міндеттеріне тәуелді.

Мектепте білім берудің мазмұнының құрылымының нақтылануына және оны жетілдіру мәселесіне қарай оқушылаѐдың оқу әрекетін ұйымдастыру біртіндеп көкейкещтілене түсті. Аталған проблема тұрғысынан осы жылдиры`оқу құралдарының тапсырмалары оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдаѡтыру мақсвтында пайдалану маңызды мәселеге айналды. В.Н.Верховский және А.Д.Смирнов зертханалық және сарамандық жұмыстарды өткізу кезінде оқушылардың дербестігін қалыптастыру проблемасын зерттеген алғашқы әдіскер-ғалымдар болды [4].

Я.Л.Гольдфарб, Л.М.Сморгонский зерттелген оқу материалын оқушының ұғынуы және біліктерді дамыту мақсатында жүргізілетін өзіндік жұмыстардың бір түрі ретінде химиялық есептердің айрықша рөлін атап көрсетті.

Соңғы жылдары химия пәнінен оқушылардың өзіндік жұмыстарға қызығушылығы артып отыр. Соған байланысты өзіндік бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі артып, жинақталған іс-тәжірибелер қорытындыланды. Осындай сипатты жұмыстарды 80-ші жылдары Р.Г.Иванова, Т.З.Савич және И.Н.Чертков сабақта бақылау және өзіндік бақылауды тиімді ұйымдастыруға ыңғайлы өзіндік жұмыстардың типтері мен түрлерін сипаттап жүйеледі.

Химияны оқытуда кеңінен қолданыла бастаған өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерінің ғылыми зерттеу нәтижелері іс жүзінде қолданылып қана қоймай, оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істей алуын белсендіру арқылы дамытыла түсті.

Ғалым И.Н.Нұғыманұлының [5] ²Химия есептері² құралында мектеп химия курсында шығарылатын есептердің шешілу үлгілері берілген, сондықтан есеп шығарып жаттығуға, тәжірибе жинақтау үшін маңызы зор. Сондай-ақ, Қ.Бекішевтің ²Химия есептері² құралдарына негізінен оқушыны олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылған электрохимия, радиохимия, физикалық химия курсы бойынша шешілген күрделі есептер енгізілген. Оқушының өз бетінше жаттығуына есептер берілгендіктен өзіндік оқуға және өзіндік бақылауға пайдалануда, шығармашылық тәжірибе жинақтауда аса маңызды құралдар болып табылады.

Пәндік тестілеу қазіргі таңда кеңінен қолданылып келеді, алдағы уақытта да аса маңызды, тиімді және негізгі, әрі ағымдық, әрі қорытынды тексерудің басты әдісі болып қала береді.

Мұғалім мен оқушының бірігіп жүргізетін барлық оқу әрекеті процесін әртүрлі тапсырмаларды орындау және есептерді шығару деп түсінеміз.

Сондай-ақ, тапсырманы шешу кезінде оқушы өз мүмкіндіктерін, күшін жинақтап бір мақсатқа жұмылдырады. Тапсырманы  шешудің тиімді жолын іздеп табады, өзімен және өзгелермен диалогқа түседі, өзіндік жұмыстарды орындауға қалыптасады [6].

Осы айтылғандардың бәрі де ойлауға бейімдеу процесінің бүкіл өн-бойында іске асырылып отырады.

Ойлауға бейімдеудің басты дидактикалық құралы – оқу-танымдық тест тапсырмалары. Ал, оның арнайы ұйымдастырылған әрекеті дегенді  мазмұны, құрылымы ойлау әрекетін дамытуға арналған алуантүрлі тапсырмалар жүйесін орындау деп түсінген жөн.

Соңғы кездері көптеген зерттеушілер оқу-танымдық тапсырмаларды оқушыларда білім, білікті және дағдыны қалыптастырудың негізгі құралы, - деп қарастырып жүр. Біз бұл пікірге  қосыламыз, шындығында оқу-танымдық тапсырмалардың  мүмкіндіктері өте мол, себебі:

-       жоғары диагностикалық сапалары болғандықтан оқушылардың тек білімі мен білігінің деңгейін ғана емес, олардың сапалық сипаттамаларында анықтап бере алады;

-       сондай-ақ, ол оқытудың мақсатын белгілеу, оған қол жеткізу құралы және оқытуды басқарудың белсендірудің, даралаудың, жіктеудің көп функционалды дидактикалық құралы бола алады;

-       оқушыны  әрекетке бірнеше кезеңдерге бөліп енгізуді қамтамасыз етеді және бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отыруын қадағалап  отыруға мүмкіндік береді;

-       оқушыларды ойлауға бейімдеу процесін басқаруға жағдай туғызады.

Танымдық әрекеттің маңызды компоненті интеллектуалдық қабілетті дамытуға арналған оқу-танымдық тапсырмалардың мағынасына қарай материалды топтау; жоспар құру; логикалық сызбанұсқа жасау; бейне жасау; көпкомпонентті тапсырма, монологиялық сөзді қалыптастырушы тапсырма түрлерін анықтап пайдаландық. Енді осы тапсырмалардың мазмұнын қарастырайық.

Мағынасына қарай материалды топтау – бір ойға, бір идеяға қатысты материалды топтау. Басты ой, идея тапсырма мәтінінде болады, немесе  оқушы ойлау әрекеті арқылы бір ойды немесе идеяны өзі тұжырымдайды.

Тапсырма.

Берілген материалды мағынасына қарай топтап, әңгіме құрастырыңдар (идея: құрам, құрылыс және қасиеттің өзара тәуелділігі және олардың табиғатта кездесуі).

Жоспар құру – рет-ретімен орналасу, баяндалған нәрсенің, нақты бөліктердің өзара байланысы (мәтін, сызбанұсқа), композиция, әртүрлі ретті орналасу.

Тапсырма. Түсініктерді логикалық ретпен орналастырып "Химиялық элементтердің атом құрылысы" атты әңгіме құрастырыңдар.

1. Химиялық элемент                                 10. Изотоптар

2. Электрондық қабаттар                            11. Электрон (ē)

3. Протон                                                      12. Бейметалл атомдары

4. N = 2п2                                                      13. Ядро

5. Ядро заряды                                             14. Электрондардың жалпы сандары

6. Ішкі, сыртқы қабат                                  15. Атом массасы

7. Металл атомдары                                    16. N £ 8

8. Аяқталған, аяқталмаған қабат               17. Атом электр бейтарап

9. Нейтрон (п)                                           18. Инертті элементтердің атомдары

Бейне жасау – нәрселердің, құбылыстардың, олардың қасиеттері мен қатынастарының санадағы көрнекі бейнесінің нәтижесі.

Сондықтан да тапсырмада бейне жасау үшін түсініктің анықтамасын тұжырымдау, оны зат, график және сөз түрінде көрсету тапсырылады.

Тапсырма.

Хлор атомдарының құрылысының сызбанұсқаларын (ядро заряды, электрондық қабаттары, қасиеттері) салыстыра отырып ²изотоп² ұғымын тұжырымдау

 

 

 

                  Атом                                                                    Атом

 

                                   

                                                                                                                 

                 ядро                                                                        ядро

                          

Изотоптар

 


      Ұқсастықтары                                                          Айырмашылықтары

                                                                                                         

     . . . .                                                                             . . . .

     . . . .                                                                                       . . . .

 

    . . . .                                                                            . . . .

 

    . . . .                                                                            . . . .

 

Сәйкестіктерді анықтау - негізгі сұрақ цифрлармен, ал сәйкес жауабы әріптермен берілетін тапсырма.

Тапсырма.

Сәйкестерді табыңдар.

1) негіздік оксид                                                      а) АІ2О3

2) амфотерлік оксид                                                ә) SО2

3) қышқылдық оксид                                              б) МgО

Артығын табу - берілген мәліметтердің біреуі қалғандары-на сәйкес келмейтін логикалық ойлау дәрежесін тексеретін тапсырма.

Тапсырма..    Қайсысы артық?

  а)                              Мg                                          ә)                     S                   

 

                        Ва                                                                  Мп

 

                        Сs                                                                  О

 

                       Са                                                                   Sе

                        Sг                                                                    Те

                                                                                              

Бір тапсырмада бірнеше ойлау тәсілдері  орындалуы мүмкін. Мысалы:

Тапсырма. НСІ, Н24, Н2S, НNО, Н3РО4, НҒ қышқылдарының құрамын салыстырып, әртүрлі белгілеріне қарай жіктеңдер.

Өзіндік жұмыстар арқылы оқу-танымдық тапсырмаларды орындау оқушының ішкі мотивациясын, яғни оқу материалын зерттеп білуге қызығушылығын тудырып, нәтижесінде өз әрекеті арқылы білім алуға, өзіндік ойлауға бейімдейді. Ол үшін пәнаралық сипатты әсіресе кіріктірілген тапсырмаларды орындату тиімді. Кіріктірілген тапсырма немесе есеп  дегеніміз – беріліп отырған пәнге қатысы бар шешілуіне әртүрлі ғылым саласынан алған білімін қажет ететін пәнаралық сипатты кешенді мәліметтер бар оқу тапсырмасының бір түрі [7,8].

Кіріктірілген тапсырмалар – химия пәнінің басқа ғылым саласымен (физика, биология,медицина, сурет өнері, геология, құрылыс және т.б.) байланысын және мазмұнын ашуға негізделеді. Мұндай тапсырмалардың оқу-тәрбие процесінің мазмұнына, мақсатына және оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыруға әсері күшті. Осы мақсатқа әрбір тақырыпқа сәйкес оқушының күнделікті жиі кездесетін, өмір сүрумен тығыз байланысты (кофе қайнату, сабын алу, шарап әзірлеу т.с.с.) биохимиялық құбылыстарға байланысты тапсырмаларды орындауы өте тиімді.

Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушы логикалық ойлауын және интеллектуалдық қабілетін тереңдетеді.

 

Әдебиет:

 

1. Давыдов В.В. Білім берудің дамыған теориясы: монография. – М.: «ОПЦ ИНТОР». - 1996. - 542 б.

2. Медеуов Е.У. Тесты – эффективный фактор контроля знаний образования // Вестник школы Казахстана. - 1995. - № 4. - С. 26-29.

3. // Химия мектепте. - 2008. - №2. - 15-16 бб.

4. Талызина Н.Ф. Контроль и его функции в учебном процессе. - М., 1989. - С. 11-16.

5. Нұғыманұлы И.Н. Химия есептері. – Алматы. - 2001. – 57 б.

6. Сәдуақасқызы К. Сынақ (тестілеу) әдісін қалай пайдаланамын // Қазақстан мектебі. – 1993. - №10. - 59-62 бб.

7. // Білім – Образование. - 2005. - № 2.

8. // Химия мектепте. - 2007. - №2. - 15-16 бб.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Химия, немес, оса, ядро.


Похожие статьи

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Использование способности железа вызывать угнетение...

Проходя ряд стадий созревания и деления, бластная клетка превращается в эритроцит (происходит замена ядра гемоглобином), клетка теряет способность к делению и клетка разрушается путем апоптоза. Полностью меняется обмен веществ (анаэробный)...

Кометы и их исследования с помощью космических аппаратов

Тела, как правило, состоят из летучих веществ, испаряющихся при подлёте к Солнцу.

Ядро кометы представляет собой твердую часть, в которой сосредоточена почти вся её масса.Наиболее распространенной является модель Уиппла.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Синтез органических производных меди (II)

Органические производные двухвалентной меди — это, прежде всего, соли карбоновых кислот (карбоксилаты), а также различные комплексы меди с многоатомными спиртами, аминокислотами и другими органическими веществами.

Компонентно-безъядерная архитектура операционной системы

Архитектура ОС Outra имеет объектно-ориентированную природу и по сути, является дальнейшим развитием монолитной и микроядерных архитектур.

Таким образом компонентно-безъядерная архитектура не предполагает конкретного ядра операционной системы, как это...

Похожие статьи

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Использование способности железа вызывать угнетение...

Проходя ряд стадий созревания и деления, бластная клетка превращается в эритроцит (происходит замена ядра гемоглобином), клетка теряет способность к делению и клетка разрушается путем апоптоза. Полностью меняется обмен веществ (анаэробный)...

Кометы и их исследования с помощью космических аппаратов

Тела, как правило, состоят из летучих веществ, испаряющихся при подлёте к Солнцу.

Ядро кометы представляет собой твердую часть, в которой сосредоточена почти вся её масса.Наиболее распространенной является модель Уиппла.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Синтез органических производных меди (II)

Органические производные двухвалентной меди — это, прежде всего, соли карбоновых кислот (карбоксилаты), а также различные комплексы меди с многоатомными спиртами, аминокислотами и другими органическими веществами.

Компонентно-безъядерная архитектура операционной системы

Архитектура ОС Outra имеет объектно-ориентированную природу и по сути, является дальнейшим развитием монолитной и микроядерных архитектур.

Таким образом компонентно-безъядерная архитектура не предполагает конкретного ядра операционной системы, как это...

Задать вопрос