Жаңадария өзенінің тарихы мен географиялық жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Дата публикации: 03.12.2014

Статья просмотрена: 575 раз

Библиографическое описание:

Ерболатов, Н. Н. Жаңадария өзенінің тарихы мен географиялық жағдайы / Н. Н. Ерболатов, О. Т. Айдаров. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 5-7. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14066/ (дата обращения: 25.04.2024).

Жаңадария өзені Тұран ойпатында Қызылқұмның солтүстік-батысымен және Арал теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу жерге дейін созылып жатыр. Жаңадария сан ғасырдан бері ағып жатқан қос өзеннің Әмудария (Жейхун) және Сырдария (Сейхун) аралығында өз арналарын табиғи жағдайға байланысты өзгертіп отырған. Әр заманда Тораңғыл, Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария өзектері Сырдарияның ескі арналары болған.

Жоғарғы және төмен арналарының ені 50м, орта тұсы тармақталып 200-400м жетеді. Тереңдігі 2,5-7м. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Жер бедерін аллювий шөгінділері жапқан. Жаңадария өзені б.з.д. І ғасырдан б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырлары аралығында үлкен өзен болып 1819 жылға дейін Арал теңізіне құйып келді.

Бастауын Сырдариядан алатын Жаңадария өзені ертеректе сағасы - ескі арнамен аққан  су Арал теңізіне құйған.

Жаңадария арнасы Тартоғай мен Сұлутөбенің ортасындағы Қызылорда қаласы мен Сырдария, Тереңөзек, Жалағаш және Қармақшы аудандарының территориясымен өтеді. Жаңадария оңтүстікке қарай ағып, Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ жерінде Арал теңізіне құйған. Қуаңдария сағасы Жаңадариядан 210км төмен «Қышбөгет», - деген жерден ескі Майлыөзек арнасымен 79км, Солтүстік батысқа қарай ағып, Қуаңның ескі арнасына түседі [1].

Қызылқұм құмды шөлі біршама биік гипсометриялық жағдайға ие болуымен ерекшеленеді. Құмды жазықтың беткі төбесі текшелі аласа қалдық таулармен (абсалют биіктігі 764м жететін Бұқан тау) сонымен қатар Жаңадария Қуандария, Ескідария сияқты Сырдарияның ескі арналарымен күрделенген. Ескі өзен арналарының есебінен біршама аумақты алып жатқан сазды шөлдер түзілген. Қызылқұмда солтүстік-шығысқа бағытталған біршама тілімденген жалды-төбелі, белді-белесті, сусымалы төбелі жалды жер бедері басым. Тектоникалық тұрақтану плиоценнің соңынан басталады.

Сыр бойын мекендеген қазақтар да сонау ерте заманнан егiншiлiкпен айналысқан, сондықтан бұл өңiрдiң «өркениет ошағы» болғандығын осы өңiрде болған көптеген зерттеушiлер мен жиһанкездер дәлелдеп отыр. Соның бiрi Н.Н. Каразин былай дейдi: «…Сырдариядағы ежелгi суландыру жүйесiнiң iздерi бұрын да отырықшы мәдениеттiң және халықтың тұрған аймақтарының тұрмысқа қолайлы болғандығын куәландырады. Сырдарияға жақындай берсеңiз бұл iздер айқын көрiнедi. Ақырында жақын маңдағы ауылдар мен қалалардың құрылысы және баубақшаның көрiнiсi сiз тани алмайтын ұшы-қиыры жоқ көк алқапты шалғындыққа әкеп соғады …».

Ерте дәуiрде Сырдарияның төменгi ағысындағы суландыру жүйесi 2–2,5 млн.га жердi құрап, ол негiзiнен Жаңадария жағалауын қамтыған. Ал онан кейiнгi жылдары Сырдарияның төменгi ағысындағы суармалы егiншiлiк әртүрлi деңгейде дамиды. Мысалы Қуаңдария аңғарында б.д.д I ғасырда дами бастаған суармалы егiншiлiк б.д. IV ғасырына дейiн өмiр сүрген [2].

Сырдың бiр арнасы Жаңадария бойында ертеден егiншiлiктiң дамығандығы жөнiнде мұрағат деректерi де дәлелдейдi: «… На нижнем течении Яны-Дарьи, где многочисленные, хотя заброшенные теперь канавы, свидетельствуют о бывшем здесь в больших размерах хлебопашестве …» [3].

Кешендi мал шаруашылығы мен егiншiлiк шаруашылықтарының дәстүрлерi антикалық дәуiр кезiнде де Сырдарияның төменгi ағысында дамуын жалғастыра бердi. Ертедегi авторлардың мәлiметi бойынша, Сырдарияның орта және төменгi сағаларында б.з.д. VII-IV ғасырларда сақ тайпалары қоныстанған, олардың негiзгi шаруашылығы мал шаруашылығы болғанымен, егiншiлiк кәсiбiмен де айналысқан. С.П. Толстов: «… сақ тайпаларының бiрi тохарлардың қоныстанған мекенi Қуаңдария өңiрi болып табылады …», - деп санайды.

Ерте дүниеден бері лай шөгіп, биіктеген арнамен аққан тасқын су өзеннің биік кемерін кеміріп, сай саланы жуып, өзіне жаңа арна іздеп, арнасын жиі-жиі өзгертіп отырған. Осындай табиғаттың құдіретімен жасалған ескі арналар мен көлдер: Іңкәрдария, Мортық, Асанас арнасы, Кектің көлі, Жетікөл, Тораңғылсай, Жаңадария, Қуаңдария, Ақсай Бозкөл тағы да басқа қалған дариялар тым ерте пайда болған. Осы ескі арналар мен көлдердің бір сыпырасы бір-бірі мен жалғасып бір кездері Арал теңізіне құйған.

Жаңадария арналары жайлы алғаш рет кеңінен түсінік берген орыс офицері Егор Ка­зимирович Мейендорф көне арналардың бойында 1820-1821 жылдары болады. Құм қойнауындағы арналардың сипаты мен регионның табиғи ерекшеліктері жайлы пікірлерін ол өзінің «Орынбордан Бұхараға саяхат» деп аталатын еңбегінде баяндаған.

«Қырғыз (қазақ) даласында көне елді мекендердің орындары сақталған Жаңадария жағалауы секілді бірде-бір жер жоқ», - деп жазды ол. — Жаңадария — көне Қызылдария болуы мүмкін. Бәлкім, соңғысы оңтүстікке таман ағады, өйткені біздер Жаңадарияның оңтүстігінен үлкен өзеннің құрғап қалған арнасын кездестірдік. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын аса үлкен өзен болған, 1816 жылы ені Қуаңдариядан да асып түскен Жаңа­дария, бүгінде ені 100 сажындық, жағалауынын биіктігі 3-тен 5 сажынға дейін, тереңдігі 2-3 сажындық, кейбіреулерінде су жататын шұңқырларға толы құрғақ арна ғана. Бойындағы тіршілік біржола тоқтаған Жаңадарияның бірден-бір белгісі осы».

Бұл арналардың құрғап қалу себебін білу Сырдария өзенінің де табиғи ерекшеліктерін тануға мүмкіндік берер еді. Бұл жөнінде Е.К. Мейендорф: «Кейбіреулер оның құрғап қалуын Қуаңдария жағалауын игеруді жеңілдету мақсатында, екі өзеннің айрығынан Жаңадарияға ағаш тоспа салынуынан болды деп есептейді. Ал енді біреулер Жаңадарияны Қызылқұмның құмы басып қалды деп санайды, бұл шындыққа бір табан жақындайды. Бәлкім, судың жоғалуын булану немесе құмға сіңіп кетуімен түсіндіру керек шығар. Қандай бір себеп боладысын Жаңадарияның жоғалуы таңданарлық факт», - деп жазды [4].

Қоқан хандығының билеушілері Жаңадария өзені бойындағы қазақтарды жерінен бездіріп, біржола көшіріп жіберу мақсатында өзенді сағасынан байлап тастайтын. Оны халық Қарабөгет дейтін. Ол кезде Жаңадария бойында, әсіресе, егіншіліктің өркендеп тұрған шағы болатын. Бұл әрекет жайлы сол кездегі орыстың саяхатшы оқымыстысы Гран: «1850 жылы Жаңадария бойындағы егіншілік жер мыңдаған қолдың шапқыншылығынан соң құлазыған шөлге айналып, ел тіршілігі тоқтау керек еді, бірақ қазақтан шыққан Бұхарбай батыр 1852 жылы қоқандықтарға екі мыңдай қол жиып қарсы жорыққа шығып, Қарабөгет тоспасын бұзды. Сол уақыттан бастап, Сыр суы қайтадан Жаңадариямен аққан, онан Қуандария да нәр алған», – депті. Яғни Сырдария мен Қуаңдария арасының қайтадан ел қонысына айналуына себепші болған да осы уақиға. Бүгінде өз күшінде жүріп жатыр.

Сырдария мен Жаңадарияның кішігірім тасқындарынан жағалаудағы ойпаттар - “саздар” ғана суға толды. Мұндай ойпаттардағы тасқын  суларды жазда ұзақ уақыт пайдалану үшін арнайы бөгеттер жасап, айналдыра қоршап қойды. Жергілікті шебер - мұрабтар тасқын кезінде бөгеттерді ашық қойып, су деңгейі тартыла бастағанда қайта жауып алады. Осындай су сақталған жерлерде кеңістік жерге су жақсы сіңіп, келер жылда бұндай жерлерге егістікті қолдан суармай ақ еге беруге мүмкіндік болатын еді.

Жаңадария бойында суландыру арықтардың көмегімен іске асатын жүйесі де болды. Арықтар өзендерден және каналдардан тартылды. Су тарту құралы ретінде мал күшімен және су ағысының күшімен айналатын шығырлар қолданылды. 1912 жылы Перовск уезінде осындай 190 шығыр есепке алынған [5].

Ескі атыраудың оңтүстігіне көне аллювийлік Жаңадария жазығы кіреді. Мұның бедері ескі атырауға ұқсас. Жазықтың бетін Жаңадария, Оңтүстік Жаңадария, Майлыөзек тағы басқа ескі өзендер мен өзектердің арналары тілімдеп жатыр. Жазық бетінде көне дәуірден қалған жармалардың іздері арық-атыздардың фрагменттері жиі кездеседі. Мұнда ескі дәуірде ирригациялық жүйе тәуір дамыған болса керек. Оны Жаңадария жазығында жүргізген зерттеулер көрсеткен болатын [6].

1976 жылы Сыр бойында Ленинград қаласында жасақталған арнайы экспедиция болып, құм арасындағы Жаңадария, Іңкәрдария, Қуаңдарияның көне арналарын зерттейді. Оларға құм арасында жолыққан Қызылордалық балықшы Николай Платонов былай дейді: «...Сен жаңа бір сөзіңде шөл дедің білем. Шыныңда да қай жағыңа қарама, сусыма құм. Ал меніңше, шөл дегенің — әшейін сырт көрініс қана, тамырына тереңдеп үңілсең, ешқандай да шөл емес...». Бұл жолдарды өзінің «В дельте Сырдарьи» кітабында экспедиция кұрамында болған ленинградтық журналист Ана­толий Стерликов жазғанды [7].

Жаңадария - Сырдария өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Сырдарияның Қызылорда қаласының тұсындағы сол жағалауынан басталып оңтүстік-батысқа қарай, ұзындығы 625км, жоғарғы және төмен арналарының ені 50м, орта тұсы тармақталып 200-400м жетеді. Тереңдігі - 2-2,5м. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Жер бедерін аллювий шөгінділері жапқан. Жаңадария өңірін мекендеген халық бұрыннан егіншілікпен айналысқан.

Қазіргі кезде Жаңадария арнасының табиғи ағыны көктемнің су тасқыны кезінде болады. Жаз айларында арнаға су аз түсіп, әр-әр жерде қарасуларға айналып қалады.  Грунт суы жақын жатқан ойысты жерлерінің сор, сортаң және сазды топырағында қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Қазақстандағы ең ірі сексеуіл “орманы” да осы Жаңадария бойында. Сондықтан Жаңадария өзенінің гидрофаунасы мен жағалаудағы сексеуіл ормандарын, аң-құстарын қорғау қазіргі уақыттың басты мәселесі және уақыт талабы.

Әдебиет:

1.      Облыстық су шаруашылығы мекемесінің мәліметі. 2012. – 35 б.

2.      Нәлібайұлы М. Шежірелі Сыр бойы.- Қызылорда, 2010. - 350 б.

3.      Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. -Алматы: Мектеп, 1968.

4.      Мейендорф Е. К. Путешествие из Оренбурга в Бухару - М.: Наука, 1975.

5.      Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. – М.,1969.

6.      Шлыгин Е.Д. Краткий курс геологии СССР .- Москва: 1959. – С. 163-177.

7.      Каразин Н.Н. От Оренбурга до Ташкента: Путевой очерк. – СПб.: Герман Гоопе, 1886.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, VII-IV, Арал, Оренбург, оса.

Похожие статьи

Арал өңірінің балық шаруашылығы тарихы (ХІХ ғасырдың соңы...)

Ол 1899 жылы Арал мен Сырдария өзенінің ихтиофаунасын зерттеуге төрт жылын жұмсайды. Нәтижесінде 16 томнан тұратын «Аральское море» атты еңбегі жарық көреді [4]. Осы

Әдебиет: 1. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару / предисл. Н.А. Халфина. – М., 1975.

Онкологическая ситуация в Оренбургской области

Актуальность темы: По смертности в России онкологические заболевания занимают второе место (15 % всех смертей) после болезней сердечно-сосудистой системы (56 %).Похожая картина наблюдается со смертностью от злокачественных заболеваний и во всем мире.

Исследование ВИЧ-инфицирования в Оренбургской области

Рис. 1. Многолетняя динамика заболеваемости ВИЧ-инфекции в Оренбургской обл. (2001–2015 гг.) Оренбургская обл. по данным Федерального

[5, с. 15]. ВИЧ не передается: москитами, комарами, блохами, пчелами и осами; при бытовых контактах; через не содержащие кровь...

Состояние, тенденции и перспективы развития отрасли пухового...

Ключевые слова: пуховое козоводство, себестоимость продукции,проблемы реализации пуха, аграрная политика. Козоводство — это важная подотрасль животноводства, которая ничуть не уступает по значимости отрасли крупного рогатого скота...

Система противоэпидемических мероприятий в Оренбургской...

Система противоэпидемических мероприятий в Оренбургской губернии на примере холерной кампании 1892г.

По решению Врачебного Совета среди населения г. Оренбурга распространили 4.000 экземпляров правил по уборке нечистот, утверждённых Медицинским...

Оренбургский филиал Российского экономического университета...

Адрес: Россия, Приволжский федеральный округ, Оренбургская область, городской округ Оренбург, Оренбург, Пушкинская ул., 53.

Оренбургский государственный университет (Оренбург)...

Оренбургский государственный университет. Адрес: Россия, Оренбург, проспект Победы, 13.

Правительство Оренбургской области (Оренбург) — Молодой...

Правительство Оренбургской области. Адрес: Россия, Приволжский федеральный округ, Оренбургская область, городской округ Оренбург, Оренбург, ул. 9 Января, 64.

Накопление железа и pH почвы различных районов Оренбургской...

Цель работы: определение содержание pH и железа в почве Оренбурга и Оренбургской области в 2017 году.

есть районы III, IV, V зон транспортной доступности, а это более половины территории области.

Научный журнал «Молодой ученый» №7 (141) февраль 2017 г.

Особенности изоляционного покрытия магистрального конденсатопровода «УКПК-3 — Оренбург» после длительной эксплуатации.

Арал өңірі жағдайында арпа дақыл өніміне әсер етуші агроэкологиялық факторлар. Абдрасилов Б. К.

Задать вопрос